Вы находитесь на странице: 1из 299

АБАЙ

Абай (Ибраһим) Құнанбаев — Ұлы ақын, ағартушы және композитор. Ол 1845 ж. 29 шілдеде, қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. Болашақ ақын сабырлы
мінезіне кең пейілі сай ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-
ажынға жайлы мінезді, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өседі.
Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып
алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген.
Әкесі Құнанбай қажы «Ескітам» деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын
оқытуға жағдай жасаған.Абай сегіз жасында әуелі сол Ескітам»
« медресесінде дәріс тыңдап, ауыл молдасы
Ғабитханнан оқыған. Құнанбай баласының зеректігін байқағаннан кейін, он жасқа толған соң Семейдегі
Ахмет Риза медресесіне береді. Онда Абай үш жыл оқып дәріс алады. Медресенің үшінші жылында ол осы
қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды.
Абай шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми өлеңдерін оқумен қатар
Александр Пушкин, Александр Герцен, Михаил Салтыков-Щедрин, Николай Некрасов, Михаил Лермонтов,
Лев Толстой, Иван Крылов, Федор Достоевский, Иван Тургенев, Николай Чернышевский мұраларын да оқып,
терең таныс болған. Батыс әдебиетінен Иоганн Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Бенедикт
Спиноза, Герберт Спенсер, Чарльз Дарвин, т. б. сынды ғалымдардың да еңбектерін зерттейді. Есейген
шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен іштей пікір таластырып, олардың өзіне әсері болған
кесек туындыларын қазақ тіліне аударған.
Абай өлең жазуды он жасында («Кім екен деп
келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертере
кте
жазылған өлеңдері – «Йузи-рәушән», екіншісі – «Физули, Шәмси». Өлеңдерін қағаз бетіне 1880-жылдардың
ортасында түсіре бастайды. «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау»
өлеңдері 1870 – 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы –
«Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Бұл өлең қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой
иірімдері терең. Абай лирикасы көп салалы, көп қырлы болып келеді. Ол қазақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз
қолдануына да жаңа сипат дарытқан ақын. Абай поэзиясының
тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл
толғанысын,жүрек лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және
басқа да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі-өрнектері мол.
Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі – «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес». Осы өлеңнің бастапқы
тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен Жер, Күн мен
Айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз. «Адам өлмес» деп бірден
кесіп айтқан Абай ойын төмендегідей жалғастырады:
...Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес,
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...
...Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған... – дейді. «Адам өлмес» дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі,
айтқан ойы қалады деген пікірге саяды. Абай «Өлең сөздің патшасы» өлеңінде «сөз түзелді, тыңдаушы сен де
түзел!» – деп жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін
түсіне білуін талап етті. Абай оны жақсы түсінді, мұны оның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген
өлеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді:
...«Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей».
Бұдан ақынның өлең-жырларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына
ерекше мән бергені айқын аңғарылады. Өлең-жырға көңіл қоятын қауымнан мән-жайын түсініп, байыбына
жетуді талап етті. Сондықтан да «Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей» дейді.
Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған.
Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік
туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки», «Қызарып, сұрланып»,
«Келдік талай жерге енді», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» секілді өлеңдерінің қай қайсысы болса да,
мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Осыған қоса аударма өлеңдерден «Жалғыз жалау жалтылдап»,
«Жолға шықтым қараңғы түнде жалғыз», «Қанжар», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» сияқты тағы сан
алуан шығармаларды атауға болар еді.
Абайдың жылдың төрт мезгілін суреттейтін «Қыс» (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды), «Күз» (Сұр бұлт түсі
суық қаптайды аспан), «Жаз» (Жаздыгүн шілде болғанда), «Жазғытұры» (Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы) секілді топтама өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр
түрлі болып шыққан. Сондай-ақ өлең сөз, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын, тақырыбы
жағынан бір-біріне жалғас «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол», «Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Адамның
кейбір кездері» деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі
бойынша бір-бірінен өзгеше сипат алған.
«Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдердің қазақ поэзиясында қалыптасқан
насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені де
көңіл аударады. Ал «Сен мені не етесің», «Ем таба алмай», «Қор болды жаным» секілді нәзік лирикалық
туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілері екені айқын
аңғарылады. «Сегіз аяқты» оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылдық, бейнелеп
суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те – бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.
Қазақтың ақындық тілін, әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіде
қалыптастырды. Орыс, неміс, т.б. халық ақындарының шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін
жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып,
«Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың «Ой», «Жолға шықтым бір
жым-жырт түнде жалғыз», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр», «Жартас»,
«Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Альбомға» өлеңдерін қазақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар
Абайдың ой көрігінде қайта қорытылып, жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Абай аудармалары қазақ
поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табыс болды.
Абай мысал өлеңдердің де шебері. Абай «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» (соңғысы толық жетпеген)
поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған.
Абай әлемге көзқарасы қалыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама.
Араб, парсы, түрік тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің
арқасында, өз бетімен жүйелі түрде оқып, араб, парсы тілдерін игеру арқылы ол кезінде Әлихан Бөкейханов
айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады.
Орыстың қоғамдық-философиялық ақыл-ойы ақынның эстетикалық көзқарасының қалыптасуына елеулі
әсер етті. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті
Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Қазақ кемеңгері Сократ,
Платон, Аристотель еңбектерімен де жақсы таныс болды.
Жалпы, Абайдың философиялық көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең
білінген еңбегі – қара сөздері. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай»
журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне
аударылды.
«Абайдың қара сөздері»– Абайдың прозалық шығармасы.Барлығы 45 сөз және «Бірер сөз қазақтың түбі
қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады.
Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты. Қазіргі уақытта
ақынның жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән-күй өнерін ерекше
бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да «естісі мен есері барын» айтып, «Құлақтан кіріп
бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күйді» ғана ұнатқан. Абай қазақтың халық ән-күйлерін жете білген. Абай тек
тыңдаушы ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасының
тарихында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ата-анаға көз
қуаныш», «Сұрғылт тұман», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Амал жоқ,
қайттым білдірмей» («Татьяна хаты»), «Қ
араңғы түнде тау қалғып», «Ішім өлген, сыртым сау», т.б. әндері
арқылы ол халықтың ән шығармашылығын сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ қазақ
поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен-ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр
ала келген жаңашыл композиторболды.
Абайдың басқа халық композиторларынан ерекшелігі — қазақ әндерімен қатар, орыстың халық
музыкасына, қаланың демократиялық ән-романстарына, Михаил Глинка, Антон Рубинштейн сияқты
классиктердің вокальдық шығармашылығына құлақ түруі, содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың,
украинның халық әндеріне, романстық лирикалық үлгісіне, демократиялық музыкалық дәстүріне
сарындастық айқын сезіледі. Абайдың «Сұрғылт тұман», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Өлсем
орным қара жер...», т.б. әндері – қазақтың ән шығармашылығында жаңалық ашқан шығармалар. Абайдың
осындай шумақта келетін әндерінің бірі – «Қараңғы түнде тау қалғып».
Абай музыка өнерінде жалғыз болмаған. Оның айналасында ән-күйдің, өлең-жырдың қадірін білетін
өнерпаз топ болған. Абайдың Петербургта оқыған баласы Әбдірахман мен ағайындас інісі Мұқа скрипкада
ойнаса, Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерімдер әннің майын тамызған.
Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Абай шығармалары басқа
тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады. Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында
қала (Қарағанды облысы), аудан (Шығыс Қазақстан облысы) шың, асу бар. Семей, Қарқаралы қалаларында,
Жидебайда әдеби-мемориалдық музей-мұражайлар ашылған. Алматы, Астана, т.б. қалалардағы театрларға,
көшелерге ақын аты берілген. Абай қоры жұмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер
жазылған. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің бас кітабы – «Абай жолы» ұлы ақынға арналған.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев 1904 ж. 23-маусымда дүниеден озған. Бейіті – қазіргі Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданындағы Жидебай қонысында.
«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының
оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде
түсіндірген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға
мүмкіндік ашылады. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз
сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің айтар ойлары бір бағытта, бірінде ой поэзия тілінде, бірінде проза
тілінде жеткізілген.
АБЫЛАЙ ХАН

Абылай хан,Ә б і л м а н с ұ р — Ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Ол 1711 ж. (орыс
деректерінде 1713) өмірге келген. Арғы тегі – Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-
Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда,
Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының
баласы Абылай, жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы
Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған)
«ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан
жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны
тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей
жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан
майданда ерлігімен танылған. 1730 – 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір
деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң Орта жүздің
сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде
Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730 – 40-жылдардағы сұрапыл соғыс
шайқастарында ерекше көрінді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың
белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре
білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Абылайдың қолына көшеді. 1738 – 41 ж.
Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1741 ж. Абылай
тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына
қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ
қоғамында үлкен абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Қазақтың
үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5-қыркүйекте Абылайды
тұтқыннан шығарып алады.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін
жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы
Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге
келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың (Қытай)
империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер (1757 – 77 ж. Пекинге 10
елшілік жіберген) аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы
мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлармен аянбай
күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан жаулармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 – 55 және 1764 ж.
қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған
әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз
ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан
Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын бекітеді.
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 – 67 ж.
Абылай қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент
қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды.
Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы
жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ
қалмақтарының (170 – 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді.
Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа
жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ
басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші
жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып,
жеңілген жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен
келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай
түйінінің арғы жағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр еді.
Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай
саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді.
Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан
да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата-мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды,
шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш
тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан
қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің
ханы болып
не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үл
кен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың,
старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді.
Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) ұлы ханы болды.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына
икемделген саясат ұстанды; Ауған шаһы Ахмет Дурранимен келіссөз жүргізді; Түркияға елшілік жіберу ниеті
де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің
шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас
тартты. Пугачев соғысы кезінде үш мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс
бекіністерін шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші
ретінде де белгілі.Ол – бірқатар күйлердің («Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім
торы», «Қайран елім», «Садаққаққан», «Шаңды жорық», т.б.) авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өзені (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы)
жағасында 1781 ж. 23 мамырда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи
кесенесінде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадында
Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның
есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді
төре Жәңгірұлы жыраулардың, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, Ілияс
Есенберлиннің, Әбіш Кекілбаевтың, Қабдеш Жұмаділовтың, т.б. туындыларында сомдалды. Оның ұлағатты
өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Шоқан Уәлиханов, Василий Бартольд,
Рамазан Сүлейменов, Мұхтар Мағауин, т.б.) назарын аударып келеді.

АВЕСТА

Авеста — ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзербайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің
қасиетті жазбалары жинағы. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы 3
ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің
заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы
мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан,
ән-ұрандардан тұрады. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәдениетіне, дініне, ауыз
әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Авестаны зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис:
«заратуштрашылдықтың негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын
мекендеген тайпалардан шыққан» деген. Василий Бартольд, Александр Маковельский, Александр Бернштам,
Әлкей Марғұлан авестаны жасауға сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары қатысқандығын айтады.
Авеста – Заратуштра (грекше Зороастра) пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету
уағыздары. Мазмұны 2 мың жыл ішінде (біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 1 мыңжылдықтар арасы)
1
қалыптасқан. Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша,
/7 бөлігі ғана біздің
заманымыздың 3 ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап етілген. Көптеген ғалымдар авеста
Иранда Сасани әулетінен шыққан Хосроу шаһ І тұсында жазылған деп есептейді. Шындығында ол бұл
дәуірде қасиетті саналғанымен, ұмытылған тілде жазылған. Көпшілік түсіне алмағандықтан діндарлар оны
сол кездегі әдеби тіл – паһлауий тіліне аударып, көп түсіндірмелер қосқан. Аударманың көлемі өте
кенүл
болғандықтан діндарлар күнделікті пайдалану
үшін Кіші Авестаны жасады. Оған Үлкен Авестадан іріктеп
алынған дұғалар кірді. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды.
Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға
дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж.
табылған көне Аркаим қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған.
Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра
оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап,
оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. 7 ғасырда
арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып,
көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан
заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған.
Кейіннен авестаның ислам мәдениетіне, әсіресе сопылық ағымға тигізген әсері өте зор болды.
Авеста сарынының кейбір арналары көне түркі эпостары мен ежелгі қазақ әдебиетінде де көрінісін тапқан.
Әдебиетші ғалымдар авестадағы сарындардың Қорқыт Ата, Хұтб Хорезми, Ахмед Иүгінеки, Асан Қайғы,
Бұқар, Базар жырауларға келіп ұласатындығын дәлелдеді.

АВИАЦИЯ

Авиация — Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.)
ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс
дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына
енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-
жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс,
геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін, т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе
күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.
Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың
суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында
аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу
өнері, кілеммен ұшу соның айғағы.
Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да
Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық
эскиздері
(нобайы) кездеседі. 1754 ж. орысғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен
қозғалысқа келетін тікұшақ
моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғасырдың аяғында моторсыз
ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 ж. неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар
қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19 ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы
бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде
ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 ж. жасалды, бірақ ұшу
кезінде апатқа ұшырады. 1894 ж. Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады,
ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін
«Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады.
Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай
келмейтінінен болып жатты. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын
қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа
алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 ж. 17
желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар
жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 ж. сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін ұша алатын
күйге жеткізді. 1909 ж. 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада
жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 ж. Борис
Юрьев Ресейдегі алғашқы тік ұшақтың жобасын жасады.
Дегенмен де, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген
ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық
және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 ж. басталған 1-дүниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне
себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның
«Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға
болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары
сағатына 200 – 220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20 ғасырдың 20 – 30 ж. Англияда, Францияда, АҚШ-та,
Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасал
ып,
олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды.
Онымен 1927 ж. американ ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып
өтті. Он жылдан кейін 1937 ж. орыс ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман Александр
Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км
қашықтықты қонбай ұшып өтті.
1930-жылдардың 2-жартысында КСРО-да,
Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті
қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. 1950-жылдардың
басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19
ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп
мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке
қарай өзгертуге болатын F-111 ұшақтары жасалды. 20 ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай бірқатар
елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашықтығы 6 – 8 мың
км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Францияда «Конкорд», КСРО-да ТУ-144) жасалды. 1990
жылдардың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, биіктігі 30 мың м, ұшу
қашықтығы 15 000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде
орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық
техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз
қалады.
Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының
құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы
орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 ж. ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 ж. әуе
жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас
республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам
ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды.
Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе
жолдарының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары
ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе
түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары
жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі
едәуір ұлғайды. Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа
негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі
заманғы Ил-86, Ту-154, «Боинг-737», «А-320», т. б. ұшақтар 1990-жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан
Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150,
Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.
Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация
техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу
құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта
кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер
орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол
ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-
орын алды. Авиаконструктор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы
800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын
ұшақтармен қатар француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» ұшақтары, ағылшынның «Сопвич»,
немістің «Фоккер» ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне
пәрменді ықпал жасады. 1914 ж. Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 ж. Ресейде
шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ
жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті
қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 ж. турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 ж. неміс
фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған
ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты.
Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын
болды.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация
Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға
айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды.
Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге
мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды
тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент,
Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация
құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы
соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация
өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр.

АВСТРАЛИЯ

Австралия, А в с т р а л и я О д а ғ ы – Оңтүстік жарты шардағы Австралия құрлығында орналасқан


2
мемлекет. Аумағы 7,7 млн. км . Халқы 18,7 млн. Астанасы – Канберра қаласы. Әкімшілік тұрғысынан 6
штатқа және 2 территорияға бөлінеді. Мемлекет басшысы Ұлыбритания біріккен корольдігінің королевасы ІІ
Елизавета болып есептеледі, оның өкілі жергілікті генерал-губернатор болып саналады. Үкімет басшысы –
премьер-министр. Заң шығарушы органы – өкілдер палатасы мен сенаттан тұратын бес палаталы парламент.
Тұрғындарының негізгі бөлігі – христиандар. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі.
Жерінің басым көпшілігі жазық болып келген. Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты
болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20ӘС және қыста 12 – 20ӘС аралығында. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері 250 мм-ден аспайды. Австралияда шөл, шөлейт аймақ басым болғандықтан ағыны тұрақты өзендер
аз. Ең ірі суы мол өзендері – Муррей, Дарлинг. Үлкен көлдері: Эйр, Торренс, Амадиес, Гэрднер.
Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық нәсілге жатады. 1788 ж. Австралияға ағылшындар
алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300 мыңнан 1 млн. адамға дейін болған. Сол кезден 20 ғасырдың
ортасына дейін олардың саны 5 – 6 есе азайып кетті.
Құрлықты алғаш ашқан голландықтар (17 ғасырдың басы) болды. Алайда тым шалғайлығына байланысты
оның зерттелуі ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар 19 ғасырдың басында ғана аяқтады.
Австралияда 19 ғасырдың бас кезінде қой шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғасырдың 50-
жылдарында Викторияда алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, Австралияға Ұлыбританиядан
көшіп келушілер күрт көбейді. 1901 ж. Австралия Одағы жарияланып, ол Британ Достастығы құрамында
өзін-өзі билеу құқығын алды. Австралия Одағы Британия армиясының құрамында 1-дүниежүзілік соғысқа
қатысты. 2-дүниежүзілік соғыста Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса
уақыт (1972 жылғы желтоқсанға дейін) елдегі билік басында екі ірі партияның (либералдық және аграрлық)
коалициясы болды. Австралияның ішкі саясатында АҚШ-тың ықпалы ерекше күшейді. Австралия аумағында
Американың соғыс базалары мен объектілері орналастырылды. 1972 ж. билікке лейбористер келген соң,
Австралия бірқатар дамушы елдермен қарым-қатынасты дамытуға бет бұрды. Лейбористер партиясы жеңіске
жетіп, 1984, 1987, 1990 ж. сайлауларда көпшілік дауыс алды. Осы партия тұсында жалақыны көбейту,
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бағытындағы шаралар қолға алынды.
Австралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия сияқты елдермен
экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс,
боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған.
Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және
полиграфиялық, ағаш кесу және жиһаз өнеркәсіптері, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, кеме жасау,
электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Ауыл
шаруашылығында ерекше сала – қой шаруашылығы. Ол ауыл шаруашылығының 60 – 70%-ын құрайды. Ауыл
шаруашылығы дақылдарынан бидай, сұлы және арпа өсіріледі. Жер көлемінің 90%-ын жайылымдар, жемшөп
алқаптары алып жатыр. Австралияның ұлттық табыс көлемі жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді.
АВСТРИЯ,

Австрия, А в с т р и я Р е с п у б л и к а с ы– Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың 2км


.
Халқы 8,3 млн. Астанасы – Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады.
Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл – неміс тілі. Заң
шығарушы органы – екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы – федералдық президент.
Австрия – таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері – Биік Тауэрн
жотасындағы Грос-Глокнер шыңы (3997 м). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, темір кентасы,
магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоңыржай, шығысында континенттік
болып келеді. Орташа температура қаңтарда –1 – 40ӘС, шілдеде 15Ә – 18ӘС. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өзені –
Дунай. Жерінің 38%-ы орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген.
Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия –
«Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік
жүргізді.
18 ғасырда Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17 – 18
ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804
жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан
айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. Австрия 1867 жылдан – Австро-Венгрия
монархиясы; 1-дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия
монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада Австрия республикасы құрылды.
1938 ж. наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Германияға қосып (аншлюс) алды. 1943 ж.
Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған декларация бойынша
Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия
шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше
жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО сында
ара 4 оккупациялық аймаққа бөлінген
қалпында қала берді. 1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің
өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. 1955 ж. желтоқсанда Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта
көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық статусына негізделген. 1996 жылдың 1 қаңтарынан
Еуропалық Одаққа мүше болып қабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық
қатынастар орнатты.
Австрия – дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай,
4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВтҺсағат электр энергиясын өндіреді. Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара
металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электртехникалық
бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резина шығару), ағаш
өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.
Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім
шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді.
Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экономикалық аймағы бойынша алтыншы орында. Экспортқа
жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардың өнімі сырттан әкелінеді.

АВТОБУС

Автобус — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы
вагон түріндегі автомобиль. Автобус сөзі француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға
арналған деген сөзінен шыққан. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды. Автобус қалалық, қала
маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді.
Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м
және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады.
Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ
жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды.
Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін
сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2
қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын
Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды.

АВТОМАТ ҚАРУ
Автомат қару — шағын қашықтықтағы ұрыстарда жеке адамның оқ атуына арналған соғыс қаруы.
Автомат деген грекше autуmatos, яғни өздігінен іске қосылатын деген ұғымды білдіреді. Ату кезінде дәрі
газының күшімен қайта оқталып, үздіксіз атылады. Оның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі дәрі
газының күшін пайдалану тәсіліне негізделгендіктен автомат қарудан үздіксіз де, жекелеп те атуға болады.
Автомат қару қолданылу мақсатына қарай автомат пистолет, автомат (пистолет-пулемет), автомат винтовка
(карабин), өздігінен оқталатын винтовка, қол пулемет, станокты пулемет, ірі калибрлі пулемет, автоматты
зеңбірек түрлеріне бөлінеді. Автомат қару 19 ғасырдың 2-жартысында пайда болды. Америкада 1883 ж.
автомат мылтық жасалды, сондай-ақ сол жылы америкалық Хайрем Максим жасаған станокты пулемет
(Максим) пайда болды. Автомат қарудың жеңіл түрі 1-дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ жасала бастады. Қару-
жарақ ғылымы мен техникасының дамуына орай 2-дүниежүзілік соғыста тамаша жетілдірілген түрлері
қолданылды. Автомат қаруды жасаушы конструкторлар: Михаил Калашников, Николай Макаров, т.б.
Дамыған мемлекеттердің армияларында тек автоматты және өздігінен оқталатын қарулар ғана қолданылады.
Автомат қарудың кейбір түрлері Қазақстанда Орал қаласындағы «Металлист» зауытында жасалады.

АВТОМОБИЛЬ

Автомобиль — өз қозғалтқышы арқылы қозғалып, жүк және жолаушылар тасуға арналған машина.
Грекше autos – өзі және латыншаmоbіlіs – қозғалмалы, қозғалатын деген ұғымды білдіреді. Орта ғасырларда
жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын арба жасалды. 1752 ж. орыс механигі Леонтий
Шамшуренков екі адамның күшімен қозғалатын «жүгірме арба» жасады. 1769 – 70 ж. француз өнертапқышы
Никола Жозеф Кюньо, ал одан бірнеше жылдан кейін Англияда Уильям Мердок және Ричард Тревитик бу
автомобилін құрастырды. 1784 – 91 ж. орыс өнертапқышы Иван Кулибин жасаған педальды арбаларда осы
күнгі автомобильге тән механизмдердің (беріліс қорабы, маховик, механикалық тежеуіш, роликті подшипник,
т.б.) біразы қолданылды. 19 ғасырда Англияда және Францияда бу автомобильдері тарала бастады. 19
ғасырдың 30-жылдарында жолаушылар таситын бу автомобильдері жолға шықты. Аталған ғасырдың аяғында
аккумулятор батареяларынан қуат алатын автомобиль құрастырылды. 1879 ж. орыстың өнертапқышы
Огнеслав Костович бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқыш жасады. Жеңіл де ыңғайлы, жүрісі
шапшаң және үнемді іштен жанатын қозғалтқыштың шығуымен автомобиль жасау ісі тез дами бастады. 1885
– 87 ж. неміс өнертапқыштары Карл Бенц пен Готлиб Даймлер алғаш рет іштен жанатын қозғалтқышы бар
автомобиль жасады. 1890 жылдары Францияда «Панар-Левассор» және «Де Дион-Бутон» автомобильдері
пайда болды. 1892 ж. АҚШ-та Генри Форд өзінің алғашқы автомобилін құрастырды, ал 1903 жылдан ол
өндірісте шығарыла бастады. 1932 жылдан бұрынғы Кеңестер Одағында ГАЗ-А автомобилін көптеп шығару
қолға алынды. Николай Брилинг пен Евгений Чудаков құрған автомобиль мектебі автомобиль жасауды
жетілдіруде, оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуда маңызды рөл атқарды.
Автомобильдер пайдалану қызметіне қарай көлік, арнаулы және жарыс автомобильдері болып бөлінеді.
Соның ішіндегі негізгісі – көлік автомобильдері. Олар адам және жүк тасуға арналған. Арнаулы
автомобильдер тиісті жабдықтармен жабдықталып, көше сыпыру, өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру сияқты
кейбір өндірістік жұмыстарды (автокран, автокомпрессор, өрт сөндіру машинасы, көшпелі жөндеу
шеберханасы, т.б.) атқаруға пайдаланылады. Жарыс автомобилі спорттық жарыстарға қатыстырылады. Көлік
автомобильдерінің бір түрі – жолаушылар автомобилі. Оның жеңіл автомобиль, автобус сияқты түрлері бар.
Көлік автомобиліне автопойыз құрамына кіретін арнаулы буксирлер мен тягачтар да жатады. Жеңіл
автомобиль екіден сегізге дейін (жүргізушінің өзін қосқанда) жолаушылар тасуға арналған. Қозғалтқышының
литражы (қозғалтқыштың барлық цилиндрлерінің жұмыс көлемі) мен салмағына қарай: айрықша кіші – 1,2 л
– 850 кг; кіші – 1,2 – 1,8 л – 850 – 1150 кг; орташа – 1,8 – 3,5 л – 1150 – 1500 кг; литражы мен массасы
шектелмейтін жоғары сапалы болып 5 класқа бөлінеді. Жеңіл автомобиль қорабының типіне қарай лимузин
(қорабы жабық), кабриолет (қорабы жоғарғы жағынан матамен жабылған), фаэтон (қорабы ашық) болып
ажыратылады. Жүк автомобильдерінің өте жеңіл жүк көтеретін (0,75 т-ға дейін), жеңіл (0,75 – 2,5 т), орташа
(2,5 – 5 т), ауыр (5 – 10 т) және өте ауыр жүк көтеретін (10 т-дан жоғары) түрлері бар. Жүк автомобилі
қорабының түріне қарай әмбебап және арнаулы болып бөлінеді. Әмбебап автомобильдің борты ашпалы-
жаппалы ашық платформалы болып келеді. Арнаулы жүк автомобиліне аударылмалы ашық платформасы бар
аударғыштар, қорабы жабық фургондар, сұйық және сусымалы заттар тасуға арналған автоцистерналар,
цемент тасығыштар, т.б. жатады. Жол жағдайына қарай кездескен кедергілерден кідірмей өте алатын, су
өтпейтін қорабы, ескек винті, т.б. суда жүзуге қажетті қондырғылары бар амфибиялар да автомобильге
жатады. Бүгінгі күнгі кейбір жүк таситын автомобильдердің көлемі мейлінше үлкен. БелАЗ-дардың
кабинасына арнайы сатымен шығуға тура келеді. Кейбіреулерінің қорабына 100 т жүк кетеді. Автомобиль
әскери істе әскер және қару-жарақ тасиды, артиллерия, зеңбірек, пушка, т.б. сүйрейді. Реактивтік және
ракеталық қондырғылар, жөндеу шеберханасы, радиолокациялық станса, т.б. орнатылған автомобильдер бар.
Әскери әуе күштерінде жанармай тасығыш, автоцистерна, автостартер, қар күрегіш, автокран, сыпырғыш
машина, прожекторлы және өрт сөндіру машиналары, оттек өндіру және зарядтау стансалары, маяк және
компрессорлы машиналар, т.б. автомобильдер пайдаланылады. Әскери автомобильдің бұлардан басқа
штабтық санитарлық автомобиль, авторефрижераторлар, радио және электр стансалары, экскаваторлар,
орқазғыш сияқты екі жүзден аса түрі бар. Қазіргі автомобильдерге орнатылатын қозғалтқыштардың негізгі
түрі – іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш. Электр автомобиль аккумулятор батареясымен жұмыс істейтін
қозғалтқышпен жабдықталады. Мұндай автомобильдер қалада жеңіл және шағын көлемді жүк тасуға
қолданылады. Жағатын жанармайының түріне қарай автомобиль карбюраторлы, газ баллонды, газ
генераторлы және дизельді болып бөлінеді. Автомобильдер негізінен карбюраторлы келеді, ауыр жүк
таситын автомобильдерге, орташа және көп орынды автобустарға дизельді қозғалтқыш орнатылады. Кейбір
жүк автомобильдері газ баллоны және газ генераторымен жүреді. Үлкен-кішілігіне қарамастан автомобиль
негізінен жүріс бөлімі, қозғалтқыш, трансмиссия, басқару механизмдері және қораптан тұрады. Жүріс
бөліміне рама, алдыңғы және артқы белдіктер (осьтер), аспа және пневматикалық шиналы доңғалақтар кіреді.
Рамаға автомобильдің барлық механизмдері, сонымен бірге оның қорабы немесе кабинасы бекітіледі. Жеңіл
автомобиль мен автобустардың механизмдері тұтас жасалған қорапқа бекітіледі. Автомобильдің басқару
механизміне рульмен басқару және тежеу жүйелері кіреді. Автомобиль конструкциясы жүк көтергіштік
мүмкіндігі мен жүк сыйымдылығына, ауқымы мен салмағына, тарту күші мен кедергіден мүдірмей
өткіштігіне, отын үнемділігі мен пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге ыңғайлылығына (басқаруға
жеңілділігі, жүріс жатықтығы, жүк тиеу, жүк түсіруге бейімділігі, т.б.), орнықтылығы мен қауіпсіздігіне
қарай жіктеледі. Автомобиль орындығын отыруға ыңғайлы етіп жасау, қорабындағы ауаны кондициялау,
терезенің ашылып-жабылуын автоматтандыру, бейтаныс айдап кетуден сақтандыратын дабыл бергіш,
қашықтан әсер ететін кішкентай басқарғыш арқылы автомобильді оталдырмай қоятын жүйелер орнату
арқылы оның қолайлылығын жақсартуға болады. Қазақстанға алғашқы автомобиль 1910 ж. келді. 1939 ж.
Қазақстан автомобиль көлігі халық комиссариатының құрылуы республикалық автомобиль көлігінің дамуына
үлкен ықпал етті. 1940 жылдың өзінде оның қарауында 27 мың автомашинасы бар 18 автомобиль
шаруашылығы болды. Бұдан кейінгі жылдары жылжымалы құрамның өнімділігін арттыруды, тасымалдың
өзіндік құнынкемітуді, көлік шығындарын азайтуды қамтамасыз
еткен көлік жүйесін ұйымдастырудың озат
нышандарын игеру ісі қолға алынды. 1990 жылдардың соңынан бастап отандық автомобильдердің алғашқы
үлгілері жасала бастады.

АГРОНОМИЯ

Агрономия — диханшылық туралы ғылым.Диханшылықтың тарихы өте ертеден басталды.


Агрономия
agrуs – танап, егіс және nуmos – заң дегенді білдіреді. Шығ
ыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай, т.б.)
дихандар егіншілік ережелерін, астрономиялық білімдерді, күнтізбені пайдаланған. Оны ұрпақтан-ұрпаққа
ауызша жеткізіп отырған. Қазақстан аумағында неолит дәуірінен бастап егіншілік
амид бастады. Мәселен,
Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді.
Негізінде бидай, қара бидай, тарыны өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға еккен. Біздің
заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың аяғында мал өсіретін ірі-ірі қауымдармен бірге егіншілікпен
айналысатын адамдар қоныстары да пайда болды. Астық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде
өсіре бастады. Сырдария өзенінің жағалауында, сақтардың Шірік-рабат, Бәбіш-Молда, Баланды тұрақтарында
суару жүйелерін (арналарды) пайдаланған. 60 шаршы м-ден 150 шаршы м-ге дейін өңделген шағын
танаптардың іздері Жоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарларында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының
қойнаулары мен баурайларында Қырғыз Алатауының (Талас аңғарында) кездеседі. Жетісуда суармалы
егіншілік қана емес, сонымен қатар суарылмайтын тәлімі егіншілік түрі де қолданылған. Біздің
заманымыздың 3 ғасырында қазақ жерінде бау-бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим
философтары (Гесиод, Аристотель, Варрон, Колумелла, т.б.) Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 4 ғасырларда
топырақ өңдеу, дақыл өсіру, ауыл шаруашылық ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол
еңбектердің кейбір қағидалары: арамшөптермен күресу, тыңайтқыштар қолдану, агротехниканың топырақ,
климат жағдайына, өсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін агрономия ғылымының негізгі болып
қаланды. Орта ғасырларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктің тыңайған жүйесі дәнді, сүрі жер
жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылып, Батыс Еуропаға картоптың, жүгерінің, темекінің жаңа
сорттары әкелінді. 18 ғасырдың 2-жартысында Антуан Лавуазье, Джозеф Притсли, т. б. өсімдіктер көмір
қышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің
ұрық алмастыру жүйесіне ауыстырылды. Агрономия 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап тез дами бастады.
Осы кезеңде өсімдік физиологиясы, химиясы, кейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып
бөлінді. 20 ғасырда Батыс Еуропа, Америка, Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресу, тыңайтқыштар
шашу, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды. Агрономияның
міндеті: өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызу, олардың өнімділігін арттыру, өсімдік селекциясын
жақсарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалды. Қазақ жерінде
агрономиялық ғылми-зерттеу жұмыстары Темір (1907), Семей (1911) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін
кәсіби жолға қойылды. 1925 – 32 ж. Қазақстанда өлкені зерттеу қоғамы құрылды. Алматы, Семей, Орал, т.б.
қалаларда ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мектептер, курстар, техникумдар ашылды. Оларда
оқу-ағарту ісімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау стансасы (1958
жылдан Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты), 1926 ж. Тыңайтқыш және агрономиялық
топырақтану институты (1934 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты) және 1929 ж. құрамында
ботаника бөлімі бар Топырақтану институты (1934 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану
институты) ұйымдастырылды. Қазақ ауыл шаруашылық институты (1930) және ВАСХНИЛ-дің Қазақ
филиалы (1940) құрылғаннан бастап агрономия ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастады. Соның
нәтижесінде Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі – топырақты су және жел
эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Кезінде сол үшін бір топ ғалымдарға (Александр
Бараев, т.б.) Лениндік сыйлық (1972) берілді. 1939 – 45 жылдары Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы
«Құрман» ұжымшарының диханы Шығанақ Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд
жасады. Ол әр гектардан: 1940 ж. 155,8 ц; 1941 ж. 165 ц; 1942 ж. 175 ц; ал 1943 ж. 201 ц өнім жинады.
Сондай-ақ Ыбырай Жақаев (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) бекітілген егістің әр гектарынан орта есеппен
80 – 90 ц (1942 – 66), ал тәжірибе телімшесінің әр гектарынан 171 ц күріш алды. Қазақстанда агрономия
ғылымының салалары: егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде
дамыған.
Агротехника – ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерінің жүйесі; егіншілік технологиясы.
Агротехника өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайын, дақылды егіп өсіру
тәсілдерін және агрономия жетіс
тіктерін негізге алады. Агротехниканың мақса
ты – топырақтың
ылғалдылығын сақтау арқылы құнарлылығын арттыру, оны су мен жел эрозиясынан қорғау, сондай-ақ аз
қаржы жұмсап ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу. Агротехника шараларына ауыспалы егісті
пайдалану, топырақ өңдеу, тыңайтқыш шашу, тұқым әзірлеу, тұқым дайындау, егін егу, егісті күту, суару,
ору, бастыру, арамшөптерден, ауыл шаруашылық зиянкестерінен қорғау, ауруларынан тазарту жатады.
Қазақстанда агротехниканы дамытуда Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Шортанды)
ғалымдары көп еңбек сіңірді. Қуаң далада құрғақшылыққа жол бермеу, өнімділігі аз, шалғындар мен
жайылымдарды түбегейлі жақсарту, сортаң жерлерді игеру, Қазақстанның солтүстік облыстарына лайықтап
тұқым өсіру жүйесін жасап, өндіріске енгізді; эрозияға қарсы қолданылатын машиналар (сыдыра жыртқыш
құралдар, тұқым сепкіштер, тырмалар, т.б.) құрастырды. Агротехниканы шаруашылықтың және ауа райының
жылдық ерекшеліктеріне, ауыл шаруашылық ғылыми және озат практикалық жетістіктерге сүйеніп
жүргізіледі. Соның нәтижесінде агротехниканы егіннің тұрақты мол өнімін беруін, еңбек өнімділігінің
артуын қамтамасыз етеді.
Агрохимия, агрономиялық химия – топырақ пен өсімдікте өтетін химиялық процестер, өсімдік қорегінің
құрамы, сондай-ақ өсімдіктің қоректенуі үшін тыңайтқыш қолдану туралы ғылым; егіншілікті
химияландырудың ғылыми негізі. Диханшылықтың өркендеуіне байланысты пайда болды. Агрохимияның
негізін салушылардың бірі – француз ғалымы Жан Буссенго (1836). Ол өсімдіктерге тікелей тәжірибе жасау
арқылы табиғатта азот айналымы болатынын болжап білді. Кейін неміс ғалымы Юстус Либих (1840)
топыраққа тыңайтқыш шашудың маңыздылығын дәлелдеді, ал Англияда дүние жүзіндегі ең алғаш
суперфосфат шығаратын зауыт (1843) салынды.
Агрохимияның міндеті: өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді,
тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылық дақылдарының
шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі
анықталды. Агрохимия топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылық дақылдарының
зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды.
Өсімдік қоршаған ортадан алатын қоректік заттардың түрін, оны өсімдіктің сіңіруін анықтайды. Осының
негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимиялық картограммалар
жасалады. Соның нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, у-химикаттар қолданудың тиімді әдістері
ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі. Қазақстанда агрохимиялық зерттеулерді Қазақ
мемлкеттік аграрлық университеті мен Егіншілік ғылыми-зерттеу институты үйлестіріп отыр.
АҒАШ

Ағаш — сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 м-ден кем
болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 м-ден (қарағай, шырша, емен,
жөке, т.б.) аспайды. Дүние жүзінде ең биік ағаш – Австралия эвкалиптісі (биіктігі 140 – 150 м), ең жуан ағаш
– Баобаб (диаметрі 4 – 12 м.). Ағаш палеозой эрасының тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн. жыл
бұрын), мезозой эрасының бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер, кейін бірқатары
көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне
байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклі қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге
айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық даму бағыты жалғасуда.Олар 5 топқа (балғын, жас,
толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы 2 тобына жататын
ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлерінің санына байланысты жасын анықтайды.
Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды 2 түрге бөледі: қылқан жапырақты
(шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы,
қалыңдығы) мен физика-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса,
механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың
техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.

АҒЫБАЙ БАТЫР

Ағыбай батыр, Ш ұ б ы р т п а л ы А ғ ы б а й – Кенесары Қасымұлының жақын серігі, қолбасшы.


Ағыбай батыр 1802 ж. Ұлытау өңірінде дүниеге келген. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр»
атанған. 1824 жылдан Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске
белсене араласты. Ағыбай батыр бастаған қол 1826 – 49 жылдар аралығында Ресей әскерлеріне бірнеше рет
күйрете соққы берген. Ол Ресей империясының Қазақстандағы тірек-орталықтары – Қарқаралы, Ақтау,
Ақмола, Екатеринин бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы
ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында тас-талқан етіп жеңді. Қырғыз манабы Орманға қарсы
соғыста ерекше ерлік көрсетті. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен айқасында
Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып өткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне
қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізді. 1849 жылға дейін Ресей өкіметінің
қамалдарына өз бетінше шабуылдар жасап, өмірінің соңғы кезеңінде егіншілікпен, балық аулаумен
айналысты. Балқаш көлінің жағасында, Тасарал қамалында 1885 ж. дүниеден озған соң Ресей өкіметі оның
мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кешеніне жерлеуге рұқсат етпей, Сарыарқа мен Бетпақдаланың
шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде жерленген.
Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің көптеген
шығармаларына арқау болған. 1914 ж. Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл
қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған.

АДАМ

Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті
жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың
нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен
мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы,
ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен
Сократтан басталады. (Протагор: «адам – заттардың өлшемі», Сократ: «өзіңді өзің танып біл»). Ежелгі Үнді,
Қытай, Грек философиясында адам әлемнің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Демокрит түсіндірмесінде
адам микрокосм, «кіші әлем», ол сондай-ақ түпнегіздерден құралады; адам денесі мен рухы ақиқаттың екі
аспектісі (аристотелизм) немесе екі ерекше түпкізаты (платонизм). Антикалық философия үшін (Аристотель)
адамды қоғамдық өмірге икемді тіршілік, рух, парасат иесі ретінде тану анықтаушы фактор болды.
Ортағасырлық шығыс өкілдері де (Әбу Наср әл-Фараби, т.б.) діннің ықпалы күшейіп тұрғандығына
қарамастан, Аристотельдің осы түсінігін ары қарай жалғастырды. Қайта өркендеу дәуірінде адам құдайдан
дарыған еріктілік күші арқасында өз өмірі мен тағдырының негізін қалаушы және табиғаттың шектеусіз
билеушісі ретінде танылды, сондықтан шебер жаратушының бейнесі Ренессанс символына айналды. 17 ғасыр
(ғылыми-революция ғасырында) мен 18 ғасыр (ағартушылық дәуірінде) рационалистерінің ұғынуында нақ
сол парасат, ақыл-ой адамның түпкізаты, өзіне тән ерекшелігі ретінде қарастырылады. Неміс классикалық
философиясы үшін адам мәдениеттің жаратушысы, рухани іс-әрекет субъектісі және жалпы идеалдық бастау,
яғни рух, парасат иесі. 19 – 20 ғасырлардағы постклассикалық философия (Фридрих Ницше, Артур
Шопенгауэр, Серен Кьеркегор және т.б.) сезім, мықтылық және т.б. адамдық ақылдан шет қабілеттерге бет
бұрады. Қазіргі философия адам тіршілігінің мәнін оның саналы қызметімен байланыстырады. Бұл қызметтің
барысында адам тарихтың әрі алғышарты әрі жемісі болып шығады. Адамның әлеуметтік мәніне назар аудара
отырып, қазіргі философия сонымен бірге әлеуметтік және биологиялық факторлардың өзара күрделі әсерін,
әлеуметтік факторлардың басымдылығын ескереді. Әйтсе де «табиғи түрде» әрекет ететін биологиялық
факторлардың зор маңызы бар екендігін де ұмытпау қажет. Болашақтағы адам парасатты, иманды, елгезек те
қарекетшіл, сонымен бірге сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. Ол
қоғамдық тірлікте қайталанбас бітім, бірегей тұлға ретіндегі өзіндік «менімен» танылатын болады.
Адам жерде шамамен осыдан 2 – 3 млн. жыл бұрын пайда болды. Ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден
(питекантроп, гейдельберг адамы, неандертальдар) өтіп, осыдан 30 – 40 мың жыл бұрын, Homo sapіens
(латынша - саналы адам) кейпіне енді де, бірте-бірте қазіргі адамдарға тән биологиялық қасиеттерге
(кроманьондар) ие болды.
Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен
құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан,
оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға
байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және
«мен» деген түсінік жатады. Бұлардың табиғатын ұғыну өте қиын. Нәзік болмыс табиғи және әлеуметтік
ортаға байланысты қалыптасады. Оны психология, парапсихология, спиритуализм,гия,
ма бақсылық, йога
тәрізді адам психикасынзерттейтін ғылымдар мен окульттік ағымдар қарастырады. Нәзік болмыстың түрлі
атаулары бар: арабша – хауас сәлим, қазақша – рух, санскритте – аура, орысша – дух, латынша – спирит,
ғылымда – психоэнергетикалық жүйе, т.б. Жан – адам өмірін басқарушы, қуат көзі, мәңгілік болмысы болып
табылады. Тән мен материалдық болмыс оның уақытша киген киімі тәрізді. Олар ауысып отырады. Жан
білімге және рухани ләззатқа құштар болғандықтан, ол бұл қасиеттердің қайнар көзін қоршаған ортаның
материалдық болмысынан іздейді. Материалдық болмыс болса, әрқашан ақиқатты көмескілеп, бұрмалап
көрсетеді және мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ол жанды толық қанағаттандыра алмайды. Бұл жан мен
тән арасындағы қайшылықты және олардың өзіндік сипаттағы үздіксіз күресін туғызады. Шығыс
философиясы бойынша адамның жетілуі дегеніміз жанның материалдық құрсаудан босану барысы.
Материалдық құрсаудан неғұрлым азат болса, жан солғұрлым жетілген болып есептеледі. Адамның басқа
тіршілік иелерінен айырмашылығы да осында. Адам материалдық болмысқа хайуанат дүниесіне қарағанда
әлдеқайда тәуелсіз. Сондықтан оның өмірлік мақсаттарға жету мүмкіндігі мол. Жанның толығуы тек рухани
жолмен ғана іске асады. Оның қасиеттері жетілу барысында білінеді. Рухани жетілген адамның бүкіл
болмысы кемелді келеді. Абай тәнді жан билеу керек екенін айтады. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді.
Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекеті де соғұрлым кемел. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп,
бақыт сезіміне бөлейді. Адам «микрокосм» болғандықтан, оның өмірі «макрокосм» болып табылатын бүкіл
әлем өмірімен тығыз байланыста. Сондықтан әркімнің өмірі бүкіл әлем заңдылықтарымен толық үйлесімді
болғаны абзал. Абай өзін тәнмен балап, табиғи сезімдерінің ықпалында жүргенді «пенде» деп, нәзік
болмысын жетілдірген интеллектуалдарды «адам» деп, ал жан тазалығы үшін рухани жолға түскендерді
«толық адам» деп атайды.
Белгілі бір тарихи дәуірге немесе ортаға тән мәнділік сол дәуірдегі я ортадағы адамдардың жалпы рухани
кескінін құрайтын нәрсе. Адамдардағы нақты істер мен мақсаттар, олардың ойлау ерекшелігі (менталитет),
жалпы тіршілігі мен ойлауының логикасы сол ішкі мәнділікпен сәулеленіп тұрады, белгілі дәрежеде соның
көрінісі деуге болады. Сондықтан да мәнділік көбінесе тікелей көзге көрінетін құбылыс емес. Белгілі бір
ортаның рухани мәдениетінің өзгеше болып тұратыны да оның түпкі негізінде ерекше мәннің
жататындығынан. Осындай мән белгілі бір мәдениеттің ішкі ұйтқысы. Мысалы, байырғы қауымдасудың
дәрежесінде 20 ғасырға дейін сақталған Америка, Австралияның, т.б. жерлердің тайпаларын зерттеген Еуропа
ғалымдары сол тайпа адамдарының іс-әрекеттерін, әсіресе олардың ойлау логикасын көп уақыт түсіне алған
жоқ. Оларға әуелде (Эмиль Дюркгейм, әсіресе Люсьен Леви-Брюль) қауым адамдарының ойлауында
ешқандай логика жоқ сияқты көрінген. Бірақ, кейінгіезеңдерде
к олардың ойлауы еуропалықтарға ұқсамайтын
басқаша тәртіппен, заңдылықпен іске асатындығы айқындала бастады. Прологикалық (яғни логикалық
дәрежеге дейінгі) деп есептеліп келген ойлаудың өзіндік өзгеше логикасының бар екені белгілі болды. Оның
себебі ойлаудың барлық мәнін сыртқы объективтік дүниенің себеп-салдарлық байланыстары арқылы ғана
көретін, сыртқы дүниені тек пайдалануға бағышталған еуропалық ойлау негізінде басқа мән жатқан ойлауды,
рухани мәдениетті түсіне алмады. Байырғы қауым адамдарының мәдениетіне, ойлауына, табиғатқа, болмысқа
осы тұрғыдан қарау жат нәрсе. Осы қатесін Леви-Брюль кейін өзі де мойындаған.
Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы
табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат
пен адамның бірін-бірі толықтыратын, жаңғыртатын үйлесімді байланысы және екіншіден, табиғатты тек
пайдалануға ұмтылу. Табиғатқа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мұқтаждығының
тұрғысынан қатынас жасау антикалық дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның
бір кәдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен құбылыстардың арсеналы, табиғи қоймасы ретінде ғана
қарап, іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басқа көзқарастар да бар, бірақ әңгіме қандай
пиғылдың жетекші, басым болғандығында. Осы пайдагерлік қатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан
дүниесінде жалғыз ғана құмарлыққа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс
құбылыстардың қайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, оңдай жандар үшін табиғаттың кез
келген заты я пайдалы, я пайдасыз, олардың өзіндік құндылығы ол үшін жоқпен тең. Сондықтан ондай адам,
оңдай қоғам табиғатты тәуелсіз мағынасы үшін қастерлемейді, мәпелемейді, тіпті сақтауға да ұмтылмайды,
одан тек керегін алып, жоя беруге даяр. Бұл белгілі бір мәнділіктің ешбір қоспасыз «таза» анықтамасы. Бірақ
өмірде ол қатынас «кіршіксіз» күйінде кездесе бермейді. Өкінішке қарай өзіміз өмір сүріп отырған
дүниемізде осы қатынас басым. Соның арқасында өзімізді қоршап отырған табиғат орасан зор зардап шегуде.
Бұл қатынас түбірінен өзгермесе (бүкіл әлемдік шеңберде) адамзат қазіргісінен де зор апаттарға ұшырауы
сөзсіз. Бұл тарихтағы жалған мәнділіктің бір көрінісі.
Адамдарға өз құлқынан басқаның бәрін тәрік етушілік меңдеп кеткен дәуірлерде ол табиғатқа ғана емес,
ең алдымен адамның адамға қатынасында ең үлкен апаттарға душар етеді. Осындай пиғыл 20 ғасырда
айрықша зор алапаттар туғызды. Оның кейбір мысалдары: екі рет болған дүниежүзілік соғыс, белгілі кезеңде
Еуропада бел алған фашизм, бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп, бүкіл әлемді, соның ішінде
Қазақстанды да қамтыған экологиялық дағдарыс. Екінші бір мәнділік: табиғатты өзгертуге, меңгеруге,
үстемдік етуге, пайдалануға біршама енжарлық, бірақ оның есесіне, табиғатпен үйлесімді тіршілікке
бейімділік, көбінесе, Шығыста айқынырақ көрінді. 20 ғасырға дейін осылай болды. Бірақ мұнда да
мәнділіктің алғашқы үлгісі белең ала бастады.
Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-
қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының (латынша anatome –
кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс
ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ
даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы
(20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады.
Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік,
жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы
біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары
ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар
жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл
аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл
жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7)
эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамныңршаған
қо ортамен арақатынасын
жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерін
ен тұрады. Адам қаңқасына тұлға
қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары
жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті
сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5)
және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар
бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек,
кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш
бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді.
Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш
қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс
ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы
сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы
сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып
жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе
қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық
анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың,
тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия –
адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі
сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.

