Вы находитесь на странице: 1из 4

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Астана Гуманитарлық колледжі

Тақырыбы: « Армысың, әз Наурыз! »

Әдіскер:_______Мұхамедиева Ш.К
Сынып жетекші:__________Закирина Н.М
Машықкер:_________Мұстафаева Г.Б

Астана 2010 жыл


Сабақтың тақырыбы: « Армысың, әз Наурыз! »

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың санасына атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет-
ғұрыпты, салт дәстүрді сіңіру .

Дамытушылығы: Сонымен бірге оқушылардың жан жақты дамуы үшін сайыс түрінде
өткізу.Сайыс баланың қабілетін , белсенділігін, еңекке құлшынысын арттырудағы басты
құрал.

Тәрбиелігі: Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, қазақ


халқының салт-дәстүрлерін түсіндіре отырып тәрбиелеу. Оларды іскерлікке ,
тапқырлыққа, ізгі қасиеттерге баулу басты парыз.

Пәнаралық байланысы: Ана тілі, дүниетану, әдептану

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттағы нақыл сөздер, сабақтың тақырыбы, суреттер, шарлар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі « Армысың, әз Наурыз! » атты тәрбие
сағатымызды бастайық. Өзімді таныстырып өтсем менің аты-жөнім Мұстафаева Гүлзат
Бақытжанқызы болады. Ал енді балаларды түгелдеп жіберейін.
II Өткен сабақты қайталау
- Балалар сендер өткен сабақта қандай тақырыпта тәрбие сағатын өтіп едіңдер? Қане
кім айтады?(балалар «Қайта оралған дәстүрлер» деп жауап береді) Дұрыс балалар. Сендер
ол сабақта біздің қазақ халқымыз туралы көптеген мағлұмат алдындар. Үйге берілген
тапсырма бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы біліп келдіңдер ме? Дұрыс.
Енді сол салт-дәстүрлерді біз қандай мейрамда көп орындаймыз? Иә дұрыс Наурыз
мейрамында. Ал біз Наурыз мейрамын калай атап өтеміз, калай тойлаймыз кім айтады. Иә
Наурыз мейрамында ұлттық киімдер киіп, киіз үй тігіп, наурыз көже қайнатамыз.

III Жаңа сабаққа кіріспе


- Ал енді сендерге Ұлыстың ұлы күні-Наурыз жайлы толық мағлұмат беріп өтейін.
Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы. Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күн
тізбегінде жыл басы деп саналады. «Нау» –жаңа , «руз» – күн деген сөздерден
алынып,жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді. Ел оған сағынып жетеді.
Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады.Халық бір-бірін
мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр
түрлі ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз
мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер
көктеп, дүние жаңара бастайды.
IV Жаңа сабақ
- Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер!
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді,
Ұлыстың ұлы күніне!
Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Ортамызға шақырып,
Бабамыздың Қыдырдай
Ақ батасын алайық!

Бірге:
Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,
Қыдыр ата бізге бата береді!

7-оқушы: Қыдыр ата


Ау, аман ба ,жарандар!
Алтын таңға қараңдар!
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.

8-оқушы: Күн
Сәлем, ата-аналар!
Айналайын, балалар!
Қыдыр ата, аман ба?
Құтты болсын мерекең!
Наурыз айы туыпты,
Әне, Наурыз келеді.
Әсемденіп жер енді!

9-оқушы: Наурыз
Сәлем, анам ― алтын күн!
Сәлем, қарты халқымның!
Уақытыма риза боп,
Бақытыма шалқыдым!
Уа, Қыдыр атамыз,
Айтылсын бізге батаңыз.

7- оқушы: Қыдыр ата


Ал, тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны.
Көйлектерің көк болсын,
Қарындарың тоқ болсын,
Қуаныш-шаттық көп болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Күлімдесін көкте күн,
Шуақ шашсын көктемің.
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Қыдыр ата: Ал балалар маған және қасымдағы Наурыз мейрамына қандай өлеңдер оқып
келдіңдер? Қане балалар өлеңдеріңді оқыңдар!

1- бала:
Жас қосатын жасына
Жыл басы бұл Наурыз.
Әр кіргізген асыңа.
Бал татыған сары уыз.

2- бала:
Көктем тойы - әніміз.
Көркемөнер сәніміз.
Өлең, әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.

3- бала:
Өлең өрлеп, жыр самғай
Үйлесті әсем әніміз,
Болады екен, жыл сондай
Қандай болса Наурыз.

4- бала:
Жан қалмасын жай тұрған ,
Мәз болсын, жас -кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би – билейін бәріміз.

5- бала:
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттың біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

- Жарайсыңдар балалар! Енді Қыдыр ата мен Найрыз мейрамы Қазақстаннан басқа
көптеген елдерді аралап шығуы керек. Сондықтан оларды жолдарынан қалдырмайық! Сау
болыңыз Қыдыр ата!

V Жаңа сабақты қорытындылау


- Ал біз балалар қазір наурыз көже пісіреміз. Сендер наурыз көженің 7 түрлі коспалардан
жасалынатынын білесіңдер ғой. Сол үшін де сендер 2 топқа бөлініп, бір-бірлеріңмен
жарысу арқылы көже пісіресіңдер. Мына жерде қағаздан жасалған көже қоспаларының
артында сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап берген соң қолдарыңдағы қоспаны
қазанға саласыңдар.Сол кезде ғана өз көжелеріңді дер кезінде пісіріп бітесіңдер! Түсінікті
болса бастаңдар!

VI Үйге тапсырма
- Балалар Наурыз мейрамы көктем айында болғандықтан көктем мезгіліне байланысты
сурет салып келіңдер!

VII Оқушыларды бағалау

Вам также может понравиться