АДАМ АТА

Адам Ата — (Тәурат, Інжіл, Забур секілді діни кітаптарда Адам) – Құран дерегі бойынша Алла тағала өз
құдіретімен жаратқан ең алғашқы адамның аты.
Тәуратта адамзаттың түпкі бабасының неден жаралғанын таратып айтпай, «топырақтан жаралғансың,
топыраққа қайта айналарсың» (Тәурат, 3:19) деп қысқа ғана қайырады. Құранда бұл тақырып әр тұста шашырай
айтылғанмен, кеңейтіле баяндалған: «Сыңғырлап тұрған кепкен балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды Біз
топырақтан жараттық» (Құран Кәрім, «һижір» сүресі. 15:26), «Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты» («Алақ»
сүресі, 96:12), «Біз сендерді (Адам атаны) әуелі топырақтан жараттық. Оның нәсілін (рухтан) жыныстық
тамшыдан, кесек еттен (құрап) жараттық. Біз мұны тектеріңді білу үшін айтып отырмыз» («Хаж» сүресі. 22:5).
Тәуратта Құдай әмірі Адам Атаны жаратумен шектелсе, Құранда Алла әмірі адамзат ұрпағының бір-бірінен
өрбіп дүниеге келуін түгел қамтиды. Сондай-ақ Тәуратта «Құдай адамды өзіне ұқсас қып жаратты» (Тәурат.
1:27) делінген. Уақыт жағынан дүниеге кейін келген Інжілде Иса (Йисус) пайғамбардың адам кейпіндегі
Құдаймен жүздесуі осы тұжырымнан бастау алған. Еуропада Құдайды адамға ұқсатып суретін салу – бәрі-бәрі
осыдан. Ал Құранда «Адамды біз сөз жоқ, әдемі мүсінде жараттық» («Тин» сүресі. 95:4) деумен ғана шектелген.
Бұл мәселе де дін әлемінде тоқтаусыз талас тудырумен келеді. Алайда, «Ықылас» сүресінде (112:1-4) «Сен айт:
Алла жалғыз де, Алла – мәңгілік. Ол тумаған да туылмаған. Оған ешбір теңдес жоқ» деген аят тәураттық,
інжілдік тұжырымдарға қарама-қарсы, яки Алла Адам Атаға не Адам Ата Аллаға ұқсас болуы мүмкін емес.
Адам Ата ұжымақта жаратылып, ұжымақта ғұмыр кешті. Аспаннан түсті делінетін киелі кітаптардың қай-
қайсысы да ұжымақтың жан рахат ғажабын тамылжыта жазған. Жәннат бағында адамға қорек болатын жеміс
ағаштарымен қатар өмірлік мәні зор киелі ағаштар да жеткілікті. «Өмір ағашы», «әлемдік діңгек ағашы»,
«қайырымдылық ағашы», «қуаныш ағашы», «мерей ағашы», «билік ағашы», т.б. Адам Ата ұжымақта жай
ғана серуендеп жүрмейді, жемі
с ағаштарын бағып-күтіп бағбандық қызмет те атқарады. Құдіреті күшті Алла
оны алғашқыда бағбан етіп жаратқан еді, кейін бақташылық жұмысты да қосып беруді қолай көрді. Алла өзінің
сүйікті жаратқанын сыртынан бақылап жүріп, оның сұхбаттасатын серігі болмағандықтан көңілі жүдеп
жалғызсырайтынын аңғарды. Алла тағала оны ұйықтатып тастады да, қабырғасын шығарып алып, Хауа Ананы
жаратты.
Аңыз бойынша Адам Атадан әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала Адам Атаға ерекше
ілтипат көрсетіп, кеудесіне жан кіргізген соң, ілім-білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның
алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс Адам Ата мен Хауа ананы өз үгітіне иландырып, ақыр
соңында олардың пейіштен қуылуына себепші болады. Бір күні олар серуендеп келе жатқанда ән-жыр, зәйтүн
(Тәуратша – ізгілік пен зұлымдықты тану) ағашының бұтағында ширатылып жатқан жылан – Ібіліс Хауа
анаға қарап тіл қатып, не себепті мына ағаштардан дәм татуға тыйым салғанын сұрады. «Біз күнәһар
болмасын дегені ғой (Тәуратша: «Өліп қалмасын»), – деп жауап қатады Хауа Ана. Жылан кейпіндегі Ібіліс
жымысқы жымиып, жанашыр қамқоршыдай жәдігөйлене сөйледі. «Бұл ағаштың жемісін жеуден тыюы –
Тәңір сендерді періште болып кетпесін, ұжымақта мәңгі қалып қоймасын дегеннен басқа түкте емес»
(«Әғраф» сүресі. 7:12). Сөйтіп ол әзәзілденіп, Алла тағаланың өзі жаратқан пендесін күнәдан сақтамақ болған
ниетін тонын теріс қаратып басқаша түсіндірді... Ібіліс жемісті үзіп алып аузына салып, құмардан шыққандай
сүйсіне талмады. Осы тұстарды көне кітаптар әр түрлі уәждейді: бірі – жемісті үзіп алып берген жылан не
жылан кейпін киіп, жыланша сөйлеп тұрған Ібіліс десе, екіншісі – қол созып жемісті үзіп алған Хауа Ананың
өзі дейді. Үзіп жатқанда Әзірейіл періштенің елесін көрген. Алайда көңілі шын құлап кеткендіктен нәпсісін
тыя алмаған. Тыйым салынған ағаштан өзі жегенімен тұрмай, Адам Атаға да жегізген... Ауызекі әфсаналар
Адам Ата жемісті талмап жұта бергенде, бір періште жұтқызбаймын деп тамағына жармасқан. Ер адамның
кеңірдегіндегі түйіншек тұрып қалған сол жемістің дәні екен-мыс деп хикаялайды. Іле-шала ерлі-зайыпты
екеуінің көзінен жанарларын көлегейлеген перде сыпырылып түскендей болғанда, олар алғаш рет бір-бірінің
жалаңаш тәнін көріп, ұялғаннан жапырақтармен әбүйірлерін жасырған.
Жаратушы жәннат бағына серуенге шықанда оның келе жатқанын аяқ тықырынан естіген Адам Ата мен
Хауа Ана бұтаның тасасына бой бұғып, жасырынып қалады. Ол «Қайдасың?» деп Адам Атаны дауыстап
шақырғанда бұлар тасада тұрып: «Ұжымақты аралап келе жатқан аяғыңның сыбдырын алыстан-ақ естідім.
Бір жағынан қорқып, бір жағынан жалаңаштығымнан ұялып, жасырынып тұрмын», – деп тіл қатады Адам
Ата. «Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштан дәм татқаннан саумысың?» – деп қайыра
сұрады Алла. Адам Ата болғанды болған күйінде баян етіп, кінәні әйеліне жапты. Ал Хауа Ана болса
азғырып, жолдан тайдырған жылан екенін айтып қарғанады. Болған жағдайды есітіп қаныққан Алла қаһарын
тігіп, қатты ашуланады.
Адам Ата мен Хауа Ана: «Тәңіріміз! Біз өзімізге өзіміз кесір жасадық. Егер бізге өзің кешірім етіп, рақым
қылмасаңыз, онда біздің сөзсіз құрығанымыз» («Әғраф» сүресі. 7:23) деп жазықты екендерін мойындап,
өлердегі сөздерін айтып, Жаратушыға жалбарынған. Періштелер де күбір-сыбыр үндерімен бұлардың
жағында екендерін сездіріп, Алла тағаланың қас тіккен қаһарын жұмсартуға тырысқан. Алды кенен, шексіз
мейірімді құдіретті ием күнәһарлардың шын тәубелеріне келгенін көріп, алғашқы райынан сынып, тәубелерін
қабыл алған. Оны «Та-һа» сүресі (20:22) растайды: «Сонан соң Алла оны тағы да бағалап, тәубесін қабыл
етіп, оған кешірім жасады». Алайда Адам Атаны зайыбымен ұжмақтан аластау ниетінен танбаған.
Адам Ата жар қосағына Хауа деп ат қойды. Онысы «өмір бастауы» деген мағына еді. Жаратушы аң
терісінен киімнің репетін істеп, олардың ашылған әбүйірін жапты да, ұжмақтан қуып шықты. Адам Ата мен
Хауа Ана иіндері еңкейіп, пұшайман халде бұрылып кете бергенде, Алла ақтық кеңесін айтты: «Алда-жалда
мен сендерге бір тура бағыт жібере қалсам, кімде-кім сол тура жолмен жүрсе, ол адаспайды, Қияметте қасірет
шекпейді. Егер кімде-кім менің насихатыма теріс қараса, онда оның өмірі таршылыққа түседі. Қияметте Біз
оларды көр соқыр қалпында жинаймыз» («Та-һа» сүресі, 20:123). Алла күнәһарларды ұжымақтан аластады да,
жәннат бағы қақпасының алдына оттан өрілген алапат қылышы бар қанатты періштені күзетке қойды. Кейін
бұл әңгімені таратып, баяндаған дін тарихшылары жәннат бағынан аттап шығысымен-ақ Адам Атаның
қайғыдан бойы шөгіп, аласара берген деп хикаялайды. Пейіштен қуылған соң Адам Ата Хауа Анамен Мекке
атырабында кездескен. Адам Ата үшін көктен қара тас түсіріліп, ол сол жерге каһба тұрғызады. Олардың екі
ұлы, екі қызы болған екен. Ер жеткен соң екі ұлы (Әбіл мен Қабыл) қарындастарының біреуіне таласып,
бірін-бірі (Әбіл Қабылды) өлтіреді. Содан бері Адам баласы өлетін болыпты. Аңыз бойынша Адам Ата
бабамыз 930 жыл өмір сүріп, дүниеден өткен. Адам ата мен Хауа Ана Мекке төңірегіндегі Қазына өңіріне
жерленген делінеді.

АЗАМАТ СОҒЫСЫ

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар
арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 –
58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен
республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары
болып өтті.
1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917
жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан
төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды.
Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің
екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған
күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген
жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін
жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак
әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің
ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар
мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат
соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін
қорғауға тырысты.
Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары
құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан
Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов,
Борис Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс
Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу
жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына
жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат
соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.

АЗИЯ

Азия — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып Еуразия құрлығын құрайды. Ассириялықтар
тілінде Азия – асу, шығыс деген мағынаны білдіреді. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының
шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы,
Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43,4 млн. 2 км
(бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-
батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді.
Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. 2-ден
км асады.
Жағалауы аз тілімденген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2 – 2,5 мың км қашықтықта орналасқан.
Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Камчатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың
шеткі нүктелері: солтүстігінде – Челюскин мүйісі, оңтүстігінде Пиай мүйісі, батысында Баба мүйісі,
шығысында Дежнев мүйісі.
Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-
орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар
мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит
жағалауына дейін созылған. Мұндағы ең биік таулар мен тау қыраттары Орталық Азияға шоғырланған. Олар:
Памир, Тянь-Шань, Тибет тау қыраты, Гималай, Гиндукуш, Қарақорым. Гималай тауының шыңдары 7 – 8
мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тян-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін
созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс
белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды. Ең ірісі: Орта
Сібір таулы үстірті. Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай
Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты
тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар. Оның ең ірілеріне Батыс Сібір, Тұран,
Ұлы Қытай, Үнді-Ганг, Месопотамия жазықтары жатады.
Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Қазақстанда (Қарағанды),
Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізгі
мұнай-газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий маңы ойпаты, Кавказ, Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы
төңірегі, Малай топаралы, Солтүстік және Батыс Қытай. Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы,
қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Торғай
даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны –
Саха-Якутияда.
Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі
аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық
Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты
алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен температура
солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы
–50ӘС, кейде ең төмен температура –70ӘС-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа
температурасы 25ӘС-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің
орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10ӘС, ал 55Ә – 60Ә солтүстік ендіктерде 20ӘС,
тропиктік, экваторлық белдеулерде 25 – 28ӘС-қа дейін жетеді. Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі
аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-
шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына
2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт
азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда
600 – 1000 мм,
Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия
шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.
Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы
ауданы 120 мың км2). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі
суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Объ, Енисей,
Лена, Яна, Индигирка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхе (Сары өзен), Янцзы (Көгілдір өзен), Меконг,
Үнді мұхитына Брахмапутра, Ганг, Инд, Шатт-әл-Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең
ірілері: Еділ, Кура, Әмудария, Жайық, Сырдария, Іле. Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол
болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды.
Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен
мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол
қатынасына және жер
суаруға ежелгі заманнан беріпайдаланылып келеді. Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері.
Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.
Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты
көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық
Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып
келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында
арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін
тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр.
Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке
қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Монғолия, Байкал сырты, Солтүстік-
шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық
шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында,
Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге
жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және
мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай
белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора,
тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың
орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау
тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау
орманы басым.
Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін,
тиін, борша тышқан, сасық күзен; құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б.
мекендейді. Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның
және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және
Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп. Батыс жағын
жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайра, т.б. мекендейді. Өзен бойы
тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған. Құрлықтың субэкваторлық және
экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир,
мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер,
қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.
Құрлық аумағының солтүстігін Ресей мемлекеті алып жатыр. Ал батысын Кипр, Түркияның негізгі бөлігі,
Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен
Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы
(ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды. Оңтүстік Азия мемлекеттеріне Пәкстан,
Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы; Оңтүстік-Шығыс Азия
мемлекеттеріне Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия,
Бруней, Шығыс Тимор; Орталық Азия мемлекеттеріне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан,
Тәжікстан, МХР енеді. Шығыс Азияны ҚХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония мемлекеттері құрайды.

АЗОТ

Азот, N — элементтердің периодты жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 7, атом
салмағы 14,0067. Азот грекше azoos – тіршіліксіз және латынша Nіtrogenіum – селитра түзуші деген ұғымды
білдіреді. Табиғатта тұрақты екі изотопы кездеседі: 14N (99,635%), 15N (0,365%). Азотты 1772 ж. ағылшын
ғалымы Дэниел Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0,03%. Табиғатта азот дербес және
қосылыстар күйінде кездеседі, оның негізгі қоры екі атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында
болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75,6%, көлем үлесі 78,1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг
азоттан келеді әрі ол бейорганикалық және органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның
бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі)
жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі қоры барлық тірі организмдер белоктарының
құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне байланысты «тіршіліксіз» деп аталып кеткенімен азот
тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау температурасы – 196ӘС,
қату температурасы – 210ӘС. Судың бір өлшем көлемінде (20ӘС-та) 0,0154 көлем азот ериді, яғни оның суда
ерігіштігі оттектің ерігіштігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады. Азот молекуласының атомдары өзара үш
байланыспен тартылатындықтан оларды бір-бірінен ажыратуға көп энергия керек. Сол себепті азот кәдімгі
жағдайда тұрақты болып келеді де, литийден басқа ешқандай жай және күрделі затпен әрекеттеспейді.
Химиялық белсенділігінің төмендігі жөнінен азот инертті газдардан кейінгі орынды иемденеді. Азотты
қыздырса көптеген металдармен әрекеттесіп, нитридтер түзеді. Бейметалдармен аса жоғары температурада
ғана әрекеттеседі. Мысалы, оның оттекпен әрекеттесуі
3000 – 4000ӘС-та басталады. Өнеркәсіпте азот ауа
ны
сұйылту арқылы алынса, лабораториялық жағдайда аммоний нитритін немесе бихроматын қыздырып алады.
Азот негізінен аммиак өндіруге, инертті болғандықтан электр шамдарын толтыруға қолданылады.

АЙ
Ай — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ай латын тілінде
luna деп аталады. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Ай Жер
тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), массасы 7,35Һ1022 кг, тығыздығы 33433.кг/м
Ай
2
бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/сек. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында
болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде)
дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км.Осы ауытқуға сәйкес айдың көрінерлік бұрыштық
диаметрлері 33'32"-тан 29'20"-қа дейін өзгереді. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу
жазықтығының арасындағы бұрыш 50Ә-қа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте
13Ә-тай жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес ай
фазасы ауысады. Айдың бірдей екі фазасы аралығындағы уақыт 29,53 тәулік (синодтық ай), ал оның
жұлдыздарға қатысты Жерді бір айналып шығатын уақыты 27,32 тәулік (сидерлік ай немесе жұлдыздық ай)
болады. Айдың өз осінен айналу периоды Жерді айналып шығу периодымен бірдей болғандықтан 59%-ын
қамтитын жарты сферасы көрінеді. Қалған 41%-ы көрініп үлгермейді. Арғы беті осы себепті ғарыш
кемелерімен арнайы суретке түсірілді, картасы жасалды. Ай бетіне түскен Күн сәулесінің 7%-ы ғана кейін
шағылады. Айдың 354 сағатқа созылатын күндізгі уақытында оның беті 130ӘС-қа дейін қызса, сонша
уақытқа созылатын түнінің ортасында –170ӘС, ал таң алдында –200ӘС-қа дейін ды.
суи Атмосферасының
жоқтығынан Ай бетінің жы
лынуы мен суынуы Күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты тез өзгеріп
отырады. Жай көзбен қарағанда Ай бетінде қарауытқан дақтар көрінеді. Олар шартты түрде «теңіздер»,
«мұхиттар», «көл», «шығанақ» деп аталған. Сыңардүрбімен (телескоппен) қарағанда ай бетінен тау сілемдері,
жарықтар, арналар, шыңдар, аңғарлар мен киіз үй пішінді нысандар, «кратер», «цирк» деп аталатын сақина
тәрізді таулар, ұзыннан ұзақ созылып жатқан жоталар мен тау тізбектері (Альпілер, Аппениндер, т.б.
делінетін) байқалады. Негізінен аспан тастарының соқтығуынан болған кратерлердің диаметрлері бірнеше
км-ден 400 км-ге дейін барады. Цирктердің диаметрі шамамен 200 – 250 км, ал оны қоршаған тау
жоталарының биіктігі 3 – 7 км. Ай бетін үлкенді-кішілі тас, құм және ұлпа топырақ жапқан. Бұл тастар Күн
сәулесі әсерінен желініп жұмырланған. Ғарыш кемелерімен айдан әкелінген материалдарды зерттеу
нәтижесінде, онда тіршіліктің ең жабайы түрінің де жоқ екендігі анықталды. Ай материалының химиялық
құрамы Жердегіден өзгеше. Ай жынысында хром, титан, цирконий сияқты элементтер көп, ал алтын, күміс,
платина сияқты элементтер аз кездеседі. Онда негізінен темір, титан, цирконий қоспасынан құралған белгісіз
минералдар табылды. Ай жыныстары бұдан 3,6 – 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болған. Бұл – Күн жүйесінің
жаралуымен шамалас уақыт. Айдың планеталардан қалған заттардан өз алдына дербес жаралуы мүмкін.
Кейін оны Жер өзіне тартып серік етсе керек. Бұл мәліметтер өткен заманда Ай Жерден бөлініпті-мыс ,
Тынық мұхиты соның орны екен деген көзқарастың теріс екендігіне дәлел болып отыр. Айға «Луна», «Зонд»,
«Рейнджер», «Сервейер», «Лунар Орбитер» және адам басқаратын «Аполло» планетааралық автоматты
кемелер арқылы зерттеулер жүргізілді. Ай бетіне алғашқы адам 1969 ж. 21 шілдеде қадам басты (Нил
Армстронг, АҚШ). Айда 1969 — 1972 ж. 12 астронавт ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Айға сапар – сериялы «Аполло» ғарыш кемелерімен Айға ұшуды жүзеге асырған адамдар тобының
сапары. Әр сапарға үш астронавт қатысты, оның екеуі Айға арнаулы кабинамен қонып, біреуі орбитадағы
негізгі бөлікте қалып, айналып ұшып жүрді. Бортында астронавтар бар «Аполло-8» кемесі 1968 ж. 24
желтоқсанда Айдың жасанды серігі орбитасына шығарылды. Қонатын орын сайлау мақсатында Ай беті
жақыннан суретке түсірілді, телевизиялық репортаж жүргізіліп, Айдың жасанды серігі орбитасынан Жерге
қарай ұшатын жолға қайта түсу, Жер – Ай жолында ұшу, екінші ғарыштық жылдамдықта атмосфераға ену
жұмыстары атқарылды. Ұшу бас-аяғы 6 тәулік 3 сағат, 42 минутқа созылды. 1969 ж. 18 майда аттандырылған
«Аполло-10» кемесімен астронавт
ар Ай кабинасына өтіп, Жер серігінен 12,8 км биіктікт
е 4 айналым жасап,
аман-есен Жерге оралды. Ұшу 8 тәулік 3 минут 23 секундқа созылды. 1969 ж. 16 шілдеде Гринвич уақыты
бойынша 13 сағат 32 минутта «Аполло-11» ғарыш кемесі Айға аттанды. Ай кабинасы негізгі бөліктен
бөлінгеннен кейін, автоматты режимде құлдилау басталды. Қонуға жақын қалғанда Армстронг кабинаның
көлемдері 3 м-ге дейін жететін тастарға толы қазаншұңқырға тап келгенін дер кезінде байқап қалады,
автоматты режимді өзгертеді де басқаруды өз қолына алып, Ай кабинасын қазаншұңқырдан 330 м шалғайға
апарып қондырды. 1969 ж. 20 шілдеде Гринвич уақыты бойынша 20 сағат 17 минут 42 секундта кеме табаны
Тыныштық теңізі тегісіне тиді. 1969 ж. 21 шілдеде 2 сағат 56 минут 20 секундта Армстронг адамзат
тарихында тұңғыш рет Ай үстіне аяқ басты. «Бұл – адамның қарапайым қадамы, бірақ адамзат үшін ғаламат
секіріс» – деп бастады, ол алғашқы толқулы сөзін. Астронавтар Ай үстінде жүруді меңгерді, бірқатар ғылыми
приборлар орнатты, 22 кг Ай жынысының үлгісін жинап, суретке түсірді. Олар Ай үстінен Жермен
телевизиялық байланыс жасап, қайтыс болған бес ғарышкердің (Юрий Гагарин, Владимир Комаров, Вирджил
Гриссом, Эдвард Уайт, Роджер Чаффи) бейнесі бедерленген медальдарды қалдырды. Сыртта Армстронг 2
сағат 31 минут 40 секунд, Эдвин Олдрин 2 сағат 15 минут болды. Ай кабинасына әуелі Олдрин оралып, арада
он минут өткен соң Армстронг мінді. 1969 ж. 24 шілдеде кеме Жерге қайтып оралды. Ұшу 8 тәулік 3 сағат 18
минут 35 секундқа созылды. «Аполло-12» ғарыш кемесі астронавтары алдарына қойылған мақсат – Айды
зерттеу, Ай бетіне изотопты генератордан ток алатын ғылми құралдарды орнату, Жерге Ай жыныстарының
үлгілері мен сонда 1967 жылғы 20 сәуірден жатқан «Сервейер-3» автоматты ғарыш аппаратының кейбір
бөлшектерін Жерге алып келу болды. Қонғаннан кейін астронавтар кемеден 450 м қашықта жұмыс жасады.
Ұшу 10 тәулік 4 сағат 36 минут 25 секундқа созылды. «Аполло-13» кемесі Жерден 330 мың км алыстап, Айға
91 мың км қалғанда оттекті-сутекті жанармай элементтері батареясына арналған оттегі бар қалбыр жарылып,
кеменің негізгі бөлігі электр қуатынсыз қалды. Екі астронавт Ай кабинасына өтті, үшіншісі экипаж бөлімінде
болды. Ай кабинасынан экипаж бөліміне оттек келіп тұруы үшін екі арадағы люктер ашық қалдырылды.
Ғарыш кемесі эллиптикалық геоцентрлік орбита бойынша Айды үлкен эксцентриситетпен айналып ұшып
өтіп, Жерге оралды. Ұшу 5 тәулік 22 сағат 54 минут 41 секундқа созылды. «Аполло-14» кемесінің қонатын
аймағы «Аполло-13» орындай алмаған Фра Мауро қазаншұңқыры төңірегі болды. Әдеттегі міндеттерге қоса
астронавтарға бұл жолы шағын магнитометрдің көмегімен локальды магниттік өрісті зерттеу, Айдың
жасанды серігі орбитасындағы негізгі бөліктен Ай үстін радиозондтау, Жер мен Ай арасындағы ұшу жолында
технологиялық тәжірибелер жасау, «Аполло-12» ғарыш кемесі астронавтары орнатып кеткен сейсмометрмен
сейсмологиялық дірілді тіркеу мақсатында «Сатурн-5» ракета ұшырғышының соңғы сатысын орбитадан Ай
бетіне тастау ісін жүзеге асыру жоспарланды. Қонғаннан кейін астронавтар сыртқа екі рет шығып,
алғашқысында 4 сағат 48 минут, кейінгісінде 4 сағат 35 минут уақыт болып, кемеден 1,2 км-ге дейін
қашықтай алды. Зерттеу жүргізген аймақтың кедір-бұдырлығынан магнитометр салынған салмағы 9 кг екі
дөңгелекті арбаны көп жағдайда астронавтардың өз қолдарымен көтеріп алып жүрулеріне тура келді. Айдан
ұшып шығу және Жерге оралу алдын ала жасалған штатты бағдарлама бойынша жүзеге асырылды. Ұшу 9
тәулік 1 минут 57 секундқа созылды. «Аполло-15», «Аполло-16» және «Аполло-17» ғарыш кемелерінде Айды
жасанды серігі орбитасынан зерттеуге арналған приборлар кешені, кемеден бөлек ұшып жүріп зерттейтін
автономды Айдың жасанды серігі, ал Ай кабинасында астронавтар айдап жүретін «Ровер» Ай электромобилі
болды. «Аполло-15» ғарыш кемесі негізгі бөлігінен ажыраған Ай кабинасы қонғаннан кейін екі астронавт
кемеден сыртқа үш рет шықты. Алғашқысы 6 сағат 33 минут, екіншісі 7 сағат 12 минут, үшіншісі 4 сағат 50
минутқа созылды. Астронавтар зерттеу жұмыстарын Ай электромобилімен жүргізді, олар 27,2 км аймақты
шарлап, Ай тастарын жинады, тас жынысы үлгісін алу үшін және Ай қыртысынан шығатын жылу ағынын
өлшейтін құралдарды орнату үшін 2,7 м тереңдікте бірнеше оқпан қазды. Айдан Жерге оралу негізгі
бағдарламаға сай өтті. Ұшу 12 тәулік 7 сағат 11 минут 53 секундқа созылды. Кейбір технологиялық және
биологиялық тәжірибелер «Аполло-16» астронавтарына жүктелген жаңа міндеттер болды. Астронавтар
қонғаннан кейін кемеден Ай бетіне 7 сағат 11 минут, 7 сағат 23 минут және 5 сағат 40 минуттан үш рет
шықты. Олар кемеден 5 км қашықтықта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Ай электромобилі ылдилы
жерлерде сағатына 17 км жылдамдыққа дейін алып отырды. Олар 27,1 км жол жүріп, 3 м тереңдікте оқпандар
қазды. Ай бетінде қалған Ай электромобиліне орнатылған телекамера арқылы ұшып шығу сәті телекөрініске
түсірілді. Жерге оралу ойдағыдай өтті. Ұшу 11 тәулік 1 сағат 51 минут 5 секундқа созылды. «Аполло-17»
ғарыш кемесінің Ай кабинасы негізгі бөліктен бөлініп, Ай бетіне қонғаннан кейін кеме басшысы мен Ай
кабинасының ұшқышы кемеден сыртқа 7 сағат 12 минут, 7 сағат 37 минут және 7 сағат 15 минуттан үш рет
шықты. Ай кабинасынан 7 км қашықтықта астронавтар Ай электромобилімен 35,7 км жол жүрді, ғылыми-
зерттеу ісін жүргізді. Ылдилы жерлерде Ай электромобилі сағатына 18 км-ге дейін жылдамдық алды.
Тереңдігі 3 м оқпандар қазды, Ай тастарының үлгісін жинады. Жерге оралу негізгі бағдарламаға сай өтті.
«Аполло-17» кемесінен кейін Айға сапар тоқтатылды.

АЙДАҺАР
Айдаһар — қабыршақтылар отрядына жататын ең үлкен жылан. Айдаһардың (грекше drakon Boіdae) 3
тұқымдас тармағы (айдаһарлар, питондар, болиериндер) бар. Олардың ең ірі түрлері: анаконда, торлы жылан,
т.б. айдаһарды кейде жалғанаяқтылар деп те атайды, себебі оларда жамбас
үйегі
с мен ортан жіліктің қалдығы
аналь тесігінің екі шетінде сақталып қалған. Айдаһардың 25 туысының 85 түрі субтропикалық, тропикалық
аймақтарда кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 0,5 – 10 м, ірілері 11 м-ден асады. Көз қарашығы тік
орналасқан. Үстіңгі жақ сүйегі қозғалмалы, жақ, таңдай, қанат тәрізді сүйектерінде тістері болады.
Бұлшықеттері жақсы дамыған айдаһар өз қор
егін денесімен орап, тұншықтырады да, өлтіріп барып жұтады.
Қазақстанда айдаһардың 2 түрі бар. Бірінші түрі – құм айдаһаршасы (Eryx mіllіarіs) Қазақстанның оңтүстік-
батыс өңіріндегі құрғақ далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Бұларды жергілікті халық құм жылан деп
атайды. Екінші түрі – шығыс айдаһаршасы (Eryx tatarіcus) Арал маңынан Зайсан қазаншұңқырына дейінгі
аралықтағы құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді өңірде кездеседі. Олардың ұзындығы 80 – 90 см, түсі қоңыр,
бауыры қара қоңыр не қара дақты болады. Жылына бір рет 10-20 ұрпақ береді. Кейбірі жұмыртқа салып,
кейбірі тірі туып көбейеді. Айдаһар – улы жылан емес. Ол ұсақ кемірушілермен, жәндіктермен қоректенеді.
Айдаһар кейде «аждаһа» деп аталып, халықтың қиял-ғажайып ертегілері мен аңыздарында аузынан жалын
атқан көп басты, қанатты, үлкен «жыртқыш жылан» түрінде суреттеледі. Аспан әлеміндегі Темірқазық
жұлдызының маңындағы шоқжұлдыз да «Айдаһар» деп аталады. Канар аралында «Айдаһар ағашы» деген
ағаш өседі.

АЙМАНОВ
ШӘКЕН

Айманов Шәкен (Шаһкерім)— актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15
ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали
Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде
1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға
жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша
қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның
орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із
қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер
қояды. 1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері»
(1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж.
«Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966),
«Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958)
мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрдымытудағы
да соны
ізденістерімен ерекшеленді.Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов
шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға
қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының
(1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты.1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу
қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі
(1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия
ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

«АЙМАН-ШОЛПАН»

«Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек


Шайхысламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан баспасынан жеке кітап болып басылып
шықты. Төңкерістен кейін де бірнеше қайтара (1939, 1957) басылды. Жырдың оқиғасы, негізінен, 19
ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтиды.
Кейіпкерлердің ішінде тарихта болған адамдардың есімдері (Көтібар, Арыстан, Есет, т.б.) кездеседі. Жырда
жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының азаттығын көксеген қыз емес, ел тыныштығын,
қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы, өжет мінезді адам ретінде көрінеді. Жырда Көтібар бейнесі де
шебер берілген. Бұрыңғы батырлықтың азып, ел ішіндегі ұсақ-түйек тентектікке айналғаны осы бейне
арқылы көрсетіледі. Мұхтар Әуезовтің «Айман – Шолпан жыры бойынша жазған музыкалық драмасы (1934)
Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарынан көп жылдар бойы түспей келді.
1960 жылдан драмалық театрлар сахналарында да қойыла бастады.

АЙМАУЫТОВ
ЖҮСІПБЕК
Аймауытов Жүсіпбек— жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. 1889 ж. қазіргі Павлодар
облысының Баянауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу
үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренген. Он бес – он алты жасында Павлодарға қашып
барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі. Бір жағынан, бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын
1914 ж. бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі. Оны 1918 ж. аяқтайды. Аймауытов 1911 –
14 ж. ауылда мұғалім болды; кейін газет редакцияларында («Қазақ тілі», «Ақ жол»), ал 1926 – 29 ж. Шымкент
педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарған. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін
кезінде қамалып, 1931 ж. атылды. Ол Уильям Шекспир, Виктор Гюго, Ги де Мопассан, Александр Дюма,
Александр Пушкин, Рабиндрат Тагор, Николай Гоголь, Лев Толстой, Джек Лондон шығармаларын,
«Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді қазақ тіліне аударды. Аймауытовтың «Қартқожа» мен
«Ақбілек» романы, «Күнекейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» атты
пьесалары, «Комплексті оқу жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы»
ғылыми еңбектері қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны бар шығармалары. 1918 – 19 ж. Мұхтар Әуезовпен
бірге Семейде «Абай» журналын шығарды. Аймауытов педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп,
жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның педагогика,
психология және әдістеме саласында жазған ірі еңбектері («Тәрбиеге жетекші», 1924; «Психология», 1926;
«Жан жүйесі және өнер таңдау», 1926; т.б.) өз уақытында елеулі рөл атқарды. Жазушы 1931 ж. қайтыс болған.

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ

Айша бибі кесенесі — сәулет өнері ескерткіші. 12 ғасырда салынған. Ескерткіш-кесене Жамбыл
облысының Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі кесенесінің құрылысын 1897
ж. Василий Каллаур, 1938 – 39 ж. Александр Бернштам бастаған КСРО Ғылым академиясы Қазақ
бөлімшесінің тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 ж. Қазақстан Ғылым академиясының
экспедициясы зерттеген. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата)
салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы
7,6Ч7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3Ч1,4 м) орнатылған.
Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Айша бибі кесенесінің іргетасынан
бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың
біріндегі «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см)
үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы
жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға
ортасындағы кеңістіктен тұрады. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен
бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың қашаумен үңгіп жасалған оюлы
шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына
лайық сәнді-сәулеттік сипат береді. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған
порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. «Қазақ жобалау-қалпына келтіру» институты Айша бибі
кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді.
Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп,
мемлекет қорғауына алынған.

АКВАРИУМ

Аквариум — су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Аквариум
латынша aquarіum, яғни суқойма деген ұғымды береді. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп
те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи
жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да
жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі.
Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның
кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте
көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумді
экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне,
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ
аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста –
аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және
субтропикалық (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал
кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі-түсті
бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5 – 30 см
болады, кейде 1 м-ге жетеді. Шабақтарын тірі табатын (мысалы, гамбузия, гуппилер, семсерқұйрық,
маллинезия) түрлері бар. Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар
(мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т.б.). Ең кең тараған түрлері – гуппилер,
семсерқұйрық, сотқар балық, горамиллер, хромис, скалярия, жайыншалар, барбус, кардинал, алтын балық,
комета, шілтеқұйрық, құбылмалы балық, т.б. Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан,
майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады.
Аквариум балықтарын гибридтеу жұмыстарының нәтижесінде балықтардың көптеген жаңа тұқымдары
шығарылды, соның негізінде генетикалық зерттеулер жүргізілді.

АККУМУЛЯТОР

Аккумулятор — энергия жинауға арналған құрылғы. Латын тілінде accumulator жинақтауыш дегенді
білдіреді. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор,
пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып
бөлінеді.
Электр аккумуляторы – электр энергиясын жинап (химиялық энергияға айналдыру арқылы), қажет болғанда
сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток көзі. Ол ішінде электролит (қышқыл не сілті) және электродтары
бар оқшаулағыш материалдан (эбонит, шыны, пластмасса) жасалған ыдыстан тұрады. Электр аккумуляторы
тұрғылықты және тасымалды болып бөлінеді. Тұрғылықты аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф
стансаларында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумулятор көшпелі қондырғыларда (көшпелі
радиоаппаратураларда, автомобильдерде, ұшақтарда, электркарларда, т.б.) қолданылады.
Гидравликалық аккумулятор гидравликалық қондырғылардағы сұйық заттың шығыны мен қысымын
реттеп отыруға арналады. Құрылымы цилиндр мен плунжерден тұрады. Ол сорғылардан (компрессорлардан)
келетін артық сұйық затты (газды) өз қысымымен жинап, шығын көбейгенде оны жұмыс машиналарына беріп
отырады. Мұндай аккумулятор гидравликалық және пневматикалық қондырғылардағы сұйық заттың қысымы
мен шығынын реттеп отыруға пайдаланылады.
Пневматикалық аккумулятор пневматикалық қондырғылардағы ауа шығыны мен қысымын реттеу
мақсатында сығылған ауа энергиясын жинауға арналады. Ол ауа құбырына жалғанған резервуардан тұрады.
Артық ауа резервуарда жиналады да, шығын көбейгенде ауа таратқыш жүйеге беріліп отырылады.
Пневматикалық аккумулятор ірі пневматикалық желілерде, жел электр стансаларында, т.б. қолданылады.
Бу аккумуляторымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз бу қозғалтқыштары жабдықталады.
Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға (мысалы, кептіру камералары), сондай-ақ сантехникалық
қондырғылар қажетіне жұмсалады.
Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларында жылу жинауға арналған. Олар айнымалы қысымды және
тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көбінесе бу-сулы аккумулятор деп аталатын айнымалы қысымды жылу
аккумуляторы қолданылады. Онымен бу шығыны тұтынуға байланысты күрт өзгеріп отыратын кішігірім
және орташа қуатты жылу электр стансалары жабдықталады. Тұтыну кеміген кезде бу қазанынан жылу
аккумуляторына жіберілген артық бу ондағы суға өзінің жылуын береді. Бу шығыны көбейгенде, жылу
жүйесіндегі бу қысымының төмендеуі салдарынан қызған су буға айналады. Соның негізінде тұтынушылар
буды жалғыз бу қазанынан емес, жылу аккумуляторынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторы
резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен де қыздыра алады. Жылу
аккумуляторы қазандағы бу қысымынан төмен қысымды бумен де жұмыс істей береді. Жылу аккумуляторы
жылу қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз
бірқалыпты қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады. Маховик салмағы мен оның
айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді.
Инерциялық аккумулятор жел электр стансаларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы,
механикалық балға, поршеньді сорғы, т.б. жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.
Қазақстанда 1970 жылдан Талдықорған қаласында сілтілі және қорғасынды аккумулятор шығарылып
келеді. 1975 – 85 ж. Талдықорған аккумулятор зауыты қайта жабдықталды. Бүгінде аккумуляторлар зауытта
жартылай автоматты желімен құрастырылады.

АКРОБАТИКА

Акробатика— 1) күш жұмсай орындалатын дене шынықтыру жаттығуларының бір түрі. Грекше akrobatеo
аяқтың ұшымен жүремін, жоғары өрмелеймін дегенді білдіреді. 2) Цирк өнерінің жанры (күш жұмсау, секіру
арқылы орындалады). 3) Спорт түрі. Акробатика біздің заманымыздан бұрынғы шамамен 2300 ж. Ежелгі
Египетте, Грекияда, т.б. елдерде пайда болды. Акробатикалық жаттығулар алғаш қалалардың ашық
алаңдарында, базарларда орындалды. Бертін келе цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады.
Акробатика – қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика 1933 жылдан тарай
бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 ж. өткізілді. Акробатиканың спорттық гимнастика түрінен
еліміздің намысын халықаралық олимпияларда 1-орын алған Нелли Ким (Канада, 1976), Валерий Люкин
(Сеул, 1988), Владимир Новиков (Сеул, 1988) сынды гимнастар қорғады. Республикада акробатикалық
спорттың түрімен мыңдаған адам айналысады.
АКРОПОЛЬ

Акрополь — ежелгі гректердің биік төбе басына салған бекінісі. Бекіністі қоршай қала үйлері орналасқан.
Акрополь (грекше аkroctіchіc, akroc- биік, polіc- қала) – өзге үйлерден шоқтығы биік, қабырғасы қалың, қала
халқының жаулардан қорғаныс табатын бекінісі, қасиетті орны болған. Дүние жүзіне әйгілі Афина,
Парфенон, Эрехтейон,Ники-Аперос сияқты акропольдерінде сәулет
өнерінің тамаша үлгілері сақталған.

АКТЕРЛІК ӨНЕР

Актерлік өнер— адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі образ
жасау өнері. Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет. Негізінде
салт-дәстүрлік рәсімдерден басталған актерлік өнер жан-жақты өнер түрі болып қалыптасты. Салт-
дәстүрлік рәсімдерде ән, би, музыка, сөз, грим, киім, т.б. қолданылатын. Бертін келе актерлік өнердің
балетте – бимен, операда – әнмен, ал драма театрында – сөзбен тығыз байланысты үш түрі айқындалды.
Драмалық спектакльдерде де би мен ән болады, бірақ ол қосымша құрал ғана. Актерлік өнердің «таза түрі»
де бар, ол – пантомима. Әсерлі сезімге толы қимыл пантомиманың негізін құрайды. Сондықтан пантомима
актерлік өнердің негізі саналады. Актерлік өнердің бір құралы – тапқырлық. Сахнада тапқырлық автор мен
режиссердің жүктеген міндетін орындай отырып, рөл табиғатын сақтап, әсерлендірудегі актердің
шеберлігінен байқалады.
Актерлік өнердің алғышарттарының бәрі қазақ тұрмысында болған. Мысалы, айтыстағы шұғыл, тапқыр әрі
әсерлі сөз сайысы әдемі қимыл, орынды мимикамен бірге көрінеді. Әзіл айтыс болса, айтысушылар түр-
әлпетін сайқымазақтарша өзгертіп отыратын болған. Ал, қазақтың қыз ұзату, келін түсірудегі дәстүрлі
ырымдар, ән мен бидің, күлдіргіштердің әрекеттері сол бойы сахнаға сұранып тұрған көріністер.
Жәрмеңкедегі ағашаяқтардың, жарапазан айтушылардың, көкпар мен қыз қуудағы әрекеттердің бәрінде
актерлік өнердің элементтері молынан кездеседі. Қазақ
театрының іргесін қалап, шаңырағын көтерген
актерлердің бәрінде де актерлік өнерге қажетті қабілеттер мол болатын. Біресе қыздың, біресе кемпірдің,
біресе шалдың рөлін орындайтын, тіпті сиыр мен лақтың үнін де айнытпай салатын Қалыбек Қуанышбаев,
бір спектакльде қыздың, кемпірдің және жас жігіттің рөлін қатар ойнайтын Елубай Өмірзақов, бір өзі бүкіл
ансамбльге тұратын Иса Байзақов, аққуға үн қосқан Әміре Қашаубаев, т.б. нағыз халық арасынан шыққан
актерлер болатын. Актер кадрларын 1932 жылдан театр студиялары, ал 1978 жылдан Темірбек Жүргенов
атындағы театр және кино институты (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) даярлайды.

АКУЛА

Акула — тақтажел безектілер класы тармағына жататын балықтар. Қазіргі акуланың (Selachіoіdeі, көне
норвег тіліндегі haccal балық дегенді білдіреді) 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді.
Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазонка, Ганга) кездеседі. Денесінің
ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы
ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып
келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі
жағында 5 – 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті
өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі
қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері кит акуласы (15 м-ге дейін)
мен алып акула (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады,
көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі
жыртқыш болып саналады. Олар көп жағдайда күндіз адамдар көп шомылатын тропикалық суларда жағаға
жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар. Акуланың көпшілігі
тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісі
де пайдаланылады. Қазақстанда акуланың қазба қалдықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең тараған
уақыты – палеоген кезеңі.

АКУСТИКА

Акустика — физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке11(10– 1013 Гц)
дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен
түрліше қолданылуын зерттейтін саласы. Акустика (грекше akustіkos – естілетін, тыңдалатын) – өте ерте
заманнан белгілі. Ол алғаш адам құлағы ести алатын дыбыс туралы ілім ретінде дамыды. Ертеде Пифагор
(біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасыр) естілетін дыбыс тонының биіктігі мен перненің не кернейдің
(трубаның) арасындағы байланысты тапты. Аристотель (біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасыр) дыбыс
шығаратын дененің ауаны қысатындығын, оны сирететіндігін, ал жаңғырық дыбыстың кедергіден қарай
кері
шағылу құбылысы екендігін түсіндіріп берді.
Леонардо да Винчи (15 – 16 ғасырлар) дыбыстың шағылуын
зерттеді, дыбыс толқындарының таралуы дыбыс көздеріне тәуелсіз болатындығын (тәуелсіздік принципі)
тұжырымдады. 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Галилео Галилей дыбыс шығаратын денеде
тербеліс пайда болатындығын және дыбыстың биіктігі оның жиілігіне, ал қарқыны дыбыс амплитудасына
тәуелді екендігін тапты. Ауадағы дыбыс жылдамдығын алғаш рет француз физигі Марен Мерсенн анықтаған.
17 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың басына дейін акустика механиканың бір бөлімі ретінде дамыды.
Механикалық тербелістердің жалпы теориясы, дыбыс толқындарының (серпімді) белгілі бір ортада таралу
және пайда болу заңдылықтары, дыбыстың негізгі сипаттамаларын (дыбыс қысымы, импульсі, энергиясы,
дыбыстың таралу жылдамдығы, т.б.) өлшеу әдістері Исаак Ньютон механикасына, Роберт Гуктің серпімділік
теориясының негізгі заңына, Христиан Гюйгенстің толқындық қозғалыс принципіне негізделіп жасалды.
Сөйтіп дыбыс толқындарының диапазоны кеңейіп, акустика инфрадыбыс (16 Гц-ке дейін) пен ультрадыбыс
(20 кГц-тен жоғары) аймақтарын қамтыды. Ағылшын ғалымы Томас Юнг пен француз ғалымы Огюстен
Френель толқын интерференциясы мен дифракциясы теориясын, австриялық ғалым Кристиан Доплер дыбыс
көзінің бақылаушымен салыстырғандағы қозғалуы кезіндегі толқын жиілігінің өзгеру заңын тұжырымдады.
Күрделі тербеліс процесін қарапайым құраушыларға жіктеу әдісінің (Фурье әдісі) жасалуы дыбыс анализін
және гармониялық құраушылардан күрделі дыбыс синтезін алудың негізі болды. Акустиканың жоғарыда
баяндалған даму сатыларын Джон Рэлей (Джон Стретт) «Дыбыс теориясы» (1877 – 78) деген еңбегінде
қорытындылап берді.
20 ғасырдың 20 жылдары радиотехника мен радиохабар таратудың дамуына байланысты акустиканың
жаңа даму сатысы басталды. Дыбыс сигналдарын электрмагниттік сигналдарға және керісінше түрлендірудің
қажеттігі туды. Техникалық сұранысқа байланысты акустиканың қолданылатын жаңа бағыттары – әуедегі
ұшақтың дыбыс локациясы, гидролокация және акустикалық навигация, жарылыстың түрін, орнын және
уақытын анықтау, авиацияда, өнеркәсіпте, көлікте болатын шуды азайту, т.б. мәселелер пайда болды. Осы
мәселелерді шешу үшін дыбыстың пайда болу және жұтылу механизмін, күрделі жағдайларда дыбыс
(мысалы, ультрадыбыс) толқындарының таралуын жете зерттеу керек болды. Әсіресе қарқыны күшті дыбыс
толқындарының (мысалы, жарылыс толқындары) таралуы туралы мәселеге ерекше көңіл бөлінді. Бұл
сызықтық емес акустиканың дамуына әсер етті. 20 ғасырдың ортасынан бастап ультрадыбысты (УД)
зерттеудің маңызы зор болды. Дыбыстың көпатомды газдарда, кейіннен сұйықтарда қатты жұтылатындығы
және дисперсиясы анықталғаннан кейін акустиканың жаңа бағыты – зат құрылымын УД-пен зерттеу
(молекулалық акустика) әдісі пайда болды. Қуатты УД тек зерттеу құралы ғана емес, сондай-ақ затқа әсер ету
құралына айналды. Бұл УД-тық технологияның дамуына негіз болды. 1960 – 70 жылдары гипердыбысты (1
ГГц-тен жоғары) зерттеу нәтижесінде акустикалық электроника және акустикалық оптика салалары, сондай-
ақ психофизиологиялық акустика жедел дамыды. Қазіргі акустиканың ауқымы кең және ол ғылымның
көптеген салаларымен астасып жатады. Оның статистикалық акустика, қозғалатын орта акустикасы,
кристалдар акустикасы, физ
икалық акустика, атмосфералық акустика, геоакустика, гидроакустика,
электрлік акустика, архитектуралық акустика құрылыс акустикасы, УД техникасы, биологиялық акустика,
т.б. салалары бар.

АҚАН СЕРІ

Ақан Сері, А қ ж і г і т Қ о р а м с а ұ л ы— ақын, әнші, композитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкшетау


(қазіргі Ақмола) облысындағы Үлкен Қоскөлдің маңында туған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы
Уқли (Ахметуқли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Бірінші әйелі Жұман қызы
Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым) тілсіз, мылқау болған. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі
Ұрқияға «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деген өлеңін арнаған. Тірідей айрылған сүйген қызы –
Ақтоқты. Бұл – аты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ
көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат
толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен
шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан
екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де
қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша».
1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан
айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді.
Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде
дүние салды.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл
да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы
ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-
тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды
жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума
сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған. Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке
көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің
алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек
Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық
және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен
тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын,
Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.

АҚ БӨКЕН

Ақ бөкен, к и і к — жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес
тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақ бөкеннің (Saіga tatarіca) қазба қалдықтары плейстоцен
қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақ бөкендер Монғолияда, Қалмақ
даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақ бөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген
Бетбақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150
см, салмағы 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі
ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз
айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақ бөкендер шөл, шөлейтті және далалық
аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады.
Ақ бөкен қыстың суық, қарлы болатындығын немесе көктемнің кеш шығатындығын алдын ала болжай алады.
Ақ бөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет көбейеді. Жаппай төлдеуі
мамырдың алғашқы жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ
халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде үш лақ та туады. Ақ бөкендер өсімдіктердің
сексеннен астам түрімен қоректенеді. Ақ бөкеннің негізгі жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала
қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақ бөкен – дәмді
еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар.
Қазақстанда 1921 ж. ақ бөкенді аулауға тыйым салды. 1957 – 58 ж. олардың саны 2 млн-нан асқаннан кейін,
кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақ бөкеннің тұяғын
күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін
пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.
АҚ ҚАЙЫҢ

Ақ қайың, қ о т ы р қ а й ы ң , с ү й е л д і қ а й ы ң– қайың тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанда


Тобыл, Есіл, Ертіс алабында, Семей, Көкшетау, Ақтөбе облыстары өңірлерінде, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар,
Іле Алатауы бөктерлерінде кездеседі. Ақ қайың (Betula pendula, Betula alba) 250 жылдай жасайды, биіктігі 25
м-ге, діңінің жуандығы 80 см-ге жетеді. Бұтағы төмен салбырап өседі, жас бұтағы көбіне шайырлы сүйелді
болып келеді. Қабығы ақ түсті, тегіс, жылтыр болады. Жапырағы сабаққа кезек орналасып, сағақты жиегі
тісшеленіп бітеді. Гүлі сырға тәрізді күрделі гүлшоғырына топтасады. Мамырда гүлдейді, тамыз – қыркүйек
айларында жемісі піседі. Жемісі жалпақтау, біртұқымды жаңғақ тәріздес. Тұқымы сопақтау, ұзындығы 2,5
мм. Ақ қайыңның көктемгі шырын құрамында 20%-ға жуық қант болады, одан сусын дайындалады. Жас
жапырақтары мен бүрінен дәрі-дәрмек, түрлі бояуыш заттар алынады. Сыртқы қабығы ыдыс, қорап, шатыр,
жабын дайындауға пайдаланылады. Сүрегінен үй жиһаздары жасалынады. Ақ қайың елді мекендерді
көгалдандыру үшін де өсіріледі.

АҚҚУ

Аққу — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құс.
Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен
денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі
жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты
шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең
ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы
жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су
жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 –
40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді.
Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен
қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс
жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің,
сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын
«сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. кен
Сә Сейфуллиннің «Аққудың
айырылысуы»,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа
Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу
биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың
бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-
әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей
аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.

АҚМОЛА

Ақмола — аққайрақ тастан әдемілеп жасалған ескерткіш белгілер. Осындай бір ескерткіш (мола) Есіл
өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде (қазіргі Астана қаласы тұрған жер) болған. «Мола»
деген сөз ғұн тілінде биік қорған, қамал деген ұғымды береді. Ақмола – 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған
сәулетті күмбез. Тастан, күйдірген кірпіштен тұрғызылған мұндай күмбездер Есіл мен Нұра өзендері бойында
(Ботағай, Көктам, Сұлутам, Сырлытам, т.б.) көп. Ақмола, Кеңгір бойындағы Домбауыл кешені солардың ескі
түрінің бірі. Оның қабырғасы төрт бұрышты текше түрінде қаланып, үстіне жартышарға ұқсаған не киіз үйдің
төбесі тәрізді күмбез орнатқан. Күмбез жолаушының көзіне алыстан жарқырап көрінеді. Кейіннен Ақмола
Ақмола қаласы мен облысының ресми атына айналды.

АҚ ОРДА

Ақ Орда — Шығыс Дешті Қыпшақта Жошының үлкен ұлы Орда Ежен, оның інілері Шайбан, Шингкүр,
Тұқа-Темір ұлыстары негізінде құрылған мемлекет. 1226 – 1309 ж. Алтын Ордада Орда Ежен (1226 – 47/50),
Күнқыран (1250/51 – 80), Қоныша (1289 – 1301), Баян (1301 – 09) билік құрды. Астанасы алғашында Шығыс
Қазақстанда, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы бойында, Алакөл маңында болды. Кейіннен ұлыс орталығы Сыр
бойына көшірілді. 1309 – 15 ж. Ақ Ордада Сасы Бұқа хан билік құрған. Оның ұлы Ерзен (Ибисан) тұсында
(1315 – 20) Сыр бойындағы қалаларда көптеген медресе, мешіт, ханака, ғимараттар салынды. Бұл кезде Ақ
Орда әлі де Алтын Орданың құрамында еді. Бірақ Ерзеннің ұлы Мүбәрәк Қожа хан тәуелсіздік алуға
ұмтылды. Мүбәрәк Қожа ханның дербестікке ұмтылуы Өзбек хан тарапынан қарсылыққа ұшырап,
нәтижесінде ол Ақ Ордадан кетуге мәжбүр болды. 1344 ж. Жәнібек ханның жарлығымен Ақ Орда тағына
Мүбәрәк Қожаның інісі, Шымтай отырды. 1361 ж. Алтын Орда әмірлері 17 жыл бойы Алтын Ордада билік
құрып отырған Шымтайға Ақ Орданың тағын ұсынды. Бірақ ол Ақ Орда ісіне араласудан бас тартты. Орыс
хан тұсында Ақ Орда дербес хандыққа айналды. Орыс хан Ақ Ордаға да билік құруға ұмтылды. 1376 ж. Ақ
Ордаға Әмір Темірдің қолдауымен Тоқтамыс хан келіп, 1380 жылдан бастап бүкіл Жошы Ұлысын уақытша
болса да қайта біріктірді. Бірақ көп ұзамай Тоқтамыс хан мен Әмір Темір арасында соғыс басталып, Орыс
ханның ұлы Құйыршық Мауераннахр әмірінің жағына шықты. Ол Ақсақ Темірдің жеңісінен соң Шығыс
Дешті Қыпшақта билік жүргізді. 1419 – 22 ж. Құйыршықтың ұлы Барақ хан Ұлықбектің қолдауымен билікке
келді. Ол 1422 – 26 ж. Алтын Орда тағына да отырды. 1428 ж. Барақ хан Ноғай мырзаларымен болған ұрыста
қаза тауып, Шығыс Дешті Қыпшақтағы саяси билік шайбанилар әулетіне (1428 – 69) көшті. Ақ Орда –
Қазақстанда жергілікті тайпалардың (қыпшақ, қоңырат, керей, үйсін, найман, қарлұқ, арғын, т.б.) негізінде
құрылған алғашқы мемлекет болды.

АҚПАРАТ

Ақпарат — 1) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет
беру; ақпарат, яғни информация латынша Іnformatіo – түсіндіру, баяндау, хабардар ету дегенді білдіреді. 2)
20 ғасырдың ортасынан бастап адам мен адам, адам мен автомат, автомат пен автомат арасындағы деректер
алмасуды, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы сигналдар алмасуды, тұқым қуушылық белгісін бір
клеткадан басқа бір клеткаға, бір ағзадан (организмнен) екінші бір ағзаға жеткізуді қамтитын жалпы ғылыми
ұғым. 3) Кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ақпарат үздіксіз (аналогты) не үзілісті (дискретті) болуы
мүмкін. Ақпаратты жеткізу, қабылдау, түрлендіру және сақтаудың жалпы мәселелерімен ақпарат теориясы
айналысады. Ақпаратты зерттеуде математикалық статистика әдістері де қолданылады.
Ақпараттану,информатика – ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау,
сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әр түрлі саласында пайдалануға
байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпараттану, информатика француз тіліндегі іnformatіon
– информация және automatіgue – автоматика сөздерінен шыққан, яғни ақпаратты автоматика деген ұғымды
білдіреді. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық
сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін
ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгияда ғылыми
құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіру ұсынылды. Дегенмен, олардың
ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру
ешқандай ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының (ЭЕМ) пайда болуы
бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға
пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да ақпараттану дербес пән ретінде 1950-жылдардың
басында қалыптасты. Ал ақпараттану Қазақстанда 1957 ж. басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік
жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-техникалық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу
институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары: ғылыми-техникалық ақпарат мәселелерін
зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу,
іздеу, сақтау, тасымалдау. 1991 ж. Қазақстан Ғылым академиясының Ақпараттану мен басқару институты
ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер жүргізіліп келеді.

АҚСУ – ЖАБАҒЫЛЫ
ҚОРЫҒЫ

Ақсу – Жабағылы қорығы— Талас Алатауының /Батыс Тянь-Шань/ солтүстік-батыс бөлігін және Өгем
жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы
«Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007).
Қазір Ақсу – Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше
биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы,
субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу –
Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі
әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден:
қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен:
арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік
өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш
қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған
масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай:
сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.);
құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық,
т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар
жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік
етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы –
табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.
АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ,
АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама


— қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн
туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен
алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында
өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші
мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты
қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы
тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне
қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар
Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі
(қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама
Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның
ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт
елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын
шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал
қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша сол кезде әрбір он
адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген
ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата
мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан
босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл
жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран
айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады.
Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар
мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ
бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа
хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап
болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған
жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік
рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді.
Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы
майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

АҚТАМБЕРДІ
САРЫҰЛЫ

Ақтамберді Сарыұлы— жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі. Ақтамберді
1675 ж. қазіргі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жерінде туған. «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке»
дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Қысқа нақыл, шешен сөздердің
шебері. 1738 – 52 ж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан
шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен
түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ
жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген
сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп
жыр-толғауға айналған.
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Дегенмен
қазіргі қолда бар шығармалары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-
күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым
менің тар болды» және т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
«Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын
тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы
елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. Ол 1768 ж. қазіргі Шығыс
Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота мекенінде дүние салған.

АҚТАУ
Ақтау — тау. Маңғыстау тауларында, Маңғыстау ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 325 м. Ақтау
тау жыныстарының ағарған түр-түсіне қарай аталған.
Ақтау — Маңғыстау облысының орталығы (1973 – 88 жылдары және 1990 жылдан), қала, теңіз және әуе
порты. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың шығысында 40 км жерде әйгілі Қарақия
ойысы жатыр. Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран, т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты
іргетасы 1959 ж. қаланған. 1963 ж. оған қала мәртебесі берілді. Ақтау біраз уақыт Шевченко аталып (1964 –
91), кейіннен тарихи жер атауы қалпына келтірілді. Ақтау қалалық әкімшілігінің құрамына Маңғышлақ және
Өмірзақ кенттері кіреді. Тұрғыны 187,6 мың (2006). Қалада қазақтардан да басқа көптеген ұлт өкілдері
тұрады. Ақтауда облыстың басты кәсіпорындары шоғырланған. Химия өндірісі дамыған, газ өңдеу,
пластмасса зауыттары, металлургия комбинаты бар. Олардың негізгі өнімдері: минералдық тыңайтқыштар,
күкірт қышқылы, жасанды аммиак, полистирол болып табылады. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық қызмет
кәсіпорындары жұмыс істейді. Қаланың құрылыс ұйымдары Ақтау өңіріндегі қиыршық құм қоспалары,
құрылыс құмы, ұлутас пен керамзит шикізаты кен орындарын пайдаланады. Ақтауда 1972 ж. дүние жүзінде
тұңғыш рет нейтрондарға негізделген БН-350 реакторы бар энергия комбинаты іске қосылды. Соның
нәтижесінде қала мұнай өнімдерімен бірге, атом энергиясын да пайдаланады. Атом электр стансасының
қуатымен теңіз суын тұщылайтын қондырғы жұмыс істейді. Ақтау республиканың батысындағы ғылыми
және мәдени орталықтардың бірі. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясына қарасты Ботаника
бағы, мұнай-газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты, университет, Қазақ ұлттық техникалық
университетінің бөлімшесі, арнаулы орта оқу орындары, музыкалық, спорт, жалпы білім беретін мектептер,
Абай атындағы мәдениет сарайы, облыстық театр, тарихи-өлкетану мұражайы, телерадиостудия, кітапханалар,
қонақ үйлер, медициналық мекемелер бар.
Қаланың бас жоспары 1968 ж. бекітілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су спортын дамытуға
қолайлы. Ақтау қаласының архитектуралық ансамблін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен
құрылысшылар тобына Лениндік (1966), КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында
адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны және сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар
одағының алтын медалі мен Патрика Аберкромби атындағы сыйлық берілді. Әсемдігі жөнінен қала
Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген курортты орындардан кем түспейді. Ұлутастан тұрғызылған
көп қабатты үйлер өзінің сыртқы әдемілігімен және ішінің көркемдігімен көз тартады. Су тапшылығына
қарамастан, қала жақсы көгалдандырылған. Көшелерде әсем бұталар көп, үйлердің аралығына шағын
скверлер, гүлзарлар жасалған. Каспий теңізінің жағалауында профилакторийлер, әсем коттедждер, қоғамдық
тамақтану, тынығушыларға мәдени қызмет көрсету орындары бар жақсы жабдықталған демалыс аймағы
құрылған.
АҚТӨБЕ

Ақтөбе — қала, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени
орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар
тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің
Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың
мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай облысы Ақтөбе уезінің орталығы.
Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты (1905) тораптық темір жол стансасына 1933 ж.
аэропорт (оның жаңа ғимараты 1978 ж.) пайдалануға берілді. Тұрғыны — 2000 ж. — 277,5 мың, 2002 ж. —
273,8 мың, 2004 ж. — 280,3 мың, 2006 ж. — 292 мың адам болды. Қалада әр жылдары маңызды саяси
оқиғалар өтті. Тұрғындары Бүкілресейлік ереуілге қатысты (1905). Кеңес өкіметі орнағаннан кейін
(8(21).1.1918) азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылармен күрескен әскери күштер жасақталып, Кеңестік
майдан орталығына айналды. Қазақстан өлкесінің 1 Кеңестік конференциясы өтіп, онда барлық қазақ жерін
Кеңестік Қазақ республикасының құрамына біріктіру туралы шешім қабылданды. 1920 – 30 жылдары қалада
паровоз және вагон депосы, механикалық зауыт, диірмен, элеватор, нан комбинаты, «Металист» артелі
салынды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары ферроқорытпа және хром, рентген аппаратуралары, ауыл
шаруашылық машиналары (қой қырқатын электр аппараттары, трактордың қосалқы бөлшектері), тамақ және
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ет комбинаты, қалалық сүт зауыты, элеватор, тоқыма, жиһаз және тігін
фабрикакалары) пайдалануға берілді. Құрылыс базасы (кірпіш, темір-бетон бұйымдары, силикат-қабырға
материалдары зауыттары, үй құрылысы комбинаты, т.б.) құрылды. Ірі құрылыс ұйымы – 1946 ж. іргесі
қаланған «Ақтөбеқұрылыс» тресі (қазіргі «Ақтөбеқұрылыс» жобалау-құрылыс фирмасы). 2-дүниежүзілік
соғысы жылдары мұнда бірсыпыра кәсіпорындар көшіп келді. Қалада 321-атқыштар дивизиясы, 101-ұлттық
атқыштар бригадасы, теңізшілердің дербес атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және басқа да әскери
бөлімдер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Қаланың 29 тұрғыны бұрынғы Кеңес Одағының батыры атағына
ие болған. Оның ішінде шығыс халықтарынан шыққан екі қаһарман қыздың бірі Әлия Молдағұлова бар.
Ақтөбеде алғашқы оқу орны – екі кластық орыс-қазақ училищесі 1884 ж. ашылды. 1896 ж. Ыбырай
Алтынсариннің бастамасымен қазақ қыздары үшін әйелдер училищесі жұмыс істей бастады. Құдайберген
Жұбанов атындағы Мемлекеттік университет, медицина академиясы, «Дүние» университеті, Талғат
Бигелдинов атындағы жоғары әскери авиациялық училище, колледждер, қазақ және орыс драма театры,
тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық филармония, Молдағұлованың мемориалдық мұражайы, Отан
соғысында қаза тапқандар мемориалы, Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандарға, Молдағұлова мен Исатай
Таймановқа қойылған ескерткіштер бар.
АҚША

Ақша — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал
барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз
етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде
бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында
құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен
айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға
айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді.
Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни
ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі
және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір
халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі,
Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей
балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының
дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесіндешаақрөлі түрлі металдарға ауыса
бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте
қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық
формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе,
біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне
пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (біздің заманымыздың 5 – 6 ғасырлары)
жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы
Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға еңгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға
алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған.
Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың 1-жартысына
дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай
теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы
қалаларда да түрлі теңгелер жасалған.
Біздің заманымыздың 704 – 766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш
қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл – тайпалық
дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6
– 8 ғасырлар аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып
тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған.
Бұдан кейінгі кезеңде Қарахан әулеті билік құрған тұста Қазақстан және Орта Азияда сауданың күшті
дамуына байланысты ақша шығару, ақша айналымы да кең етек алды. Әсіресе, мыс, күміс ақшалар көптеп
шығарылды. Соның ішінде Тараз, Испиджаб теңгелері ел экономикасында; ал 12 ғасырдың 2-жартысы – 13
ғасырдың басында Отырарда шыққан Мухаммед ибн Текештің теңгелері Қазақстан жеріндегі сауда-саттықта
ерекше міндет атқарды. Ол дәуірдегі мыс, күміс, алтын ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен
бағаланып, сауда айналымына енді.
Монғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220 – 50) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті.
Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры монғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан
купчур салық жинап, хан қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар
шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50 – 60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы
оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен
қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып
алатын етіп ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс
теңгелердің салмағы 6 – 8 г болды. Бетінде «Мөнгү хани» (хан теңгесі) деген жазуы болды. Бұл ақша 13 жыл
бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарына осы Отырар ақшасы мол тарады.
Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын
аударып отыр.
1271 ж. Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша
орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 г, тазалығы 78 – 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. Бұл
күміс ақшаларды Қазақстанның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірлеп, 1271 жылдан 14
ғасырдың басқы кезеңіне дейін айналымда болды.
1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан «Кебек
хан теңгесін» айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 8 г. Күмістен шыңдап жасаған. «Кебек хан теңгесі»
Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді.
Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда
теңгелері Жетісу – Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тарады.
Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар
арасында кеңінен белгілі болды.
16 ғасырда Отырардың мыс теңгелері, Ясының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан
жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ
хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде
болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет
атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 ж. Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды.
Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы,
төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша
өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді.
Ақша белгісіне алтын, күміс ақшалар орнына айналымда пайдаланылатын, бірақ құны жоқ банкноттар,
қағаз ақшалар, құны толықпаған металл теңгелер, т.б. жатады. Ақша – қағаз ақша және құнды қағаз түрінде
шығарылады. Ақша шығару ісін орталық банктер жүргізеді. Әр елде ақша шығару жүйесі сол елдің заңына
сәйкес қалыптасады, ол банкнот шығару тәртібін, эмиссия мөлшерін, оны қамтамасыз етудің нормасы мен
әдістерін анықтайды. Қазақстанда ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан
шығару ісін тек Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен
тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша
қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы
бар.

АҚЫН

Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр


-дастан, поэмаларды) ауызша айтып не жазып шығаратын
өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ауыз әдебиетінде ақын
өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған.
Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында
суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына
қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда
«халық ақыны» деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, т.б. ақындары көптеген мұра
қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар
тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі.
Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты
қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып
Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан.
Сөйтіп, ақын деген сөздің мағынасы өте кең, ол поэзиядағы әр түрлі тарихи кезеңдердегі, әр қилы дарын
иелерін қамтиды. Ауызекі тілде әнші ақындар, айтыскер ақын, т.б. деп бөлу де қалыптасқан.
АЛАКӨЛ

Алакөл — Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Ол 12 – 19
ғасырларда Гурге-нор (монғолша – көпір-көл), кейін Алактагол, Алатеңіз, Алакта деп те аталған. Батыстан
шығысқа қарай созылып жатыр. Көл теңіз деңгейінен 247,3 м абсолютті биіктікте орналасқан. Көл аумағы
2
(аралдарымен қоса есептегенде) 2696 км . Ұзындығы 104 км, ең кең ені 52 км. Жағалауының ұзындығы 384
км, орташа тереңдігі 22,1 м. Ең терең жері 54 м. Көлдің су көлемі 58,563.км 2
Су жиналатын алабы 47859 км .
Суы өте кермек. Алакөлге 15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды. Олардың бастылары: Ұрыжар,
Қатынсу, Емелқұйса, Жаманөткел, Ырғайты және Жаманты. Алакөл жағалауы негізінен төрттік дәуірдің түрлі
тау жыныстарынан (саз балшық, құмды топырақ, қиыршық тас, ұсақ құм) тұрады. Көл суының қатуы да
әрқалай. Тайыз бөлігі қараша айының аяғында, орта тұсы ақпанның басында тегіс қатады. Мұзқұрсау екі айға
дейін созылады. Алакөл суында фтор мен бром көп. Зоопланктондардың сексен түрі кездеседі. Су
өсімдіктерінен қамыс, қияқ, қоға, шалаң, су қарақұмығы, жебежапырақ, мүйізжапырақ, т.б. өседі. Көлден
сазан, көксерке, алабұға және шармай ауланады. Көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, т.б.)
бай. Жағалауында демалыс және емдеу мекемелері орналасқан.

АЛАТАУ

Алатау – 1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы
атауы. Оларға Жетісу Алатауы, Күнгей Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Іле Алатауы, т.б.
жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар
жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді; атауы да соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар
заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма
кезек орналасқан.
Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы – Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің
бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай
450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай
Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы –
Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі.
Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған.
Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу
атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен
байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.
Күнгей Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аралығында.
Оңтүстігінде Ыстықкөл қазаншұңқырымен шектеседі, солтүстігіндегі Іле Алатауынан оны Шоңкемін және
Шілік өзендері бөледі. Орташа биіктігі 3800 – 4200 м. Ең биік жері Шоқтал шыңы (4771 м). Ұзындығы 280
км. Күнгей Алатауы граниттерден, төменгі палеозойдың құмтастарынан және әктастардан түзілген.
Шатқалдарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Жалпы ауданы 2372 км
болатын мұздықтары бар.
Қырғыз Алатауы –Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде
(Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км. Жотаның ең биік жері шығысындағы Батыс Аламедиан шыңы
(4875 м). Қырғыз Алатауы метаморфты жыныстардан, шөгінділерден және профирит, граниттен түзілген.
2500 – 3000 м-ге дейін биік таулы шалғынды дала белдемі орналасқан. 3700 м-ден жоғарыда көп жылдық қар
және мәңгі мұздықтар кездеседі. Мұздықтардың аумағы 223 2км
.
Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа
биіктігі 4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Ешкіөлмес,
Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық
қар жамылған мұздықтары бар. Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген. Етегінде дала
өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-
Жабағылы орналасқан.
Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында.
Ұзындығы 35 км. Бірқатар шыңдары 4500 – 5000 м биіктікке жетеді (Талғар шыңы, 4973 м). Қазіргі
мұздықтар да сонда шоғырланған. Іле Алатауы кембрийге дейінгі дәуірдің және төменгі палеозойдың
2
гранит, конгломерат, әктас, құмтас, тақтатастардан түзілген. Іле Алатауында жалпы ауданы 478 км
болатын 381 мұздық бар. Тау бастарын мәңгі қар мен мұз басқан. Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы
қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан.

АЛАШ

Алаш — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым, қазақтың өз
алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың
қатарына жатады. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай, т.б. халықтардың есінде
сақталған. Кеген тас жазуында «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің «алты алаш» мағынасын беретіні
жөнінде ғылыми болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым
тұрмысының сілемі байқалады. «Алаш – алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой
болғанда» деп келетін сөздер осыған меңзейді.
Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, «Алты
Алаш» деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген
атау Алтын Орда ыдырағаннан кейін бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да
болған сияқты. Ал қара қазақ шақыратын «Алаш» ұраны кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға
келеді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы,
Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Бұқар жыраудың Абылай ханға
айтқанында («Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен»), Махамбеттің («Алты сан Алаш ат бөліп,
тізгінін берсе қолыма») өлеңдерінде де Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. Қазақ халқы 20
ғасырдың бас кезіндегі ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны
бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде «Алаш қозғалысы», «Алашорда», «Алаш
азаматы» деген ұғымдарды атауға болады.

АЛАШОРДА

Алашорда — Алаш автономиясының үкіметі (1917 жылдың желтоқсан айы – 1920). Алашорда (немесе Ұлт
Кеңесі) 1917 ж. желтоқсан айының 5 – 13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінде сайланды. Съезде
құрылған Алаш автономиясының үкіметі — Уақытша ұлттық Кеңес — Алашорда деп аталынды, ал оның негізгі
мақсаттарының бірі Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан
(«бүлікшіліктен») қорғау болды. Съезд шешімінде көрсетілгендей Уақытша Ұлттық Кеңес – Алашорданың
құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды: Уәлитхан Танашев (Бөкей Ордасынан),
Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы),
Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), Садық Аманжолов (Жетісу облысы), т.б. Алашорда құрамына
облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан
Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы
Әлжанов сайланды. Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды.
Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды.
Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының «халықтық
милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді. Оған қажетті офицерлер дайындау үшін атаман
Дутов басқарған Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды. Алашорданың
Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік Оралда Әліби
Жангелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы қызылгвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18
қаңтарда Орынборды басып алды. Қызылдардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынборды тастап
кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, барлық
қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш
қаласы атанған (қазіргі Жаңа Семей) елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады.
Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алашорда үкіметінің
батыс бөлімі немесе Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде
азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және Кеңес өкіметінің соңынан
ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Нәтижесінде азамат
соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін таратты. Кезінде (1919, 1920)
Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар
түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.

АЛБАНИЯ

Албания — Балкан түбегінің оңтүстік-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағалауында орналасқан
мемлекет. Үкімет басшысы – президент. Жер аумағы 28,7 мың2.км
Халқы 3,2 млн. астанасы – Тирана қаласы.
Әкімшілік-аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді. Албанияның негізгі халқы – албандар (96%-ға жуық).
Халықтың 75%-ы мұсылмандар. Ірі қалалары: Тирана, Дурри, Шкодер, Влера, Корча, Эльбасан.
Елдің Адрия теңізі жағалауы ойпатты (ені 40 – 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен
топырағына қарай төменгі белдеу (1700 – 2000 м-ге дейін), таудағы орманды белдеу (2000 м-ден астам), биік
альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Жазық жерлерде жазда ауа
райы құрғақ және ыстық; шілденің орташа температурасы 24 – 25ӘС, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының
орташа температурасы 8 – 9ӘС-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық әрі ылғалды. Жылдық жауын-шашын
мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкумбини, Семани, Вьоса; басты көлдері: Шкодер,
Охрид, Преспа. Негізгі кен байлықтары – хромит, мыс, никель рудалары; тау етектерінде мұнай, битум
шығатын жерлер бар.
Албания жеріндегі ежелгі халық – пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген, біздің заманымыздан бұрынғы
2-мыңжылдықтан бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғасыр өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап
алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия құрамына кірді (4 – 5 ғасырлар). Кейін
Византияның аумағында қалған Даррахи қаласынан басқа жері Болғар мемлекетіне қосылды. 11 – 14
ғасырларда да Албания территориясы түрлі өзгерістерге ұшырады. 14 ғасырдың ақырында түріктер
Албанияны өздеріне бағындырғаннан кейінгі мерзімде елде ислам діні тарала бастады. Албания 20 ғасырдың
бас кезіне дейін Осман империясының құрамында болды. 1-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін,
1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемлекеттерге
тәуелді күйінде қала берді. 1-дүниежүзілік соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскерлері басып
кірді. Кең көлемдегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 – 31 қаңтарда тәуелсіздігі қалпына
келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия Албанияны басып алды. Елде қайтадан ұлт-азаттық қозғалыс
өрістеді. Неміс басқыншылары жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демократиялық үкімет
құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда Албания халық республикасы болып жарияланды, наурызда конституция
қабылданды. 1946 – 91 ж. Албанияда бір партиялы (Албан еңбек партиясы, 1985 жылға дейін Энвер Ходжа
басқарған) режим өмір сүрді. Соғыстан кейінгі жылдары жер реформасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер,
көлік және байланыс құралдары национализацияланып, ел экономикасы шаруашылықты жүргізудің
жоспарлы жүйесіне көшірілді. 1944 – 48 ж. Албания Югославиямен, кейін КСРО және Шығыс Еуропа
елдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. 1949 ж. Экономикалық өзара көмек кеңесіне (СЭВ) мүше болып
қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылданды. 1960-жылдардың бас кезінен
Албания КСРО-мен қарым-қатынастарын үзді, 1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл
мемлекет Албания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле
бастаған түбірлі өзгерістер тоталитарлық жүйенің жойылуына әкелді. Елдің қоғамдық-саяси өмірін
демократияландыру мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір
айында Албания республикасы болып жарияланды.
Албания – аграрлы-индустриялы ел. Пайдалы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және
темір-никель рудалары. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егін шаруашылығы (барлық егістік жерінің
60%-ында дәнді дақылдар өсіріледі). Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері
шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетті шикізат, тағам әкелінеді.

АЛДАРКӨСЕ

Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі.
Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның саты
мақ – сараң байды,
пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес
Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпса
тар саудагердің алдынан өгіздерін айдап
кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе
әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар
(қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз
әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай
заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері
туындыларында да көрініс тапқан. Шахмет Хұсайынов «Алдаркөсе» пьесасын (1942) және «Алдаркөсе»
фильмінің (1964, режиссері Шәкен Айманов) сценарийін жазды.

АЛЖИР

Алжир — Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия


аш-Шаабия) – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында
Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері
2,42 млн. км2. Халқы 34 млн. (2007). Негізгі халқы – алжирліктер – 14,9 млн. адам. Халықтың 99%-ын
мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран,
Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы – Алжир қаласы. 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді.
Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт
шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары,
оңтүстік-шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, темір,
қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Теңіз жағалауында субтропиктік климат қалыптасқан. Қаңтар
айының орташа температурасы –5 –12ӘС, шілдеде – 25ӘС, орталығы мен оңтүстігінің шөлді өңірінде 35ӘС-
қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері оңтүстігінде 100 – 200 мм, солтүстігінде 500 – 1200 мм-ден аспайды.
Басты өзені: Шелиф (ұзындығы 700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна,
т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл,
шөлейт өсімдіктері өседі.
Алжир аймағында алғашқы адамдар бұдан 400 – 500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Біздің заманымыздан
бұрынғы 12 ғасырда Алжир жерінде тұңғыш финикиялық қоныстар пайда болып, сауда, қала өмірі
қалыптасқан. Олардың ең белгілі мемлекеті Карфаген біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Жерорта
теңізі аймағында үстемдік орнату мақсатымен Риммен көп жылдарға созылған соғыстарда жеңіліске
ұшырады. Сол кездерде Алжир жерінде тайпалық одақтар қалыптасқан (массилдер, мазазилдер, т.б.).
Олардың негізінде біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың ақырында Нумидия мемлекеті құрылды. Біздің
заманымыздан бұрынғы 46 ж. Нумидия Римге бағынышты болды. Біздің заманымыздың 5 ғасырында
Алжирді вандалдар басып алды. 6 ғасырда Византия үстемдігі орнады. 7 ғасырда бұл аймақ арабтардың
қолына өтті. 14 ғасырдың ортасында Алжир Осман сұлтандарының қолына өтті. 1711 ж. жергілікті әскери-
феодалдық топтар ел билігін өз қолдарына алу үшін күрес жүргізді. 18 ғасырда Алжир бірнеше иеліктерге
ыдырап кетті. Соны пайдаланған Франция 1830 ж. Алжирді басып алды. Әмір Абду-л-Қадыр бастаған Алжир
халқының отаршылдарға қарсы күресі 1881 жылға дейін созылды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында ұлт-
азаттық қозғалысы қайтадан өріс алды.
2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары
да елдің тәуелсіздігі үшін күрес тоқтамады. 1954 ж. наурызда
Алжирде «Революциялық бірлік пен қимыл комитеті» құрылды. Ол сол жылдың ақырында «Алжир ұлт-
азаттық майданы» (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада қарулы көтеріліс ұйымдастырды. Ұлт-азаттық
майданды негізгі саяси, қоғамдық топтар, бұқара халық қолдады. Көтерілісті басу үшін Францияның 1 млн-ға
жуық әскерлері елді мекендерді бақылауға алды.
8 жылға созылған соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн адам абақтыға қамалып, босқындар көбейді.
1962 ж. 5 шілдеде Алжир – Халықтық демократиялық республика болып жарияланды.
Ауыл шаруашылғының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып
саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін
егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл
шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында
өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы – мұнай және табиғи газ өндіру. Металлургиялық
комбинат, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүниежүзілік маңызы
бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген.

АЛЛА

Алла — бүкіл дүниені, адамзатты, жан-жануарды жаратушы ие – Құдай. Қасиетті Құран – Алланың сөзі. Оны
Алла Жәбірейіл періште арқылы соңғы пайғамбар Мұхаммедке 23 жыл бойы аян-аяттар түрінде жолдап отырған.
Абай Алланы бүкіләлемдік дәрежедегі болмыс, шындық, ақиқаттың жиынтық атына балайды. «Алланың өзі де рас,
сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас» дегенде, «рас» сөзі сол болмыстың, шындықтың, ақиқаттың
синонимі ретінде алынып тұр. Абай Алла туралы ойларын тек ислам діні шеңберінде қарастырмай кең мағынада
алған. «Алла деген сөз жеңіл» деп басталатын төрт шумақ өлеңінде Абай алдымен «Алла» дегенге үстірт, жеңіл
қараудан сақтандырған. Алла тек ауызбен айтылған ақиқат емес, ол жүрекпен қабылданатын шындық. Ислам
философиясында Алланы ақылмен танудың мүмкін еместігі әлденеше рет айтылған.
Ислам дінінде Алла жайлы ілім (ат-таухид) негізгі догматтардан саналады әрі бірінші орынға қойылады.
Алланың сипаттары, табиғаты хадистерде, тәфсірлерде, жаратушы жайлы арнайы әдебиеттерде (кәләм) кең
сөз болады. Алла ақыл-ойдың ең жетілген құдіретті күші әрі шексіз махаббат иесі ретінде ұғылады. Құранда
бір Аллаға, оның елшісіне мойынсұнып, құлшылық ету өте жиі айтылады.

АЛЛЮВИЙ

Аллювий, а л л ю в и й л і к ш ө г і н д і л е р – тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында


жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер.
Аллювий латынша alluvіo, яғни шайма, тосқын дегенді
білдіреді. Ол дөңбек тас, малта тас, қиыршық тас, құм, құмайт, саз, саздақтан құралады. Аллювий қабаттары
аққан судың күші мен бағытына байланысты және шөгетін бөлшектердің ірі-ұсақтығына қарай жіктеліп
орналасады. Аллювий құрамында тұщы су жәндіктерінің, жануарлар сүйектерінің және өсімдіктердің
қалдықтары мол ұшырасады. Кесек жыныстардан тұратын арналық аллювий өзендердің бойында көптеп
кездеседі. Жазықтағы өзендердегі ұсақ түйіршікті шөгінділерден құралатын жайылмалық аллювий ондағы су
деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты қалыптасады. Өзеннің қазіргі арнасынан бір кезде бөлініп
қалған бөлігінде ескі арналық аллювий түзіледі. Ал жайылма сыртында аллювийлік-делювийлік шөгінділер
жиналады. Аллювий құрамында құнды таза элементтердің көптеген (алтын, алмас, платина, т.б.)
кенқайраңдары ұшырасады. Аллювийлі шөгінділер жиналған тұстарда сапалы жер асты суы және бағалы
құрылыс материалдары (құм, қиыршық тас) алынады.
Аллювий суы — өзен аңғарларының аллювий шөгінділері қабатындағы жер асты суы. Су тұтқыш
қабаттың қалыңдығы аллювий шөгінділерінің қалыңдығына байланысты жазықтағы ірі өзендерде 15 м-ге, кей
жерлерінде 30 – 50 м-ге жетеді. Аллювий суы жер бетіндегі сулардан, атмосфералық ылғалдан, кейде
тектоникалық жарылымдар бойымен тереңде жатқан су қабаттарынан толысады. Жер бетіне жақын
жатқандықтан және минералдылығы төмен (1 – 3 г/л-ге дейін) болғандықтан аллювий суы елді мекендерді
ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Тұщы аллювий суының мол қорлары Оңтүстік, Орталық
Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның өзен аңғарларында кездеседі. Соңғы кездері жер беті суларының
ластануы аллювий суына да кері әсерін тигізуде.

АЛМА
Алма — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36
түрі белгілі, олардың 10 – 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда негізінен Сиверс алмасы,
Недзвецкий алмасы, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының
өмір сүру ұзақтығы 20 – 100 жыл, биіктігі 3 – 10 м болады. 3 – 12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен
100 – 300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту
бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі.
Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында алмадан мол өнім алынады. Қазақстанда
алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын қазақстандық селекционерлер (Салтанат,
Іле, Алатау шапағы, Алматы, т.б.) өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық
заттарға бай, дәмді келеді әрі жақсы өңделеді. Алманың құрамында 83 – 88% су, 7,5 – 16% қант, 0,2 – 0,8%
қышқыл, 9,5 – 18,5% құрғақ қалдық, 0,28 – 1,0% илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген
минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын
ауыр металл заттарынан тазалауға, қан бұзылу, және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың
зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ,
жеміс шірігі, т.б.

АЛМАС

Алмас — минерал, көміртектің (С) кристалл түрі, табиғаттағы ең қатты зат. Грекше adamas деп аталады;
ол бұзылмас, жеңілмес деген ұғымды білдіреді. Алмас кубтық сингонияда кристалданады. Куб, октаэдр,
ромбододекаэдр, тетраэдр,сондай-ақ олардың араласқан түрінде кезде
седі. Алмас біздің заманымыздан бұрын
белгілі болған. 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін ол тек кен қайраңдардан өндірілді. Табиғатта кездесетін
алмас түйіршіктерінің салмағы әдетте 0,1 – 1,0 караттан аспайды. Салмағы 100 караттан (20 г) астам ірі
кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мысалы, 1905 ж. Оңтүстік Африкада табылған
дүние жүзіндегі ең ірі «Куллинан» алмасы кристалының массасы 3106 карат (621,2 г) болған. Кейін одан әр
түрлі пішінді 105 бриллиант алынды. Алмастың меншікті салмағы 3,5 – 4,0 3г/см
, қаттылығы 10. Морт
сынады, сынған жері бұдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді. Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр,
қызғылт, қара сұр түсті болып келеді. Алмастың түсі әр түрлі болуы құрамындағы қоспаларға (5%-ға дейін Sі,
Al, Ca, Mg, Tі, Co, Cr, Fe т.б) байланысты. Бұлардан басқа оның құрамында қатты (оливин, пироксен,
гранаттар, хромшпинелидтер, графит, кварц, темір оксидтері, т.б.), сұйық (су), газ (азот, т.б.) күйіндегі
қоспалар да болады. Алмас қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінің әсеріне берік, селитра мен соданың
қоспасында 500ӘС-та ериді, ауада 850 – 1000ӘС-та, оттекте 720 – 800ӘС-та жанады, вакуум мен инертті
газда 2000ӘС-та 15 – 20 минутта түгелдей графитке айналады. Графит немесе көмір сияқты жұмсақ
тектестерімен салыстырғандағы алмастың орасан қаттылығына оны құрайтын көміртек атомдары арасындағы
өте берік ковалентті байланыс себепші болады. Алмас үлкен тереңдікте, жоғарғы мантия аумағындағы зор
температура мен қысым әсерінен пайда болады. Ол қопарылыс түтіктерін толтыратын кимберлит құрамында
кездеседі. Басқаша айтқанда қопарылыс түтіктері алмас кендерін іздестірудің негізгі сілтемесі болып
табылады. Сапасына және нарықтық сұранысқа байланысты алмас кристалдары зергерлік алмас және
техникалық алмас болып ажыратылады. Зергерлік алмас мөлдір, ақаусыз (қуыссыз, жарықшасыз, сызатсыз),
қоспасыз, аса берік болуы шарт. Өйткені ол – әсемдік бұйымы болумен бірге капитал сақтаудың сенімді
тәсілі. Техникалық алмас ұнтақ немесе тиісті пішінге келтірілген кристалдар түрінде қолданылады. 1990 – 95
ж. дүние жүзінде 100 млн. карат алмас өндірілді. Оның ішіндегі жоғары сапалы зергерлік алмастың үлесі
15%, жартылай асыл түрі 40%, абразив материал ретінде қолданылатын техникалық алмас 45% болды.
Жылдық тұтынудың үнемі 10%-ға өсіп отыруына байланысты 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап жасанды
(синтетикалық) алмас өндірісі (жылына 250 млн. карат) жолға қойылған. Алмастың ірі кендері Оңтүстік
Африкада, Австралияда, Бразилияда, Үндістанда, Канадада, Ресейде (Саха-Якутия) орналасқан. Қазақстанда
аса ірі Құмдыкөл алмас кені зерттеліп, өндіріске қосуға дайындалған (1997). Ондағы техникалық алмастың 1 т
кентастағы орташа мөлшері 23 карат.

АЛМАТЫ

Алматы — Алматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік-
шығысында, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аумағы 1902, км
тұрғыны 1,35 млн. адам
(2007). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға
бөлінген. Жергілікті басқару органы – Алматы қалалық әкімшілігі.
Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер
атырабында орналасқан. Қаланың айналасы негізінен таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік
таулы еңіс (3000 – 5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін
мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты-
дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті сары, борпылдақ топырақ, құмды-сазды қабаттардан тұрады.
Таудан келген жер асты және жер беті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры
жиналған. Мұнда апатты жерсілкінулері болған (28.5.1887; 22.12.1910). Сондай-ақ лайлы тасқындар мен сел
қатері жиі байқалады. Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салынған
(Медеу бөгеті, т.б.).
Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Ауаның көп жылдық орташа температурасы
9ӘС, ең жоғарғы температурасы 43,4ӘС (тамыз, 1983), ең төменгісі – 38ӘС (1968 – 69). Алматыда қаңтар
айының орташа температурасы – 7,8ӘС, шілде айынікі 23,3ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері
575 мм, таулық бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Алматыда орташа атмосфералық қысым 926,3 гПа. Қала арқылы
Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары – Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері
ағады. Алматының топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әр түрлі. Ең төменгі белдем
(600 м) қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900 – 1300 м биіктіктегі қарашіріндісі (гумус) орташа қара
топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің (1300 – 1800 м) қара топырағын ылғалды-шалғын және
шыршалы орман басқан. Алматыныңтөңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі
Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі. Жануарлар дүниесінен құстың
141 түрі, сүтқоректілердің 50-ге тарта түрі кездеседі.
Алматының 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен
еткен. Іле Алатауының етегіндегі Алматы қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид-ад-Диннің
шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғысхан шапқыншылығынан қираған Алмалық, Алмату қалалары
туралы жазады. Археологиялық зерттеулер қазіргі Алматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін,
орта ғасырда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қалалары
(екеуі екі басқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251 – 59 ж.
француз королі ІХ Людовиктің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған.
Алмату қаласының аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген «Жетісу
құрбандық табағы», ғажайып «Қарғалы диадемасы» бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті
өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді. Өңірдің Ресейге қосылуына байланысты қаланың ежелгі орнына
1854 ж. Заилийск (кейін Верный қаласы) бекінісі салынғанға дейін бұл жерде отырықшы және жартылай
отырықшы қазақтар тұрған. Алматы 1867 ж. құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналып,
қала атанды. Мұнда 1918 ж. 2 наурызда Кеңес өкіметі орнады. 1921 ж. оған өзінің ежелгі Алматы атауы
қайтарылды. 1927 ж. 3-сәуірде Кеңестердің Бүкілқазақстандық 6-сьезінде Алматы Қазақстанның астанасы
болып жарияланды. Республика астанасының Алматыға көшуі (1929) қаланы аса ірі саяси-әкімшілік, ғылыми-
мәдени және экономикалық орталыққа айналдырды. Қаланың жедел қарқынмен дамуына Түрксіб темір
жолының салынуы үлкен әсер етті. 1930-жылдары Алматыда ондаған ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды.
Тұңғыш автобус маршруты (1927), трамвай (1937), троллейбус желісі (1944) пайда болды. 2-дүниежүзілік
соғыс жылдары (1941 – 45) Алматыға КСРО-ның батысынан 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді.
Қала тұрғындары майданға жан-жақты көмек көрсетті. Соғыстан кейін Алматы бірте-бірте Азиядағы ірі
саяси, мәдени және экономикалық орталыққа айналды. 1986 ж. желтоқсанда әкімшіл-әміршіл билікке қарсы
қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстанның тәуелсіздігі
жарияланды. Сол жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді.
1992 ж. Алматыда дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы болып өтті.
Қала құрылысы арнайы ойластырылған жоба бойынша салынған. 1908 жылғы жоспар бойынша Алматы
батыс және оңтүстік-батыс бағытқа кеңейіп, оңтүстік шекара Басарық (қазіргі Абай даңғылы), ал батыста
Қастек (қазіргі Қожамқұлов) көшесіне жетті. 1930 – 35 ж. темір-құйматастан, күйген кірпіштен құралған,
жерсілкінісіне төзімді материалдардан салынған Байланыс үйі, Ішкі істер министрлігінің клубы, Түрксіб
темір жол басқармасы, «Алатау» кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді. Соғыс жылдары Опера
және балет театры (1941), ал 1950 ж. Қазақстан Ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу
қолға алынды. Алматы – республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық
ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен
техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғамдықпен үндестік тапты. Алматыда әр ғимарат өзіндік
ерекшеліктерімен, ұтымды инжерлік-архитектуралық шешіммен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң
кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы және Ұлттық кітапхана ғимараты,
М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара»,
«Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Медеу спорт кешені,
Республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған
ғимараттар бой көтерді. 1995 жылдың басында қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңы 20 млн. шаршы
метрден асты. 1988 ж. метрополитен құрылысы қолға алынды.
Алматы – ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Верный қаласында 1914 ж. 20 мектепте 3 мыңнан
астам оқушылар болды. 1930 ж. Алматыда жалпы халыққа бірдей сауат ашу жүйесі енгізілді. Жалпыға бірдей
орта білім беру жоспары жүзеге асырыла бастады. 1960 ж. қаладағы 82 мектептің 50-і орта мектеп болып
қайта құрылды. 1990 ж. ақпарат жүйесін оқыту және мектептерді компьютерлендіру жолға қойылды.
1913 ж. ұйымдастырылған мұғалімдер семинариясы қаладағы арнаулы орта білім беретін алғашқы оқу
орны болды. 1918 ж. Жетісу шаруашылық училищесі, 1930 жылдан бастап құрылыс, темір жол көлігі,
байланыс техникумдары, музыкалық училище (1932), хореографиялық училище (1934) ашылды. 2-
дүниежүзілік соғыс қарсаңында (1940) Алматыда 10 техникум мен училище жұмыс істеді. 1996 – 97 ж.
қалада 20 арнаулы орта білім беру мекемелерінде 26 мыңнан астам оқушы қамтылды.
Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 ж. ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты
болды. 1929 ж. Зоотехникалық-малдәрігерлік институты, 1930 ж. Ауыл шаруашылық институты, 1931 ж.
Мемлекеттік медициналық институт, ал 1934 ж. Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы
ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі
жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір
институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Қазір
(2008) қалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, т.б. мемлекеттік бюджеттегі және жекеменшік
жоғары оқу орындарында студенттер оқып, білімдерін жетілдіруде. Верныйда Орталық Азияны зерттеуші
көптеген ғалымдар мен саяхатшылар тұрған (Петр Семенов-Тянь-Шанский, Иван Мушкетов, Николай
Пржевальский, Григорий Потанин, Василий Бартольд). 1856 – 64 ж. аралығында Шоқан Уәлиханов Верныйға
жиі келіп тұратын. Алғашқы ғылыми мекемелер ең алдымен ауыл шаруашылығына байланысты құрылды.
1930 ж. Қазақ мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанынан экономикалық зерттеу институты ашылды.
Алматыда Бас геологиялық комитетінің және Мемлекеттік түсті металлургия институтының бөлімшелері
жұмыс істей бастады. Сол жылдары есімі әлемге әйгілі ғалымдар Александр Гапеев, Михаил Русаков, Қаныш
Сәтбаев, Рамазан Борукаев, Иван Бардин, Лев Берг, Алексей Фаворский, Василий Фесенков, Владимир
Вернадский, т.б. ғалымдар еңбек етті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарынан кейін Қазақстан Ғылым академиясы
(1946) құрылды. Оныңтұңғыш президенті болып академик Қаныш Сәтбаев сайланды. Ұлттық академияның
құрылуы Қазақстанның табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның
экономикасының, ғылым мен мәдениетінің гүлденуіне кең жол ашты. Мұнда қазір 70 -тен астам ғылыми
мекемелер бар.
Мемлекеттік медициналық институттың негізінде Алматыда бірнеше ғылыми-зерттеу (1995 ж. 13 ғылыми-
зерттеу институты) құрылды. Қазір (1998) қаладағы 80-нен астам амбулатория-емханаларда және 50-ден
астам емханаларда, меншіктің барлық түріндегі емдеу-профилактикалық және мамандандырылған
диспансерлерде қала халқына медициналық көмек көрсетіледі. 1935 – 92 ж. аралығында медицина саласында
895 ғылым кандидаттары мен 140 ғылым докторы дайындалды. Республикалық және қалалық медициналық
колледжде 9 мыңнан астам орта буынды медициналық қызметкерлер дайындалды.
Алматы спорт жағынан республикада жетекші орын алып келді. 1932 ж. алғашқы маманданған Қазақ
республикалық спорт техникумы, 1945 ж. Қазақ дене тәрбиесі институты ашылды. 1929 ж. «Локомотив»,
1931 ж. «Динамо», 1936 ж. «Спартак» (велотрек) стадиондары, ал 1958 ж. Орталық стадион іске қосылды.
Одан кейінгі жылдары «Динамо», «Спартак», «Локомотив», «Буревестник», «Еңбек резервтері», ал 1957 ж.
«Еңбек» ерікті спорт қоғамдары ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары ішінде алматылықтар алғаш рет
Еуропа, Азия, Әлем чемпионаттарына және Олимпия ойындарына қатысып, олардың жүлдегерлері немесе
жеңімпазы болды. Алматыда қазір 500-ден астам дене шынықтыру ұжымдарында 350 мыңдай адам спортпен
шұғылданады. Олардың қарауында 18 спортклубы мен 10-нан астам стадион бар. 1997 ж. Алматыда тұңғыш
рет Орталық Азия ойындары өтті.
Алматы республикадағы негізгі туризм орталығы болып саналады. Қалада «Иасауи», «Спутник
Казахстана», «Туран-Азия», «Квадротур», «Гиацинт-Рахат», т.б. туристік фирмалар орналасқан. Олардың бес
жұлдызды «Анкара», «Рахат-Палас» (Марко Поло), үш жұлдызды «Отырар», «Астана», «Достық» атты
туристік инфрақұрылымдары бар.
Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры, Михаил Лермонтов атындағы
республикалық орыс академиялық драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен
жасөспірімдер театры, Абай атындағы академиялық опера және балет театры, Ұйғыр және Корей музыкалы
театрлары, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Орталық концерт
залы сияқты танымал
мәдени орталықтары бар. Көпжылдар бойы Жазушылар, Журналистер, Композиторлар, Кинематографистер,
Сәулетшілер, Суретшілер Одақтары басқармаларының орналасуы, жетекші ғылым, өнер, әдебиет
қайраткерлерінің қызмет етуі Алматыны республиканың рухани орталығына айналдырды. 1990 ж. бері
Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық «Азия дауысы» музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне
айналдырылды. 1994 – 96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, Әл-Фарабидің, Райымбек батырдың,
Жамбылдың, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина жасау өнеркәсібінің «Алматы
ауыр машина жасау зауыты», «Поршень зауыты», «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіпте «Алматы мақта-мата
комбинаты», «Жетісу», «Қыз Жібек», т.б. іргелі акционерлік қоғамдары жұмыс істейді. Қалада мемлекеттік,
жекеменшік, біріккен кәсіпорын, шетелдік кәсіпорындар бар. Алматыда дербес банк және банк филиалдар
жұмыс істейді. Қала кәсіпорындарының АҚШ, Италия, Түркия, Германия және Ресей фирмаларымен іскерлік
қатынастары дамуда. Алматы – еліміздің ең ірі көлік және байланыс торабы. 1992 ж. маусымда Алматы –
Үрімші темір жол көлігі тұрақты қатынай бастады. Алматы әуежайы Жер шарының кез-келген мемлекетімен
байланысуға мүмкіндік береді. Қала қаржы мен сауданың халықаралық орталығы мәртебесін сақтап қалды.

«АЛПАМЫС БАТЫР»

«Алпамыс батыр» — қазақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи
шындықты қамтуы жағынан «Одиссея», «Манас», «Калевала», «Қобыланды батыр», т.б. жырлар секілді
әлемге танымал эпостық жыр. «Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық
әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат
қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5 – 7 ғасырлар) азаттық
үшін күрестің сарындарынан бастап, 17 – 18 ғасырлардағы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық
ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады. Зерттеуші-ғалымдар «Алпамыс батыр» жырында көне
дәуірдің салт-санасы, ғұрпы, неғұрлым айқын бейнеленгенін атап өткен.
«Алпамыс батыр» жыры алғаш рет 1899 ж. Қазан қаласында жарық көрді. Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр
7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп
орысша мазмұнда бастырған атақты фольклоршы Әубәкір Диваев. Ол бұл жырдың бір нұсқасын қарақалпақ
бахшысы Жиемұрат Бермухамедовтен алған. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы Мұхтар Әуезов,
Сәкен Сейфуллин, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин, Нина Смирнова, Тұрлыбек
Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды. Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы
«Алпамыс батыр» жырлардың ішіндегі ең толық әрі көркем түрі болып табылады. «Алпамыс батыр»
күйтабаққа да жазылған. Өзбекстан мен Қарақалпақстан қаламгерлері осы жыр негізінде пьеса жазды. Ал
қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы мәдени құндылықтарымыздың қатарына
қосылды.

АЛТАЙ

Алтай, А л т а й т а у ж ү й е с і– Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан


шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір
ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен
Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс
Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
Алтайдың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-
ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары
– Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың
орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым. Тау беткейлері тік,
өте құзды,
шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы – Ақтау (Мұзтау) (4056 м). Осы тұстан
бастап таулар жан-жаққа біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500 – 2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс,
тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мысалы, Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун),
Тегерек (Тигирец), Үлбі, Ануй жоталары, т.б.). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау
тізбектері негізінен ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-
батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына ұзын, кейде кең дала деп аталатын
тектоникалық тауаралық ойыстар (Шуй, Құрай, Ойман, Абай, Нарын далалары) мен үстіртті жазықтар тән
(Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы.
Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геологиялық тұрғыдан төрт ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы
Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам,
молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдық кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш
тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы –
Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы
тауаралық ойыстарда −27 – 30ӘС, тау етектері мен жазық жерлерінде −13 – 16ӘС. Ең суық орташа
температура Марқакөл көлінің маңында (− 27,6ӘС). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы
18 – 20ӘС, ал 1000 – 1500 м биіктікте ол 14 – 16ӘС-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазан
шұңқырында (40ӘС-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы
температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста
суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда
жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде
жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазан шұңқырында 150 мм
шамасында. Жауын-шашын көбінесе көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық
ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды
«құбыла желі», оңтүстіктен жылы «Алтай желі» соғады. Ауа райы Алтайда «құбыла желінен» кейін ашық,
аязды болып келсе, «Алтай желінен» кейін онда бұлтты әрі жылы болып, қар жауады.
Алтай тауларының өзендері тығыз орналасқан. Таулардың өте қатты тілімденген жоталары Обь, Енисей,
Ертіс өзендерінің су айрығы болып табылады. Басты өзендері – Ертіс салалары: Қаба, Қалжыр, Күршім,
Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба; Обь салалары: Ануй, Песчанка, Қатын, Бия; Енисей салалары: Абакан мен
Монғолиядағы Қобда өзендері де Алтай тауларынан басталады. Алтай өзендері суы мол, ағыны қатты және
түгелдей дерлік су энергиясы қорына бай болып келеді. Өзендер негізінен мамыр – маусым айларында тасиды
және қар, жаңбыр, еріген мұздық суларымен толығады. Алтай тауларының өзендерінде 70-тен астам
сарқырамалар мен 3500-дей үлкенді-кішілі көлдер бар. Олардың ең ірілері – тектоникалық ойыстардағы
Алтынкөл, Марқакөл, Қаражал, Қамысжал, ал қалғандары – негізінен мұздықтар еруіне байланысты
моренаның бөгенінен пайда болған ұсақ көлдер. Алтай тауларында 1000-нан астам мұздықтар бар. Олардың
жалпы ауданы 89,3 км2-ге жуық. Негізгі мұздықтар орталығы болып Шуй жоталары мен Тобын – Богдо – Ола
тау торабы саналады. Алтайдың ең биік шыңы – Ақтаудың (Мұзтаудың) төңірегінде 6 ірі мұздық бар,
олардың ең ірісі – Ақбұлақ өзенінің бастауындағы Беріел (Барель) мұздығы.
Алтайда өте айқын ажыратылатын тік белдеулі ландшафт жүйесі қалыптасқан. Солтүстік және батыс тау
етектерінің 400 – 700 м биіктігінде шалғынды, әр түрлі өсімдіктер мен астық тұқымдасты дала, ал 1200 – 1700
м биіктікте жусанды-бетегелі дала қалыптасқан. Бұл таулы дала белдеуін қара және ашық қоңыр топырақ
көмкерген. Көп жерлерінде бұта (итмұрын, үшқат, тобылғы, қараған, т.б.), ал өзен мен бұлақ бойларында тал,
қайың, мойыл өседі. Таулы-орманды белдеу Алтайдың 70% аумағын алып жатыр. Мұнда жалпақ жапырақты
орман өседі. Орталық және оңтүстік Алтайдың 2200 – 2500 м биіктігін қылқанды орман (самырсынды-
балқарағайлы) қамтыған. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеу
де субальпілік бұталар мен шалғындар
өскен. Шығысжәне солтүстік-шығыс бөлігін таулы тундра,
одан жоғары жағын жартастар, тас қорымдар, қар
алаңдары мен мұздықтар алып жатыр. Топырағы қара сұр, күлгін болып келеді.
Алтайда шөлейтке, далаға, орманға және биік тауларға тән жануарлар кездеседі. Дала жануарларынан:
қасқыр, көртышқан, саршұнақ, терісаяқ; орман жануарларынан: қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, елік,
күдір, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, тиін, боршатышқан, сасық күзен, қоян, түлкі; биік тау жануарларынан:
суыр, шақылдақ, таутеке; құстардан: ұлар, құр, шауқарға, тоқылдақ, үнді қазы, шіл, кекілік, үкі, сауысқан,
қарға, байғыз, көкек, торғай, бөдене, тарғақ, су торғай, т.б. мекендейді. Ал жазда мекен ететіндерден тырна,
сары ала қаз, үйрек, т.б. бар. Үлкен өзендерінде бекіре, тайман, алабұға, ал кішігірім өзендерінде хариус
кездеседі.

АЛТЫБАҚАН

Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады.
Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып,
аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады.
Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі
отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып,
бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән
бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы
кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған.
Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және
жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үй мүліктері. Ойын
көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан
көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру
тұрғысында да лайықты орын алды. Қазақ телевизиясы 1970-жылдары көгілдір экраннан жүйелі түрде
«Алтыбақан» сауықкешін ұйымдастырып тұрды.

АЛТЫН

Алтын — элементтердің периодты жүйесінің 1-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Рет
нөмірі 79, атом массасы 196,967, балқу температурасы 1063ӘС, қайнау температурасы 2970ӘС. Таза алтын
сары түсті болады, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық
әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке
– 7
қышқылдар әсер етпейді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5.10%), теңіз және мұхит
суында (0,01 – 0,05 мг/т) кездеседі. Кентастардан алтынды ұсақтау, байыту және цианды натрий ерітіндісімен
өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар
өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.
Алтын, экономикада – тауарлардың жалпы жиынынан бөлініп шығып, жалпыға бірдей баламаға айналған
асыл металл. Ол ұзақ тарихи кезең бойы басқа металдармен қатар, ал кейін жеке дара ақша және валюта
жүйесін құрай отырып, ақша тауары рөлін атқарып келеді. Алтын біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж.
Қытай, Үндістан, Мысыр және Месопотамияда, ал біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 ғасырларда Ежелгі
Грекияда ақша қызметін атқарды.
Алтынның ақшалай тауар ретіндегі рөлі экономика саласында – жалпы алтын баламасы түріндегі ақша
жүйесін құрайтын, ал құқықта – ақша айналымын ұйымдастырудың бір түрі саналатын алтын стандарты
бойынша айқындалады. Мұндайда ақша айналымына алтын теңгелер (алтын теңге стандарты) түседі немесе
белгілі бір жағдайларда алтын жамбылары (алтын құйма стандарты) банк билеттеріне еркін алмастырылады.
Не банкноттар шетел валюталарына алтынға шаққандағы сәйкесті құнмен айырбасталады. Алтын теңге
стандарты 19 ғасырдың 1-жартысына таман Англияда, содан соң Батыс Еуропаның көптеген елдерінде
қолданыла бастады. АҚШ пен Францияда Алтын стандартына қоса күміс стандарты қолданыла бастаған. 20
ғасырдың басында 1-дүниежүзілік соғыс алтын стандартын дағдарысқа ұшыратып, оның орнына қағаз ақша
шықты. 1922 ж. Генуя конференциясы дүниежүзілік валюта жүйесі үшін алтын девиз стандартын
(банкноттарды шетел валютасына – айырбастау) пайдалануды ұсынды және ол 1944 ж. Вреттен – Вудседе
өткен халықаралық қаржы конференциясында да мақұлданды. Әртүрлі мемлекеттердің ақша жүйесі алтын –
теңге стандартымен анықталмағандықтан әзірге осы жүйе кең қолданылуда.

АЛТЫН АДАМ

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ
жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5
ғасыр). 1969 – 70 ж. археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен
безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат
нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас
киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында
дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген,
саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас
бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар
жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік
обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4
ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген
сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі
материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда
мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына
айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі
елтаңбамызға енді.

АЛТЫНЕМЕЛ

Алтынемел — Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінің бірі, Іле мен Қаратал өзендері
аралығындағы суайрық жота. Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуынан Іле
аңғарындағы Шолақ тауына дейін (Алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр. Ұзындығы 65 км, ені 6 – 15 км, ең
биік жері 2931 м. Жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. Жотаның солтүстік беткейі тік,
оңтүстігі көлбеу келген. Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. Етегінде әр
түрлі бидайық тұқымдас шөптер өседі.
Алтынемел асуы – Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Алтынемел жотасы (2928 м) мен
Матай тауының (2880 м) арасында, теңізі деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу. Алтынемел асуы өтетін
орталық қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивті, базальтті, андезитті, туфты жыныс
шөгінділерінен құралған. Асу қызғылт-қоңыр, қара топырақты және бұталар араласқан бозды, бетегелі,
шалғынды болып келеді. Асу үсті жылына 4 – 5 ай салқын болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел
саналады. Шоқан Уәлиханов 1858 ж. Қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65
салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. Асудың солтүстік-батыстағы Қоғалы тауаралық ойысынан
оңтүстік-шығыстағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай Алматы-Сарыөзек-Жаркент автомобиль жолы
өтеді.
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы– Алматы облысының Кербулақ ауданының аумағында 1996 ж.
ұйымдастырылған ұлттық саябақ. Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ауданы 460 мың гектар. Оның
құрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен
Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм»
(жергілікті тұрғындар «Айқай құм» деп атайды) енеді. 3 ландшафты – таулы-далалық, құмды-шөлді және
қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және
суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» қорғанының маңызы
үлкен. Шоқан Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы да осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің
1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б.
өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүткоректілерден – құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас
сусары, қоян, т.б., құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, т.б., балықтардан –
сазан, көксерке, ақмарқа, табанбалық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген.
Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықшы бекеті және 3 туристік маршруттар жұмыс
жасайды.

«АЛТЫН ҚИМА»

«Алтын қима» — гармониялық бөлу, шеткі және орта қатынаста бөлу – берілген
АВ кесіндісін оның
үлкен бөлігі (АС) сол кесінді (АВ) мен оның кіші бөлігінің СВ)
( пропорционал ортасы болатындай етіп екі
бөлікке бөлу. АлАВ =а кесіндісінің Алтын қимасын алгебралық жолмен табу
a:x = x (a-x) теңдеуін (мұндағы
х=АС) шешуге келіп тіреледі. Бұданх=(√5-1)а/2≈0,62 а болады. х-тың а-ға қатынасын шамамен2/3, 3/5,5/8, 8/13,
13
/21,... т.б. бөлшектер арқылы өрнектеуге болады, мұндағы 2, 3, 5, 8, 13, 21,..., – Фибоначчи сандары. Алтын
қима ертедегі грек ғалымдарына белгілі болған. Евклидтің «Негіздерінің» 2-кітабында алтын қиманы
геометриялық салу жолыx(a+x) = a2 квадрат теңдеуін шешумен пара-пар екендігі көрсетілген. Евклидтен
кейін алтын қиманы Гипсикл (біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасыр), Папп Александрийский (біздің
заманымыздан бұрынғы 3 ғасыр), т.б. зерттеген. Алтын қима немесе оған жақын пропорционал қатынастар
көптеген әлемдік өнер туындыларының композициялық құрылымына негіз болған. Сондықтан алтын қима 15
– 16 ғасырларда өнерде, әсіресе сәулет өнерінде, т.б. кеңінен қолданыла бастады. Алтын қима терминін 15
ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи енгізген.

АЛТЫН ОРДА

Алтын Орда —орта ғасырларда (1243 – 1503) Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті-Қыпшақта
құрылған түрік мемлекеті. Күш-қуаты толысып, өркендеген кезеңде (13 – 14 ғасырлар) мемлекет жерінің
аумағы 10 млн. км2-ден асты. Оның құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы
өлкелер, Польша, Мажарстан, Балқан елдері, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ
енді (1236 – 42). Бату хан тұсында мемлекет астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін
Берке сарайына (Сарай әл-Жадид) көшірілді. Берке хан билік еткен кезеңде (1257 – 66) Шыңғыс хан
ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдап, біртіндеп жергілікті түркі халықтарына
араласып кетті. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай
шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды.
Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы –
Шыңғыс ханның жасақ заңымен реттелінді. Бұл заңның дәстүрлі нормалары кейін қазақтардың «Жеті
жарғысының» кейбір ережелеріне де енгізілді.
Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды.
Даруғалар салық жинаумен айналысса, басқақтар жергілікті халықты әскери бақылауға алды. Бату тұсында
Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның
мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда
Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясына шартты түрде
тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір (1266-80) тұсында дербестікке қол жеткізді. Туда-Мөңке (1280 – 87), Төле-
Бұқа (1287 – 91), Тоқты (1292 – 1312), Өзбек (1312 – 42), Жәнібек (1342 – 57) хандар тұсында күшейе түсті.
Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, алшын, арғын, уақ, найман, қаңлы
тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан,
гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған рөлінің
басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды.
Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс
алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. Ол Анадолымен, Сириямен,
Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын
орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан
Ұлы
Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 1312 ж. Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін
етіп жариялады. Еділ бойы мен Орта Азиядағы мұсылмандық дәстүрдің әсерімен далалық мәдениет
исламданды. Бірақ 14 ғасырдың 2-жартысынан бастап орданың батыс жағындағы Еділ бойында, Астраханда,
Қырымда, Сарайшықта жергілікті билеушілер күшейіп, Қара теңіз өңірінде Мамай ордасы қалыптасты.
Қазақстанның далалық аймақтары мен Түркістан өлкесінде де жергілікті билік күшейді. Ол өзгерістер оның
құрамындағы Ақ Орда, Шайбани ұлыстарының дербес бой көтеруіне мүмкіндік туғызды. Ақ Орда билеушісі
Орыс хан 1374 – 75 ж. Сарай қаласын, Астраханды, Кама бұлғарларын бағындырды. 1377 ж. Орыс хан өлген
соң Тоқтамыс хан Әмір Темірдің көмегімен билікке келді. Ол 1380 ж. Сарайды, Астраханды, Қырымды,
Мамай ордасын бағындырды. Тоқтамыстың күшеюіне және дербес саясат жүргізуіне жол бермеу үшін Әмір
Темір 1391 ж. 200 мың әскерімен Құндышар деген жерде Тоқтамыс хан әскерін талқандады. Кейін Тоқтамыс
Алтын Орданың бірқатар аймақтарында уақытша болса да билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың басым
бөлігі Едіге бидің қолдауына сүйенген Темір Құтлықтың иелігіне өтті. 1395 ж. Солтүстік Кавказдағы Терек
өзені аңғарында Тоқтамыс пен Әмір Темір арасындағы шайқаста Алтын Орда әскері тағы да ойсырай жеңілді.
Әмір Темір Алтын Орда астанасы Сарай Берке, Астрахан, Каффа, Азақ қалаларын қиратып, орыс иелігіндегі
Ельц қаласына дейін жетті. Бұл жағдай бүкіл Еуразия кеңістігіндегі этносаяси ахуалдың, саяси-әскери
күштердің ара салмағының өзгеруіне, соның нәтижесінде орыс княздіктерінің тәуелсіздік алуына әкелді. 1502
ж. соңғы билеуші Шейһ Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда жойылды. Алтын Орда жерінде Қырым
(1428 – 1792), Қазан (1437 – 1556), Қасым (1445 – 1681), Астрахан (1466 – 1557), Сібір (1563 – 1656), Башқұрт
(1656 – 1738) хандықтары сияқты мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Қазақ хандығы да осы кезеңдерде
шамамен 1456 – 66 ж. қалыптасты.

АЛЬПИНИЗМ

Альпинизм — спорттың тауға, шыңға жаяу жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. Атауы Еуропа құрлығындағы
«Альпі» тауынан шыққан. Алғаш 1786 ж. швейцарлық Мишель-Габриэль Паккар мен Жак Бальма Альпі
тауындағы Монблан шыңына (биіктігі 4807 м) көтерілді. Қазақстанда альпинизмнің дамуы 20 ғасырдың 30-
жылдарынан басталады. Тұңғыш рет 1930 ж. 17 шілдеде қазақстандық альпинистер Іле Алатауының Кіші
Алматы шыңына (4376 м) көтерілді. Еліміздің альпинистері 1982 ж. КСРО командасы құрамында Эверест
шыңына (8848 м) шықты. Ал 1991 ж. альпинист Қазыбек Уәлиевтің жетекшілігімен Қазақстан альпинистері
Гималайдағы Дхаулагири (8176 м) шыңын бағындырды.

АЛЬПІ

Альпі, А л ь п і т а у ж ү й е с і – Еуропадағы ең биік таулар. Ол – Жерорта теңізінің солтүстігінде


Легури теңізі жағалауынан Орта Дунай жазығына дейін оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп жатыр;
доғасының сыртымен есептегенде ұзындығы 1200 км-ге жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60ден
км-240 – 260
км-ге жетеді. Ең биік нүктесі – Монб
лан шыңы (4807 м). Альпі (кельтше – alp биік тау, ежелгі түркі тілінде –
алып-заңғар, биік дегенді білдіреді) ірі жоталар мен тау сілемдерінен тұрады. Сілемдер аралығын Рона, Рейн,
Бодо – Комо тау аңғарлары бөліп жатыр. Тас және темір жолдар өтетін Сен-Готард, Симплон, Миоан-
Ромодоссола, Бриг – Лозанна, Үлкен Сен-Бернар (2400 м) туннельдері аймақтағы бірнеше мемлекетті
байланыстырады. Тау жүйесі орографиялық жағынан Батыс Альпі және Шығыс Альпі болып бөлінеді.
Олардың арасындағы шартты шекара солтүстігінде Боден көлінен, оңтүстігінде Комо көліне дейінгі
тектоникалық аңғармен өтеді. Батыс Альпінің сырт жақ беткейі кең әрі біршама жайдақ, ал ішкі жақ беткейі
жарқабақты болып келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңдары (Монблан, Монте-Роза, Пельву) осы бөлігінде
орналасқан. Тау жүйесінің орталық торабына альпілік жер бедері тән. Ландшафтысында биіктік белдеулер
айқын байқалады. Тау етегі мен тау беткейлері (800 – 1000 м) мен таулық белдеу (1800 м) климаты қоңыржай
және ылғалды. Бұл белдеулер жалпақ жапырақты ормандармен көмкерілген. Түлкі, қасқыр, бұғы, тиын,
жабайы мысық кездеседі. Жаз айларының орташа температурасы 10 – 15ӘС, қыста -4 – 8ӘС. Субальпілік
белдеудің (2300 метрге дейін) климаты суық, желі қатты болады, қары қалың түседі. Тау беткейлері тік
жарлы. Белдеуде биік таудың бұталы және шалғынды өсімдіктері өседі. Қысы қатаң, 6 – 8 айға созылады,
жазы қоңыр салқын әрі қысқа. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеудің (2500 – 3000 м) климаты қатал,
біршама құрғақ. Онда қоңыраубас, қоғажай, көкнәр, т.б. өсімдіктер өседі. Одан әрі нивальдық белдеу
орналасқан. Бұл белдеу тасты, мұзды болып келеді. Альпіде антропоген дәуірінде 4 рет мұз басу болды.
2
Мұздықтың жалпы ауданы 4140 км , 1200-ге тарта аңғарлы, қарлы мұздықтар бар. Тау жүйесі альпілік
қатпарлану кезінде түзілген. Қатпарлану жүйесінің негізі кембрийге дейінгі кристалды жыныстардан (гнейс,
слюдалы тақтатас) және жоғары протерозой мен төменгі палеозойдың кварц-бриллитті тақтатастарынан
тұрады. Жер бедерінің қалыптасуында антропоген дәуірінің су және мұздық эрозиясы үлкен рөл атқарған.
Кен байлықтары: темір, мыс кентастары, қоңыр көмір, тұз. Солтүстік Батыс бөлігіндегі жоталарда жылына
1500 – 3000 мм жауын-шашын түседі. Ауа райы көбіне бұлтты, тұманды болып тұрады. Ішкі жоталарда,
қазаншұңқырлар мен аңғарларда жауын-шашын 1000 мм-ден аз. Альпі – Батыс Еруопаның аса үлкен су
торабы. Өзендер өте көп. Олар қар, мұз, жаңбыр суымен толығады. Аса ірі өзендері: Рона, Рейн, По. Көлдері:
Боден, Цюрих, Комо, т.б. Топырақ жамылғысында негізінен орманның қоңыр түсті топырағы, күлгін және
таудың сұр топырағы басым.

АЛЮМИНИЙ

Алюминий – ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет
нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша
элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның
көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін
пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 ж. даниялық физик Ханс
Кристиан Эрстед алған. Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді,
3
созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см; балқу температурасы 660ӘС, қайнау температурасы
2500ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алминий оксидінен тұратын
жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де,
сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар
өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар
жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа
қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы –
дюралюминий. Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний
болады.

АМАЗОНА

Амазона — Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Өзеннің сағасын 1500
ж. испан теңізшісі Висенте Пинсон ашқан. Өзен арнасымен 1541 ж. алғаш рет испан конкистадоры Франсиско
де Орельяна (1541) саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу
(Ұлы өзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн.2,мұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-
ден асады. Амазонаның (ағылшынша Amasonas) негізгі ағысы экватор мен 50 оңтүстік ендік аралығында,
яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлшері 1500 – 3000 мм) жатыр. Анд
тауынан өткен соң өзен Амазона ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өзенімен қосылып, Ұлы Амазона
өзені басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан
350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 0002).км
Өзенге көптеген салалар
құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500 – 3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өзендері
қосылғаннан соң оның арнасының ені 2 км, орта ағысында 5 км, сағасында 80 – 150 км-ге жетеді; суының
тереңдігі орта ағысында 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал сағасында 15 — 45 м-ге дейін барады.
Амазонаның салалары бір-бірінен тек мөлшері мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де
ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық режимі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда
орналасқандықтан жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі
тасқындар болып тұрады. Оңтүстік салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр,
3
шілде айларында Амазонаның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000/с м
ал орташа
3
жылдық ағындысының көлемі 5520 км шамасында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 —
17%-ы осы өзеннің үлесіне тиеді. Амазона өсімдік және жануарлар әлеміне өте бай. Балықтардың 2000-ға
1
жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы сағасынан 4300
км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) жүзетін болса, сағасынан 1690 км қашықтыққа (Манаус
қаласына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонаның энергетикалық мүмкіндігі өте мол (қуаты
280 млн. кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды.
АМАНГЕЛДІ
ИМАНОВ

Амангелді Үдербайұлы Иманов— халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін
ұйымдастырушылардың бірі. Ол 1873 жылы 3 сәуірде бұрынғы Торғай уезінің Қайдауыл болысында туған.
Кенесары ханның үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Амангелді әуелі ауыл молдасынан,
кейіннен Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесінде оқыған.
Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласқандықтан жер
гілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896 – 1911
ж. арасында бірнеше рет түрмеге отырғызылды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және
қолбасшылық таланты 1916 жылғы Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын
көрінді. 2 – 3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар
Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің
ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды, әскери-ұйымдық жағынан
нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы
қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, 1917 жылғы 21 – 23
ақпандағы Құмкешу – Доғал – Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасаған. Көтеріліс Ресейдегі
Ақпан төңкерісіне дейін жалғасты.
Амангелді 1918 ж. 21 наурыз – 2 сәуір аралығында Орынборда өткен Кеңестер съезінде Торғай уезінің
әскери комиссары болып тағайындалды. Бірақ 1919 ж. 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлатылды да,
Амангелді тұтқынға алынды; көп ұзамай Торғай қаласында сол жылы 18 мамырда қаза тапты. Амангелді
батыр қазақ азаматтарын бір-біріне қарсы қойған аласапыран саясаттың құрбаны болды. Қабірінің басына
ескерткіш орнатылған (мүсінші Хәкімбек Наурызбаев). Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-
жазушыларды, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ


Америка Құрама Штаттары (АҚШ),А м е р и к а – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік
2
республика. Аумағы 9363,2 мың км . Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны
жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон,
Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке
бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық
мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі –
ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы –
президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып
жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал
Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы
жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі
жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және
Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер
қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын,
күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен
газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына
бай келеді.
Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада
–18ӘС, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8ӘС. Елдің
оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12ӘС-тан, Флорида түбегінде 20ӘС-қа дейін
жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22ӘС, шығыста 16 – 22ӘС-қа дейін
ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32ӘС-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы
температура Ажал аңғарында (56,7ӘС) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау
беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 –
2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100
мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи
(ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі
Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-
шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-
2
бірімен жалғасып, 245 мың км аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара
сарқырамасы осы тұста орналасқан.
АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат
ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.
Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 –
1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті.
18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың
басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың
күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83). 1776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы
қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке
айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты.
1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы
қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1776 ж. құрлық аралық конгресс
қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен
үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік
топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны,
флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-
жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж.
Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктрин
асы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі
істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын
түрде жалғаса берді. 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға
жетті. Ауыр езгіге және
қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда
құлдық жойылды.
1-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин
Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы
реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін
қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік»,
Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық
мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2
қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі
лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнатылды.
АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті
металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы
кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен
қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ
маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация
электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі
айрықша дамыған.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл
атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп,
қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық
өсіру жаппай дамыған.
АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда
серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық
байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және
белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын
«Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы,
т.б.).

АНА ТІЛІ

Ана тілі — белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз дамуына ұйтқы болып келген
және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.
Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері ортақ адамдар қауымы
мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы, ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну
қасиеттері – бір сөзбен айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. «Ана тілі» ұғымы не оған жақын түсінік барлық
этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі («туған тіл», «ұлт тілі», «ата-баба тілі»,
«ана тілі», т.б.) атала береді. Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің
құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы мен барша болмысына дарып,
адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, «ана
тілі» аталып кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми айналымға енгізген Ахмет
Байтұрсынов. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс
(Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, т.б.) жерлерде
диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада (қытай, ұйғыр, монғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек,
орыс, қырғыз, түрікмен, т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін ана тілі
болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу, сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы,
сайып келгенде, олар тұратын мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе
шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап қалуға деген саналы әрекетіне де
тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты
қоғамдық көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана тілін құрметтеуі тек
анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін
сақтау болып саналады.

АНГОЛА

Ангола, А н г о л а Р е с п у б л и к а с ы – Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік


республика. Заң қабылдаушы органы – Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі
1246,7 мың км2, халқы 16 млн. адам (2007). Астанасы – Луанда. Ірі қалалары: Бенгела, Уамбо, Лубанго,
Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Олар батуконго және батыс банту
этникалық топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халықтың 80%-дан астамы христиан дініне
сиынады.
Ангола аумағының басым бөлігі үстіртті, таулы келеді. Теңіз жағалауы ойпатты (ені 100 км-дей). Климаты
– экваторлық муссондық және тропиктік пассаттық. Қаңтар айының орташа температурасы 20Ә – 25ӘС.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 – 1500 мм., теңіз жағалауында 250 мм. Үлкен өзендері: Кванго,
Касаи, Кунене, Кванза. Таулы үстірттің солтүстігін қалың орман, ал оңтүстігін қуаңшылықта жапырағы түсіп
қалатын сирек бұталы саванна (ағаш пен бұта өсетін шөл дала) алып жатыр, батыс беткейінде мәңгі жасыл
тропиктік ағаштар өседі.
Анголаның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 15 – 17 ғасырларда мұнда Гола-ан-
Данго, Конго, Луанда аталатын мемлекеттер болған. Ангола 15 ғасырда португалдықтардың отарына
айналды. Төрт жүз жылға созылған құл сату жүйесі Анголаны әбден қансыратты. Миллиондаған Ангола
азаматтары Америка, Еуропаға сатылды. Ангола Африкадағы ең артта қалған елдердің қатарында болды.
1961 ж. ақпанда Луанда қаласында Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс ұйымы (МПЛА)
қарулы көтеріліс бастады. Ангола халқы қарулы соғысының Португалияның басқа отарлары – Гвинея-Бисау
мен Мозамбиктегі азаттық соғыстарымен байланыса әрекет етуі отаршылардың күшін әлсіретті. 1975 ж. 11
қарашада Ангола патриоттары елдің ұлттық тәуелсіздігін жариялады.
Ангола – аграрлы ел. Өнеркәсібі нашар дамыған. Кофе, жүгері, қант, арахис, копра, мақта сияқты ауыл
шаруашылық өнімдері өсіріледі. Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Сыртқы саудада кофе мен
алмас ерекше орын алады. Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір).
Мұнай айыру, цемент зауыттары, балық-консерві және мата тоқу кәсіпорындары бар. Ел экономикасында
шетел капиталы (АҚШ, Португалия, Германия) басым.
АНД

Анд, — А н д т а у л а р ы , А н д К о р д и л ь е р а с ы
– Жер шарындағы ең ұзын (9000 км) тау сілемі,
ең алып кордильера тау жүйесінің оңтүстік Америкадағы бөлігі. Ол Оңтүстік Американың Тынық мұхит
жағалауын бойлай, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла жатқан тау тізбектен тұрады. Олар Анд
(Кордильера) геосинклинальдық қатпарлану белдеуінің (альпілік қатпарлану кезінде) қайта көтерілген
кезіндегі жас таулар. Сондықтан қазіргі кезге дейін жиі болып тұратын күшті жерсілкінулер олардағы
тектоникалық процестердің әлі де тоқтамағанын көрсетеді. Мұнда бірнеше сөнбеген жанартаулар бар.
Олардың ішінде Жер шарындағы ең биік сөнбеген жанартау ошағы – Льюльяйльяко (6723 м) осында
орналасқан. Жер бедерін меридиан бойымен созылып жатқан, ішкі тау аңғарлары мен үстірттерден тұратын
жоталар тізбегі құрайды. Олар табиғи ерекшеліктері мен геоморфологиялық құрылысына қарай: Кариб Анд
таулары, Солтүстік-Батыс Анд таулары, Эквадор Анд таулары, Перу Анд таулары Чили-Аргентина және
Патагония Анд таулары болып бөлінеді. Бұл таулардың қатпарлы-жақпарлы тік құламалы шатқал беткейлерін
көптеген өзен аңғарларымен тілімденген. Орта тұсында ені кең болып келген Пуна таулы үстірті орташа
биіктігі 4000 м болатын ішкі аймақты құрайды. Анд тауының осы тұсында тектоникалық процестер
нәтижесінде пайда болған көлдер жиі кездеседі. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан
Титикака көлі (3812 м) осында орналасқан. Анд таулары 6 климаттық белдеуде (экваторлық, солтүстік және
оңтүстік субэкваторлық, тропикалық, субтропикалық және қоңыржай) жатыр. Тау жүйесі арқылы Амазона,
Парана, Ориноко, т.б. өзендер бастау алатын мұхитаралық суайрық өтеді. Экваторға жақындау орналасқан
климат белдеуі аймағында жауын-шашын өте көп жауады (3000-6000 мм). Анд таулары – хин ағашының, кок,
картоп, т.б. құнды да дәрілік өсімдіктердің отаны. Анд таулары жануарлар дүниесіне өте бай.

АНТАРКТИДА

Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн.2, км
ал
қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. 2км
-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып
3
жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. км. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз
жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен
(870 м) 3 есе артық. Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек –
Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Георгия және Оркней,
Беллени кіреді. Құрлықтың жағалауын Оңтүстік мұхит сулары мен Уэдделл, Беллинсгаузен, Амундсен, Росс,
Ғарышкерлер, т.б. теңіздері шайып жатыр. Антарктида құрылығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл
болатын гондваналық платформа түзеді, басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас,
граниттерден құралған. Жыныстардың ірге тастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида
платформасы өзінің геологиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия,
Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына өте ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы
палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-
кайнозойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады.
Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы осы
аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының
орташа қалыңдығы 40 км. Антарктиданың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық атқылаулар
нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794 м), Террор (3262 м) жатады. Жер бедері
ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-
жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі
тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен
Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200 – 2500 м,
абсолюттік биіктігі 3500 – 4000 м-ге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік
биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа
биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан
бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида
жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған
20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте
қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз
деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық
мұздықтары Антарктида жерінің 12%-дай жерін алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып
2
есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн. км. Қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктидада,
олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары. Мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп
түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында оншақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен
жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт мұздығы (ұзындығы
700 км, ені 30 – 40 км). Антарктида – жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған
аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа
3 3
құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. кмболса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км. Құрлықтың мұз
баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 2.км
Олар көбіне жағалаулық бөліктерде
теңіз деңгейінен 100 м биіктікте орналасқан, ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен
2 2
қатар Виктория жері (4000 км ) мен Александр І жері (400 км ) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі.
Антарктиданың климаты – полярлық континенттік. Климаттық ерекшелігіне байланысты Антарктида –
суықтық полюсі. Ол сондай-ақ, жер шарының ең күшті желдер мен жазғы жиынтық радиацияның да полюсі
болып табылады. Оңтүстік полюс аймағы Арктикамен салыстырғанда Антарктида Жердің Күнге ең жақын
нүктесінде (перигелий) орналасқандықтан Күн жылуын 7%-дай артық алады. Ауаның мөлдір әрі құрғақ
болуы, яғни антициклондық ауа райы күн радиациясының жерге кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Антарктида жазында, яғни желтоқсан мен қаңтар айларында, Орталық Антарктидада орташа айлық радиация
2
жиынтығы Жер шарындағы ең жоғары көрсеткішке (30 ккал/см
) жетеді. Бірақ, келетін жылудың 90%-ға
жуығы мұз жамылғысымен шағылысып, әлем кеңістігіне қайта кететіндіктен, құрлықтың жылыну
мүмкіншілігі өте төмен. Континенттің орталығында қысқы орташа температура –60 – 72Ә С-қа дейін, жаз
айларында –30Ә – 50Ә С-қа дейін, ал жағалауларда қыста –18Ә С, жазда –20ӘС-қа дейін өзгереді. Жауын-
шашынның жылдық мөлшері 30 – 50 мм, жағалауларда 700 мм-ге дейін жетеді, негізінен қар күйінде түседі.
Суық ауа Антарктиданың ішкі аудандарынан шеткі бөліктеріне қарай қозғалып, ағынды желдерді туғызады
(орташа жылдық жылдамдығы 12 м/с), ол
циклондық ауа ағынымен қосылған кезде теңіз уылына
да айналады
(жылдамдығы 50 – 60 м/с., кейде 90 м/с-қа жетеді). Басым бөлігінде жылдың 340 күні қарлы борандар соғып
тұрады. Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз құстарының 13 түрі, антарктикалық суларда
итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп
аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели
атты түрлері тіршілік етеді. Өсімдіктері негізінен мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және
балдырлардан (қызыл, жасыл, көк-жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді
өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда
шағын шалғынды алаңдар түзеді. Құрлықты
және
оның жағалау бөлігін ғылыми түрде зерттеуді Роберт Скотт экспедициясы бастаған. Жүйелі халықаралық
геофизикалық зерттеу жұмыстары 1957 ж. басталды. 11 ел құрлық пен оның жағалауындағы аралдарда 57
база құрып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған
экспедициялар құрлықты бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс, геомагниттік және «жетуге қиын»
полюстерге жорықтар жасалды, тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Соңғы жылдары Антарктидада
жүзден астам ғылыми-зерттеу стансалары бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізеді. Онда 16
мемлекеттің зерттеушілері өзара байланыста жұмыс жасайды. Антарктида қойнауында мол кен
байлықтарының (тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, уран, молибден, мыс, никель, қорғасын, мырыш,
күміс, титан, т.б.) қоры бар екендігі анықталды және олардың кейбіреулері өндіріле бастады. Антарктида
табиғатын зерттеп білу планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағы байланысты
анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе ол құрлық – мұхит – атмосфера – мұздану процестері арасындағы
байланысты анықтауда негізгі буын болып табылады.
Антарктика – Жер шарының оңтүстік поляр аймағы. Антарктиканың (грекше antі – қарсы, arktіos –
солтүстік) табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының біршама
жылы және керісінше мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық конвергендену
белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара негізінен 48 – 60Ә оңтүстік ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын
алып жатқан Антарктиканың аумағы шамамен 52 млн. 2км
. Оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы
жауып жатқан Антарктида құрлығы мен оған жалғас жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік
Оркней, Оңтүстік Сандвичевтер, Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық
жағалауын шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының
антарктикалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ,
Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс
кезінде мұхиттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 50Ә оңтүстік
2
ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. кмболады. Бір жылдық мұздың қалыңдығы 1,5 – 2 м-ге жетеді, көп
жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика Арктикамен салыстырғанда табиғатының
қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан (89,2ӘС).

АНТЕННА

Антенна — радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша
antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигі Генрих Герц жариялаған
қарапайым электрлік вибратордыңтолқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше
қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор
түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе
жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды. Таратқыш антенна радиотаратқыштың
шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын
тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын
қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар:
таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз,
ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл
бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар,
саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлік стержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады.
Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы,
қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың 2-ге
м дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом
шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату
бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады. Сөйтіп, таралған
толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты
санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты
кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа
(изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына
кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер
коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу
диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де
бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда ( Т, Г әріптері тәрізді антенналар
қолданылады) толқындық
кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында
радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна,
сондай-ақ рама тәрізді антенна мен
симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық
антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға
арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше
ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады. Мұндай қашықтыққа
антенна ретінде орта және ұзын толқындарға арналған вибраторларға ұқсас симметриялы емес және
симметриялы тік вибраторлар пайдаланылады. Алыс қашықтықтағы байланыс (50 – 100 км және онан да
алыс) ионосферадан бір немесе бірнеше рет шағылысып, қайтқан радиотолқын арқылы жүзеге асады. Қысқа
толқынды алысқа таратқанда байланыс желілеріне БӘК-і жоғары антенна қолданылады. Мұндай антеннаға
симметриялы вибраторлардан тұратын жазық торлы синфазалық (бірнеше антенналардан тұратын жүйе)
антенна жатады. Тарату аясы кең болу үшін антенналар жерден 100 – 300 м және онан да биік діңгек немесе
мұнараға орнатылады. Қазақстандағы ең биік теледидарлық мұнара (теңіз деңгейінен 1000 м, мұнарасының
биіктігі 372 м) Алматыдағы Көктөбе беткейіне тұрғызылған. Теледидарлық хабар жеке үй шатырына немесе
биік сырықтарға бекітілетін симметриялық вибратор, «толқынды каналы», т.б. осы типтегі антенналар, ал көп
пәтерлі үйлерде жоғары жиілікті күшейткіш пен одан шығатын жоғары жиілік энергиясын теледидарларға
тарататын фидерлер жүйесінен тұратын ұжымдық антенналармен қабылданады. Аса жоғары жиілікті
толқындарда (дециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік) жұмыс жасайтын синфазалық антенналар
радиорелелі байланыс жүйесінде, радиолокацияда, ғарыштық байланыс желісінде, радиоастрономияда, т.б.
қолданылады. Жұмыс принципі жағынан синфазалық антенналар көп вибраторлы торға ұқсайды. Мұндай
антенналардың басқа антенналардан басты ерекшелігі – оларда дискретті таратқыш элементтер (вибраторлар)
болмайтындығы. Аса жоғары жиілікті диапазонда рупорлы антенна, линзалы антенна, қос айналы антенна,
саңылаулы антенна, сондай-ақ жүгірме толқынды антенна, спиральді антенна, «толқынды канал» типіндегі
антенна, диэлектрлік антенна, т.б. қолданылады. Антенналар техниканың сан-саласында (автомобильдерде,
ұшақтарда, ғарыш кемелерінде, қалта радиоқабылдағыштарында, радиотелефондарда, техникалық
модельдерде, т.б.) басты қызмет атқарады. Үлкен радиотелескоптардың (мысалы, РАТАН-600) антенналары
– алюминий айналары мен табақтары. Ондай антенналар арқылы алыс галактикалардан радиодабылдар
қабылданады.
АНТРОПОЛОГИЯ

Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін
жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше
arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ұғымы көне грек
дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін,
ішінара адам психологиясы мен этнография ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. 19
ғасырдың ортасынан, антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі
көзқарас қалыптасқан. Оның бірі – 18 ғасырдағы франция ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамның тән
құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу.
Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал 2-
көзқарас – адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру.
Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен
оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық
антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында
кеңінен қолданылатын әдістің бірі – антропометрия, яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін
өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық,
генетикалық,
иммунологиялық, т.б. әдістер депайдаланылады. Антропология ғылымына Поль Брока, Рудольф Мартин,
Луис Лики, Анатолий Богданов, Дмитрий Анучин, Виктор Бунак, Яков Рогинский, Валерий Алексеев, т.б.
ғалымдар ерекше үлес қосты.
Орыс ғалымы Николай Харузиннің «Бөкей ордасының қырғыздары» (1889) деген антропологиялық
очеркінде 400-ден астам қазақтың (ерлер ғана) морфологиялық бейнесіне (фенокейпіне) алғаш рет ғылыми
сипаттамалар берді. Қазақ халқының жалпы антропология типі еуропеоид және монғолоид тектес расалардың
қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. 20 ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған
палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтон халық екендігін толық дәлелдеді.
Ғылымда қазақтың антропология типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген
нәсілдік атау берілді.
Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо.
Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георг Дебец өңдеп,
1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары
антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші
топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар,
үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған. Тек, 1950 ж. ғана соңғы 2
топтың антропологиялық типі аралас екені, яғни өздерінше бөлек метистік топтарға жататындығы
анықталды. 1947 – 48 ж. КСРО ғалымдары Дебец, Михаил Левин, т. б. арнаулы антропологиялық
экспедициялар ұйымдастырып, қазақтар арасында кең зерттеулер жүргізді. Осының нәтижесінде
«Қазақстанның антропологиялық очеркі» жарыққа шықты. Онда қазақтың антропологиялық типінің
қалыптасуы қола дәуірде осы жерді мекендеген тайпалардан басталатындығы
көрсетілді. Гинзбург қазақ
жеріндегі ертедегітайпалардың антропологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән
морфологиялық ерекшеліктер біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 8 ғасырларда Қазақстанның солтүстік
аймақтарында қалыптасқанын анықтады. Қазақтың тұңғыш антропологі Оразақ Смағұлұлы 1960-жылдары
республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі
антропологиялық және этнографиялық мұражайына тапсырды. Ол ұзақ жылдар (1977 – 96) зерттеулер
жүргізіп, қазақ халқы жайлы (қола дәуірінен қазіргі кезең аралығын қамтитын) көлемді антропологиялық
деректер жинап, құнды еңбектер жариялап келеді. Ғалым антропометрия, одонтология, краниология, т.б.
әдістерді пайдаланып, қазіргі қазақ халқының арғы тегі қола дәуірінде Андрон мәдениеті қалыптасқан әрі
еуропеидтік әрі монголоидтық сипаты бар тайпалар болғандығын дәлелдеді.

АҢ

Аң — еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары. Қазақ халқы терісі үшін ауланатын орташа
сүтқоректілер (құндыз, суыр, күзен, бұлғын, кәмшат, сусар түлкі, қарсақ, т.б.) мен терісі, еті, мүйізі үшін
ауланатын жануарларды (қара құйрық, ақбөкен, елік, арқар, таутеке, құндыз кәмшат, марал, бұлан, т.б.) да аң
деп атаған. Қазақстанда кейін арнаулы аң өсіру фермалары құрылды. Онда аң өсірудің екі әдісі: торда және
жартылай еркіне жіберіп өсіру қолданылады. Күміс түсті қара түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын, қара күзен торда
өсіріледі. Ал жартылай еркіне жіберіп өсіруде аңның негізі тобы торда болады да, жаз бен күзде ересегі мен
жасы еркіне жіберіліп, бірге бағылады. Республикада дайындалған аң терілерінің 12 – 15%-ы жабайы
аңдардың, 82 – 85%-ы қолда өсірілетін аңдардың үлесіне тиеді.
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі. Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен
ежелгі
палеолит дәуірінен айналысқан. Мы
салы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында
36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі
сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне
салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы,
адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр
түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек
инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен
тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар
арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын
жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай
алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын
(ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен
ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына
қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар
мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау
мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен
аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың
құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін
зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін,
құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.

АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫ

Аңырақай шайқасы —біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысында
бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі (1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730). Болат ханның
бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар,
батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр
хан сайланған) жауға қарсы шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген
үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл
кезде қалмақ қонтайшысы Сыбан Раптан өліп, оның ұлы Қалдан Серен (Цэрен) билікке келді (1727). Үш жүз
жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды)
жиналды. Шайқас Балқаш көлі, Отар даласы, Шу өзені аралығындағы бедерлі жерлерде өткендігін бұл өңірде
жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Бұл қорымдар КСРО Бас штабының 1942 жылғы құпия
карталарында көрсетілген. Аңырақай аталатын да осы өңір. Шамамен көктемде басталып, жаз айларына
ұласқан (40 – 45 күн) майданда біртіндеп басым түсе бастаған қазақтар Итішпестің Алакөлі (Балқаштың
шығысындағы Алакөл емес) маңында ірі жеңіске жеткен. Балқаштан оңтүстікке қарай 120 км жердегі бұл көл
қазір Сорқұдық деп аталады. Көлдің ұзындығы – 10 – 12 км, ені – 2 км. Оның қасындағы шайқас өткен соғыс
алаңының ұзындығы – 30 – 35 км, ені – 20 км. Аңырақай шайқасына 30 – 35 мың қазақ, 35 – 40 мың жоңғар
әскері қатысты деген болжам бар. Орыс зерттеушілерінің деректеріне қарағанда 1723 – 25 жылдары қырғынға
көп ұшырап, жері жау қолында қалған Ұлы жүз 10 мың жасақ шығарған. Орта жүз жауынгерлерінің саны 15
мыңдай болған. Адамдары көбірек сақталған Кіші жүз жер шалғайлығынан 10 – 15 мыңдай әскермен келді
деп топшылауға болады. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр
жүзеге асырды. Аңырақай шайқасында алғашқыда позициялық, күштерді барлау соғысы болды. Екі жақ та
өңірдің таулы, жыралы бедерлерін өз мақсаттарына ұтымды пайдаланып, жауын аз шығынмен көп қыруға
тырысып бақты. Қалмақ жағының қару-жарағы басым еді. Мылтықпен бірге өздерінде құйылған, Ресейден
сатып алынған әртүрлі қашықтыққа атқылайтын зеңбіректері де болды. Қазақтар бұл кезде зеңбірекке қарсы
ұрыс тәсілдерін меңгергендігін байқатты. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті.
Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, бұл қолдың құрамындағы Дулат тайпасының әр руының қолын:
сиқым Қарабатыр, жаныс Өтеген, ботбай Сәмен, шымыр Қойгелді, ошақты Саңырық, ысты – Төлек,
шапырашты – Қазыбек бек, албан Хангелді батырлар бастады. Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ
Жәнібек, керей Жәнібек, қыпшақ Тілеулі, қаракерей Қабанбай, абақ керей Жауғашар (Шақантай), Кіші жүз
қолын тама Есет, шекті Тайлақ, т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке
жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Кейбір деректерде болашақ ұлы хан шамамен 17 – 20 жасар
Әбілмансұрдің (Абылайдың) жауға «Абылайлап» шапқаны осы шайқас деп көрсетіледі, сіргелі Елшібек
батырдың өз тобымен жау зеңбіректерін жарып жібергендігі айтылады. Бұл соғыста көптеген атақты
батырлар – шымыр Ақша, күнту Барлыбай, сиқым Қарабатыр, т.б. шейіт болды. Итішпестің Алакөлі
маңындағы соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса
алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Бірақ қазақтар бұл жеңісті одан әрі дамыта алмады. Оған
шайқастың соңғы жағында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі
келтірді. Болат ханның інісі Сәмеке (Шахмұхамед) ұлы хандыққа сайланбады. Көпшілік Болат ханның баласы
Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз
арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолының көбісін Сәмеке хан соңынан ертіп солтүстікке бет алды. Бірақ
Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Бұл жеңіс
Орта Азиядағы саяси ахуалды күрт өзгертіп, етектен тартқандар енді қазақ елімен санаса бастады. Аңырақай
жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

АРА БАЛЫ

Ара балы, б а л – жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі,
қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал – тек
өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы,
т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды
табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың
химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың
түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы,
ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал –қуаты жоғары тамақтық
азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б.
тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке
ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде
пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5ӘС-тан 10ӘС-қа дейінгі температурада сақтайды.

АРАБ ӨРКЕНИЕТІ

Араб өркениеті— ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа
да халықтар өркениеті. Ғылымда «араб мәдениеті» деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта
Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны
басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып,
қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған.
Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб
өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының
дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған
Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың
уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы
бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка,
Ирак, Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді.
Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін
бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ
халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және
дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты. Арабтардың астрономия саласындағы
еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары,
ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы
да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады.
Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын
тапты. Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 – 929) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді
шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты. Медицина ғылымына, оның
ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен
жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына
жағдай жасады. Алхимия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу
тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы
Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан
Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды.
Араб өркениетінің дәуірлеген шағы 8 – 11 ғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу
өнерінде көрінді. Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты
өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым
салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы, Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль
фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (8 ғасыр),
тұрмыс-салт тақырыбында
әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық
үлгілеріне жатады. Батыста (Алжир, Испания, Марокко, Тунис) Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде
тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы.
Азиядан тыс жерде араб өрикениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте күні бүгінге
дейін сақталған ибн Тулун (876 – 879 ж.), әл-Әзхар (970 – 972), әл-Хаким (990 – 1013 ж.) мешіттерінің
жобалық үлгісі, әшекей-нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін
таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған. Ал 15
ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60
мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар,
моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка
өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың
музыка ғылымы да жақсы дамыды. 11 ғасырдың ақырына таман халифа
ттың ыдырауы, салжұқтардың
жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, 13 ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, 16 ғасырдың
басындағы түрік жаугершілігі, 19 – 20 ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб өркениетінің дамуын күрт бөгеді.
Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб өркениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік
өшпес ізін қалдырды.

АРАЛ
Арал — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын
келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және
өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн.2-ге
км тең немесе Еуропа
2
құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн.). км
Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған еді.

АРАЛ ТЕҢІЗІ

Арал теңізі — Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының
шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік
әрекеттерге дейін (1960 – 70) дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі
2 3
айдынының ауданы 66,1 мың км (аралдарымен қоса), суының көлемі 1064 км, орташа тереңдігі 16,1 м (ең
терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жиналатын алабының ауданы 690002 болған.
км
Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге (1997)
төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» деп
есептесе, Александр Македонский кезінде Окс теңізі (Окс – Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін
Птолемей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм теңізі, Женд теңізі, Кердері теңізі
сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед Ибн Русте Әбу Исхақ әл-Истархи Әбу Абдаллаһ
Мұхаммед әл-Идриси, Әбу-л-Фида (14 ғасыр), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында Арал теңізі туралы деректер
кездеседі. Теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу
кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші Алексей Бутаковтың экспедициясы
Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы
жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) Иван Стрельбицкий анықтады.
1874 ж. геодезист Алексей Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік-батыс жағасына қада орнатты. Теңіз
суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 03 ж. теңіздегі
және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Лев Бергтің басшылығымен
жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
шұғылданды. Қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелері Арал теңізін
зерттеу мәселесімен айналысты. Бірнеше халықаралық қоғамдар, ұйымдар құрылған.
Арал ойысы (жоғарғы плиоценде) жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан.
Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңдігі 20 – 25 м,
2
Арал теңізінде жалпы ауданы шамамен 2235 км(айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін
олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барсакелмес,
Возрождение (бұрын бұл аралда КСРО-ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған). Солтүстігінде
биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. Олар терең шығанақтармен тілімденген; шығыс жағасы
жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңтүстік жағасы
Әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биіктігі 250 м-ге
жететін Үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады. Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария
мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, құрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 – 26ӘС, қыста
-7,0 – 13,5ӘС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері шамамен 100 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су
теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлшері 5,93, км
өзен ағындысы 54,8 км3, көл
3
бетінен буланған ылғал 60,7 км . 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан,
булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді.
Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін
жеткен. Соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көп жылдық ауытқу көрсеткіші тек
төменге бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 – 30ӘС, қыста 0ӘС-тан төмен. Қыс
бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 – 14‰ болатын, соңғы
жылдары (1988 – 98) 25 – 30‰-ға дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді.
Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. Арал теңізінде балықтан арал шоқыры, сазан,
қаяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме
байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі
кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Маңызды айлақтары мен негізгі экономикалық қалалары бұрын Арал
(Кіші Аралда) және құрлықта қалған Мойнақ (Үлкен Аралда) қалалары болған. Арал теңізінің жағалауында
халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс-бақша өсірумен
айналысады. Арал балық аулау ауданына Арал теңізіне құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өңдеу
(тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс
жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау
тұсы Арал теңізі аталып (аралдардың өте көп болуы себепті), кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Арал апаты – Арал теңізінің тартылуына байланысты Орта Азия мен Қазақстанның үлкен аймағындағы
адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық, әлеуметтік-
экономикалық үлкен апат. Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін
кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай, Шардара, Сарықамыс сияқты көптеген жасанды су қоймаларының пайда
болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты. Ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында
9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 45ӘС-қа шейін, 1985), қысы суық (47ӘС-қа шейін, 1986)
болатын жылдар мен күндер көбейді. Өзен жағалауындағы суармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш)
және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып, теңіз түбіне 1 млрд. т-дан астам
улы шөгінділерді әкелді. Сөйтіп су тұздылығының артуы (1 литрде 35 мг, 1996) нәтижесінде су түбіне шөккен
тұз шөгінділері пайда болды. Көлемі 4 млн. гектарға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл
сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. т) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен
егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа,
алабұға, т.б.) құрып кетті. Осыған орай, теңіз жағалауындағы балық зауыттары, ауыл кеме көлігі
кәсіпорындары, мал, егін, балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар, Барсакелмес аралындағы
хайуанаттар қорығы, Возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. Арал апаты
аймағынан жүздеген мың
адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен
400 км-ге дейін созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. Бұрын теңіз маңында
мекендеген су құстары түгелге жуық, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері
(итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. Арал апаты сол өңірдегі 60 мыңға жуық
тұрғынының денсаулығына зиянды әсерін тигізді.

АРАСАН

Арасан, ш и п а л ы с у – емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері. Ол суының


температурасына қарай: жылы немесе субтермальді Арасан (20 – 37ӘС), термальді Арасан (37 – 42ӘС),
ыстық немесе гипертермальді Арасан (42ӘС-тан жоғары) болып бөлінеді. Су жер қыртысының тереңіндегі
жоғары температуралы тау жыныстарының арасынан өткен кезде ысып, тектоникалық жарықтар арқылы жер
бетіне шығады. Арасан сулары негізінен жанартаулы жерлерде, артезиан алаптарында және тектоникалық
қозғалмалы аймақтарда пайда болады. Арасан сулары химиялық құрамына және шипалы қасиеттеріне қарай:
көмір қышқыл газды, күкірт сутекті, құрамында темір, мышьяк, марганец, мыс, алюминий, органикалық
заттар болатын сулар, бромды, иодты, радонды және кремнийлі сулар болып бірнеше топқа бөлінеді.
Құрамында тұздар ерітіндісі аздау болатын арасан сулары асқазан ауруларын емдеуге, ішуге (Сарыағаш,
Аяққалқан, Құрам, т.б. минералды сулар), ал тұз ерітіндісі көп сулар сүйек, буын, жүйке жүйесі мен қан
тамырлары сырқаттарын (Алмаарасан, Арасанқапал, Жаркентарасан, т.б. минералды сулары) емдеуге
пайдаланылады. Қазақстанның арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы
сулардан (Нарзан, Боржоми, Ессентуки, т.б.) кем түспейді. «Арасан» (монғолша аршан – бұлақ) термині
Кавказдан Қиыр Шығысқа, Сібірден Тибетке дейінгі халықтар тілінде жиі кездеседі. Шипалы суға
байланысты жер-су, елді мекен, емдеу орындарының атауларын білдіретін бұл термин түрлі өзгерістерге
ұшыраған: аршан, арашан, арасан, нарзан, назрань, арзни, т.б.
АРБА

Арба — ертеде әскери көлікретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша
жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдала
нуға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі
рәсімдер атқаруға, спорт жарыстары
на қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы
орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр
қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-
мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі
мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери
арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы
және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери
арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы
әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды.
Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде
дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып
айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс.
Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды. Жеңіл
арбаларға (күймелердің әуелгі түрі) парлап ат жекті, ал жүк арбаларына мойынтұрықты қос өгіз жегілді.
568 ж. Батыс түрік қағанатының билеушісі Дизабул Истеми қағанның қабылдауында болған Византия
елшісі Земарх, қағанның ою-өрнектермен безендіріліп, жібек маталармен әсемделген шатыр ішінде,
доңғалақты биік тақта отырғанын жазады. Бұл қағанның көші-қонда, жорықта қолданатын тақ орнатылған
күймелі арбасы болса керек. Күйме – арба үстіне ағаштан қиып жасаған, ішін киізбен қаптаған терезелі,
доңғалақты әрі көлік, әрі үй. Оған екі не бірнеше ат жегеді. Арбаның ағаштан қиып жасаған әр түрлі күймесі
болады. Күймені ішінен киізбен не басқа нәрсемен қаптап қояды. Күйменің ішінде ұйықтауға да, тамақ ішуге
де, жазуға да болады.
Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүксутаүшін доңғалақтарыныңдиаметрі
2 м-ге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Сол
«қоқан арбалардың» бірі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы мұражай-үйде тұр. Жеңіл арбалар негізінен
жол жүруге арналады. Арба түрлері шаруашылық, тұрмыс қажеттіліктеріне байланысты үнемі жетілдіріліп
отырған. Қазіргі кезде де жер-жерде жеміс, көкөніс, сүт, жұмыртқа, т.б. азық-түлік өнімдерін тасу үшін
пневматикалық шиналармен, шарикті подшипниктермен жабдықталған қос доңғалақты, төрт доңғалақты жүк
арбалары қолданылады.
АРГЕНТИНА

Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан


мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. 2км
. Халқы – 39 млн. адам, мемлекеттік тілі – испан
тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық
округке бөлінеді.
Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауына (ең биік
тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті
(2000 м) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам,
уран кентастары өндіріледі. Аргентина тропиктік, субтропиктік және шөлейтті климаттық белдеуде
орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы 9 – 20 ӘС, шілдеде 23 – 30 ӘС, жылдық жауын-шашын
мөлшері 250 – 900 мм. Суы мол Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдердің көбі осы
өзендердің алабында және Патагонияда орналасқан. Жерінің бестен бірі тропиктік орман.
Ерте заманда Аргентина жерінде үндіс тайпалары қоныстанған. Солтүстік-шығыс пен орталықта
гуарани,
тапес, чарруа, керанда, солтүстік-ба
тыста диагиттер, оңтүстікте араукандар, патагондар тұрған. Диагит
тайпалары отырықшы тұрмыс құрып, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқуды, түсті металл қорытуды кәсіп
етті. Бұлардан басқалары негізінен көшпелі үндістер болды. 1516 ж. испан теңізшісі Хуан Диас де Солис Рио-
дела-Плата өзені сағасының төңірегін Испания жері деп жариялады. Осы күнгі Аргентина жерін отарлау 15
ғасырдың 30-жылдарынан кейін күшейе түсті. Отаршылдар үндістерді қырып-жойып, көпшілігін құлға
айналдырды. Испандар бағындыра алмаған тайпалар құнарлы жерлерінен тықсырылып, оңтүстіктегі суық
өңірлерге қарай ығысты. 1620 ж. жаулап алынып, Ла-Плата деген ат қойылған аймақ Перу вице-корольдігіне
қосылды. Отарлаушылар ірі жер иеліктерін құрып, жұмыс қолы жетіспеген соң Африкадан зәңгі-құлдар әкеле
бастады. Осы күнгі Аргентина, Боливия, Парагвай мен Уругвай кіретін аймақ 1766 ж. Ла-Плата вице-
корольдігі болып бөлінді. 19 ғасырдың басында Испанияның отарлық үстемдігі әлсіреп, енді бұл өңірге
ағылшындар көз тіге бастады. Алайда жергілікті халық жасақтары 1806 – 07 ж. ағылшындардың екі дүркін
шабуылын тойтарып, 1810 ж. Ла-Платаның уақытша үкіметін құрды. Үкімет тәуелсіздік жолындағы күресті
күшейтті. 1816 ж. 9 шілдеде Оңтүстік Американың біріккен провинциялары
(осы күнгі Аргентина) өз
тәуелсіздігін жариялады. 1826 ж. Аргентина Федеративтік Республикасы болып қайта құрылды.
19 ғасырдың 2-жартысында Еуропадан қоныс аударушылар лек-легімен ағылып, елдің халқы тез көбейді,
экономика жедел өркендеді. 20 ғасырдың басында еуропалықтардан құралған аргентина ұлтының қалыптасу
процесі аяқталды. Отаршылдар қырғынынан аман қалған аз ғана үндістер елдің қиыр оңтүстігі мен
солтүстігін мекендеуге мәжбүр болды.
20 ғасырдың 30-жылдарынан басталған әскери төңкерістер 1983 жылға дейін толастамай, Аргентина
жарты ғасырдан астам уақыт әскери адамдардың билігінде болды (1955 – 58); 1966 – 73; 1976 – 83). Соңғы
әскери режим билігі кезіндегі елдегі жағдай әсіресе 1982 ж. сәуір – маусым айларында Англия мен Аргентина
арасындағы әскери жанжал кезінде шиеленісе түсті. Бұл соғыста Аргентина жеңіліс тауып
, Фолкленд
(Мальвин) аралдарында (Оңтүстік Атлантика) Ұлыбританияның үстемдігі орнады. 1983 ж. елде
демократиялық өкімет қайта орнап, құқық билігі үстемдік алды. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына,
Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше.
1993 ж. 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Аргентина – аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі.
Экономикасының дамыған саласы – ауыл шаруашылығы. Басты бағыты – астық және мақта егу, етті мал
өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен
Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға
бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі. Өнеркәсібінің басты салалары –
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс
майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен.
Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады.
Басты өнеркәсіп орталығы – Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2%-ы су жолымен (басты
порттары – Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5%-ы автомобильмен, 20,6%-ы темір жолмен, 12,7%-ы құбыр
арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері – АҚШ, Бразилия, Германия.

АРИЙЛЕР

Арийлер — ежелгі тайпа. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды


мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгіиран) және үнді Карий (ежелгі үнді) тайпала
рымен байланысты
айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақдаласындағы
Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы – «арья». Біздің заманымыздан
бұрынғы 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар
оңтүстік-шығысқа қарай бет алып, Солтүстік Үндістанға, Иран мен Месопатамия жеріне барып тоқтады. Үнді
Карилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін
қалдырған. Арийлер көшпелі тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды
пайдаланды. Арбаға жегу үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен, металл өндіріп, әр түрлі тұрмыс
құралдарын, қару-жарақтар соққан. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу әрі даңқын асыру үшін
көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырды.
Ұлы қоныс аудару кезеңінде арийлердің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары біздің
заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі – сақ, сармат, скифтерге
араласып, сіңісіп кетті. Арийлер өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым
күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын
тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында
туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы – Заратуштра пайғамбар,
ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады.

АРИСТОТЕЛЬ

Аристотель — көне грек философы, энциклопедиялық еңбектердің авторы. Ол біздің заманымыздан


бұрынғы 384 – 322 ж. өмір сүрген. Аристотель 367 – 347 ж. Платон Академиясында білім алып, кейін осында
оқытушылық қызмет атқарған. 347 – 334 жылдары ел аралап, Кіші Азияда, т.б. елдерде болады. 343 – 340 ж.
13 жасар Александр Македонскийді тәрбиелейді. Афинаға қайта оралған соң, 334 – 323 ж. философиялық
мектептің (ликей) негізін салады. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Аристотель шәкірттерін серуендетіп
жүріп, дәріс беретін болған. Соған байланысты бұл мектеп гректің perіpatetіkos, яғни серуендей жүріп
орындау мәніндегі сөзіне сәйкес «перипатетикалық мектеп» деп аталады. Аристотель еңбектері көзі тірісінде
реттеліп жинақталмаған. Сондықтан оның шығармалары туралы ғылымда талас әлі тоқтаған жоқ. Аристотель
Платон дүниеден қайтқанға дейін оның шәкірті, ізін қуушы бола тұрып ұстазының идеялар туралы іліміне
сын айтады. Осы тұжырымды негізге алып, Мәскеу философия институтының ұжымы «Философиялық мұра»
топтамасымен Аристотельдің төрт томдық шығармаларын («Мысль» баспасы, 1981 – 1983) жарыққа
шығарды. 1-томға Аристотельдің екі еңбегі енген: «Метафизика» және «Жан туралы». Құрылымы жағынан
«Метафизика» дербес он төрт кітаптан тұрады. «Метафизикасында» Аристотель Платонның негізгі ілімі –
идеялар туралы тұжырымын сынға алады. 1-томға енген екінші жұмыс «Жан туралы». Бұл – психология
ғылымының бастауы болған тұңғыш еңбек. Аристотельдің айтуынша, жан – тәннің өмір сүру себебі және
негізі. Оның жан туралы айтқан көптеген пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған жоқ. 2-томға
Аристотельдің «Ұғымдар, «Герменевтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топика» және «Софизмдік
(грекше ойдан шығарылған деген ұғымды білдіреді) терістеулер туралы» еңбектері енген. Бұл еңбектерде
Аристотель жаңа білім саласы логиканың негізін салған. 3-том «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және
жойылу», «Метеорологика» деген еңбектерінен тұрады. Бұл еңбектер жаратылыстың басталуын зерттеуге,
яғни қазіргі физика, астрономия, химия, метеорология және геология ғылымдарына негіз болып қаланды. 4-
томға «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика», «Саясат», «Поэтика» деген еңбектері енген. Алғашқы екі
шығармада мораль мәселелері қарастырылады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Никомах (баласы)
Аристотель дүниеден өткен соң, оның мұрасын жинап кітап етеді. Содан ол кітап «Никомахтың этикасы» деп
аталып кеткен. Жалпы этика Аристотельдің білімдер жіктеу жүйесінде көрнекті орын алған. Ол ғылымдарды
үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық ғылым. Біріншісіне философия,
математика және физиканы, екіншісіне – этика мен саясатты, ал үшіншісіне – өнер, қолөнер және тұрмысқа
тікелей қатысты ғылым түрлерін жатқызды. «Саясат» деген еңбегінде мемлекет мәселелеріне тоқталған. Ол
мемлекеттік құрылымның алты түрін атап, оларды екі топқа бөледі. Алғашқы үшеуін дұрыс, үшеуін қате
құрылым ретінде көрсетеді. Аристотель «Поэтикасы» – қазіргі заманғы өнертану мен әдебиет тануға негіз
болып қаланған шығарма. Аристотель ілімін жүйелеп, түсіндіру ісінде араб философтары әл-Кинди мен ибн-
Рушд, түрік ойшылы Әбу Наср әл-
Фараби, парсылық ибн-Сина еңбектері ерекше рөл
атқарады. «Шығыс
перипатетиктері» аталған бұл ойшылдар Аристотельдің барлық шығармаларына терең талдаулар жасады.
Осы қызметі үшін әл-Фараби кезінде «Екінші ұстаз» атанған. Қазақтың тарихи қиссаларында, дастандарында,
ақындар шығармаларында Аристотель есімі жиі кездеседі. Абай қара сөзінде Аристотельге – «хаким» деп аса
құрмет білдірген. Аристотель шығармаларын Батыс Еуропаға кеңінен таныстырған ибн-Рушд. Одан әріде
католик ойшылы Фома Аквинат Аристотельді христиан ойшылы ретінде дәлелдеуге көп еңбек еткен.

АРИФМЕТИКА

Арифметика — сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше
arіthmetіke, arіthmos – сан). Алғашқыда санау мен өлшеудің (мысалы, қашықтықты, уақытты, ауданды, т.б.
өлшеу) қажеттілігінен туған. Ежелгі мәдениет белгісі болған Мысыр мен Вавилонда дербес ғылым болып
қалыптасқан. Қазіргі араб цифрлары деп аталып жүрген цифрлар мен ондық санау жүйесі Үндістанда
шыққан. Біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 4 ғасырларда грек ғалымдары Пифагор, Евдокс (біздің
заманымыздан бұрынғы 408 – 355), Евклид, Эратосфен (біздің заманымыздан бұрынғы 276 – 194), Архимед,
т.б. арифметика мәселелерін терең зерттеген. 7 – 15 ғасырларда арифметика амалдарын жетілдіруде Шығыс
ғалымдары да қомақты үлес қосты. Әл-Хорезмидің «Үнді есебі» атты еңбегі қазіргі бастауыш кластағы
математикаға ұқсас. 15 – 17 ғасырларда Еуропа ғалымдары зіргі
қа қолданылып жүрген арифметикалық
белгілеулер мен таңбаларды қалыптастырды, теориялық арифметиканы одан әрі дамытты. Ресейде Леонтий
Магницкийдің «Арифметика» атты тұңғыш оқулығы 1703 ж. басылып шықты. 18 ғасырда Леонард Эйлердің
және оның шәкірттерінің (Семен Котельников, Степан Румовский) еңбектерінде арифметика қазіргі түрге
келді. 19 ғасырдан бастап арифметиканы аксиомалық түрде құру зерттелді (Готфрид Лейбниц, Герман
Грассман). 1866 ж. Ресейде шыққан «Арифметика оқулығы» мен «Арифметика есептерінің жинағы» 1917
жылға дейін қолданылып келді. Ал Андрей Киселевтің 1884 ж. шыққан «Арифметикасы» кеңес
мектептерінде пайдаланылды. Қазақ тіліндегі арифметика
оқулықтары 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап
шыға бастады. Бірыңғай бағдарлама мен тұрақты оқулықтарға көшуге байланысты, 1933 жылдан бастап,
қазақ мектептерінде аударма оқулықтар қолданылатын болды. Тек 1996 жылдан бастап, Қазақстанда
арифметикадан жаңа оқулықтар жасау ісі қолға алынды.
Алгебра – математиканың алгебралық шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі
бөлімдерінің бірі. Алгебра (арабша әл-джәбр) атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-
Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-
джәбр уә-л-муқабәлә» атты еңбегінен бастау алады. Ал Омар Һайям 3-дәрежелі теңдеулерді зерттеуді
жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер
математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу
нәтижесінде алгебра одан әрі дамыды. 17 ғасыр ортасында қазіргі алгебрада қолданылатын таңбалар, әріптер
толық орнықты, ал 18 ғасырдың басында алгебра математиканың жеке бөлімі ретінде қалыптасты. 17 – 18
ғасырларда теңдеулердің жалпы теориясы (көпмүшелер алгебрасы) шапшаң қарқынмен дамыды. Оған сол
кездегі аса ірі ғалымдар – француз ғалымы Рене Декарт, ағылшын ғалымы Исаак Ньютон, француз
ғалымдары Жан Даламбер мен Жозеф Лагранж үлкен үлес қосты. Неміс математигі Карл Гаусс кез келген
n
дәрежелі алгебралық теңдеудің нақты не жорымал
n түбірі болатындығын анықтаған. 19 ғасырдың басында
норвег математигі Нильс Абель және француз математигі Эварист Галуа дәрежесі 4-тен жоғары болатын
теңдеулердің шешімін алгебралық амалдар көмегімен теңдеудің коэффициенті арқылы өрнектеуге
болмайтындығын дәлелдеген. Теңдеулердің радикалда шешілуінің шарттары туралы мәселенің түбегейлі
шешімін Галуа берді. Норвег математигі Софус Ли зерттеулері үзіліссіз топтар теориясына жол ашты.
Ағылшын ғалымы Уильям Гамильтон мен неміс математигі Герман .Грассман еңбектерінен гиперкомплекс
жүйелер теориясы (алгебралар теориясы) бастау алды. 20 ғасырда алгебраның өрістер теориясы, сақиналар
теориясы мен топтардың жалпы теориясы, топологиялық алгебра мен құрылымдар теориясы, 1940 – 50
жылдары жартытоптар мен квазитоптар теориясы, әмбебап алгебралар теориясы, категориялар теориясы
сияқты жаңа бөлімдері пайда болды.

АРКТИКА
Арктика — Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік мұзды мұхитты
аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Грек тілінде arktіkos солтүстік
деген мағынаны білдіреді. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды.
Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск,
Архангельск, Түмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха (Якутия) Республикасы, Магадан облысының
солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфауленд аймақтары, АҚШ-тың Аляска
түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді.
Аралдардың солтүстігін арктикалық шөлдер, оңтүстігі мен құрлық жағалауларын тундра белдемі алып жатыр.
Арктикада тұрғын халық сирек орналасқан.
Арктика негізінен ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан қатпарлы құрылымдардан
(палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Үштік дәуірде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде
Солтүстік мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік дәуірде жанартаулық және
мұздану процестері жүрген.
Арктиканың еуразиялық бөлігінде ойпатты жазықтар көп ұшырасады. Таулы бөліктері Бырранга, Орал
тауының солтүстігінен тұрады. Америкалық бөлігінде аласа төбелі таулы үстірттер (200 – 400 м) мол.
Арктикадағы барлық аралдар құрлықтық типке жатады және олардағы жер бедері таулы болып келеді.
Арктиканың ең биік бөлігі – Гренландия ауданының шығысындағы Гуньберн тауы (3700 м), судағы ең терең
жері 5220 м, ең ірі су асты жотасы – Канада – Сібір және Гренландия – Еуропа қазаншұңқырлары
аралығындағы Ломоносов жотасы. Кен байлықтарынан тас және қоңыр көмір, лигнит, ас тұзы, түсті және
сирек металдар, сонымен қатар оптикалық шикізат кездеседі. Климатының негізгі ерекшелігі – жыл бойы
төмен температураның басым болуы. Қаңтар айының температурасы Атлант маңы секторының оңтүстігінде –
30С, орталық бөлігінде –40ӘС, шілдеде оңтүстікте 10ӘС, орталығында 0ӘС. Жаз бен күзде циклондық әрекет
байқалады. Оңтүстігінде күшті желдер (жылдамдығы 15 м/с) жиі соғады. Ауаның ылғалдылығы төмен,
жауын-шашын төменгі ендіктерден келетін ауа массасының ықпалынан жауады: Оның жылына орталық
бөлікте 75 – 100 мм, оңтүстігінде 300 – 400 мм шамасында қар күйінде ылғал түседі. Күндерін көбіне тұман
басып, бұлт торлап тұрады. Құрлықтың бөлігін көптеген өзендер кесіп өтеді. Олар 8 – 10 ай бойы қатып
жатады. Ірі өзендері: Лена, Индигирка, Маккензи. Тундра белдемінде көлдер көп. Ірісі – Таймыр көлі. Қатаң
климат әсерінен мұхит суларының температурасы төмен болып келеді. Жоғарғы қабаттың (100 – 250 м-ге
дейін) температурасы жыл бойы –10ӘС. Суының тұздылығы 30‰. Арктиканың сулы бөлігінің көпшілігін
жыл бойы қалқыма мұздар жабады (қыста 11 млн. 2км
, жазда 8 млн. км2). Мұздың қалыңдығы 0,8 – 25 м-ге
жетеді. Арктика аралдарының көпшілігін жалпы ауданы 2 млн. 2 км
болатын қалың мұздықтар жапқан.
Өсімдіктер аз. Солтүстігінде қына, оңтүстігінде ярусты өсімдіктер өседі. Планктонның түрлері күшті
дамыған. Жануарлардан ірі сүтқоректілер (ақ аю, морж, итбалық), құстар (мамыққаз, үйректер) мекендейді.
Балықтарының (майшабақ, пикша, табан) кәсіптік маңызы зор. Арктиканы игеруде Солтүстік теңіз жолы
үлкен рөл атқарады.

АРҚАР

Арқар — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң. Қазақстанның таулы
жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін)
мекендейді. Республикада арқардың 5 түрі: Алтай арқары, Қызылқұм арқары, Қазақстан арқары, Тянь-Шань
арқары, Қаратау арқары кездеседі. Дене тұрқы 160 – 168 см, шоқтығының биіктігі 105 – 112 см, салмағы 200
кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр
түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне көгалды шоқылардың арасындағы
далалы өңірде жайылады. Қыста, салқын түсе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік
белдеуіне қарай қоныс аударады. Бұл мезгілде олар 10 – 15-тен топтанып жүреді. Негізінен көде, бидайық,
қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста
күндіз шығады. Арқар 2,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы
көбіне жалқы қозы табады. Арқар табиғи жағдайда 12 – 14 жыл жасайды. Арқар – биік тауларда тіршілік
етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды
будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп
шығарылды. Арқар – бағалы кәсіптік аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған.

АРМЕНИЯ

Армения, А р м е н и я р е с п у б л и к а с ы– Кавказ тауларының оңтүстігінде орналасқан мемлекет.


Негізгі заңы – 1995 ж. 5 маусымда қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң
шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жоғарғы атқарушы органы – Министрлер Кеңесі. Армения солтүстік-
батысында Грузия, шығыс, солтүстік-шығысында Әзербайжан, оңтүстігінде Түркия, Иран мемлекеттерімен
2
шектеседі. Жерінің аумағы 29,8 мың км , халқы 3 млн. (2007), астанасы – Ереван. Халқының 93%-дан астамы
армяндар.
Армения Армян таулы қыратының солтүстік-шығысындағы жанартаулық үстіртті алып жатыр. Ең биік
жері – Арагац тауы (4090 м). Оның оңтүстік беткейінде әйгілі Бюрокан астрофизикалық обсерваториясы
(расытханасы) орналасқан. Кен байлықтарынан мыс, молибден, алтын, темір кентасы, нефелин сиениті;
құрылыс материалдарынан: туф, мәрмәр көптеп кездеседі. Климаты негізінен континенттік субтропикалық
құрғақ типке жатады. Жазық тау етектерінде қаңтардағы орташа температурасы 5ӘС, шілдеде 25 ӘС.
Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 мм. Негізгі өзендері – Аракс пен Кура және олардың салалары
Ахурен, Касах, Раздан, Дебед. Көлдердің жалпы саны 100-ден асады, олардың ең ірісі – Севан көлі.
Армения жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың ортасына дейін құл иеленуші Урарту
мемлекеті болды. Ол құлағаннан кейін Армения Парсы елі аумағында құрылған Ахемен мемлекетінің
құрамына кірді. Александр Македонский парсы мемлекетін жеңгеннен кейін армян жерін өз империясына
қаратты. Біздің зам анымыздан бұрынғы 4 ғасырдың ақырындаОңтүстік-Батыс Армения (Софена) мен
Оңтүстік Армения тәуелді мемлекет ретінде Селевки мемлекетінің құрамында болды. Біздің заманымыздан
бұрынғы 3 ғасырдың басында Ұлы Армения мемлекеті құрылды. Тигран ІІ (95-56) тұсында Армения күшейіп,
негізгі армян жерлері түгел біріктірілді. Осы кезеңде Армавир, Арташат, Тигранакерт секілді ірі-ірі қалалар
пайда болды. Оларда металл өнеркәсібі, құмыра өндірісі, тас пен ағаш ою, тоқыма, зергерлік өнері, былғары
өңдеу, құрылыс салалары едәуір дамыды. Мәдениет біршама ілгеріледі. 301 ж. христиан діні Ұлы
Арменияның ресми діні деп жарияланды. Алайда аймақтық бытыраңқылықтың күшеюі салдарынан мемлекет
ыдырай бастады. Оның үстіне біздің заманымыздың 1 ғасырынан басталған Рим мен Парсы елі арасындағы
талас-тартыс Армения экономикасын күшейтті. Ақырында (387 ж.) Армения олардың бөлісіне түсіп, негізгі
бөлігі Парсы еліне тәуелді болды. 7 ғасырдың ортасында армян жеріне араб әскерлері басып кірді. Жергілікті
халықтың ұзақ жылдарға созылған қарсылығы басылғаннан кейін, 8 ғасырдың басында Армения Араб
халифатының құрамында болды. 9 ғасырдың ақырында ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде Баграти әулеті
басқарған Армян патшалығы құрылды. Экономика мен мәдениет біршама өркендей бастады. Бірақ ішкі
аймақаралық алауыздықтар нәтижесінде Армян мемлекеті тағы да ыдыраушылыққа ұшырады. Олар 11
ғасырда салжұқтардың, 13 ғасырда монғолдардың шапқыншылығына душар болды. Осыдан былай армян
халқының дербестігі мүлдем жойылды. 14 ғасырдың ортасынан бастап Армения Алтын Орда хандары
арасындағы қантөгіс, қақтығыстар майданына айналды. Әсіресе, Тоқтамыс пен Әмір Темір жорықтары
кезінде Армения қатты күйзеліске ұшырады. 16 — 18 ғасырларда қайтадан Армения үшін Түркия мен Иран
арасында соғыстар болып, нәтижесінде оның батысы Түркияға, шығысы Иранға қарады. Шығыс Грузияны
өзіне қосып алған Ресей енді Арменияны қосып алу үшін Иранға қарсы соғыстарын бастады. 1828 жылғы
орыс-иран соғысынан кейін Эриван, Нахичеван хандықтары Ресейге қосылды. 19 ғасырдың 2-жартысында
Ресей Түркияның қол астындағы армян жерлерін тартып алу үшін Түркияға қарсы соғыс ашты. Кезекті орыс-
түрік соғысынан (1877 – 78) кейін Батыс Арменияның бірқатар жері Ресейдің меншігіне айналды.
1918 ж. Түркия Шығыс Арменияның бір бөлігін өздеріне қаратты. Сол жылы олардың орнын ағылшындар
басты. 1920 ж. халық үкіметке қарсы жаппай көтеріліске шықты, бірақ ол тез басылып қалды. 1920 ж. Түркия
әскерлері Шығыс Арменияға қайта кіріп, Эриванға қатер төндірді. 1920 ж. 20 қарашада Шығыс Арменияда
Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, Армян КСР-і құрылды. 1922 ж. наурыз айында Армения Закавказье
Федерациясының құрамында Кеңес Одағына кірді. 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды.
КСРО тарағаннан кейін 1991 ж. 21 қыркүйекте референдум өткізіліп, 25 қыркүйекте республика Жоғарғы
Кеңесі «Арменияның егеменділігі туралы Декларация» қабылдады. Ұлттық мейрамы 21 қыркүйек –
тәуелсіздік жөніндегі референдум өткізген күн. 1995 ж. жаңа әкімшілік басқару жөнінде заң қабылданып, осы
заңға сәйкес губернаторлар басқаратын 11 облыс (мазр) құрылды. 1993 ж. қазанда Қазақстан Республикасы
мен Армения Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың негізі жөніндегі шартқа қол қойылды.
Армения – индустриялы-аграрлы мемлекет. Жерінде химиялық құрамы жағынан әр түрлі минералды
сулардың («Джермук», «Арзни», «Севан») үлкен қоры бар. Отын-энергетика русурстарына кедей
болғандықтан су энергиясы кең пайдаланылады.
Армения өнеркәсібін түрлі кешенді өркендеген салалар құрайды. Алдыңғы қатарда – түсті металлургия,
химия өнеркәсібі және көп салалы машина жасау өндірісі. Машина жасау саласы бойынша металды аз
қажетсінетін өндірістер (прибор жасау, электротехника, радиоэлектроника және станок жасау салалары)
дамыған. Жеңіл өнеркәсіпте мақта-мата кәсіпорындары шұлық және трикотаж бұйымдарын, кілемдер, жібек,
жүн және мақта маталарын шығарады. Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Армения
сапасы жоғары шараптар мен коньяктар («Каири», «Армения», «Ереван», т.б.) шығарады.
Ауыл шаруашылығында 400 мың гектардан астам жерден дәнді және техникалық дақылдар өндіріледі,
жеміс-жидек, жүзім шаруашылықтары дамыған. Альпі жайылымдарында етті-сүтті ірі қара мен қой өсіріледі.
Арменияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 2000 АҚШ долларына тең болды. Таулы Карабахтағы
Ресейге сүйеніп жүргізген соғыс Армения экономикасына үлкен зиян келтірді.

АРТЕЗИАН СУЫ

Артезиан суы — су өткізбейтін қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы. Латынша
Artesіum; Францияның Артуа провинциясында мұндай су 12 ғасырдан бастап шыңырау құдық арқылы
алынуына байланысты осылай аталған артезиан суы антропогенге дейінгі шөгінділерде жиналып,
платформалар мен ойпаттардың, таулы өлкелердің синклинальді құрылымдарында артезиан алабын немесе
беткейін құрайды. Мыңдаған метр тереңдікте жатуы мүмкін. Ұңғыма бұрғыланғанда, артезиан суы сулы
қабаттың деңгейінен едәуір жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі, кейде фонтанша атқылайды. Грунт суымен
салыстырғанда артезиан суының режимі тұрақты, минералдылығы әркелкі, сапасы көбінесе жоғары болады.
Тау бөктерінде артезиан алаптарының шет жақтарында артезиан суы тұщы келеді, су минералдылығы 1 г/л-
ден аспайды, ал оның орталық бөлігінде, әсіресе тұзды шөгінділер арасында судың минералдығы 260 – 320
г/л-ге жетеді. Ал температурасы 20ӘС-тан 100ӘС-қа дейін болады, кейде одан да асады. Қазақстанның
көптеген аудандарында Артезиан суының мол қоры бар. Ол су көздері елді мекендерді ауыз сумен
қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, егін суаруға кеңінен пайдаланылады.
Артезиан құдығы– жер астынан артезиан суын алу үшін бұрғыланған ұңғыма немесе қазылған құдық.
Артезиан құдығы біздің заманымыздан бұрынғы Мысырда, Қытайда пайдаланылған. Қазақстанда артезиан
құдығы 19 ғасырдан бастап қазылды. Қазіргі кезде арнаулы қондырғылармен бұрғыланады және оның
тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Су арыны әлсіз болып, өздігінен шықпаса, артезиан құдығына сорғы
орнатылады. Жер асты қабаттары берік тау жыныстарынан тұратын болса, артезиан құдығының қабырғасы
шегенделмейді. Борпылдақ, сусымалы жыныстардағы (қиыршық тас, құм, малта тас, т.б.) артезиан
құдығының қабырғалары темір, темір-бетон құбырлармен немесе ағашпен шегенделеді. Суды механикалық
қоспалардан (лай, саз, т.б.) тазарту үшін артезиан құдығының түбіне түрлі сүзгілер қойылады. Олар
тоттанбайтын материалдардан жасалады.

АРТИЛЛЕРИЯ

Артиллерия — жаудың атыс құралдарын, соғыс тех-сын, қорғаныс құрылыстарын, адам күшін, т.б.
нысандарын жоюға, ұрыста барлық әскери бөлімдер мен құрамаларды қолдауға арналған әскер түрі. Ол
француздың atіllіer, яғни дайындау, оқтау деген сөзінен шыққ
ан. Барлау, байланыс, көлік құрал-
жабдықтарымен, атысты басқару аспаптарым
ен жабдықталады. Осы заманғы артиллерия батальондық, полктік,
дивизиялық, корпустық, армиялы
қ түрлерге бөлінеді. Әскери артиллерия құрамына енбейтін артиллериялық
құрамалар мен бөлімдер Жоғарғы Бас қолбасшылықтың резервінде болады. Қолданылу мақсатына қарай
артиллерияның гаубицалық, зеңбіректік, реактивті, өздігінен жүретін зенитті және минометті түрлері болады.
Оның арнаулы түрлеріне атомдық, танктік, таулық, казематтық артиллерия жатады. Әскери-теңіз
артиллериясы корабльдік және жағалық артиллерия түріне бөлінеді. Ал қару түріне зеңбіректер, гаубица
лар,
мортирлер, өздігінен жүретін артиллерия және реактивті қондырғылар, минометтер; олардың оқ-дәрілері –
патрон, снаряд, миналар; қозғалысқа келтіретін құралдары – өздігінен жүретін моторлы лафеттер, доңғалақты
және жылан бауырлы тягачтар (сүйретпелер), темір жол платформа-лафеттері, атысты басқарудың түрлі
аспаптары мен көздеуіш тетіктері, т.б. жатады.
АРХЕЙ

Архей — архей эрасы және архей тобы ұғымдарының қысқаша аталуы. Грек тілінде archаіos деген сөз
ежелгі деген мағынаны білдіреді. Архей – Жердің геологиялық даму тарихындағы ең ежелгі эра болып
табылады. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасына қатысты тау жыныстары осыдан шамамен 3,6 – 4 млрд.
жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына
ауысу уақыты шамамен 2,6 – 2,8 млрд. жыл бұрын өткен. Архейде қалыптасқан тау жыныстары негізінен
метаморфтық өзгерістерге ұшыраған тау жыныстарынан: гнейстен, кристалды тақтатастан, сирек жағдайда
амфиболиттен, мәрмәрдан және кварциттен тұрады. Органикалық қалдықтар кездеспейді, бірақ олардың
құрамында графиттің ұшырасып қалуы архей эрасында да тіршілік нышаны болғандығын білдіреді. Архейде
түзілген тау жыныстары көптеген көне геологиялық құрылымдардың негізін қалайды. Олардың арасында
маңызды кендер кездеседі.

АРХЕОЛОГИЯ

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының
заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте
заман мен орта ғасырлардан қалғанматериалдық ескерткіштер: еңбек құралдары,
қару-жарақ түрлері, мекен-
жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б.
Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып,
қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай
қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін
2
Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100-ге мдейін
жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін
археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия,
топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині
біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла
бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16
ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне
мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында
Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде
зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау
алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен
байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған
экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.
1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық
институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология
мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды.
Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б.
қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде
көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас»
екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның Андронов
мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның
қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени
орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс
Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол
мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта
ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті
ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.

АРХИМЕД

Архимед — Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз
қаласында туып, сонда біздің заманымыздан бұрынғы 287 – 212 жылдары өмір сүрген. Архимед (Archіmеdes)
сол замандағы ірі мәдениет орталығы – Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде
Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу
ашылғанда (17 ғасыр) ғана дұрыс бағаланған. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның
құрамын анықтау тәсілін өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан. Жер суаратын механизмдерді, жүк
көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап
шығарды. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед «Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп
тастаймын» деп айтқан екен. Ғалым шығармаларының көпшілігі сақталмаған, ал оның «Эратосфенге
жолданған» хаты 1906 ж. ғана табылды. 9 – 11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда
араб тілінен латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне таралды. 1823 ж. Архимедтің «Шар мен
цилиндр» және «Дөңгелекті өлшеу және леммалар» атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.

АРХИТЕКТУРА

Архитектура, с ә у л е т ө н е р і – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.


Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді.
Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі
қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып
салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның
және өнердің тоғысқан жері.
Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан,
қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де
болған.
Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті
құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар
тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып
келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат,
Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай
сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға
арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар
басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің
заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер
салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары
зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан,
күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды.
Біздің
заманымыздан бұрынғы2200 – 1500 ж.Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған
ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен
Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І
тұсында тұрғызылған.
Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасыныңкүшті
ең
дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы
5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина
қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер
Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448
– 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды.
Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір
жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және
олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады.
Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори,
ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің
заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар)
және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің
дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші
Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды.
Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі
бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының
бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені
салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су
құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді.
Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі,
готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты
ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске
ұқсайды.
Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы
күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық
күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ
азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың
басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың
гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де
бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады.
Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға
болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда
құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір
архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.
Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты
ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі
әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді.
Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы
мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған.
Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады.
Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары
салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің
әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000
ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар.
Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және
табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты
орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің
заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін
созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап
айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11
ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір
композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты.
19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда
болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар
салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді,
театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына
байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын,
зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді
қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж.
биіктігі 312 м Эйфель мұнарасынорнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда
болды. Алғашқы биік
үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып
бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-
орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық
сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік
ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат.
Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм,
метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм.
20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық
құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді.
Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік
тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды.
Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс
мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы
Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі
«Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор
(Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер).
Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік
арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың
адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-
конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі.
Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит
дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы
деп төрт түрге бөлінеді.
Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де
Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол
кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады.
Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының
үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария,
Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар
шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп.
Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан»)
бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда
ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле
өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен
жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді.
«Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6
– 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар,
Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер
болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық,
Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары
анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын
көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет
Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.

АРЫСТАН

Арыстан — мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс
Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей,
салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен
кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды.
Арыстан жеке-жеке де, 5 – 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда
бір, 1 – 6 күшік табады. 30 – 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді – бөкен, зебр, мүйізтұмсық,
т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен
қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған.
Үндістанда кездесетін түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.

АРЫСТАН БАБ

Арыстан баб— әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. Арыстан
баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның
ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық
мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында
«Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.
Ғылыми әдебиетте Арыстан баб жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. Дегенмен Арыстан баб есімі Қожа
Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын
байқалады.
«Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани
жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласы маңында.
Арыстан баб кесенесі— көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында
мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған.
Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған.
Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір
биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Кесене
мемлекет қорғауына алынған.

АСАН ҚАЙҒЫ

Асан қайғы,А с а н қ а й ғ ы С ә б и т ұ л ы — 14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басында өмір сүрген


мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.
Қызылорда облысының Шиелі ауданы жеріндегі «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан қайғы
мазары делінеді. Асан қайғы заманы Алтын Орда ыдырап, Ноғай ордасы тараған қым-қиғаш талас-тартысты
аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Қазақ ордасы құрылған кезде Асан қайғы жаңа мемлекеттің
ұраншысына айналады. Ол іздеген «Жерұйық» шұрайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан
қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сахнасында сақтап қалу бағдарламасы. Асан қайғы
елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін»
мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып,
алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп
отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді.
Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай,
шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз
ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық
болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Енді бір алуан
жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн
көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?»). Асан қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа
да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай, т.б.) кеңінен тараған.

АСБЕСТ
Асбест — силикаттар класының серпентиндер мен амфиболдар топтарындағы аса жіңішке талшықты
минерал. Асбест грекше asbestos – сөнбес, бұзылмас дегенді білдіреді. Химиялық құрамы жөнінен магний
мен темірдің, ішінара натрийдің сулы силикаты болып табылады. Серпентин тобындағы хризотил абсеттің
химиялық формуласы: Mg
6[Sі4O10] [OH]8. Ол монклиндік сингонияда кристалданады, кесектерінің түсі жасыл,

сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары – ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қаттылығы 2 – 2,5,
тығыздығы 2,4 – 2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу температурасы 1500ӘС-қа жуық, жылу мен
электр тогын нашар өткізеді. Талшықтарының ұзындығы 50 мм-ге, кейде 250 мм-ге жетеді. 14 минералды
қамтитын амфибол асбесттің қышқылға төзімділігі мен жылуға беріктігі аса жоғары. Олардың ішіндегі ең
маңыздылары әрі көбірек пайдаланылатындары – крокидолит, антофиллит, амозит, родусит. Хризотил-асбест
гидротермалдық ерітінділердің әсерінен серпентинденген, магнитке бай ультранегізді жыныс
тарда,
доломиттенген әктастарда, ал амфиболасбест шөгінді және метаморфтанған магмалық жыныстарда кездеседі.
Хризотил-асбесттен отқа, ыстыққа төзімді тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, қағаз, резина,
пластмасса, электр техникасы, асбестцемент бұйымдарына толтырма дайындайды. Амфибол асбестті жылу
мен отқа, жебір ортаға (қышқыл, сілті, теңіз суы) төзімді бұйымдар жасауға қолданады. Қазақстандағы
Жітіқара хризотил-асбест, Бөгетсай антофиллит-асбест, Қумола родусит-асбест кендерінің өндірістік маңызы
зор.

АСПАН

Аспан, а с п а н к ү м б е з і – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай,
жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының
айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада
аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады.
Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты
көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді.
Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар
– аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т.б.) кейбір ерекше
қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды
қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни
нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра
көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу
бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.
Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына
арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері
шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады.
Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей
түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті
күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы
майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат
пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты
шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы
қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мін
гестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі
қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын
(Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады.
Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын
суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді.
Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады.
Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды,
атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде
көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда
аңшы жігіт арқардың киелі құлжасын (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат
томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше
демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді. Жігіт тасқа соғылмай, қатты құламай
аман қалады. Бүркіт жігітті елдегілер қашан тауып, шыңыраудан шығарып алғанша қоян, құс әкеліп тастап
тұрады. Кейіннен ол Бүркіт әлдекімдердің оғына ұшырайды. Жігіт қатты қайғырады, жоқ Бүркітін көктен
іздейді. Дәл соған ұқсаған шоқжұлдызға Бүркіт атын береді. Торпақтағы Сұлусарының өзі жөніндегі аңызда
өжет жігіттің өз махаббаты үшін күресіп, патшаны жеңіп, сүйгеніне қосылғаны айтылады. Келесі аңызда
Қарақұрт баланы ажалдан құтқарады. Тұманда адасып, қойды тас ығына иіріп, өзі шағын тас інге тығылған
баланы жемекке ұмтылған көкжал қасқырдың тұмсығын қарақұрт шағады. Бала да, қой да аман қалады. Ел
көктегі бес жұлдызды оның құрметіне Қарақұрт шоқжұлдыз деп атайды. Аққу шоқжұлдызы аңызында
Шынболат есімді жігіт өзінің сүйіктісі Айгүл екеуінің махаббатына дәнекер болған Аққуды атқан адамды
жазалап, өлген Аққудың ақ бейнесін қиялмен көкке шығарады. Тазылар шоқжұлдызы жайлы аңызда тұманды
күні әлдеқандай дыбысқа қарай айтақтап жіберіп, өзі тауда мерт болған аңшы тазыларының көкке шығып
кетіп, жұлдыздарға айналғаны жөнінде баяндалады. Күн сияқты жылт етіп көкжиектен шыға келгенде қой
үрке жөнелетін Сүмбіле жұлдызы аңшылық аңыз әңгімелерде жиі кездеседі. Ғылым тілінде Арыстан
аталатын Қамбар шоқжұлдызының айбарлы арыстан сияқты пішінін елестетеді халық. Ертеректегі қазақ
жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактік он екі шоқжұлдыздың бірі – Тоқтыға ереше назар аударған. Күн
шоқжұлдызға жерде көк шығып, мал жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан Тоқты делінген. Одан
екі жарық жұлдыз көзге бірден шалынады. Күндізгі іңірде шайдай ашық аспанға қарағанда бозарған қылаң
жолақ – Құс жолын көреміз. Қазақ аңызында бұл ғаламат тамаша ақ жолақ алланың ақ жолы деп айтылады.
Бір дана кісіге алла сол жолымен келіп, «Адам қай кезде де адамның ақ жолын кеспей жүрсін деп
жұлдыздардан осы жолды салдық» деп тіл қатыпты делінеді. Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу
қыздар екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болғандықтан Күн қызғанып, оның бетін тырнап алса керек. Ай Күннен
шалғайда жүргенде, Күнді ерегістіріп, толық Ай түрінде анық көрінсе, Күнге жақындағанда, тағы тырнап ала
ма деп бетін бүркеп жасырады. Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар
ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі
сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға
айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты
болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол
аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді. Қызыл
планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін
болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен
өтетін аязын әкеледі. Күн жүйеміздегі алып ғаламшар Юпитер аңызда асқақ жұлдыз. Өзін мейлінше асқақ
ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен
танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді.
Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып,
ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты
перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен
орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір
бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз
аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін
тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге
шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны
киелі деп санайтын ырымнан туған.

АССИРИЯ

Ассирия — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы
тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы
маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала
басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон
ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан
бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін
Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар
нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің
шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің
заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті.
Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя
шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді,
оның немересі Асархаддон патшалық құрған уақытында Мысырды талқандады. Ашшурбанипалдың кезінде
(біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті.
Оның шекарасы Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізінен Парсы шығанағына дейін созылып жатты. Мемлекет
астанасы Ниневия өзінің сән-салтанатымен, архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі
мәтіндер жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. Бұл бедерлерде, көбінесе, жорықтар,
жеңілген елдердің қалаларын ойрандау, т.б. бейнеленген. Тұтас жартастардан патшаларды дәріптейтін
мүсіндер тұрғызылды. Орта Азиямен, Арабиямен сауда қатынастары дамыды. Жол құрылысы кеңінен
өрістеді. Ассирия әдебиетінің төл жанры – патша анналдары (жылнамалары). Соның бір құнды үлгісі –
Саргон ІІ-нің біздің заманымыздан бұрынғы 714 ж. Урартуға жорығы туралы арамей тілінде жазылған
«Ахикар туралы жыр». Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған Мидия
мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж.
Ассирия құлады. Ежелгі заманда Алдыңғы Азияны, Месопотамия мен Иранды мекендеген және сына
жазуларды қолданған халықтардың (шумерлердің, вавилондықтардың, ассириялықтардың, т.б.) тілін,
тарихын, мәдениетін зерттейтін ғылым саласы – ассиорология (ассириятану) қалыптасты. Ол, әсіресе, Англия,
Франция, Ирак пен Ресейде жақсы дамыған.

АСТАНА

Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті
білдіретін бас қаласы. Астана ұғымы ұлыстар, тайпалар одағы, мемлекеттік бірлестіктер пайда болған
кезеңде, перғауын, қаған, халифа, шаһ, әмір, король, патша, хан, сұлтан, т.б. елбасылар лауазымдарымен
қатар өмірге келді. Түркі халықтары, оның ішінде қазақтар ел билеушілер тұрағын орда деп атаған. Астана
орнын осы хан ордасы атқарды. Көшпелі тайпалардан құрылған мемлекеттерде хан ордасы да бір орында көп
тұрақтамай, көшіп-қонып жүрді. Мысалы, Ақтабан шұбырындыдан кейін Түркістан қаласынан шегінген
Әбілқайыр хан өз ордасын Ырғыз, Тамды, Сырдария өзендері бойына ауыстырып отырған. Абылай ханның
астанасы Түркістан шаһары болғанымен, ұзаққа созылған жорықтарында ордасын қалмақтардан азат етілген
жерлерге тігіп (Көкшетау, т.б.) біраз уақыт бойы елін сол жерден басқарып отырған. Әбілпейіз Сарыарқада,
Уәли хан Көкшетаудағы Сырымбетке, Бөкей мен Жәңгір Жайық пен Еділ аралығындағы Ордаға, қазақтың
соңғы ханы Кенесары Ұлытауға ордасын тіккен. Халық түсінігінде Ұлытау, Хантау, Ордабасы, Түркібасы,
Күлтөбе, Мәртөбе сияқты хан ордасы қонған, ту тігілген, Үш жүз басын қосқан, құрылтай жиналған,
мемлекеттің, ұлт тағдырының ең түйінді мәселелері шешілген жерлер аса қастерленіп, қасиеті астана
ұғымына жақындастырылған. Алғашқы кезде астананың басты қызметі елді әкімшілік жағынан басқару
болды. Кейін астаналық қалалар пайда болған соң олар сауда, қолөнер, мәдениет орталықтарына да айналды.
Хан ордасы орналасқан, қазына сақталған, қамал салынған елді мекен ірі шаһарға айналып, оған керуен
жолдары тартылды.
Қазақстан астаналарының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ
қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланды. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың
бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы
болды. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы 6 – 7 ғасырлардың өзінде Қытайдан Византияға дейін
тарады. Тараз грек ғұламасы Птолемейдің картасына түсірілген. 10 ғасырдан бастап Тараз Қарахан әулеті
өкілдерінің астанасы, көп уақыт бойы экономикалық орталық, Ұлы жібек жолындағы жетекші сауда орны
болды. Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) 7 ғасырдан белгілі. Күлтегін,
Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (10
ғасыр) өте көне астана деп атайды. 9 – 11 ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар
мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мем
лекетінің өркендеген астанасы болды. Дешті
Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ (Сунақата)
әлденеше қиратылып, қайта жанданды. Рузбехан жазбаларында (16 ғасыр) Сығанақ саудасы өркендеген, бау-
бақшасы жайқалған, қазақтың бай қаласы ретінде аталған. Қазақ хандары Тұрсынның, Жолбарыстың,
Рүстемнің, Абдолланың, Әбілғазының астаналары Ташкент қаласы болды.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының тарихи орны ерекше. Түркістан Тәуке, Қайып,
Әбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хан тұсында қазақтардың
айбынды астанасы болды. Шаһар жалпы түркілік мәнге ие болды. Қожа Ахмет Иасауидің есімі мен кесенесі
оны Орталық Азияның діни астанасы – екінші Мекке мәртебесіне жеткізді.
10 ғасырда әл-Фараби астананы «қайырымды қала» деп атады. Ол «Асқан игілік пен ең биік кемелділік
дәрежесіне ең алдымен жоғары дәрежелі дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді» деп
санады. Әл-Фараби қайырымды қаланы мін-ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының
пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала етіп
суреттейді.
Көрші елдерден Шыңғысхан империясының астанасы Қарақорымның, Шағатай әулетінің астанасы
Алмалықтың (14 ғасырда Алмалық Моғолстанның астанасы болды), Темір мемлекеті мен Шайбани әулетінің
астанасы Самарқанның (1924 – 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды), Самани әулеті мен Бұхара хандығының
астанасы Бұхараның (1920 – 24 ж. Бұхар Халықтық Кеңес Республикасының астанасы болды), Алтын Орда
астаналары Батый салған Сарай, Берке хан салдырған Сарай-Беркенің Қазақстан тарихындағы орны ерекше.
Сондай-ақ Сарайшық (Ноғай Ордасының астанасы, 14 – 17 ғасырлар), Қазан (Қазан хандығы, 15 – 16
ғасырлар), Бақшасарай (Қырым хандығы, 15 – 18 ғасырлар), Хиуа мен Үргеніш (Хорезм хандығы, 16 – 20
ғасырлар), Қоқан (Қоқан хандығы, 18 – 19 ғасырлар) қалалары қазақ шежіресінде терең із қалдырды.
Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. 20
ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы «кіндік қала» деп атады. 1917 – 19 ж. Алашорда
автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан
астаналары Орынбор (1920 – 25), Қызылорда (1925 – 29), Алматы (1929 – 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр
тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997 ж. 20
қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан – Астана
қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады.
Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Тұрғыны 700 мың
адамға жуық (2008). Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Сарыарқа қазақтары Есіл
өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден
Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13 – 14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған.
Астана қаласының негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж.
қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округ, 1868 ж. уезд орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал
өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік,
сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын
қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту
орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана
болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға (1914) жетті.
Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті, оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси,
экономикалық және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928 – 30 ж. округтің, 1930 – 39 ж. ауданның, ал
1939 ж. 14 қазанда Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға
алғашқы пойыз келді. Бурабай – Ақмола (1929), Ақмола – Қарталы (1940), Ақмола – Павлодар (1952) темір
жолының іске қосылуы Астананы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына
айналдырды. Қалада ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп
орындарының саны ұлғайды. 1940 ж. «Тігінші» артелі (қазіргі «Мәншүк» акционерлік қоғамы) өнім бере
бастады. 1941 ж. құрылған «Металшы» артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске (1993 жылдан
«Газмашаппарат» акционерлік қоғамы) айналды. Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь
станок жасау зауытының негізінде республикадағы ауыл шаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің
тұңғышы – «Қазақауылмаш» кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды.
Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941 – 45) Астана қаласы
мен Ақмола облысының өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа
көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері
игеріліп, «Қазақауылмаштың» қуаты арттырылды, вагон жасау зауыты пайдалануға берілді. 1950 ж. қалада 58
өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді.
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге Астана қаласы да
елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында Астанаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп
тоқтады. Астана кәсіпорындары ауыл шаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте
түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Астана оның орталығы болды. Қала Целиноград болып
өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғарғы оқу орны – ауыл шаруашылық институты
(қазіргі Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университет) ашылды. 1962 ж. педагогикалық (қазіргі Лев
Гумилев атындағы еуразия университеті), медициналық (1964), инженер-құрылыс (1964) институттары
студенттер қабылдады. 1960 – 80 ж. қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 ж.
Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болды. 1960 – 90 ж. қалада
машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен
жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын техникалық машиналар шығару жедел
қарқынмен өсті. 1992 ж. қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шет елдерге шығарылды. 1994 ж. 6
маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1994 ж. 6 шілде) және Министрлер Кабинеті (1996 ж. 6
шілде) Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады.
Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі
өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына
орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар
әлуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси
және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен (1996 ж. 9 қазан) арнайы Ақмола экономикалық аймағы
(ААЭА) құрылды. Астана АЭА-ның жұмыс істеуіне байланысты ішкі-сыртқы экономикалық қызмет жүйесі
дами түсті. Экспорт-импорттық қатынастардың көлемі үнемі артуда. 1997 ж. 20 қазанда Нұрсұлтан
Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол
қойды. 1998 ж. 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы
болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының
салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Астана қалалық 2 ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді.

АСТРАХАН ХАНДЫҒЫ

Астрахан хандығы —Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 – 1556)
бірі. Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 – 65) ата-бабасының
иелігі Қажы Тарханға (Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдің солтүстік-
батыс жағалауы, төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ енді. Халқы 100 мың адам шамасында болды, түркі
тілдес тайпалардан тұрды. Көшпелі мал шаруашылығымен, аң, балық аулау, тұз өндіру, қолөнер, Бұзан
бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен,
Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен,
Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы
Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып,
олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қажы Тархан көршілерінің
шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 ж. қаланы Сібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда,
Ноғай Ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. 16 ғасырдың
ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды.

АСТРОНОМИЯ

Астрономия — ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер


және тұтас
Ғалам туралы ғылым. Ол гректің astron
– жұлдыз және nуmos – заң деген сөзінен шыққан. Адам баласының
өмірлік қажеттілігінің негізінде пайда болған ежелгі ғылымдардың бірі. Шығыс халықтарында біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы астрономиялық түсініктер пайда болған. Ежелгі
Қытай мен Вавилонда негізгі уақыт бірлігінен басқа, экватордың эклиптикаға көлбеулігі, Күн мен Ай
тұтылуының қайталану периоды (сарос) белгілі еді. Грекияда Жердің шар тәрізділігі туралы ілім қалыптасты.
Қазақстанда Іле өзенінің орта ағысындағы Малайсары адырының батыс тұсын біздің заманымыздан бұрынғы
5 ғасырда жарты сақина түріндегі тастардан қаланған қорған табылды. Батыс және шығыс тұстардағы екі
қорған арасындағы тік сызық жазғы күн тоқырауы, солтүстік және шығыс қорғандар арасындағы тік жазық
қысқы күн тоқырауы сәтіндегі Күн сәулесіне сәйкес келеді. Орталық Қазақстандағы Толағай тауының
маңындағы қорғанның оңтүстік және солтүстік үштағандарының ұшында қосымша үйілген тас қорғандар
арқылы жыл мезгілдерінің басталуы, Ай мен жұлдыздардың тоғысулары анықталып отырған. Біздің
заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда Қытайда тұңғыш жұлдыз каталогы (тізімі) жасалды. Сол ғасырда Ежелгі
Грекияда Аристотель дүние құрылысының жалпы жүйесін жасаған, оның орталығы Жер деп есептеген. Біздің
заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Александрия ғалымы Эратосфен Жердің мөлшерін анықтаған. Біздің
заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Гиппарх Жер дүниенің ортасында қозғалмай тұрады деп есептеп,
планеталардың қозғалу теориясын жасаған. Ол 1022 жұлдыздың каталогын ұсынды. Ежелгі қазақ даласын
мекендеген халық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың орны бойынша жыл мезгілдері мен жер тараптарын
айыра білген. 9 ғасырда Халиф Мамунның нұсқауы бойынша Бағдад маңындағы Жер меридианы доғасының
ұзындығы өлшенген. 11 ғасырда Бируни Жердің қозғалуы мүмкін деген идея айтқан. 13 ғасырда ат-Туси
Оңтүстік Әзербайжанда обсерватория салды
рып, планеталар қозғалысының жаңа кестесін жасады. Осы
ғасырда Пекинде де обсерватория салынды. 1428 – 29 ж. Ұлықбек Самарқанда салдырған обсерваториясын
үлкен мәрмәр секстантпен жабдықтатып, 1019 жұлдыздың каталогын және планеталар қозғалысының
кестесін түзді. 1543 ж. поляк ғалымы Николай Коперник «Аспан сфераларының айналысы туралы» деген
еңбегінде Жер қозғалмайды және бүкіл Ғаламның ортасында тұрады деген ілімді жоққа шығарып, Күн
жүйесінің құрылысын – дүниенің гелиоцентрлік жүйесін түсіндіріп берген. Осы еңбектің негізінде италия
ғалымы Джордано Бруно Ғаламның шексіздігі, ал оны мекендеуші дүниелердің сансыз көптігі туралы
тұжырымдама жасады. Галилео Галилей өзі құрастырған телескоптың көмегімен 1609 – 10 ж. алғаш рет
астрономиялық бақылаулар жүргізді. 17 ғасырдың басында Иоганн Кеплер планеталар қозғалысындағы үш
заңдылықты, ал сол ғасырдың аяғында Исаак Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан. 17 ғасырдың соңы
– 18 ғасырдың басында Франция, Англия, т.б. елдерде обсерваториялар салына бастады. 1718 ж. ағылшын
астрономы Эдмунд Галлей жұлдыздың меншікті қозғалысын тапқан. 1761 ж. орыс ғалымы Михаил
Ломоносов Шолпан планетасының атмосферасын ашты. 1755 ж. Иммануил Кант және 1776 ж. Пьер Лаплас
Күн жүйесінің пайда болуы туралы алғашқы гипотезаны ұсынды. 19 ғасырдың ортасынан аспан денелерінің
физикалық табиғаты жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің
тәсіліне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы
анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері
анықталады. Сфералық астрономияда аспан нысандарының орны мен қозғалысы математикалықлдермен
тәсі
анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып,
уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау
әдістері жүйеленеді. Аспан механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан
денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай-ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы
зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің Галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі, ал
галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады. Құрамына
астрофотометрия, астроспектроскопия, т.б. бөлімдер енетін астрофизика аспан денелерінде, олардың
жүйелерінде және ғарыштық кеңістікте болып жататын физикалық құбылыстар мен химиялық процестерді
зерттейді. Радиоастрономияда ғарыштан келген радиотолқындардың қасиеттері және олардың кеңістікте
таралуы зерттеледі. Жердің жасанды серіктері, ғарыштық кемелер мен ғарыштық телескоптардың (мысалы,
америкалық «Хаббл» телескопы) жасалуы астрономиялық зерттеулерді атмосферадан тыс жүргізуге жол
ашты. Космогонияда жеке аспан денелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің, атап айтқанда Күн жүйесінің
пайда болу мәселелері, ал космологиядажалпы Ғаламның құрылысы мен заңдылық
тары қарастырылады.
Республикамызда 1942 ж. Алматыға жақын жердегі теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте алғашқы отандық
обсерваторияның негізі қаланды. 1950 ж. Астрономия және физикалық институтынан Қазақстан Ғылым
академиясының Астрофизика институты бөлініп шықты. 1957 жылдан бастап ғарыштық аппараттардың
координаттарын анықтау мақсатында жүйелі бақылаулар жүргізіліп келеді. Тұмандықтардың каталогы (1968)
жарияланды. Бұл каталогта галактикадағы 120 нысанның жарқырауы, морфологиясы және олардың ғарышта
тарала орналасуы жөнінде жаңа деректер қамтылды. Осы жылы диффузиялық тұмандықтар спектр
фотометриялық әдіспен зерттеліп, 100-ге жуық диффузиялық тұмандық спектрлерінің каталогы жасалды.
Алынған спектрлерді талдау барысында иондалған сутектің спектрлік сызықтары инфрақызыл және
радиодиапазонда ғана емес, спектрдің оптикалық аймағында да болатыны анықталды. 800-ге жуық актив
галактикадан тыс объектілердің спектрлері зерттелді, 50-ге жуық Сейферт галактикасы табылды.
«Жұлдыздардың жинақталған спектрфотометриялық каталогы» (1978) басылып шығарылды. 1000-нан астам
жұлдыздардың абсолюттік спектрлері туралы мәліметтер жарияланды (1985). Алғаш рет Юпитердегі қызыл
дақтың газ-тозаңнан құралатыны жөніндегі болжам бақылаулар негізінде расталды және сол планета
атмосферасындағы процестердің аксиметриясы байқалды. Соңғы жылдары астрономиялық зерттеулер ҚР
Ғылым министрлігі Ғылым академиясының Астрофизика институтының Асы-Түрген обсерваториясында
қарқынды түрде дамытылып келеді.

АСТЫҚ

Астық — 1) астық және бұршақ тұқымдас дақылдар дәні; 2) Астық өндірісінің өнімі: ұн, жарма, крахмал-
сірне, сыра қайнатылатын шикізат; 3) мал-азықтық құрама жем.
АСЫҚ ОЙЫНЫ

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.
Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке,
бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық
ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар
ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек.
Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер
иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт
түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не
жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де
ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып
алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі
асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек
сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден
тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол
асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең
тараған, басқа да түрлері бар.

АСЫЛ МЕТАЛДАР

Асыл металдар — алтын, күміс, платина және осы платина тобының металдары (иридий, осмий,
палладий, рутений, родий). Асыл металдар химиялық әсерге тұрақтылығымен, оңай иілгіштігімен (алтын,
күміс), баяу балқитындығымен (платина, т.б.) және әсемдігімен ерекшеленеді. Асыл металдардың құрамында
аз да болса қоспалар кездеседі. Ондай қоспалардан асыл металдарды сумен жуу, амальгамалау, цианды тұздар
ерітінділерінде сүзу, тұндыру және аффинаждау сияқты әр түрлі әдістер арқылы тазартып алады. Асыл
металдардың беріктігін арттыру үшін құрамына мыс, мырыш, никель, т.б. металдар қосады. Олардың
құймаларынан құнды бұйымдар, металл ақша, медальдар, тіс протезін жасайды. Коррозияға төзімді
болғандықтан платина мен оның құймаларын электрод және терможұп жасауға, сондай-ақ химиялық
өндірісінде әр түрлі құрал-жабдықтар жасауға пайдаланады. Ал платина және платиндік металдар
катализатор ретінде әр түрлі катализдік процестерде, техникада қолданылады. Қазақстанда асыл металдардан
алтын және күміс өндіріледі.

АСЫЛ ТАСТАР

Асыл тастар — минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар және зергерлік әшекей заттар
жасауға пайдаланылатын ерекше тобы. Оларға өрнекті, түс бояулары қанық, мөлдір әрі жарық сәулесін
сындырып, шашырата алатындай оптикалық қасиеті бар көптеген минералдар мен тау жыныстары жатады.
Мұндай тастардан жасалынған бұйымдар атадан балаға мұра болып қалып отырады, сондықтан олар
механикалық және химиялық әсерлерге төзімді болуы керек. Асыл тастарды Қазақстан жерінде адамдар
бағзы заманнан танып, қолдана білгені археологиялық мәліметтерден белгілі болып отыр. Мысалы, Солтүстік
және Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта тастан жасалған тас білезіктер мен
әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктері табылған. Бесшатыр зираты және Есік қорғанынан табылған моншақтар
қызғылт-сары ақықтан жасалған. Батыс Қазақстан облысында табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар
тау хрусталі мен кәрібтастан тұрады. Түрлі-түсті нефрит, ақық және т.б. тастардан істелінген зергерлік
бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайына қойылған. Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге
жуық минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен үнемі
толықтырылуда. Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді. Біріншіден, олардың таралу
дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады.
Бір кездердегі иризаттық қасиеті бар асыл тас – лабрадор Канада мен Украинада үлкен кендерінің ашылуына
орай, қаптама тастар қатарына түсті. Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-
түсінің өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға қатысты ұлттық және
діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп
отыр.
Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік, зергерлік-әшекейлік және әшекейлік болып, 3 топқа
бөлінеді. Өз кезегінде зергерлік және зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктелед
і. Зергерлік тастар: І
қатар – қызыл лағыл (рубин), зүмірет (изумруд), алмас, көк жақұт (көк сапфир); ІІ қатар – александрит,
қызғылт-сары және күлгін жақұт (сапфир), асыл қара опал, асыл жадеит; ІІІ қатар – демонтоид, шпинель, ақ
және оттай қызыл опал, көгілдір зүмірет (аквамарин), топаз, родолит, турмалин; ІV қатар – хризолит, циркон,
кунцит, ай тас (адуляр), күн тас (ферриортоклаз), сары, жасыл және қызғылт берилл, пироп, альмандин,
бирюза, аметист, хризопраз, цитрин. Зергерлік-әшекейлік тастар: І қатар – лазурит, жадеит, нефрит, малахит,
янтарь, түтін түстес және түссіз тау хрусталі; ІІ қатар – агат, амазонит,
күрең қызыл гематит, родонит,
құбылма дала шпаты, обсидиан, эпидот. Әшекейлік тастарға
яшма, мәрмәрлі оникс, обсидиан, гагат, тасқа
айналған ағаш, лиственит, өрнекті кремень, пегматит, авантюринді кварцит, флюорит, селенит, агальматолит,
түсті мәрмәр, т.б. жатады. Тастың мөлдірлігі (тазалығы) мен ақаусыздығының да үлкен мәні бар. Бұл
қасиеттері бойынша І қатардағы тас ІІ қатарға немесе одан да төмен түсуі мүмкін. Ал зергерлік бұйымдарда
асыл тастың өңделу дәрежесінің күрделілігі мен сапасы есепке алынады. Асыл тастар кендерінің әлемдегі
таралуы біркелкі емес. Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкада өндіріледі, онда тағы зүмірет, көгілдір
зүмірет (аквамарин), аметист, малахит кездеседі. Азияда қызыл және көк лағылдың, жадеиттің, бирюзаның,
ақықтың әлемдік қорлары бар. Австралия асыл опат, родонит, хризопраз және көк лағылымен әйгілі.
Солтүстік Америкада бирюза, нефрит, турмалин кендері тараған. Оңтүстік Америка зүмірет, топаз, ақық және
аметист кендеріне бай. Геологиялық құрылымының күрделілігіне байланысты Қазақстанда асыл тастардың
көпшілігі кездеседі. Олардың ішіндегі ерекшелері: Делбегетейдің зүміреті (Шығыс Қазақстан),
Сарыкөлболдының хризопразы (Орталық Қазақстан), Итмұрындының жадеиті (Орталық Қазақстан), көптеген
кен орындарын түзейтін түрлі-түсті ақық, тау хрусталі, малахит, бирюза, т.б., сондай-ақ әшекейлік тастардың
түр-түрлері Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олардың ішінде түрлі өрнекті әрі түсті
яшма, тасқа айналған ағаштар, родусит, флюорит, лиственит, т.б. бар. Қазіргі кезде жоғарғы температура мен
қысымда жасанды жолмен алмас, лағыл, сапфир, шпинель, көк шпинель, мөлдір александрит, зүмірет, т.б.
алынады.

АТАСУ

Атасу – Сарысу өзенінің сол жақ саласы. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы аумағымен ағады.
2
Ұзындығы 177 км, су жиналатын алабы 5920 км. Қызылту, Ұзынжал (Өзенжал) тауларындағы бұлақтардан
бастау алып, Сарысуға құяды. Негізгі салалары: Былқылдақ, Қарақоға, Қарқымбай, Исабек Қарасуы,
Боранбай. Қар суымен толысады. Жазда ағыны тоқтап, жекелеген қарасуларға бөлініп қалады. Орташа
жылдық су ағыны мөлшері 0,66 3м/с Қаражал қаласының тұсында Атасуға Қылыш бөгені салынған.
Атасу қонысы– қола дәуірінен сақталған біздің заманымыздан бұрын 14 –12 ғасырлардағы ірі елді мекен
орны. Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-шығысында 35 км жерде, Атасу өзеніне
құятын Мыңбай сайының бойында орналасқан. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1952 ж.
(жетекшісі Әлкей Марғұлан), 1975 – 82 ж. (жетекшілері Мир Қадырбаев, Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген.
Атасу қонысында 27 үй мен қораның орны бар. Ол жерден 3 төртбұрышты, дөңгелек пішінді 12 ғимарат және
мыс балқытуға арналған 7 шеберхана орны табылды. Үлкен үйлер екіге бөлінген. Бір жағы – тұрғын үй,
екінші бөлігі – шеберхана. Атасу қонысы орталығында ғибадатхана болған. Үйлер арасынан ішін таспен
шегендеген құдықтар, көзе ыдыстар күйдіретін пештер ашылды. Атасу қонысы тұрғындары негізінен мыс
балқытып, қоладан бұйым құю, мал бағу, егін егу, аң аулаумен айналысқан. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде
өмір сүрген тұрғындарының үйлері шошала сияқты дөңгелек, құрастыруға оңай болған. Олар да қолдан
сайман жасаған, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Атасу қонысынан кен үгіп, мыс балқытып,
құюға арналған құрал-саймандар мен қалыптар, топырақ қопсытатын тас кетпен, түрен, тастан, қоладан,
сүйектен жасаған жебе ұштары, өрнек салынған саз ыдыстар, мал сүйектері, саз ыдыстар бетін тегістейтін,
өрнек салатын құралдар, қола пышақтар, орақ, сүңгі, т.б. көптеген бұйымдар табылды.
Атасу тас қорғаны– 18 ғасырда салынған бекініс орны. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Айшырақ
елді мекенінен солтүстік шығысқа қарай 10 км жерде, Атасу өзеніне құятын Талас өзенінің оң жағасында
орналасқан. 1997 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Жолдасбек Құрманқұлов)
зерттеген. Бекініс доғаша иілген, ортасы тегіс, табиғи төбе үстіне салынған. Пішіні төртбұрышты. Қамал
қабырғалары тастан қаланған. Оның бұрыштарында 2 – 4 мұнара орындары сақталған. Қазіргі кездегі
қабырғалардың биіктігі 0,3 – 1 м, қалыңдығы 4 – 6 м. Әр қабырғасының ұзындығы 400 – 600 м. Қамалдың
оңтүстік жағы тегіс, биіктігі 2 м-ден асады, топырақ дуалмен қоршалған. Дуалға топырақты сыртқы іргесінен
алып, терең әрі кең ор жасаған. Қақпасы оңтүстік-батыс жағында. Оған қатарластыра қорған ішінде
ортасынан қақпа қалдырып, екінші дуал үйген. Дуалдар арасында, қорған ішінде үй орындары жоқ. Соған
қарағанда мұнда киіз үйлер мен шатырлар тігілген. Халық арасында оны Кенесары қорғаны деп те атайды.
Осы жерден 55 км қашықтықта орыстар салған Ақтау бекінісі орналасқан.
Атасу – кент, Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының орталығы, темір жол стансасы. Облыс
орталығы – Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 200 км жерде, Сарысу өзенінің салалары – Жақсы
Сарысу мен Жаман Сарысу өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. 1929 жылдан аудан орталығы, 1941
жылдан кент. Тұрғыны 14,9 мың (1997), 14,0 мың (2005) адам. Атасуда локомотив депосы, астық қабылдау
пункті, сүт зауыты, агроөнеркәсіптік бірлестік, тұрмыстық комбинат, баспахана, 7 жалпы білім беретін және
спорт мектептері, кәсіптік-техникалық училище, мәдениет үйі, 4 клуб, стадион, емхана, аурухана,
санэпидстанса бар. Атасу арқылы Жезқазған – Жарық – Қарағанды темір жолы, Қарағанды – Жезқазған,
Жезқазған – Балқаш автомобиль жолдары өтеді.

АТАТҮРІК

Ататүрік, Ғ а з и М ұ с т а ф а К е м а л А т а т ү р і к— Түркия Республикасының негізін қалаушы,


оның тұңғыш президенті, түрік әлемінің ұлы қайраткері. Ататүрік 1881 ж. Селаникте (Салоникте) туған; ол
осындағы әскери лицей мен әскери мектепті (1902), Стамбулдағы Бас штабтың академиясын (1905) бітірген.
1908 ж. Жас түріктер төңкерісіне қатысты. 1911 – 12 ж. Италия мен Түркия арасында болған соғысқа, 1912 –
13 ж. Балқан соғысына қатысып, өзінің әскери шеберлігін танытты. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Дарданелл,
Кавказ, Сирия-Палестина майдандарындағы қолбасшылық қызметі үшін Ататүрікке түменбасы (генерал)
және «Мұстафа Кемал паша» лауазымы берілді.
Мүдрос келісім-шартынан (1918 ж. 30 қазан) кейін Түркияға батыс елдері тарапынан қауіп төне бастады.
Осыған байланысты Ататүрік басшылығымен «Ұлт бірлігі және азаттығы» партиясы басқыншыларға қарсы
күресті өрістете отырып, 1919 ж. 22 маусымда халыққа «Отан тұтастығы және ұлт азаттығы қауіпте!» деген
үндеу тастады. 1920 ж. сәуір айында Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы болып сайланды. Мәжіліс
Түркия тәуелсіз республика болуы керек деген шешім қабылдады. Бас қолбасшы ретінде Сақария қаласы үшін
гректермен болған 22 тәулікке созылған ұрыста жеңіске жетуіне орай 1921 ж. қыркүйек айында Ататүрікке
маршал дәрежесі мен «Ғази» (Gasі – жеңімпаз) атағы берілді. 1923 ж. 10 қазанда Ататүрік Түркия президенті
болып тағайындалды. Мұстафа Кемалға «Ататүрік» («Түріктердің атасы») лауазымы 1934 ж. 24 қарашада
Түркия парламентінің арнайы қаулысымен оның түрік халқының алдында сіңірген зор еңбегі үшін берілді.
Ататүрік тұсында ел тарихында тұңғыш рет банк жүйесі жасалды, еркін кәсіпкерліктің өрістеуіне кең жол
ашылды, өркениетті сыртқы экономикалық байланыстар қалыптасты. Ататүріктің тікелей басқаруымен
Түркияда саясат, құқық, оқу-ағарту, ғылым, әскери іс, т.б. салаларда көптеген реформалар жасалды. Сұлтандық,
халифат, шариғат соттары таратылды, еркектер мен әйелдердің құқықтары теңестірілді, араб жазуының орнына
латын әліпбиі (1928) қабылданды, дін мемлекеттен бөлінді. 1926 ж. 1 қаңтардан бастап Түркия еуропалық жыл
санау жүйесіне көшті. Ататүрік тарих ғылымы мен тіл білімі салаларына ерекше көңіл бөлді. 1931 ж. Түрік
тарих қоғамы құрылды, 1932 ж. Түрік тілі қоғамы ұйымдастырылып, тіл саясатының негізі қаланды.
Ататүріктің басшылығымен түрік тілі бүкілхалықтық тілге айналды. 1938 ж. 10 қарашада Стамбул қаласында
қайтыс болды.

АТБАСАР

Атбасар өңірі – Сарыарқаның қуаң дала белде


міндегі көтеріңкі келген жазық. Оның солтүстігінде
Көкшетау қыраты, оңтүстігінде Теңіз-Қорғалжын артезиан алабы, батысында Терісаққан өзені және
шығысында Нұра өзені жатыр. Абсолюттік биіктігі 450 м. Палеозойдың эффузиялық шөгінді жыныстарының
жер бетіне жақын жатуына байланысты онда жер асты суы мол. Жазықта оңтүстік қуаң дала белдеміне тән
қара және кәдімгі қара топырақ қалыптасқан. Қара топырақты жерлері толығымен игерілген. Табиғи өсімдік
жамылғысы негізінен бетеге, боз, бөдене шөп, қызыл бояу, қырғыз бетегесі, көде, еркек шөп, т.б.
өсімдіктерден тұрады.
Атбасар мәдениеті – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы. Осы
мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Біздің
заманымыздан бұрынғы 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңірінде өркендеген
Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атбасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық
тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалы өзенінің ескі
арналары жағалауларында орналасқан. Табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл
мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Ыдыстардың сырты
өрнектермен безендірілген. Қыш ыдыстардың сынықтары тым аз табылды. Остеологиялық қалдықтар (адам
сүйектері) да көп емес. Тек соңғы және ортаңғы неолит тұрақтарында жылқының, ірі қараның сүйектері
кездеседі. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 3-
мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді.
Атбасар сыртқы округі– Ресей үкіметінің «Сібір қазақтары туралы Ережесі» (22.7.1822) негізінде қазақ
даласында құрылған (1859) әкімшілік-территориялық бөлік. Батыс Сібір губернаторлығы территориясында
ашылған ең соңғы (8) округ. Қазақ даласын отарлауды одан әрі тереңдете түсу үшін Аманқарағай округінің
дуаны Құсмұрын көлінің жағасына көшіріліп, ол Құсмұрын округі деп аталған болатын. Құсмұрын дуаны
Омбыдан 900, өзінің шеткі болыстары мен басқа округ дуандарынан 600 – 800 км қашықтықта жатты.
Мұндай жағдайда даланы басқару қолайсыз болғандықтан он жылдан астам уақыттан кейін Омбы облыстық
басқармасы округ дуанын Атбасарға көшіруге шешім қабылдады. Атбасар сыртқы округі 1859 жылы
ашылды. Құрамына Қызылтас, Қоқан, Жырық, Бекназар, Қарабала, т.б. болыстар енді. Ресей императоры қол
қойған «Далалық облыстарды басқару туралы Ереже» (21.10.1868) бойынша округтер таратылғанда бұл
болыстар жаңадан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды.
Атбасар жәрмеңкесі– 19 ғасырдың ақыры мен 20 ғасырдың басында Атбасар қаласының маңында жыл
сайын өткізілген дәстүрлі жазғы жәрмеңке. Ежелгі керуен жолында орналасқан, қазақтар мен Ташкент,
Бұхара көпестерінің сауда орталығына айналған бұл жәрмеңкеде фабрика-зауыт өнімдері мал шаруашылығы
өнімдеріне айырбасталған.
Атбасар – қала, Ақмола облысындағы Атбасар ауданының орталығы (1928). Іргетасы 1846 ж. қаланған.
Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 232 км жерде, Жабай өзенінің (Есілдің бір саласы) оң
жағалауына орналасқан. 19 ғасырдың 40 – 50 жылдары өзі аттас округтың, 1869 жылдан Ақмола облысы
Сарысу уезінің орталығы. Қала халқының саны 1897 ж. 3 мың, 1997 ж. 35,3 мың, 2006 ж. 29,1 мың адам
болды. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар (Петров) жәрмеңкесі өткізіліп тұрды. 1928 ж.
аудан орталығына айналды. Ақмола – Қарталы теміролының
ж салынуы (1940) қаланың одан әрі дамуына
қолайлы жағдай жасады. Ұлы Отан соғысы кезінде сырттан көптеген тұрғындар мен бірнеше кәсіпорын көшіріп
әкелінді. Тың жерлердің игерілуі қаланы ауыл шаруашылығы шикізат
ын өңдейтін ірі кәсіпорын орталығына
айналдырды. Атбасарда толық механикаландырылған, жаңа техникамен жабдықталған Қазақстандағы ең ірі
элеваторлардың бірі іске қосылды. Автомобиль, ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін, құрылыс
материалдарын шығаратын, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада ауыл шаруашылығын
механикаландыратын және электрлендіретін мамандар даярлайтын колледж, орта және орталау, музыка
мектептері бар.

АТЖАЛМАН

Атжалман — кеміргіштер отрядының аламан тәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі мақұлықтар.


Атжалман республикамыздың барлық аймақтарында кездеседі. Оның Қазақстанда дауыр атжалманы, сұр
атжалман, эверсман атжалманы, жоңғар атжалманы, Роборовский атжалманы, кәдімгі атжалман сияқты
түрлері мекендейді. Дене тұрқы 7 — 28 см-дей, салмағы 17 — 540 г-дай болады. Құйрықтары қысқа келеді,
ұрт қалталары жақсы жетілген. Жүні ала күреңдеу, екі бүйірі қызғылт, аузының айналасы, алқымы ақ болады.
Шөптесін өсімдіктер мен бұта арасында, бау-бақша маңайларында тіршілік етеді. Күндіз інінде жатады және
онда оның азық сақтайтын бірнеше қоймалары болады. Өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және
ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ініне азықтық қор жинайды. Қысқы ұйқыға жатады. Ауық-ауық ұйқысынан
оянып, жинаған азығымен қоректеніп алады. Атжалмандар жылына 3 — 4 рет, 3 — 13-тен балалайды. Бір рет
түлейді. Атжалмандар ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Оба және туляремия ауруларын таратады.
Кейбір түрлері лабораториялық жануарлар ретінде қолда өсіріледі.

АТЛАНТИДА

Атлантида — ежелгі грек аңызы бойыншаАт-лант мұхитында болған құрлық немесе арал. Алғашқы
деректер біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда жазылған Платонның «Тимей» және «Критий» диалогінде
Геркулес бағанасының (қазіргі Гибралтар бұғазы) артында, теңіз суының ортасында орналасқан құрлық
ретінде айтылады. Құдайлар жерді бөліскенде, Атлантида теңіз құдайы және жер сілкінісін тудыратын құдай
Посейдонның иелігіне берілген. Ондағы тұрғын халық – атланттар Посейдонның жұбайы Клериодан туғандар
деп есептелген. Табиғаты бай, жері шұрайлы құрлықтың мәуелі бай сыйын жергілікті тұрғындар пайдаланып
отырған. Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін суық желдерден қорғаған. Шұратты да құнарлы
жерлерін әр түрлі жан-жануарлар жайбарақат мекендеген. Қабырғасы алтыннан, күмбезі күмістен жалатқан
қалаларында жоғары мәдениетті, ізгі, рақымшыл адамдар өмір сүрген. Олар жақсы шабандоз, шебер теңіз
саяхатшылары болған. Осылай жылдардан жыл, ғасырлардан ғасырлар жайбарақат өте берген. Күндердің
күнінде, табиғаттың миуалы сыйына тойынған немесе алып жатқан аумағы таршылық жасаған, билігін бүкіл
әлемге жүргізбек болған. Олардың осындай іс-әрекетіне қарсы шыққан көршілері – афиналықтар ұрыста
Атлантиданы жеңіп шыққан. Бұған ашуланған Посейдон өзінің бар ашуын бақытсыз аралдан алмақ болып
Атлантиданы су астына жібереді. Бұл қайғылы оқиға біздің заманымыздан бұрынғы 9500 ж. болған.
Құрлықтың гүлденіп, одан апат болып жер бетінен жойылып кетуі жайлы аңыз-әңгімелер адам баласының ой-
жорамалы мен қиялын сарп етті. Жоғалған құрлықты іздеуге, табуға шабыттандырды, рух берді. Нәтижесінде
жер туралы ғылымды одан әрі дамытуға үлкен ықпал етті. Атлантида туралы екі мыңнан астам кітап
жазылған. Қазірге дейін жұмбақ болып келген Атлантиданың қай уақытта және қай жерде орналасқаны
жайлы жаңа болжамдар жасалуда.

АТМОСФЕРА

Атмосфера — Жер шарының өзімен бірге айналатын және оның тәуліктік, жылдық айналымына қатысы
бар газ қоспаларынан тұратын ауа қабаты. Ол гректің atmos – бу және sphaіra – шар деген екі сөзінің
қосылуынан шыққан. Атмосфера газдан, су тамшыларынан, шаңнан, мұз кристалдарынан тұрады. Массасы
5,15Һ1015т. Жер бетінен жоғарылаған сайын атмосфераның қысымы мен тығыздығы төмендей түседі де,
біртіндеп планетааралық кеңістікке ұласып кетеді. Температураның өзгеруіне қарай атмосфера тропосфера,
стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына ажырайды. Атмосфера шашыранды Күн
радиациясын жартылай өзіне сіңіріп, өзінен ұзын толқынды инфрақызыл сәуле бөліп шығарады, сонымен
қатар жер бетінің ұзын толқынды сәулесінің 3/4-ін қайта сіңіреді. Жер беті мен атмосфера арасында жылу
және ылғал тұрақты түрде болып тұрады. Атмосфераның қабаттарында оның жалпы айналым әрекеттерімен
қатар, физикалық процестер де жүріп жатады. Атмосферадағы газдың көлемдік құрамының массасы негізінен
метаннан (СН4), көміртек тотығынан (СО), күкіртті газдан (SO
2), азоттың шала тотығынан (N
2О), күкірттің

қос тотығынан (NО2), радионнан (Rn) және иодтан (J


2) құралады.

Атмосферадағы айналым– Жер шарын қоршап тұрған бүкіл ауа қабатының қозғалыс жүйесі, яғни ауа
массасының көлденең және тік бағытта алмасуына себепкер болатын негізгі ауа ағындарының жиынтығы.
Жердің тәуліктік айналуы, Күн сәулесі энергиясының (радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауы,
мұхиттар мен құрлықтардың өзара орналасуы, құрлық бетінің бедері, т.б. атмосферадағы айналымды
тудырады. Айналым жылы және салқын ауа массаларын араластырып, ылғал тасымалдайды, нәтижесінде ауа
райы өзгереді. Тропосфера қабатында оған циклон және антициклонмен тығыз байланысты пассаттар мен
муссондар, тропосфераның жоғарғы қабаты мен стратосфераның ауа ағыны өте қатты жүретін төменгі
қабаттары жатады. Атмосферадағы айналым бірнеше ірі көлемдегі ауа қозғалыстарын қамтиды, соның ішінде
ең ірісі – ауа массасының батыс тасымалы. Сонымен қатар, атмосферада кіші көлемді жергілікті ауа
айналымдары (бриз, бора, фен және тау аңғарлық желдер) мен күшті құйындар (тромб, торнадо, қарадауыл)
да байқалады. Атмосферадағы айналымды синоптикалық, статистикалық және гидродинамикалық әдістермен
зерттейді.

АТОМ

Атом — материяны құрайтын химиялық элементтердің өзіне тән химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кіші
бөлшегі. Грекше atomos – бөлінбейтін деген ұғымды білдіреді. Атом – бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап
4
бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 10– 105 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны
айнала қозғалып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше
электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның
сызықтық өлшемдері ~10 — 8 см, көлденең қимасының ауданы ~10 – 162, см
көлемі ~10 – 24 см3. Бордың
атом теориясында ең қарапайым атом – сутек атомы. Оның радиусының дәл белгілі бір мәні бар және ол
–8
мүмкін болатын ең кіші айналу орбитасының радиусы шамасына тең: а = 0,53Һ10см (дәлірек, 0,52917Һ10– 8
см). Атомның массасы негізінен оның ядросының массасына тең және ол массалық санға (атом), яғни
протондар мен нейтрондардың жалпы санына (нуклондардың жалпы санына) пропорционал болып ұлғаяды.
Атом массасы ядро массасымен ондағы электрондарассаларының
м дәл қосындысына тең емес. Олардың
арасындағы айырым атомның байланыс энергиясын анықтайды. Атомның ішкі энергиясының тек дискретті
(үздікті) мәндері ғана бола
ды. Атом энергиясының дискретті квантталуы оның құрамындағы бөлшектердің
толқындық қасиетінің болуынан атомның осындай қасиеттерін кванттық теория ғана толық түсіндіре алады.
Бұл теория бойынша атомдағы электронның күйі 4 кванттық санмен анықталады. Олар: электрон энергиясын
анықтайтын бас кванттық сан(n), атомның импульс моментін анықтайтын, орбиталық кванттық сан
(l), ал l-
дің берілген оське түсірілген проекциясын анықтайтын магниттік кванттық сан (m) және электронның ішкі
спинін анықтайтын кванттық санms.).
( Осы 4 кванттық сан мен Паули принципі атомдағы электрондардың
барлық күйлерін сипаттайды. Сонымен бірге кванттық теорияда микробөлшектердің сол 4 кванттық сан
( 2 бөлшектердің
анықтайтын күйлерін толқындық функцияменφ)( өрнектейді. Ол функцияның квадраты|φ|)
кеңістік нүктелерінде болу ықтималдығын білдіреді. Кеңістіктегі электрон бұлтының тығыздығы осы
ықтималдыққа пропорционал. Кванттық сандардың мәндеріне сәйкес атомдардағы қабықшалар мен қабаттар
рет-ретімен толтырылып отырады. Осылайша элементтердің Менделеев кестесіндегі орны анықталады.
Алдымен ең кішіn=1 қабат толтырылып, онда болғаны 2 электрон ғана орналасады. Онан кейін
n=2 қабат
толтырылғанда ядроның заряды өсуіне сәйкес қабаттар ядроға жақындай түседі. 1-қабат
1s қабықшадан, 2-
қабат 2s, 2p қабықшалардан, 3-қ абат 3s, 3p, 3d қабықшалардан, т.б. тұрады. Әр қабатэлементтің периодын
анықтайды. Осы пер иод элементтердің химиялық, оптикалық, электр
лік және магниттік қасиеттерінің
қайталану периоды болып табылады. Осы периодтылық атомның ең сыртқы электрон қабықшаларының
қасиетімен анықталады. Мұндай периодтылық иондар қасиетінде де сақталады. Атомның орбиталарында 2 не
одан да көп электрондар қозғалып жүрсе, онда мұндай күрделі атомдардағы электрондардың өзара әсерлесуін
де еске алу керек. Ол әсерлесулер тек электр статикалық ғана емес, орбиталық магниттік моменттер мен
бөлшектердің өзінің ішкі магниттік моменттері де өзара әсерлесуі мүмкін. Мысалы, гелий атомындағы екі
электронның негізгі күйдегі әсерлесу энергиясы 78,98 эВ. Көп электронды атомдар құрылысын зерттегенде
бұларды есепке алып отырады. Сонымен бірге әр электронның орбита бойымен қозғалысында туатын
электрлі магниттік өрісі мен электронның ішкі магниттік моментінің әсерлесуі де қосымша байланыс
энергиясын тудырады. Осының нәтижесінде атом спектрінде нәзік түзілісті, ал электрон мен ядроның
магниттік моменттерінің өзара әсерлесуінен аса нәзік түзілісті көреміз. Қазіргі заманғы кванттық электр
динамикасында атом электрондарының вакуум құрамындағы виртуальды бөлшектермен әсерлесуін де
есептеп атом құрылысының мұнан да күрделі екеніне көз жеткізуге болады.

АТТИЛА

Аттила, Е д і л – ғұн көсемі, император әрі ұлы қолбасшы. Шамамен 400 – 453 жылдары өмір сүрген.
Алмания (Германия) мен Скандинавия тарихында Этцель, славяндарда Атыл есімімен белгілі. Венгрлер оны
бабамыз деп есептейді. Қазақтардың жадында Еділ патша деген атпен сақталған Аттила еуропалық Ғұн
империясының тағына 434 ж. отырды. Еділ патшаның тарихы оның аса дарынды қолбасшы болғандығын
танытады. 443 және 447 – 448 ж. Аттила әскері Шығыс Рим империясына жорық жасап, оны тізе бүктірді. 452
ж. мүмкіндігі бола тұрса да Римді қиратуға бармады. Франк, бургунд, аквитан билеушілері Аттилаға
балаларын тәрбиелеп, оқытуға жіберіп отырған. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы
сатысына жетті. Бұл империя Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына әсерін
тигізді. Дегенмен Аттила жауынгерлері 451 ж. Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқаста римдіктер,
вестготтар мен франктердің біріккен күштерін жеңе алмады. 2 жылдан кейін Аттила қайтыс болып, ғұн
тайпалық одағы тарап кетті. Аттиланың денесі Тисса өзенінің арнасына жерленген. Айбынды ғұн көсемі
Еуразияның көптеген халықтарының фольклоры мен жазба әдебиетінің кейіпкеріне айналды.

АТЫРАУ

Атырау — ірі өзендердің көлге немесе теңізге құяр жерінде өзен шөгінділерінен пайда болатын, тарамдар
мен тармақтарға тілімденген ойпат. Ол өзен ағыны, теңіз толқуы, желқума-желбөгет ағысы, судың толығуы
мен қайтуы, т.б. құбылыстардың өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. Атыраудың беті
негізінен тегіс, ортасы дөңестеу болып келеді. Оның өсу жылдамдығы әр өзенде әр түрлі болады және
жылына бірнеше метрден жүздег
ен метрге жетеді. Атырау пішіні үш бұрышты (Ніл, Іле өзендері), қалақ
(Миссисипи өзені), доға (Лена өзені), құстұмсық (Тибра өзені) болады, кейде бөлініп (Камчатка өзені) не ілгері
(Еділ, Жайық өзендері) шығып тұрады. Амазона, Ганга өзендерінің атырауы 1000002, км
Еділ өзенінде13000
км2, Іленің Атырауы 5,0 мың км
2
-ге жетеді.
Атырау – Қазақстандағы қала (1662), облыс орталығы (15.1.1938). Каспий теңізінің солтүстігіне қарай 30
км жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан. Су, темір жол, әуе көліктері Атырауды еліміздің
көптеген қалаларымен, автомобиль жолдары облыстың елді мекендерімен, басқа қалалармен
байланыстырады. Тұрғыны 1897 ж. 9,3 мың, 1923 ж. 12,5 мың, 1939 ж. 41,5 мың, 1997 ж. 265 мың 2006 ж. 269
мың адам болды. Қазақстандағы байырғы қаланың бірі. Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына (1580)
салынған. Кейін мұнда ел қоныстанып, балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 ж. патша үкіметі
ағайынды Гурьевтерге қалашық салуға рұқсат етеді. Қала үлкен қиындықтармен 1662 ж. салынып бітеді де,
патша жарлығымен Гурьев аталады. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. 1865 ж. уездік қала болды. 1917
жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысынің, 1925 жылдан Бөкей губерниясындағы
Гурьев уезінің, 1929 ж. Гурьев округіның, 1930 ж. аудан, 1938 жылғы қаңтар
айының 15-інен облыс орталығы.
1992 ж. ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев облысын Атырау облысы, Гурьев
қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.
Қала елеулі тарихи, саяси оқиғалардың орталығы болды. 1916 ж. Гурьев уезіндегі Өтепқали Исатаев бастаған
толқу Қазан төңкерісіне ұласты. Азамат соғысы кезінде шетелдіктер мен ақ казактар қаланы өзінің тірек базасы
ретінде пайдаланды.
Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау,
металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Мұнда мұнай
өнеркәсібінің жобалау институты, мұнай және табиғи тұздар ғылыми-зерттеу институты, университет, драма
театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мұнай
айыру зауытының мәдениет үйі, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер, бала
бақшалары, медициналық мекемелер жұмыс істейді. Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке
бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш
және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен
мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары «Ембімұнай» кенті мен мұнай айыру
зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан
қаланың екі бөлігін байланыстырады. Облыстық қазақ драма театрының алдындағы алаңда Исатай Тайманов
пен Махамбет Өтемісовке ескерткіш орнатылған.

АУҒАНСТАН

Ауғанстан, А у ғ а н с т а н ислам м е м л е к е т і– Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы


652,2 мың км2. Халқы – 32 млн. адам. Астанасы – Кабул. Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді.
Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен суниттер).
Жерінің 3/4 бөлігінен астамы таулы. Елдің солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай өте ірі
Гиндукуш тау жоталары (ең биік жері 6729 м) созылып жатыр. Оны Ауғанстанның солтүстігі мен батысында
Паропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңтүстігінде Газни-Кандагар таулы үстірті,
ал оңтүстік-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-Марго шөлдері жатыр. Климаты – субтропиктік, құрғақ.
Шілде айының орташа температурасы 24Ә-тан 32ӘС-қа, ал қаңтар айының орташа температурасы 0Ә-тан
8ӘС-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм-ден аспайды. Ірі өзендері:
Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары – мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және
асыл тастар.
Қазіргі Ауғанстан жерінің солтүстік бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңтүстік бөлігін қола дәуірінен
мекендей бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың 1-жартысында бұл жерде құрылған
мемлекеттердің бірі Бактрия болды. Ауғанстан туралы алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 6
ғасырдан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. Біздің
заманымыздың 1 – 4 ғасырларында Ауғанстан жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғасырдың 60-
жылдарында Ауғанстан жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7 – 8
ғасырларда Ауғанстан жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс
хан әскерлері жаулап алды. 16 ғасырда Ауғанстан жеріне Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді.
Орта Азиядан ығысқан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы Моғол әулетіне
бағындырды. Жеке иеліктерге бөлінген Ауғанстан жерінде 1747 ж. Ахмад шаһ Дуррани басқарған алғашқы
Ауған мемлекеті орнады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемлекет ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаһ әулеті де
биліктен кетті. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта Ауғанстан жерін
отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп,
басқыншылар жеңіліп тынды (1842). 1878 ж. Ұлыбританияның 37 мың адамдық әскері Ауғанстанға тағы да
басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-
қатынасы Англияның бақылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманулла хан Ауғанстанның
тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди
шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.
1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, республика
жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау
үшін 1979 ж. желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына
дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы
жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты. 1997 – 98 ж. Қазақстан
Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелді.
Ауғанстан – аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад
каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі
мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы
сияқты дақылдар өндіріледі. Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт
сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен
цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ
киімдер тігеді. Экспортқа негізінен қаракөл елтірісі мен жүн шығарылады.

АУКЦИОН

Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес,
жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша
белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады.
Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі.
Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу
ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы)
нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар
тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын
атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып
тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды. Аукционның жабық түрінде
сатып алушы аукционшыға баға көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы сатып
алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды. Бағаны бір ыңғай төмендету арқылы жүргізетін
аукционда тауар тобын (лотты) кім бірінші «иә» десе, сол алады. Бағаны төмендететін аукциондарда бағаның
өзгеруі циферблат тілімен көрсетіледі. Кім бірінші кнопканы басып циферблат тілін тоқтатса, лотты (тауар
тобын) сол сатып алады.

АУЫЗ СУ

Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам
организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді.
Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм
0
көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 20-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз,
кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз
болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы
– флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің
кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 15ӘС аралығында, минералдығы
1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек
таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің
ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне
байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы
ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.

АУЫР АТЛЕТИКА

Ауыр атлетика— әр түрлі салмақ дәрежелеріндеауыр зат (штанга, кір) көтеріп, күш сынасатын спорт
түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 ж. АҚШ-та өтті. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1896
ж. енгізілді. Ауыр атлетикадан дүниежүзілік (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі.
Халықаралық Ауыр атлетика федерациясына (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Ауыр атлетика бойынша
халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын
10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары
көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі. Қазақстанда ауыр
атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 ж. өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954
жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу),
ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Пекин) ауыр атлетикадан
Олимпия чемпиондары атанған.

АФРАСИАБ

Афрасиаб — Тұран патшасы, қолбасшы, түркі жұртының ұлы тарихи тұлғасы. Ол 4 – 6 ғасырлар
аралығы шамасында өмір сүрген. Бұхара қаласында жерленген. Афрасиабтың есімі Әбу Райхан әл-Бируни,
Мұхаммед Хайдар Дулати, Махмұд Қашқари, Әбу Бәкр Мұхаммед Наршаһи, Хамза Исфаһани, Рашид ад-Дин,
т.б. ғұламалардың еңбектерінде кездеседі. Тарихи шығармаларда Афрасиабты түркілердің Тоң Алып деп
атағандығы айтылып, оның теңдессіз әскери қайраткерлігі, жеке басының батырлығы мадақталады. Араб,
парсы тарихшылары Афрасиабты Пайкент, Бұхара, Самарқан (алғашқы атауы Афрасиаб), т.б. салған делінеді.
Иран деректерінде Афрасиабтың Тұран аталған аса қуатты мемлекеті Әмудариядан Енисейге дейінгі жерді
алып жатқан.
Афрасиабтың есімі Фирдаусидің «Шаһнамасы» арқылы жұртшылыққа кеңінен танылды. «Шаһнамада»
Афрасиабтың әкесі Бошан (Пышан), балалары Барысхан, Қарахан, Шиде (Шайда батыр), немересі Аржасып
туралы мол деректер келтіріледі. Шығармада Рүстем батыр бастаған парсылар мен Афрасиаб билігіндегі
түркілердің ұзаққа созылған соғысы барысында Иран билеушісі Надир шаһты Афрасиаб өлтіреді, сол сияқты
Кейқауыстың баласы Саяуыш (Сиявуш) батырды жеңеді. Саяуыштың баласы Кейхосроу Афрасиабты және
оның ұлы Шайда батырды өлтіреді. Афрасиабтың немересі, Тұран патшасы Аржасып парсылармен қиян-
кескі соғыс жүргізгенімен түпкі жеңіске парсылар жетеді. Фирдаусидің әдеби сюжеттері мен пайымдаулары
тарихи жазбалардағы Афрасиаб туралы тұжырымдармен үндес келеді.
АФРИКА

Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің
мағы
ау
29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км
2
). Тұрғыны 728 млн. адам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000
км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының
жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде
Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді
мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып
жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы
арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали,
құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және
Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе,
Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.
Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали,
Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және
Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165
м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде
Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең
терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде,
батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы
қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында
Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру
(4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп
аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.
Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе,
минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен
орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка
Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина,
алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.
Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы
орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 20ӘС-тан жоғары, Сахара мен Суданның
солтүстігінде 35Ә – 38ӘС-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +58ӘС 1933 ж. Сахараның (әл-
Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея
шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын
мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы
ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ,
континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат
белдеулеріне бөлінеді.
Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 3)кмбойынша Еуразия мен Оңтүстік
Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі.
Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары
(вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер,
Оранж. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты
Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық
мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің
ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.
Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін
өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек
орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы
ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік
өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы,
сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы
және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы
– баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы
өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ,
акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия
таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.
Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға
бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға
тән жануарлардан африка пілі, керік, зебра, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас
маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады.
Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып
кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық
саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.
Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы
ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің
заманымыздан бұрынғы 600 ж. шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық
араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту жерлеріне
саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу
мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ
құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген
зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысы Давид Ливингстонның 1840 – 1870 ж.
және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 ж. зерттеулерін атауға болады.
Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия
(Марокко, Лесото, Свазиленд), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық
мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы,
яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.

АЭРОПОРТ

Аэропорт, ә у е ж а й – әуе көлігі құралдарымен тұрақты түрде жолаушыларды, жүк пен пошта
тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кәсіпорын. Бұл ұғым гректің aer – ауа, француздың port және
латынша portus, яғни айлақ деген екі сөзінің бірігуінен шыққан. Құрамына аэродром, аэровокзал, т.б.
ғимараттар, техникалық қызметтер, құрал-жабдықтар енеді. Жабдықталу және тасымалдау дәрежесіне қарай
халықаралық және жергілікті аэропорттар болып ажыратылады. Аэропорт радиолокатормен, автоматты
радиотехникалық құралдармен, жарық сигналы жүйесімен, навигациялық құрылғылармен, т.б.
жабдықталады. Аэропорттың орнын таңдағанда оның қалаға қатынауға ыңғайлы болуы, қалада шуды
көбейтпеу мақсатында едәуір қашықтыққа орналастыру, грунттық және гидрогеологиялық шарттардың
орындалуы, аэропорт жанында биік кедергілердің болмауы, т.б. ескеріледі. Аэропорттың негізгі бөлігі –
аэродром. Онда ұшақ ұшатын және қонатын жолақты жолдар, бағдарлану жолы, ұшақ тұратын орындар, т.б.
болады. Ал аэропорттың қызмет көрсету-техникалық аймағына жолаушылар кешені (аэровокзал, аэровокзал
алаңы, перрондар, қонақ үй, т.б.), радионавигациялық және ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін т.б.
ғимараттар, сондай-ақ жүк тиеу және түсіру кешені жатады. Ірі аэропорттардың аумағы мыңдаған гектарға
жетеді (мысалы, Нью-Йорктегі Кеннеди аэропорты) және оларда бір мезетте бірнеше ұшақ қонып және ұшып
жатады. Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында аэропорт бар. Алматы аэропортында
тәулігіне, орташа есеппен 4 мың (жаз айларында 6,5 мыңға дейін) жолаушыға қызмет көрсетіледі.

АЮ
Аю — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай,
құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты
болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю,
малайзия аюы және көзілдірікті аю деген 7 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік-Мұзды
мұхит жағалауында
тіршілік етеді. Оның дене тұрқы3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны
жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді.
Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат
қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 ж.). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы,
Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань аюы) мекендейді.
Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез
құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі
үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай
өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г
болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40
жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға
жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса,
ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120
кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға
да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді.
Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

ӘБУ ӘЛИ ибн СИНА

Әбу Әли ибн Сина,Ә б у Ә л и Хусейн и б н А б д а л л а х– ортағасырлық ғалым, философ,


дәрігер. 980 ж. қазіргі Бұхара қаласының маңында дүниеге келген. Оның есімі ғылым тарихында латынша
транскрипциясы бойынша Авиценна деген атпен белгілі. Орта Азияда және Иранда түрлі әмірлер тұсында
дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған. Ғалымның басты философиялық еңбектері – «Дауа кітабы»
(«Құтқару кітабының» қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), «Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы»
(парсы тілінде, «Даныш-наме»). Метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс
аристотелизмі дәстүрін дамытты. Әбу Әли ибн Синаның философиялық және жаратылыстану ғылымына
арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор
мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Оның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері де сақталған.
Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылып, ортағасырлық парсы, араб, өзбек және
еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Әли ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап
шұғылданды. Жергілікті тәбиб әдістерін үйренген ғалым-дәрігер кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы,
қытай медицинасын зерттеді. Әсіресе, Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысумен қатар олардың
айтып қалдырған қағидаларының ескірген ұғымдарын алып тастады. Соның нәтижесінде Гиппократ пен
Галеннің даңқы қайта жаңғырды. Оның күрделі туындысы – «Дәрігерлік ғылымның каноны» («Китаб әл-
қанун фи-т-тибб») араб тілінде жазылған 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Латынша
аудармасы 12 ғасырда жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне таралды. Осы кітап арқылы Әбу Әли ибн
Сина «Медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» деген ұлы есімге ие болды. Ол келте кесу (ампутация),
шекебұрғылау (трепанация), қуықтан тас алу, онымен қатар жара таңу, білтелеу, сынық салу амалдарын және
дәріні кең қолданды. Дәрілердің көбі өсімдіктерден алынды. Әбу Әли ибн Сина 1037 ж. 18 маусымда
Хамаданда дүние салды.

ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ

Әбу Наср әл-Фараби,Ә б у Н а с р М ұ х а м м а д и б н Т а р х а н и б н У з л а ғ ә л - Ф а р а б и


– қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Ол 870 ж.
Отырарда әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар, Самарқан,
Бұхара, кейіннен Мысыр, Халеб
(Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы,
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп
оқып, 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе,
Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Алғашқы кезде Әбу Наср әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші
ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми
зерттеулермен шұғылдануға кіріскен.Ғалым философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы,
халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты
ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының
жауабын табатын әдіс деп түсінді.
Әбу Наср әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға
сүйенеді, оларға жаңа сипат береді.
Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия,
физика,жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. «Ғылымдар тізбегі» деген еңбегінде сол
кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның
тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның
тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл
ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Ол – алгебраны математиканың дербес
бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты
Әбу Наср әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. Ол
өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометриялық сызықтар жөнінде
өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс,
котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы
бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Физика саласындағы Әбу Наср әл-
Фарабидің көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол вакуум мәселесінен басқа да физиканың
әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін (дененің жылудан
ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею
заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.) дұрыс тапқан. Әбу Наср әл-Фараби химия, медицина,
география, минерология, т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған. Оның таразы
туралы, механизмдер және оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге
әйгілі. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу
Наср әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика
тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығы айқын байқалады. Ол – шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы
педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Этиканы ол ең алдымен, жақсылық пен жамандықты
ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымдамаларында
жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.
Әбу Наср әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй
шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» – ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында
жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың
табиғаты, тегі, таралуы, т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Ол 950 ж. Сирияның Шам
шаһарында қайтыс болды.
Әбу Наср әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарында ғана
қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш
Сәтбаев еді. Әбу Наср әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975
жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.
ӘБУ РАЙХАН әл-БИРУНИ

Әбу Райхан әл-Бируни, Ә б у Райхан Мұхаммед ибн Ахмед ә л - Б и р у н и–


ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 ж. қазан айының төртінде Қият қаласының
маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика,
медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында
болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни –
парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000
жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-
Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 ж. Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед
ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина
(Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген,
сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу
еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында
Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге
қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Арал теңізінің жағасында, Үндістанда,
Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-
Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау,
өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық
мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу
Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан
әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы
кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-
географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия
көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны
мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.
«Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс,
орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 ж. желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни
қаласында қайтыс болған.
ӘБІЛҚАЙЫР

Әбілқайыр,Ә б і л қ а й ы р М ұ қ а м б е т Ғ а з и Б а һ а д у р х а –н хан, қолбасшы. 1693 ж. өмірге


келіп, 1748 жылдың он екінші тамызында елу бес жасында қаза тапты. Әбілқайыр соғыстарда батырлығымен,
айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші
жүздің ханы (1710 – 1748) болды. 1715 ж. Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығына таласты. Бірақ
мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар
басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын
көшпелі тайпаларға қоныс аударды. 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының
қолбасшысы болып сайланды. Бұланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы [1729(30)] ойраттарды
талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілетімен ерекше көзге
түсіп танылды. Қазақ хандары мен
сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады.
1731 ж. қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант (бұл антты 1738, 1740 және 1742 ж.
қайталады) берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ
қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының
қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ
арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау
тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан
сақтауды да ойлады. Алайда Ресей қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр оның саясатын дер
кезінде түсінді. Хан жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж.
Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға
мәжбүр болды. Ол үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен
тығыз қарым-қатынас жасады. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын
отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды. 1737 – 38 жылғы башқұрт халқының
отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістіріп
жіберді. Ханның дербестігі мен «орысшылдығы», қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға
ұнамады. Солардың бірі – Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен кен
далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан
80 шақырым жерде.

ӘДЕТ-ҒҰРЫП
Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының,
тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы.
Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау
алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде
сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер
тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи
құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б.
сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің
ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген. Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының
тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн,
сақ тайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас
имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы
құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі
реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени
тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың
мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін
тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір
құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның
жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң
нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған.

ӘЗЕРБАЙЖАН

Әзербайжан, Ә з е р б а й ж а н Р е с п у б л и к а с ы – Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан


мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң
шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы
өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан
солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен,
2
оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың , км
халқы 8,6 млн. адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзербайжандар. Мемлекеттік тілі –
әзербайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.
Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы
үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен
(Кура-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа
температурасы ойпатты аудандарда 0ӘС-тан 3ӘС-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27ӘС.
Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран
ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс. Ең үлкен көлдері – Гаджикабул және Беюкшор.
Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.
Әзербайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік
Оңтүстік Әзербайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың
тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзербайжан жерінде
кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі
құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып,
оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзербайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары
да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзербайджан»
(грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзербайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында
Албания мемлекеті пайда болды.
Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания
Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін
таратты. 9 ғасырдың басында Әзербайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек
бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзербайжанды салжұқтар басып алды.
Әзербайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың
30-жылдарында Әзербайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген
мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзербайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16
ғасырдың соңына қарай Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17
ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзербайжан Иранның қол астына қарады. 1723 – 35 ж. Әзербайжанның
Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды.
1805 – 13 ж. және 1826 – 28 ж. орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзербайжан Ресейге қосылды.
1917 ж. қарашада Әзербайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 ж. 30 желтоқсанда Әзербайжан Кавказ
Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 ж. КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған
кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзербайжанның экономикалық және мәдени дамуы
жүзеге асты.
1991 ж. 30 тамызда Әзербайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті
қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 ж. 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен
1992 ж. 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Әзербайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай.
Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және
әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина
жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады.
Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

ӘЙТЕКЕ БИ

Әйтеке би, Ә й т е к е Б а й б е к ұ л ы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты
үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан ол 1644 ж. наурыз айының
жиырма үші күні Өзбекстандағы Қазбибі тауының етегінде туған. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз
қажының бесінші, Сейітқұл әулиенің – үшінші ұрпағы. Самарқан әмірі (1622 – 56) Жалаңтөс баһадүрдің
немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашып, Самарқандағы Ұлықбек
медресесінде, кейіннен әйгілі «Шер-дор» (Арыстанды) медресесінде оқиды. Медресені бітірісімен туған
ауылына оралып, ел басқару істеріне араласады. Жиырма бес жасында оны барша Кіші жүз халқы бас би
етіп сайлады. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты «Хан кеңесі» сайланды.
Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы «Хан кеңесінің» мүшесі болды. Осы кезде заман өзгерісіне қарай
жаңа заң үлгілерін жасау қажеттігі туды. Сөйтіп 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды.
«Жеті жарғыға» Әйтекенің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол – »Сүйек құны» мен «Өнер
құны».
Әйтеке шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге, жоңғарлармен болған ұрыстарда қол
бастаған батыр да болған. 1685 ж. Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына бес
мың қол әскерімен Әйтеке қарсы аттанады. Соғыс бір күнге созылады. Келесі күні Әйтекеге Самарқаннан,
Бұқарадан қалың әскер көмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан-Бошақты Сайрамға шегініп кетеді.
Сол жылы Сайрам талқандалып, жыл сайын Күлтөбеде өтіп жүрген «Хан кеңесі» болмай қалады. Бұдан кейінгі
қазақ жиыны Қарақұмда және Тәуке хан ордасын тіккен Түркістан маңында болғаны тарихтан мәлім. Ол 1700
ж. қайтыс болып, Өзбекстанның Нұрата ауданындағы Сейітқұл қорымында жерленген. Әйтеке қайтыс
болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен.
Ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатары Өзбекстанның Нұрата ауданында
тұрады.
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз
әңгімелер мен жырлар да жеткілікті. Соның бірі авторы беймәлім, «Әйтеке би» деген ұзақ дастан. Биді халық
«айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары
біріктіріліп, қазір Әйтеке ауданы деп аталады.

«ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ»

«Әлемнің жеті кереметі»– біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайн (Александр
Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя
құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері
ескерткіштері. Олар: 1) Мысыр пирамидалары – ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары.
Біздің заманымыздан бұрынғы 28 ғасырда салынған. 2) Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы – біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы
текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. 3) Эфестегі Артемида ғимараты – кезінде әлемдегі ең үлкен
ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған. 4) Олимпиядағы
Зевстің мүсіні – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен
жасаған. 5) Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы – біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда
салынған. 6) Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн құдайы Гелиостың мүсіні – биіктігі 45 м. Біздің
заманымыздан бұрынғы 285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрынғы 224 ж. жерсілкіну кезінде қираған. 7)
Александрия шамшырағы – біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Бұл алғашқы «Әлемнің жеті кереметіне», «Екінші 7 керемет», «Табиғаттың өзіндегі 7 керемет», «Қиял-ғажайып
7 керемет», т.б. «кереметтер» қосылып келеді.

ӘЛІПБИ
Әліпби, а л ф а в и т – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан
жиынтығы. Әріптердің рет тәртібін де білдіреді. Ұғымды белгілейтін идеограмма жазудан, сөзді бейнелейтін
логограмма жазудан әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек. Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір
ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңыншы жылдардың ортасында
семит халықтары ойлап тапқан. Семит тілдерімен туыстас көлбеу сызықты (курсив) арамей (көне семит тілі)
әліпбиі Таяу және Орта Шығыс елдерінің бәріне дерлік тарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 4
ғасырларда Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік құрған Ахемен әулеті билеген парсы мемлекетінде
қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм жазуларына негіз болған), еврейлердің шаршы
жазуы, сирия-арамей жазуы (манихей, несториан, яковит жазуларына негіз болған), жол асты, жол үсті
дәйекшелерімен толықтырылған араб жазуы, т.б. арамей жазуының жергілікті тармақтарына жатады. Түзу
сызықты финикий әліпбиі бастапқы түрінде Кіші Азия, Грекия, Италия, т.б. елдерде қолданылды. Ал көне
грек әліпбиі бірнеше тілдердің жазу-сызуына негіз болды. Византия жазуы, копт (христиан мысырлықтар),
гот, славян жазулары көне грек әліпбиінің Шығыс тармақтарына жатады. Ал италий, этрус, көне герман сына
жазуы, т.б. батыс грек әліпбиінің тармақтары болып саналады. Бұлардың ішінде этрус әліпбиі латын
әліпбиіне негіз болған. 8 – 13 ғасырларда Орталық Азиядағы түркілердің арамей-сирия тармағынан тараған
несториан, манихей жазуларымен жазған жазба ескерткіштері болды. Сондай-ақ парсы-арамей тармағына
жататын соғды әліпбиі Шығыс Түркістанда кеңінен қолданылған көне ұйғыр әліпбиіне негіз болған. Ал көне
ұйғыр әліпбиі негізінде 13 ғасырдан кейін тұңғыс-манжұр жазулары қалыптасты. Түркі халықтарының әлемге
әйгілі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің әліпбиіне соғды жазуы негіз болған деген де пікір бар. Ал орыс
шығыстанушысы Николай Аристов түркі әліпбиін ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі таңбалары
негізінде туған төл жазу деп санайды. Жазу-сызу мен сауаттылық дінмен тығыз байланысты болды. Арамей
жазуы зороастрашылдық, сирия-арамей жазулары яковит, несториан (христиан секталары), манихей
діндерімен байланыста тарады. Араб әліпбиі мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына
байланысты көптеген түркі халықтарының жазу-сызуына негіз болды. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі
араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. 1912 ж. Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ
жазуына алғаш реформа жасады. Ол қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» (төте жазу) деп аталып, халықты
сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Әліпби 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға
дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20 ғасырдың 20-жылдары аяғында әліпбиді ауыстыру жайлы түркі,
қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, Байтұрсынов реформалаған әліпби қолданыстан шығарылды. Шығыс
Түркістандағы (ҚХР) – Шыңжаң автономиялық ауданындағы қазақтар Байтұрсынов әліпбиін қазіргі кезге
дейін қолданып келеді. 1929 ж. КСРО құрамындағы түркі халықтары латын әліпбиіне көшірілді. 1940 ж.
Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен орыс әліпбиі қолданысқа енгізілді.
Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н,)
қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты
кейінгі жылдары қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көтерілуде.

ӘЛІШЕР НАУАИ

Әлішер Науаи,Ә л і ш е р Н и з а м а д д и н М и р Н а у а и– түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы,


мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар
Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде
бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми,
Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі
болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер
Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға
(каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер,
шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа
уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық
жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы»
(1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты
шығармаларын жазды.
1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі»,
Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-
теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»),
діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры»)
туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп
құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады.
15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер»
(«Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс
болған.
Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран,
Әзербайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка
кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың
назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның
шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да
(Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов
Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.

ӘМУДАРИЯ

Әмудария – Орталық Азиядағы ең ірі және суы мол өзен. Пяндж және Вахш өзендерінің қосылған жерінен
Әмудария (ежелгі атаулары Әму, Оксус, Балх, Жәйхун) деп аталады. Ұзындығы 1415 км (Пяндж өзенінің
бастауынан есептегенде 2540 км), алабының ауданы 309 мың 2.кмӘмудария Гиндукуштың солтүстік
беткейінен бастау алады. Негізгі салалары: Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Кафирниган,
Сурхандария, Құндыз,Шерабад. Жазыққа шыққаннан кейін 1100 км бойы
Тұран ойпатының шөлді аймағын
басып ағады. Бұл бөлігінде өзенге бір де бір сала қосылмайды. Арал теңізіне құяр жерінде тарамданып
(Талдық, Қазақдария, т.б.) кетеді де зор ауқымды атырау (7000 2)кмқұрайды. Ағыны таудағы мұз бен қар
суынан түзіледі. Өзен көктем мен жазда тасиды және өте лайлы болып келеді. Ең төмен деңгейі қаңтар мен
ақпан айларына келеді. Деңгейдің жыл ішіндегі ауытқуы 2 – 3 м-ге дейін барады. Булануға, сіңуге және жер
суаруға пайдалануына байланысты Нөкістің тұсына барғанда ағын 40%-ға азаяды. Төменгі ағысында 2 – 2,5
ай қатады. Арнасы жұмсақ тау жыныстарынан құралған. Әмудариядан Қарақұм, Әму – Бұхара, Қаршы
каналдары бастау алады. Төменгі саласында балық шаруашылығы дамыған. Чарджоу қаласы тұсынан бастап
кеме жүзе алады. Әмудария бойындағы ірі қалалар: Термез, Керкі, Нөкіс. Өзен аңғарындағы Қызылқұм және
Әмудария қорықтарында қабан, шиебөрі, қоян, қырғауыл, Бұхара елігі, қарақұйрық, т.б. сирек кездесетін
жануарлар мекендейді.

ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ

Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 ж. туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген
байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921 – 24 ж. Семейде
құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы
«Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай
түсті. 1924 ж.
осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 ж.
Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша»,
«Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле
мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры
Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 ж. сәуір айында арнайы
шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып,
қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері
Ромен Роллан, Анри Барбюс, т. б. тарапынан жоғары баға алған. Александр Затаевич Әміренің әншілік
өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып,
«Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Әміренің әншілік қабілетін кезінде қазақ әдебиеті
мен өнерінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек
Елебеков, Құрманбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалаған. 1926 ж. Қызылордада ашылған
Қазақ драма театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) алғашқы актерлерінің бірі
болды. 1934 ж. қазақ музыкалық театрына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ауысты. 1934 ж. алтыншы
желтоқсанда ауыр сырқатқа шалдыққан әнші оқыстан қайғылы қазаға ұшырады.

ӘМІР ТЕМІР

Әмір Темір,Қ ұ т б у д д и н Т е м і р Г ү р к а ,пС а һ и б Қ ы р а н А ғ з а м Ж а н а т М а к а –н


қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Ол 1336 жылдың тоғызыншы
сәуірінде Түркістанның маңындағы Қожа-Илгар Кеште өмірге келген. Жас кезінде сол Түркістан маңындағы
бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі (1361)
болды. Осы кезден бастап Әмір Темір Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен
Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды; ал 1370 –
80 ж. Хорезм, Шығыс Түркістан, Хорасан, Қандағар, Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан), Иран және
Ауғанстанды бағындырды. Әмір Темір 1380 – 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы
алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын
соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай
жасады. 1390-жылдары Кавказ бен Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып
алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. 1402 ж. жазда Әмір Темір Анкара
шайқасында түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид І) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының
нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн.2-ге
кмжетті. Әмір Темір
1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай ақпанның он сегізі күні Отырарда қайтыс болды. Сүйегі
Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленген. Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек, Моғол империясын
құрушы Бабыр сынды атақты адамдар шықты. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда
болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен
сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланыс
ты. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш
– қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір
Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.

ӘНҰРАН

Әнұран, г и м н – салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Бұл гректің hymnos сөзінен шыққан,
яғни мадақтау ән деген ұғымды білдіреді. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен
мұраттарға бастайтындай болуы керек. Әнұранның әскери, діни, т.б. түрлері болады. Кейбір күрделі опера,
балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мысалы, Людвиг ван Бетховен өзінің 9-
симфониясын Иоганн Шиллердің «Шаттық» одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы
Михаил Глинка «Иван Сусанин» операсын атақты «Даңқ» хорымен бітіреді. 1945 ж. бекітілген Қазақстан
әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан
Республикасының әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. Кейіннен ол Шәмші Қалдаяқовтың «Менің
Қазақстаным» әнімен ауыстырылды.

ӘУБӘКІРОВТОҚТАР

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы— қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988),
Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995). Ол 1946 ж. Қарағанды облысының Қарқаралы
ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969),
авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 ж. Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі,
эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 ж. Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның
ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990
ж. ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 ж. 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты.
Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы
бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң
борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының
ғарыштық суреттері алынды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға,
отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға
қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 ж. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары,
1993 — 94 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры — Ғылым және
жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты —
Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

ӘУЕЗОВ МҰХТАР

Әуезов Мұхтар Омарханұлы– Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым
академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің
еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
ж. жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 ж. Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде
оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 ж. Семей қалалық бес кластық орыс
қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын
жазады. Училищені 1915 ж. аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып
жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып,
оны 1917 ж. маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын
құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың
өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 ж. 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 ж. 5 –
13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару
комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-
көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 ж. семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады.
1919 ж. желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан
ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.
1921 ж. қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда
кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3
– 4 сандарында жарияланды. 1922 ж. күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға
түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері»,
«Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері
жарияланады. 1923 ж. маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің
қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 – 25 ж. Семейдегі мұғалімдер
техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл
бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 ж.
Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 ж. жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция
ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 ж. кітап
болып шығады. 1927 ж. жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ
шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-
Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 ж. Орта Азия
мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 ж. 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 ж. сәуір айында үш
жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ
педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр,
драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары
үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 ж.
Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға
кірісіп, оны 1941 ж. бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше
оқиға болды. 1943 ж. «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 ж. романның екінші кітабын
жазып бітіріп, ол 1947 ж. жарық көреді. 1950 ж. роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық
көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті
кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс
жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпенігіп,
бір 1942),
«Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің
сценарийін (1945) жазады. 1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик,
№1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1951 – 54 ж. Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 ж. сәуір айында Мәскеуге
жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып,
«КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 ж. Алматыға қайтып
оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.
1955 ж. шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде
өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 ж. КСРО
мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы
Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық
қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 ж. Ташкентте өткен Азия және Африка
елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 ж. АҚШ-қа барып
қайтып, 1961 ж. Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—57 ж. алты томдық таңдамалы шығармалары
басылып шығады.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап,
жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың
теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.
Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат
қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай
жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында
Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым
академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде
мұражай-үйі (1963) ашылып,ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма
театры, Алматы, Астана,
Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар
Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем
прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов
өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде
жан-жақты ашып көрсетті.
Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі»
(Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі
әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.
Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын
«Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай
жолында» қазақ қоғамының ал
уан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ
халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен
той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат
көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін
өркендетудегі рөлі зор болды.
Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949)
беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты
(1959) атанды.
Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті
кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

ӘУЛИЕ

Әулие – дін жолына кіршіксіз берілген ерекше діндарлығымен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға.
Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Мысалы, христиан дінінде «великомученик» (ұлы
қасірет шегуші), «апостол» (пайғамбар), «мученик» (қасірет шегуші), «монах», «блаженный» (дәруіш), т.б.
ретінде кездеседі. Ислам дінінде де әулие ұғымы бірден орныққан. Мұхаммед пайғамбардың серіктерін,
туыстарын, үрім-бұтақтарын, кейінгі діни қайраткерлерді әулие тұту, оларға құлшылық ету дәстүрі барлық
мұсылман елдерінде бар. Кейде оларды жинақы түрде «әулие-әнбиелер» деп те атайды. Қазақ халқының
дүниетанымында әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Тәңірге сенген ежелгі түркілер Ұмай ананы, Қызыр
атаны, ата-баба аруақтарын желеп-жебеуші санап, оларға үнемі сыйынып отырған. Күнге, Айға, Отқа табыну,
ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, тіршілігінің негізі төрт түлік малдың иелері –
Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсыл қарадан, Зеңгі бабадан, Шекшек
тадан
а жәрдем күту, т.б. ислам дініне
дейінгі ежелгі нанымдар қазақ халқының дүниетанымында күні бүгінге дейін сақталған. Бұл бағытта, әсіресе,
қазақ даласына ислам дінінің сопылық ілім түрінде енуі үлкен әсер етті. Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб,
Баб ата, Қожа Ахмет Иасауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата, т.б. әулиелер білімпаз діндарлығымен де,
қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. Қазақ халқы, сондай-ақ ел қорғаған батырларды,
ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды әулиелер қатарына қосып,
олардың аруақтарына табынып келеді.

ӘШЕКЕЙ

Әшекей — бұйымға салынатын әдемі ою-өрнек, нақыш. Ежелгі сақ дәуіріндегі бұйымдар аң суреттерімен
безендірілген. Кейін әшекейдің қошқар мүйіз, жылан бауыр, ай мүйіз, орама, шиыршық, ирек, айқыш, оймыш
сияқты түрлері пайда болған. Қазақ әшекейлерінің негізі қошқар мүйіз; үш, төрт, сегіз өрім; шиыршық, т.б.
болып келеді. Зергерлік, тігіншілік, ұсталық өнерде әшекей тұрмыстық және сәндік бұйымдарға, киім-
кешекке, ер-тұрманға салынады.

БАБЫР

Бабыр, З а х и р әд-Дин Мұхаммед Б а б ы р– Үндістанда Моғол империясының негізін


қалаушы, қолбасшы, тарихшы, ақын. Бабыр 1483 ж. ақпанның он төрті күні Ферғана аңғарында дүниеге
келген. Ата тегі: Әмір Темір – Миран шаһ, Сұлтан Мұхаммед мырза – Сұлтан Әбу Саид мырза – Омар Шейх
мырза – Бабыр. Шешесі Құтлық Нигар ханым – Шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның қызы. Әкесі Омар
Шейх қайтыс болған соң, он екі жасар Бабыр Ферғананың әмірі болып тағайындалған. 1501 ж. Бабыр әскері
Самарқанды басып алды. Бірақ Мұхаммед Шайбани әскерлеріне
төтеп бере алмай, 1501 жылдың екінші
жартысында Самарқанды тастап шықты. 1504 ж. көктемде Мұхаммед Шайбани Ферғанаға басып кірді. Одан
жеңілген Бабыр сол жылы Кабул шаһарын жаулап алып, Бадахшанға орнықты. 1506 ж. падишаһ атанды.
Бабыр ата мекенін өз билігіне алуға талай рет әрекет жасады, бірақ Шайбани әулетіне төтеп бере алмай кері
қайтты. Бабыр 1518 – 19, 1524 – 25 ж. Үндістан жеріне бес рет жорық жасады. Бара-бара Үндістанның
солтүстік бөлігін бағындырды да, Моғол империясының негізін қалады. Дели шаһарын мемлекет астанасына
айналдырып, сауданы өрістетуге көңіл бөлді. Шайбани әулетімен қанша жауласса да Орталық Азия елдерімен
сауда және елшілік қатынас орнатуға ұмтылды. Бабыр – өмірбаяндық атақты «Бабырнама» кітабының,
өлеңмен жазылған «Мубаин» атты шығарманың, «Бабыр жазуының» («Хатт-и Бабури») авторы. Оның басқа
еңбектері бізге толық жетпеген. Бабырдың қызы Гүлбаданның «Құмайыннама» кітабында Бабыр, оның ұлы
Құмайынның өмірі, елдің тарихы жайында деректер берілген. Бабыр 1530 ж. жиырма алтыншы желтоқсан
күні Үндістандағы Агра шаһарында дүние салады, сүйегі Кабул шаһарына әкелініп, Шердарбаза тауының
етегіне жерленді. Бұл жер «Бабыр бағы» («Баг-и Бабур») деп аталады.

БАҒЛАНОВА РОЗА
Бағланова Роза Тәжібайқызы– әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967),
Халық қаһарманы (1996). Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 ж. бірінші қаңтарда туған. Өнер
жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік
соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 ж. тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне
қатысады. 1947 – 49 ж. Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 60 ж. Қазақ филармониясының, 1960
жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік
мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар
әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай,
моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 ж. Мәскеуде өткен
бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 ж. Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік
Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы»
ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

БАДМИНТОН

Бадминтон – воланмен және ракеткамен ойналатын спорт түрі. Бадминтон ойналатын алаңның ұзындығы
13,4 м, ені 6,1 м, дәл ортасынан қақ бөліп тұратын торының биіктігі 1,55 м. Бадминтон ойыны алғаш
Үндістанда пайда болып, 19 ғасырдың 2-жартысында Ұлыбританияға ауысты. 1872 ж. Бадминтон қаласында
(аты осыдан шыққан) алғашқы жарыс ұйымдастырылды. 1934 ж. құрылған Халықаралық бадминтон
федерациясына қазір сексеннен астам ел (1997) мүше. 1968 жылдан бастап Еуропа, ал 1997 жылдан дүние
жүзі чемпионаттары өткізіліп келеді. Олимпиада ойындары бағдарламасына 1992 ж. енгізілген. Қазақстанда
бадминтон спорты 1964 жылдан дами бастады.

БАЙҚОҢЫР

Байқоңыр – ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж.
қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық
болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық
нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және
көмекші нысандары мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары
және темір жолы арқылы байланысқан. 1957 ж. төртінші қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш
ракетасы ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Байқоңырдан 1961 ж. он екінші сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин «Восток» ғарыш
кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері,
«Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық стансалары, сондай-
ақ, зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге
арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық
бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. секілді Жердің
жасанды серіктері ұшырылды. 1991 ж. екінші қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-
13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ
ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышта екі рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан
Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына жиырма жылға жалға берілді. Байқоңыр
кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы
аумағына жылына отыз – отыз бес мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар
Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.

БАЙСЕЙІТОВА КҮЛӘШ

Байсейітова Күләш(шын есімі Гүлбаһрам)Жасынқызы– аса көрнекті қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің
негізін салушылардың бірі, КСРО халық артисі (1936). 1912 ж. екінші мамырда қазіргі Алматы қаласында
туып өскен. 1925 – 28 ж. мектепте оқып жүрген кезінде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, қала жастары
көркемөнерпаздарының байқауында әншілік дарынымен көзге түседі. 1930 ж. Қазақ драма театрының
труппасына, 1933 ж. Қазақ музыка студиясына (қазіргі Қазақ опера және балет театры) қабылданады. Күләш
қайталанбас даусымен, асқан артистік дарынымен ұлттық опера өнері тарихының төрінен орын алды, халық
сүйіспеншілігіне бөленіп, «қазақтың бұлбұлы» атанды. Ол ұлттық театр сахнасында қойылған қазақтың төл
операларымен қатар орыс, басқа да шет ел композиторларының операларындағы басты кейіпкерлерді тұңғыш
тұлғалаған әншілік, артистік, орындаушылық диапозоны ерекше кең суреткер. Күләш Байсейітова концерттік
әнші ретінде де танымал болған. Жиырма төрт жасында КСРО халық артисі атағына ие болған. 1948 ж. оған
КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Күләш Байсейітова 1957 ж. маусым айының алтысында қайтыс болды.
Әнші есімі Республикалық музыка колледжіне, Астана қаласындағы Ұлттық опера және балет театрына, т.б.
өнер ордаларына, көшелерге, мектептерге берілген. Қазақстанда оның атындағы республикалық әншілер
конкурсы тұрақты түрде өтіп тұрады.

БАЙТҰРСЫНОВ АХМЕТ

Байтұрсынов Ахмет, А х м е т Б а й т ұ р с ы н ұ л ы– мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл


білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол
1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1895 ж.
Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай,
Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші
қызметін атқарады. 1905 ж. жазылған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі болды. Сол
кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Ахмет Байтұрсынов 1909 ж. бірінші шілде күні губернатор
бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды. Көп кешікпей Ішкі істер министрлігінің Ерекше
Кеңесі оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес
Ахмет Байтұрсынов Орынборға 1910 ж. наурыздың тоғызында келіп, 1917 жылды
ң соңына дейін тұрды. Осы
қалада 1913 – 18 ж. өзінің ең жақын сенімді достары Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовпен бірігіп және
қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, ңғыш
тұ жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Қазақ елінің
азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше.
Байтұрсынов 1917 ж. революциядан кейін өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған алаш
қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алаш
партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды және Екінші жалпықазақ съезінде Оқу-
ағарту комиссиясы төрағасы болып сайланды. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес
үкіметімен келіссөзге барды. Сол жылы сәуірде Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен
мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 ж. қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның
Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. 1920 – 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту
комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың,
1922 – 25 ж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі қызметке
ат салыса жүріп, 1921 – 25 ж. Орынбордағы, 1926 – 28 ж. Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында
қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда Қазақ мемлекеттік
университетінің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне
ауысты. 1929 ж. екінші маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Мәскеудегі
Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1930 ж. төртінші сәуірде ату жазасына кесілді. Бұл шешім 1931 ж. қаңтарда
он жылға концлагерге ауыстырылды. 1934 ж. Максим Горькийдің жұбайы Елена Пешкованың көмегімен
Байтұрсынов мерзімінен бұрын босатылып, отбасымен Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа
қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 ж. сегізінші қазанда тағы да
қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды; Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында 1938 ж.
сегізінші желтоқсанда қаза тапты.
Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 ж. жарық көрді.
Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна – мысал жанры Байтұрсыновтың «Қырық мысалымен»
орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеуметтік-қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың,
адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді.
Ол 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас
ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі.
Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеу еңбегі әдебиет тарихына, теориясы мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.
Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Байтұрсынов
ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді.
Байтұрсынов – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары
ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді.
Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынов әліпбиі
қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Байтұрсынов қазақ мектептерінің
мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш
бөлімнен тұратын қазақ тілінің тұңғыш «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға (1915), морфологияға
(1914) және синтаксиске (1916) арналған бөлімдері жарық көрді.
Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде
зор бағаға ие болды. 1923 ж. Байтұрсыновтың елу жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қалаларында салтанатты
түрде аталды. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынов есімі берілді. Тіл
білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсынов есімімен аталады. 1998 ж. оның туғанына 125 жыл
толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп, Алматыда Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.

БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ


Байырғы қазақ өлшемдері– қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне
байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген
сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні
алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың
салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45
мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің
еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да
аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын
аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған.
Жетілдіріле келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның көзбен
шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген.
Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы»
тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық
арасында сұйықтықты (қымыз, шұбат, т.б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді мал
терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қолданылған. Мысалы, торсыққа жеті
– сегіз аяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екі жарым – үш торсыққа тең. Заманында ата-
бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17 –
20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot – табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау
келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса, ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ
ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне
(«Бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен
қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын
қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады. Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп
тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың
ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл
кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м)
қары ретінде алынады. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық
(шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы
он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ
пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына
тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ
саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б.
елімен өлшенген. Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық
(шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен
өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық
(шамамен 60 – 70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең
ұзындық бірлігі.
Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері: Табақ – шамамен он екі орыс
фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7 – 12 кг) және кіші табақ (шамамен 3,9 – 4 кг)
болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс-беріс
жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия
мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында шамамен 65 – 66 кг-ға, ал кей жерлерінде алты
пұтқа (96 кг), тең болған. Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық бөлігінде) пайдаланылған
салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің
көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді. Мысқал –
Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта
Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен
күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі-дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ
халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем
бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны – танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз,
Қазалы, Шымкент, т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең. Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік
мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске
ұшырап отырған.

БАКТЕРИЯЛАР

Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең
қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд
ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен
табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф
Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана,
цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады.
Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді.
Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г
құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының3-інде
1 м он мыңдай бактериялар
тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша
тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – виб
риондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді
шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал
жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен
қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та)
тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы,
гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік,
туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды.
Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете
алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез,
тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында
болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор.
Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері
(экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі
үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан,
нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан,
спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін
бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп
атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-
өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар
табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның
құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі
организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы
нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар
топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына
қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді.
Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен
пайдаланылады.
Бактериялық сілтісіздендіру,бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран,
мыс, алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру
арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды
сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш
суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті
минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ +Сu
, Se2-, Sb3+, U4+ элементтерін қышқылдығы (рН)
1,0 – 4,8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г
кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 ж. АҚШ-та мысты T.
ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың
50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті
тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus
thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда
бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін
жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған
қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен
қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия
клеткаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3
г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90%
пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез
2+ 5
тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ10есе жылдамдатады.
3+
Ашық әдіс үш валентті (Fe ) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының
(H2SO4) судағы
ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау
ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді
ұңғыма арқылы жер бетіне
шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың
өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық
сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды.

БАКТРИЯ

Бактрия, Б а к т р и а н а , Б а к т р а– біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Орталық Азияда


орналасқан мемлекет. Бактрия атауы парсы тілінде «Шығысқа қарайғы өлке» мағынасын береді. Аумағы
қазіргі Тәжікстанның батысын, Өзбекстанның Сурхандария облысы мен Түрікменстанның шығыс өңірін,
Ауғанстанның солтүстігін қамтыған. Бактрия туралы жазба мәліметтер «Авеста» кітабында, парсы патшасы
Дари жаздырған «Бехистун» және «Нақш-и Рүстем» жазуында, т.б. кездеседі. Халқы негізінен егіншілікпен
айналысқан. Бактрияны біздің заманымыздан бұрынғы 329–21 ж. Ескендір Зұлқарнайн жаулап алды.
Кейіннен оның мемлекеті ыдырап, бактрияны біздің заманымыздан бұрынғы 250 ж. шамасында жаңа
Тохарстан мемлекеті құрылды. Батыс Еуропа тарихшылары оны Грек-Бактрия патшалығы деп атады. Ол
Орталық Азиядағы ежелгі ұлы мемлекеттердің бірі (біздің заманымыздан бұрынғы 250 ж. шамасы – біздің
заманымыздан бұрынғы 140/30 ж. шамасы) болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырдың ортасында
Шығыс Түркістаннан келген Юечжи та
йпалары Грек-Бактрия мемлекетін жойып, Кушан патшалығын орнатты.
Бактрияда ірі қалалар, дәрісханалар, ғибадатханалар көп болған. Сол үшін ол «мың бір қала» мемлекеті деп
аталған. Археологтардың жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Бактрияның Бактрия (Балх), Деметриас
(Термез), Мараканда (Самарқанд), Анти
охия-Эехата (Тәжікстан), т.б. үлкен қалалары білім және мәдениет
орталықтары ретінде танылған. Онда Орталық Азия мен Грекия мәдениеттері тоғысып, жаңа (эллиндік)
өркениет туындады. Бактрияда теңгелер құйылды, олардың бір жағына патша портреті, екінші жағына Рим
құдайларының бейнесі бедерленіп, аты жазылды. Алтын және күміс қасықтар, легендер, алқаларда да
құдайлар, өсімдіктер мен аңдар бейнеленді.

БАҚ

Бақ – жеміс-жидекті қолдан өсіретін орын. Оған орын таңдау, жерді тегістеу, белгіленген орынның
топырағын құнарландыру, отырғызылатын дақылды, сортты, бұламаны анықтау, оларды ретімен орналастыру,
отырғызу сұлбасын белгілеу, қоректік заттардың мөлшерін, уақытын, суару тәсілдерін белгілеу сияқты
дайындық шаралары жүргізіледі. Әдетте бақ өсіретін шаршының пішіні тік бұрышты, ұзын жағы желдің өтіне
қарағаны, ені ұзынынан бір жарым – екі есе қысқа болғаны дұрыс. Оның қолайлы аумағы 400Ч200 м; 500Ч200
м; 600Ч300 м болады. Таулы аудандарда шаршыларды жер бедеріне қарай ұйымдастырады және оған бір
дақылды екі – үш сортын кезектестіріп орналастырады, сонда жеміс ағаштары жақсы тозаңданады.

БАЛДЫРЛАР

Балдырлар – төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың
клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің
денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы
негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондрия, диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты
органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдырлар (Algae) биохимиялық қасиеттеріне және
клеткалық құрылымына қарай он екі типке бөлінеді: көкжасыл балдырлар (Cyanophyta), прохлорофитті
балдырлар (Prochlorophyta), қызыл балдырлар (Rhodophyta), жалтырауық балдырлар (Chrysophyta), диатомды
балдырлар (Dіatomeae), криптофитті балдырлар (Cryptophyta), динофитті балдырлар (Dіnophyta), қоңыр
балдырлар (Phaeophyta), сарыжасыл балдырлар (Xanthophyta), эвгленді балдырлар (Euglenophyta), жасыл
балдырлар (Chlorophyta), хара балдырлары (Charophyta). Бұлардың отыз мыңға жуық түрі белгілі, олардың бір
мыңнан астам түрі Қазақстанда кездеседі. Клеткасында балдырларға түс беріп тұратын хромотофораларының
саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді
болып келеді. Балдырлардың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез
процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ
бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал
құрлықтағы барлық өсімдіктер балдырлардан шыққан деп есептеледі. Көптеген балдырлар саңырауқұлақтармен
симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, балдырлардың табиғаттағы геохимиялық рөлі кальций мен
кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен
тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы
балдырлар – жан-жануарлардың мекені, тіршіліктерінің көзі. Бентосты балдырларға (теңіз, мұхит түбінде
тіршілік етеді) қарағанда планктонды балдырлардың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым,
сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін балдырлар шіріп,
сапропельге айналады. Сапропельден смола, бензин, керосин, техникалық майлар, лактар алынады.
Балдырлардың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл балдырлардан өндірілетін агар тамақ
өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін
қосады. Қоңыр балдырлардан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса
өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ күлінен калий, натрий тұздары,
йод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр балдырлары «теңіз капустасы» деген атпен, ал жасыл
балдырлар (ульва) «теңіз салаты» деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырларды зоб, атеросклероз
ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.

БАЛЕТ

Балет – сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы ашылатын
спектакль. Балет – ой мен жан құбылысын
қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда
либретто жазушы
сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ
арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Балеттің дәстүрлі музыкалық-хореографиялық формалары
қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын
кордебалеттер орындайды.
Балеттің негізгі элементтері халықтың музыка-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Еуропада
(Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. 17 ғасырдың 2-
жартысында өмірге опера-балет және комедия-балет келді. 18 ғасырда Англия, Австралияда, кейінірек
Францияда балет өнердің жеке бір саласы болып қалыптасады.
Содан соң ұлттық балет мектептері (француз, италиялық, т.б.) шыға бастады. Келе-келе балет техникасы
жетіліп, айналма, секірме қимылдардың ой емеурінін берудегі мәні тереңдей түсті. 20 ғасырда балет Шығыс
елдерінде (Египет, Түркия, Жапония, т.б.) дами бастады. Орыстың балет өнері 18 ғасырдың екінші
жартысынан қалыптасып, ыңғайымен жүйеге түсті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор
үлес қосқан орыстың ұлы композиторы Петр Чайковский болды. Балетмейстерлер Мариус Петипа мен Лев
Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның «Ұйқыдағы ару»,
«Аққу көлі» және «Щелкунчик» (1890 – 95) балеттерін қойды. Чайковскийдің балет музыкасында игі дәстүрін
жалғастырып, одан әрі дамытуда Александр Глазунов, Игорь Стравинский, Сергей Прокофьев, т.б. көптеген
композиторлар елеулі еңбек етті. Орыс бишілері Анна Павлова, Вацлав Нижинский, Тамара Карсавина,
Екатерина Гельцер, Михаил Мордкин, Василий Тихомировтар балет өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты.
20 ғасырдағы орыстың балет өнері Англия, Францияда балеттің қайта өркендеуіне, ал АҚШ-та балеттің
тууына игі әсер етті.
Галина Уланова, Марина Семенова, Наталья Дудинская, Ольга Лепешинская, Майя Плисецкая, Вахтанг
Чабукиани, Гамэр Алмасзаде, Бибісара Бейшеналиева, Зайтүнә Насретдинова, Мүкәррәм Тұрғынбаева,
Лариса Сахьянова, Шара Жиенқұлова секілді бишілер есімі өнер әлеміне мәшһүр болды. Балет өнерінің
кадрларын бұрынғы Мәскеудегі Театр өнері институты мен Мәдениет институты, Санкт-Петербург
консерваториясы, Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ балеті әуелде драмалық,
опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Тұңғыш қазақ режиссері Жұмат
Шанин ұлттық балетті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп
жасау керек деген ойын «Қоян-бүркіт», «Киіз басу», «Өрмек би», «Шашу» секілді билерді сахнаға шығаруда
іске асырған. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі балет музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық
ерекшелігін айқындады. 1938 ж. қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман – Мамыр»
қойылды. Жер-жерде балет спектакльдерін қоятын халық театрлары («Алматының жас балеті»,
Қарағандының мәдениет сарайы, т.б.) құрылды. 1986 ж. құрылған «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі
қазақ би өнерінің жаңа белесі болды.

БАЛҚАШ

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен
кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында,
теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың2,км
ұзындығы 600 км-ден астам, ені
3
шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 . Су
км
2
жиналатын алабы 500 мың км -ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне
Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%)
өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге
жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып
жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы
– суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген
шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер
13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен
Ремезов 1695 ж. «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и
земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде
геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы
Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен
Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей
ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов та
Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген
экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік,
жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 ж. Қазақстан Ғылым
академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ
гидрометеорология ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл
жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар
белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт
климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 17ӘС, шілденің орташа
температурасы 24ӘС. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде
көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын
болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне
қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге
жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі
тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 ж. көтеріліп, 1946
және 1987 ж. төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына
байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл.
Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп
жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен
өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен
тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс
бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі
көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері,
шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6
түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа
жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) –
сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш
кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су
көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.
Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш
көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының
жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала
1932 ж. Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде
жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі
жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа
мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы
пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында
мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия
өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады.
Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні,
Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық,
медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті,
музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б.
мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы
Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен
байланыстырады.

БАЛҚЫТЫП БІРІКТІРУ

Балқытып біріктіру,п і с і р у – металл бұйымдарды балқу температурасына дейін қыздыру немесе


пластикалық күйге дейін келтіру арқылы бір-бірімен біріктірілетін денелердің аралығында атомаралық
(молекулааралық) байланыстардың түзілуі нәтижесінде оларды ажырамайтындай етіп біріктіретін
технологиялық процесс. Металдар мен қорытпалар, сондай-ақ пластмасса, шыны, керамика және әр текті
металдар балқытып біріктіріледі. Балқытып біріктіру кезінде қыздыру көздерін пайдаланып біріктіруге кері
процесс те (мысалы, металдарды отпен немесе термиялық кесу) жүзеге асырылады. Балқытып біріктірудің
қарапайым тәсілдері біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 мыңыншы жылдары белгілі болған. Мысалы,
Мысыр пирамидаларынан қалайымен біріктірілген алтын бұйымдар, ал Помпей қаласын қазу кезінде
жапсарлары біріктірілген қорғасын су құбырлары табылды. Оларда қосылатын бөлшектер алдын ала
қыздырылып, одан әрі бір-біріне жанши отырып біріктірілген не қыздырылған бөлшектердің арасына
балқыған металл құйылған. Ал темір мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар ұсталық көрікте
«шоқтануға» дейін қыздырылып, одан әрі олар бір-біріне соғу арқылы біріктірілген. 19 ғасырдың соңына
дейін тек осы екі тәсіл ғана іс жүзінде кеңінен таралды. Балқытып біріктірудің жылдам дамуына 1802 ж. орыс
ғалымы Василий Петров ашқан электр доғасы (доғалық разряд) себепші болды. 1882 ж. орыс инженері
Николай Бенардос балқымайтын электродпен (көмір немесе графит) балқытып біріктіру тәсілін, ал 1888 ж.
орыс инженері Николай Славянов балқитын электродпен балқытып біріктіру тәсілін ұсынды. 1949 ж. электр
шлагымен балқытып біріктіру тәсілі Украинада Электрлік балқытып біріктіру институтында жасалды. Осы
институтта академик Евгений Патонның жетекшілігімен флюс қабаты астында және ғарыш кеңістігінде
балқытып біріктіру жұмыстары жүзеге асырылды. 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Францияда
металдарды тығыз электрондар шоғының көмегімен балқытып біріктіру тәсілі, ал соңғы жылдары балқытып
біріктіру процесінде оптикалық кванттық генератор-лазер пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта балқытып
біріктірудің алпыстан астам тәсілдері бар. Қосылыс аймағындағы материалдардың физикалық күйіне
байланысты балқытып біріктірудің барлық тәсілдерін шартты түрде: балқыту арқылы балқытып біріктіру
және қысым арқылы балқытып біріктіру деп бөлуге болады. Балқытып біріктіру тәсілдерінің ішінде пісірілген
жапсар сапасының жоғарылығына, қарапайымдылығына, т.б. қарай электр доғасымен балқытып біріктіру ең
көп тараған. Электр доғасымен балқытып біріктіру тәсілінде металды қыздыруға қажетті жылу электродтан
немесе электрод пен металл арасында түзілетін доғадан алынады.
Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтар қолданылады.
Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 – 30 мм, ұзындығы 200 – 300 мм болып
жасалады және ол металды тұрақты токпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады. Балқитын
электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т.б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола,
т.б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 – 450 мм, диаметрі 1 – 12 мм болып,
жалаңаш және сырты қапталған түрлерге ажыратылады. Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде
электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып
біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен
металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның
балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады. Қорғағыш газ
қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және
металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т.б. газдар пайдаланылады. Электр
шлагымен балқытып біріктіру тәсілінде қажетті жылу мөлшері электр өткізгіш шлакпен ток өткізу арқылы
алынады. Бұл тәсілмен қалыңдығы әр түрлі гидравликалық турбина, жоғары қысымды бу қазандары, мартен
пешінің қаңқасы, т.б. күрделі әрі ірі бұйымдар балқытып біріктіріледі. Қысым арқылы (қыздырылып немесе
қыздырылмай) балқытып біріктіру кезінде біріктіретін бөлшектердің материалдары сырттан қысушы
күштердің әсерінен деформаланып, берік қосылыс түзеді. Қысым арқылы балқытып біріктірудің түйіспелік,
конденсаторлық, ультрадыбыстық, диффузиялық, т.б. тәсілдері бар. Балқытып біріктірудің қажетті тәсілі
біріктірілетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, қосылатын бөлшектердің қалыңдығына
және қосылыстың құрылымына, т.б. қарай таңдап алынады. Балқытып біріктірудің өнеркәсіпте алатын орны
орасан зор. Ол металды және басқа да қатты материалдарды өңдеумен айналысатын барлық өндірісте кеңінен
қолданылады. Көптеген балқытып біріктіру жұмыстары автоматтандырылған.

БАЛУАН ШОЛАҚ

Балуан шолақ, Н ұ р м а ғ а м б е т Б а й м ы р з а ұ л ы– атақты палуан, әнші, композитор, ақын. Ол


1864 ж. қазіргі Ақмола облысы жерінде туған. Он төрт жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған
спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды
шебер орындаған.
Көкшетаудағы үлкен жиындардаелу бір пұт (830 килограмдай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң
қалдырған. Мұның үстіне ән-күйге жасынан құмар Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі
қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленіп, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-
күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен
«Сентябрь». 1919 ж. Ақмола облысындағы Тасты өзені бойында елу бес жасында қайтыс болған.

БАЛЫҚ
Балық – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі
белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз
сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық (Pіsces) девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері
бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су
қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2ӘС-тан (арктикалық суда) 50ӘС
(ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ болатын суға төзетін
балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді.
Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін жетеді. Олардың
пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан,
таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың
жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады.
Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты)
жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар.
Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық
қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Бір-екі
жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген
балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды)
мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың
көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта
торсылдақ – тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің
түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте
дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып,
уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық
туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық
шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады.
Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің
денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе
уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді. Балық – адам үшін қажетті
белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық
майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның
шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор
балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады.
Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және
ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий
албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда
өсіру кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады.
Балық аулау құрал-жабдықтары– мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған
құралдар мен жабдықтар. Оғантрал, сүзекі, қалталы жылымдар, ығызбай және құрма аулар, қабадан, қармақ,
жарық түсіріп аулайтын құралдар мен электр қондырғыла
ры жатады. Ертеде балықты сүңгі, шанышқы, гарпун
(ұшы тастан, сүйектен, темірден жасалған), қаза (қамыстан тоқып таяз суларға салынады), т.б. құралдармен,
түнде – буылған қамыстан жаққы жағып та аулаған. Кейін синтетикалық материалдардан тоқылған құралдар
кеңінен пайдаланыла бастады. Балық аулау құрал-жабдықтары балық түрлерінің мекеніне, ерекшеліктеріне
сай жасалынады. Мысалы, трал конус қалта пішінінде жасалып, оны сүйретіп жүру, көтеріп алу үшін кемеге
арнайы қондырғылар орнатылады. Трал үйір-үйір боп жүретін треска, камбала, майшабақ аулауға қажет.
Осындай шоғырланып жүретін балықтарды сүзекі және қалталы жылымдармен де аулайды. Сүзекі-жылымды
суға тастап, кемемен біраз сүйретіп барғаннан кейін, табандық арқанын лебедкамен тартқанда, астыңғы жағы
бүріліп қалталанады да, балық ішінде қалады. Оны кемеге тартып алу, көтеру, трюмге төгу жұмыстарының
бәрі механикаландырылған. Ағынды суларда ығызбай аулар пайдаланылады. Ағын судың еніне қарай
әрқайсысы 25 м болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап, өзенге көлденең салады. Бір жақ
шетінің арқалығына қалтқы-бояқ, табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы
адам ұстап отырады. Мөлшерлі жерге дейін ығып барған соң, балығымен қоса тез суырып алады. Қос
қанатында балық кірсе қайтып шыға алмастай етіп, бір-бірінің ішіне кигізіле бекітілген, конус тәрізді бірнеше
қалтадан тұратын (әр қалтаның ауыз жағында оны керіп тұратын шеңбер шыбықтары бар) құрал түрлерін
құрма тор, қабадан (не нәрете) деп атайды. Мұндай құралдар жағалауда өскен қамыс жиегіне, өзекшелерге
құрылады. Электр жарығын су астына жіберіп, шоғырланған балықтарды сумен қоса кеме үстіне шығару
үшін қуатты сорғылар орнатылған конус тәрізді шағын жылымдарды қолдану да жиі кездеседі. Шағын көлдер
мен теңіз қолтықтарынан жарық түсіру тәсілімен аулағанда, электр жарығының орнына буылған қамысты
жағады. Оның жарығына жиналған балықтарды ұзын сапты, жеңіл де ауқымды сүзекімен сүзіп не
шанышқымен шаншып алады. Мұны жаққы жағу дейді. Ірі балық шоғырларын іздестіру үшін
гидроакустикалық локатор қолданылады.
Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының жиынтығы. Өңделген
балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы
болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты
тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-қатарымен қойып, арасына
ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 –
5ӘС болады. Мұндай күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға дейін)
сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 40ӘС температурада мұз етіп қатырады. Балықтың
дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу
тәсілдері қолданылады. Тұздау – балық өңдеудің ежелден келе жатқан, кең тараған әдісі. Тұз мөлшері балық
етінде 10 – 15%-ға жету керек, мұндай жағдайда шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуі тоқтағанымен,
балықты сақтау үшін қосымша антисептикалық заттар мен салқын температура қажет. Ыстау – тұздалған
балықты 40ӘС-тан аспайтын температурада түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді, түтін
балық етінің терең қабатына дейін сіңеді. Ыстауға көбіне арша, қарағай, емен, жаңғақ ағаштарының
жаңқаларының түтіні қолданылады. Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи
жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық
қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі.
Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар.
Консервілеу процестерінің қалдықтарынан жануарлар жеміне қосылатын балық ұны жасалады. Қазақстанда
балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар.
Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын,
қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен
тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің
сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су
құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті
кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық
түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші
(көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі,
т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар
теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу
жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер
мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық
жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында
сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да,
су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-
көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық
түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп,
есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін
кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға
Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б.
әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар
ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі
тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.)
өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың
гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш
питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.)
бар.

БАНГЛАДЕШ

Балнгладеш, Б а н г л а д е ш Халық Р е с п у б л и к а с ы– Азияның оңтүстігіндегі мемлекет.


Батысында, солтүстігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Мьянма Одағымен шектеседі. Жері
147 мың км2. Халқы 149 млн. адам (2007). Астанасы – Дакка қаласы (3,3 млн.). Мемлекеттік тілі – бенгал тілі,
ресми діні – ислам (85%). Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі.
Халқының басым көпшілігі – бенгалдар (барлық халықтың 95%-ы). Қалған 5%-ға жуығы чакма, могх, гаро,
целу, санталдар, т.б. үлесіне тиеді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық
жиналыс. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан. Климаты
субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір
мен мамырда, орташа температура 30ӘС-тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 – 25ӘС. Жауын-шашынның
жылдық орташа мөлшері батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.
Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздан бұрынғы 1-
мыңжылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10 – 12 ғасырлар
шамасындағы деректерге түсті. 13 ғасырдың басына дейін Бангладеш жерінде Гауд, Пал, Сен әулеттері
билеген мемлекеттер өмір сүрді. 14 ғасырдың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері
тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады.
Ағылшындар Бангладешті 1757 ж. маусымның жиырма үші күні болған Плесса маңындағы шайқастан кейін
өз отарына айналдырды. 19 ғасырда отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды.
Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды екіге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі
Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкстан (халқының 98%-ы бенгалдар) құрамына
кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар
туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья
Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығыс Пәкстанға
автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Ұзаққа созылған күрес
нәтижесінде 1971 жылдың желтоқсанның он алтысы күні Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж.
наурыздың жиырма алтысын Тәуелсіздік күні деп жарияланды.
Бангладеш – аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Бангладеш – әлемдегі ең
кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлшері 235 доллар. Табиғи
жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына екі – үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен,
күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары – банан, манго, кокос пальмасы,
ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу
өндірістері жақсы жолға қойылған. Көліктің басты түрі – өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұзындығы
4,5 мың км. Темір жолдарының ұзындығы 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы
ұйымының, Оңтүстік Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен,
АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстанмен
1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан.

БАНК

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар),
мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге
асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік
валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда
болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың,
фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған
қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша несие беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді.
Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып,
кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ
мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару), сияқты өзіндік арнаулы қызметтерге
қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б.
қызметтерді де атқарады. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай – орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның
жергілікті бөлімшелері), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемлекеттік,
акционерлік, корпоративтік, аралас, мемлекетаралық банктер болып бөлінеді. Алғашқы банктер орта ғасырда
Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің
ілгері дамуына, әсіресе, 1716 – 20 ж. Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша
эмиссиясын жүзеге асырды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және
монополиялануы банкттердің рөлін едәуір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде несие
беруге көше бастады. Олар көбінесе, ұзақ мерзімді қарыз беруге (сегіз – он жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп,
көлік (транспорт), сауда және басқа да акционерлік қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар)
рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың
құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды.

БАРСАКЕЛМЕС

Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбек. Қызылорда облысының Арал ауданында
орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 1332 (1987)
км арал
болған. Түбек ендік бағытта созылып жатыр. Жер қыртысы неоген шөгінділерінің сазды тақтатас және
мергель тау жыныстарынан тұрады. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Жер бедері дөңесті-
белесті болып келеді. Абсолюттік биіктігі (Шағалалы төбесі) 113 м. Құмды жерлерінде шағылдар мен құм
төбешіктер бар. Барсакелместің батыс бөлігінің жағалауы жартасты, жарқабақты, шығысы жазық, жайпақ
келген. Климаты тым континенттік, шөлдік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –
10ӘС, кейбір күндері –35ӘС-қа дейін төмендейді. Шілдедегі орташа температура 26,5ӘС, кейде 40ӘС-қа
дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 120 мм. Жер асты суы ащы. Топырағы сұр,
сортаң және құмдақ. Өсімдіктен сексеуіл, бұйырғын, теріскен, жусанның бірнеше түрі, адыраспан және әр
түрлі сораң шөптер кең тараған. Теңіз суының тартылып қалуына және топырағының кебірленіп тұзға
айналуына байланысты түбектегі жануарлар (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян, т.б.) Қапшағай аңшылық-
қорық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген.
Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында (қазір Барсакелмес
түбегінде) 1939 ж. ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы жиырма мың гектар. Қорықтың
мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп,
саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі – құммен
қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1965 жылға дейін мұндағы тұзды көлдерде аққу, бірқазан, су құзғын
ұялайтын. Теңіз суының тартылуына қарай қазір қорықта көл де, құстар да жоқ. Мұндай жағдай қорықтағы
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіне өз әсерін тигізіп отыр. Бұрын аралда жоғары сатыдағы
өсімдіктердің екі жүз елуден аса түрі өссе, бауырымен жорғалаушылардың сегіз түрі (тасбақа,
қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т.б.),
жыл құсының екі жүз он бір түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, т.б.)
болды; 1970 – 90 ж. олардың саны күрт азайып, тіпті кейбір түрлері жойылып кетті. Бидайық, жусан, сексеуіл
сияқты өсімдіктер сиреп барады. Қорықта негізінен ақбөкен, қарақұйрық және құлан қорғалады. Тік
жартастарда дала қыраны, бөктергі және ителгі ұялайды. Қорықта 1950 ж. құланды жерсіндіру басталды. 1953
– 65 ж. Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында он тоғыз құлан әкелінді. 1976 ж. Барсакелмес қорығында
құланның саны бір жүз елу жеті болса, соңғы кездегі Арал теңізіндегі экологиялық жағдайдың аса
нашарлауынан, олардың саны күрт төмендеді. Сақтап қалу үшін құландар Қазақстанның басқа қорықтары
мен қорықшаларына көшірілді.

БАРЫС

Барыс, і р б і с – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см
(шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар,
сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік
тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік
беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі.
Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен
кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз
сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі,
Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты
халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. Қазақ ежелден барыстың тектілігін,
батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс
Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.

БАСКЕТБОЛ

Баскетбол – биіктікте (3,05 м) орналасқан шеңберлі ұяға қолмен доп түсіретін командалық спорт ойыны.
Ойын ережесін 1891 ж. америкалық Джеймс Нейсмит жасаған, кейіннен басқа елдерге кең тараған. Баскетбол
(ағылшынша basket – тор және ball – доп) ауданы 26Ч14 м, арнайы жабдықталған, секторларға бөлінген
алаңда өтеді. Ойын добының шеңбері 75 – 80 см, салмағы 600 – 650 г. Қарсылас екі команданың
әрқайсысының құрамындағы он екі ойыншының бір мезгілде бесеуі ғана алаңдағы ойынға қатысып,
қалғандары матч барысында белгілі ереже бойынша алмастырылып отырылады. Баскетболмен айналысу адам
бойындағы күшті, шапшаңдылықты, төзімділікті дамытады. 1932 ж. Халықаралық баскетболшылар одағы
(ҒІВА) құрылды. Ол 177 ұлттық федерацияларды біріктіреді. Қазақстан Баскетбол федерациясы да ҒІВА-ға
(1995) мүше. Баскетбол Олимпия ойындарының бағдарламасына (Мюнхен, 1936) енген. 1950 жылдан ерлер,
1953 жылдан әйелдер командалары арасында дүние жүзі чемпионаттары өткізіліп келеді. Қазақстанда 20
ғасырдың 30-жылдарынан бастап баскетбол секциялары ашылды. Әр жылдары Қазақстанның командалары
ірі халықаралық жарыстарда республиканың намысын қорғады. Уайыс Ақтаев, Ольга Апатаева, Әлжан
Жармұхамедов, Надежда Ольхова, Валерий Тихоненко сияқты қазақстандық ойыншылар баскетбол
жанкүйерлеріне жақсы танымал. Олар КСРО, Азия, Еуропа құрлықтарының және Олимпиялық ойындардың
чемпиондары болған.

БАСПА

Баспа – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім
түрлеріне қарай кітап баспасы және газет-журнал баспасы, сипаты мен бағытына қарай ғылыми баспа,
бұқаралық баспа, балалар баспасы болып жіктеледі. Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни
уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған. Көп
данамен тарататын баспа тарихы Қытайда кітап көбейтудің жаңа әдісі – ксилографияның (ағаштан ойылған
қалыппен басу) пайда болуынан (8 – 9 ғасырлар) басталады. 1040 – 48 ж. Би Шен жылжымалы қаріптерді,
құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты; Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келді. 14 ғасырда
Қытайда түрлі-түсті баспа пайда болды. Еуропада 1445 ж. неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг кітап басуға
алғаш рет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды. Ал Ресейде 1564 ж. Иван Федоров пен Петр Мстиславец
орыс тіліндегі тұңғыш кітап «Апостолды» басып шығарды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында
баспалар өз ішінен кітап, газет-журнал баспаларына жіктеле бастады. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – Қазан
гимназиясы баспаханасы шығарған «Сейфүл-мәлік» қиссасы (1807). 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті
жүзге жуық кітап басылды.
Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. «Мемлекеттік баспа туралы»
қабылданған декрет бойынша 1917 жылдың аяғында Бүкілресейлік атқару комитетінің жергілікті кеңестерінің
жанынан баспа бөлімдері ашылды. 1920 ж. үшінші қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық атқару комитеті
«Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет» қабылдады. 1921 – 22 ж. Қазақстанда жиырма тоғыз баспахана,
бір литография жұмыс істеп, таралымы жиырма жеті
мың дана жиырма кітап шығарды. 1941 жылдың
басында республикадағы барлық баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы (Қазақ БМБ) аталды.
Соғыстан кейін баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. 1968 ж. «Қазақ
энциклопедиясы» баспасы дүниеге келді.
Қазақстан тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға көшуімен байланысты республикадағы баспалар
қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұрынғы «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын», «Рауан», «Өнер»,
«Қайнар», «Ғылым», «Білім», «Санат», «Балауса», «Ана тілі», «Қазақ энциклопедиясы», «Дәуір», «Сарыарқа»
баспаларымен бірге, жаңадан ондаған жекеменшік баспалар пайда болды.

БАТЫРЛЫҚ

Батырлық, қ а һ а р м а н д ы қ – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ – батырларға


тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, басқа қоғамдық топтармен ара-
қатынасын реттейтін этикасы, т.б. ерекшеліктері болған. 1) Тек әскери кәсіппен айналысу. Батырлар елді
басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған; 2)
Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған
батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Мұндай батырларды бала кезінен әскери өнерге баулып, он үш –
он бес жасынан-ақ шайқастарға қатыстырған. Көшпелі түркі халықтарының жазба және ауыз әдебиетінің
деректерінде алғаш ерлік көрсеткен батырға лақап ат қойылатыны айтылады. Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз;
Әбілмансұрдың Абылай; Еспембеттің Адақ аталуы, Ағыбай батырдың есіміне Ақжолтай атының қосылуы –
сол көне дәстүрдің жалғасы. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста
өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек
алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жалпы халықтың, елдің кегін қуу
мағынасында да түсінген. 3) Көшпелі халықтарда хандар, әміршілер, ел билеушілер батырлар әулетінен
шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Мамай, Абылай, Кенесары, т.б.
батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында
билеушілік дәрежеге көтерілген. 4) Батырлар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді
мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету
керек. 5) Батырлардың өздеріне тән жауынгерлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен
салттары болған. Жауынгерлер қару-жарағын, киімдерін өз руларының, өз әулеттерінің тотемдік
бейнелерімен әшекейледі. Батырлардың, жалпы аруақты адамдардың киесіне сену халық жадында әлі күнге
сақталып келеді. Батырлардың қаруы өзіне арналып соғылып, түрлі магиялық ырымдар жасалып, кететін
уақытты анықтауға киелі сандарды қолданған. Мысалы, қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептіру, қырық
түрлі сұйыққа суару, т.б. Ата кәсіп ұрпаққа жалғасатындықтан, батырлар әулетінің қару-жарағы атадан балаға
мұра болып, егер мұрагері қалмаса, батыр өлгенде қаруын бірге жерлеген. Үлкен айқастар әрқашан жекпе-
жекпен басталатындықтан, жекпе-жекке шығу батырлардың басты міндеттерінің бірі саналған. Жауынгердің
шын мәніндегі батыр атануы осы жекпе-жекте жеңіске жетуден басталды.
БАЯНАУЫЛ

Баянауыл, Б а я н а у л а – өңір. Павлодар облысында орналасқан. Мұнда 1833 – 1868 ж. Баянауыл


сыртқы округі құрылды. Үлкен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы
орманында қайың, қандыағаш, мойыл, т.б. аралас келеді. Орман ішінде бүлдірген, жидек, таңқурай, қарақат,
саңырауқұлақ өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ормандарда – ақтиін, елік, құстардан: бүркіт,
бөдене, дуадақ, тырна, өзендер мен көл бойларында – қаз бен үйрек, қызғыш, т.б. мекендейді. Жасыбай
көлінің жағасында демалыс орындары, «Баянауыл» туристік базасы, Қаныш Сәтбаев мұражайы бар. 1988 ж.
Баянауылдың табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды. 1994 ж.
саябақ құрамына «Қызылтау» зоологиялық қорықшасы қосылды. Баянауыл тауларының етегінде көптеген
бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық
ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер («Әулиетас»,
«Драверт», «Құмыра», т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған
жартастар («Найзатас», «Жұмбақтас», «Көгершін», «Атбасы», т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді.
Саябақта өсімдіктердің 400-ден астам түрі, омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі, сүтқоректілердің 40-
тан аса түрлері, құстардың 50-ден астам, балықтың 8 түрі кездеседі.

БӘЙДІБЕК БИ

Бәйдібек би, Б ә й д і б е к Қ а р а ш а ұ л ы – қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық және


этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи тұлға. Оның нақты туған-өлген
жылдары белгісіз. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің үйсін бірлестігіне кіретін албан, суан, дулат, сарыүйсін,
шапырашты, ысты, ошақты тайпаларының түп атасы. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» атты
тарихнамасында осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай елдің
билігі өзінің аталарына өткенін атап көрсетті. Бәйдібек бидің әкесі Қараша Қытай жылнамасында жазылып,
билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6 – 7 ғасырларда өмір сүргенін
дәлелдейді. Шежіре бойынша оның үш әйелі болған. Бірінші әйелі Сары бәйбіше Байтоқты атты ұл туып,
одан Түргеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші әйелі Зеріптен туған Жалмамбеттен Шапырашты, Ошақты,
Ысты өрбиді. Үшінші әйелі Домалақ ана деген атпен белгілі Нұриладан Тілеуберді (ел арасында Жарықшақ
немесе Жарықбас), одан Албан, Суан, Дулат тараған. Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары
бәйбішесінен туған алты ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында «Алты Сары
бейіті» деген киелі жер қалды. Бәйдібек сүйегі Балабөген өзені жағасында жерленген. 1998 ж. Бәйдібектің
Қарахан дәуірі үлгісіндегі бұрынғы кесенесінің орнына жаңа Бәйдібек және Қасиетті бес ана тарихи
ескерткіш кешені салынды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алғабас ауданына Бәйдібек есімі берілді.

БӘЙТЕРЕК

«Бәйтерек», « А с т а н а – Б ә й т е р е к » – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет


өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде
өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын
білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Есіл өзенінің сол
жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м, диаметрі 27м; негізгі есікке бастайтын
әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер
асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең
жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде
жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі
қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар
басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал
алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және
бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре
берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан.
«Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы
да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы,
қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі,
дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

БЕГЕМОТ

Бегемот, с у с и ы р – жұптұяқтылар отрядының күйіс қайырмайтындар тұқымдасына жататын жануар.


Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі. Әрқайсысында бір ғана түр бар екі туысқа бөлінеді. Оның
ересегінің дене тұрқы 4 – 4,5 м-дей, құйрығының ұзындығы 35 – 50 см, салмағы 2,6 – 3,2 т (кейде 4,5 т).
Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті
шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық – елу жылдай өмір сүреді,
топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70 – 1,85 м, құйрығының ұзындығы 70 – 80 см, салмағы
250 – 275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді. Бегемот жағасы батпақ, қалың
шөп өскен тұйық көлдерді мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Өсімдік тамыры мен түйнегін қорек етеді.
Қорегін түнде іздейді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланған. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға
азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе
гиппопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады.

БЕЛАРУСЬ

Беларусь, Б е л а р у с ь Р е с п у б л и к а с ы – Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 207,6 мың2. км


Халқы – 9,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы – белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%) мен поляктар
(4,1%) тұрады. Астанасы – Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумақтық
жағынан алты облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді.
Діні – православие (70%). Ақшасы – рубль. Ұлттық мейрамы – үшінші шілдедегі Республика күні. Мемлекет
басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол
төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталардан тұрады. Беларусь Шығыс Еуропа
жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің аңғарларын алып жатыр. Климаты қоңыржай
континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды; жазы салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері
600 – 700 мм. Батпақ жиі кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс Двина,
Неман (саласы – Вилия). Жерінің 33%-ы орман болып келеді. Ормансыз жерлері – шалғын, жайылым.
Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян, т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек
кездесетін аңдардың көбеюіне септігін тигізуде.
Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. 2 – 5 ғасырларда аталған өңірге Днепр
бойынан славяндар келе бастады да, 9 ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде
славяндардың үш ірі тайпа бірлестігі қалыптасты: Полесье мен Орталық өңірде дреговичтер, Сож өзені
алабына радимичтер, Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы жағына кривичтер қоныстанған. 9 ғасырда Киев
Русінің құрылуына байланысты Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді. 9 – 11 ғасырларда егіншілік
кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің ыдырауы салдарынан бірнеше
ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды 13 ғасырдың 2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алды.
Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. 1569 ж.
Люблин униясы бойынша Ұлы Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін
құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін ығыстырып, католик діні енгізіле
бастады. 1648 жылдан басталған Украинадағы ұлт-азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды. 18 ғасырдан
бастап поляктарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс одан әрі күшейіп кетті. Речь Посполитаяны үш рет бөлісудің
нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. 19 ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық
дамуы тездетілді. Темір жолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік соғыс (1914 – 18)
кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады.
1919 ж. бірінші қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж.
отызыншы желтоқсанда КСРО құрамына енді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс
әскерлерінің қол астында қалып,зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан йін
ке қираған шаруашылықты
қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.)
құрылды. Экономикасы дамыды. Ауыл шаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын
кәсіпорындар ашылды. 1990 ж. Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 ж. сегізінші
желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды.
Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени
келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және
трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл шаруашылығы, т.б.
өндіріс салалары дамыған. Республикада калий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар. Жүк
тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, т.б. электр бұйымдары, химия
және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, тас көмір)
мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден
әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент
шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері.

БЕЛОК

Белок, п р о т е и н д е р – күрделі молекулалы табиғи органикалық қосылыстар. Белок тек тірі


организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3%
сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин
кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок
молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады. Белоктар туралы
алғашқы мәліметтер 18 ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялык ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген
белокты бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында белоктық
заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер
клеткасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, белоктан құралатыны анықталды. Белоктардың
барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым белоктар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар,
глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі белоктар – протеидтер (гликопротеидтер,
нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа
заттар да болады. Белок клетка құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, митохондрия, рибосома,
цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организм құрамында үлкен орын алады. Мысалы, адам мен
жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 – 16%, дақыл тұқымында 10 – 20%,
бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35%, бактерия клеткаларында 50 – 93% белоктық заттар бар. Белок барлық
организмге ортақ зат болғанымен, әр түрлі организм белоктарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ,
организм түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да белок
қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Белок – бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол клетка
протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік кұбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею,
тітіркену, козғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Организмнің күнделікті тіршілігі оның
клеткаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде
өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар – белоктар, нуклеин қышқылдары,
көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі
заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған клеткаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады.
Бұл құбылыстарды метаболизм деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де белок катализаторлық қызмет
атқарады. Қан құрамындағы ерекше белок – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады. Клеткалардағы тотығу
ферменттері – цитохромдар тыныс алу процесін реттеп отырады. Сондай-ақ организм тіршілігіне аса кажетті
заттар гормондар да белоктан құралған. Ерімтал белоктар – гидрофильді коллоидтар – суды бойына көп
тартады. Олардың ерітінділері желім сияқты: осмостық қысымы төмен, қозғалу қабілеті нашар, өсімдік пен
жануарлар мембранасынан өте алмайды. Белоктардың тағы бір қасиеті – олар амфотерлі электролиттер.
Молекулаларында бос карбоксил және амин топтары болатындықтан, олар оң немесе теріс электр зарядты
болады. Химиялық табиғаты жағынан белок биополимерлер тобына жатады. Белоктың құрамында жиырма
түрлі амин қышқылдары болады. Әр түрлі белоктардың амин қышқылы құрамы жағынан да, олардың
тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта белок түрлерінің көп болуы
да осыған байланысты. Мысалы, үш амин қышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышкылдан жиырма
төрт түрлі белок изомерлері пайда болады. Белок молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле
байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Белок молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады.
Біріншісі – шар тәрізді домалақ – глобулярлы белоктар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин,
пепсин және өсімдік клеткасының белоктары жатады. Екіншісі фибриллярлық (талшық тәріздес) белоктар.
Бұларға бұлшық ет белогы – миозин, актин, сіңір белогы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі
белоктары жатады. Белок молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген
сутектік байланыстар, электрстатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар, т.б.
жағдайлар арқылы қамтамасыз етіледі. Белок ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті кышқылмен әсер етсе,
ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты
денатурация деп атайды. Белок – адам тағамы мен жануарлар қорегінің, сондай-ақ тері, жүн, жібек сияқты
табиғи талшық заттардың негізгі құраушысы болғандықтан, 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап оны
қолдан өндірудің (микробиологиялық синтез) маңызы артып отыр.

БЕЛЬГИЯ

Бельгия, Б е л ь г и я К о р о л ь д і г і– Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 30,5 мың 2км


. Халқы – 11
млн. адам (2007). Астанасы – Брюссель (1 млн.) Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік
жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері – француз, нидерланд (фламанд) және неміс. Негізгі діні –
католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы – бельгия франкі. Ұлттық мейрамы –
жиырма бірінші шілде (Леопольд Біріншінің парламентке конституцияны құрметтеуге ант берген күні) мен
он бесінші қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні). Бельгия – конституциялық монархия.
Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік басшысы –
король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент – өкілдер (150 депутат) және сенат
(71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге
асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады.
Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденн тауы Бельгияның оңтүстік-
шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері – Ботранж шоқысы (649 м). Қаңтардағы орташа температура 3ӘС,
шілдеде 18 – 19ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 – 900 мм, Арденн тауында 1250 мм. Басты
өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Бельгия жерін марал, елік,
қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді.
Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген.
Біздің заманымыздан бұрынғы 57 ж. Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңтүстік-батыс
бөлігінде Бельгика провинциясын құрды, ал 3 – 4 ғасырларда бұл жерге герман тайпалары – франктер,
ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады. Бельгия жері 5 – 9 ғасырларда Франк мемлекетінің
құрамына кірді де, кейіннен бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы
болғандықтан 12 – 13 ғасырларда Еуропаның «шеберханасына» және халықаралық сауданың маңызды
торабына айналды. 16 ғасырда қазіргі Бельгия, Нидерланд, Люксембург жері және Солтүстік Францияның бір
бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 ж. Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған
соғыстың (1701 – 1714) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 ж.
Бельгия Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814 – 15) шешімі
бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерландия корольдығына бірікті. Осы кездерде
Бельгияда өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банктер көптеп ашылды. 1830 ж. жиырма
бесінші тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, қарашаның оны күні ашылған
Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады. 1831 ж. бірінші қаңтарда Бельгияның мәңгі-бақи
бейтараптылығы айқындалды. Сол жылы Ұлттық конгресс қабылдаған конституция елде конституциялық
монархия орнатты. 19 ғасырдың 2-жартысында Бельгия өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор
қарқынмен дамыды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914 – 18) кезінде Германия Бельгияға басып кірген соң
(1914 ж. 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. оныншы мамырда неміс-
фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Бельгия – БҰҰ-на,
Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропалық қауымдастыққа, Бенилюкс елдер одағына, т.б.
халықаралық ұйымдарға мүше. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты 1992 ж.
орнатты.
Бельгия – әлемде индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Қара металлургия – Бельгия өнеркәсібінің
ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жинау, құрылыс
материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиһаз, қағаз), т.б. дамыған. Орта және ұсақ фермерлі шаруашылықтар
негізінен мал шаруашылық өнімдерін береді. Ал астық пен жеміс-жидектер шеттен әкелінеді. Экспортқа
автомобиль керек-жарақтарын, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады.
Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық қауымдастыққа
мүше мемлекеттер және АҚШ.

БЕС ҚАРУ

Бес қару – қазақ батырлары қолданған жауынгерлік қарулардың жалпы атауы. Оған соғыста кесу, шабу,
түйреу, соғу, ату арқылы жауына жарақат салатын, өзіндік қолдану әдісі бар қылыш, айбалта, найза, шоқпар,
жақ (садақ) сияқты қарулар жатады. Әр қарудың өзінің бірнеше түрлері, үлгілері бар. Мысалы, кесу қаруына
қылыш, семсер, сапы, т.б. үлгілері; шабу қаруына – айбалта, жауынгерлік балта, оның өзге де түрлері; түйреу
қаруына – найза, сүңгі; соғу қаруына – шоқпар, күрзі, босмойын шоқпар, т.б.; ату қаруына – жақ, кейін
шыққан мылтық түрлері жатқызылады. Бес қару қасиетті, киелі саналып, оларды қастерлеу нәтижесінде
көптеген әскери салт-дәстүрлер қалыптасты.

БЕТОН

Бетон, қ ұ й м а т а с – жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.),
су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.) кейде арнайы үстеме заттар
қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін
бетон қоспасы деп аталады. Бетон (французша beton, латынша bіtumen – тау шайыры) құрамындағы
байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон,
гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған
бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты
аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 – 2500 кг/м
3
), жеңіл (1800 – 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден
төмен) болып бөлінеді. Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу
оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.)
болып ажыратылады. Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш
материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ ол бетон
бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі
созылуымен) сипатталады. Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік
құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс
Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына
байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда
кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында
отқа төзімді бетон өндіріледі.
Бетон құралымдар мен бұйымдар– үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың бетоннан жасалған
арматурасыз не жеңіл арматураланған құралымдық элементтері. Бетонның созылу беріктігі аз болғандықтан,
бетон құралымдар мен бұйымдар, көбінесе, сығушы күштер түсетінжерлерде қолданылады. Бетон
құралымдар мен бұйымдардың кең тараған түрлеріне: іргетастар, тастар мен қабырғалық блоктар,
гидротехникалық құрылыстар, бағандар, күмбездер, көпірлік тіректер, жол және тротуар төсеніштері, т.б.
жатады. Ал құралымға созу күші түсетін жағдайда бетон құралымдар мен бұйымдарға болат арматура
қосылады. Бетон мен арматура қосылып жасалған құралымды темір-бетон құралымдар дейді. Зауыттарда
дайындалатын бірдей стандарт элементтерден (іргетастық және қабырғалық блоктар мен тастар, т.б.)
құралған құрама бетон құралымдарды құрылыстарда пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Ірі құрылыстар
мен ғимараттардың (мысалы, бөгеттің, ірі іргетастың, сүйеме қабырғаның) құралымы әдетте тұтас бетоннан
жасалады. Бетон құралымдар мен бұйымдарының көпшілігі жоғары механикаландырылған және
автоматтандырылған кәсіпорындарда дайындалады да құрылыс алаңына арнайы автокөлік түрлерімен
жеткізіледі.

БЕТПАҚДАЛА

Бетпақдала – Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі
ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен
шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы
75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 – 350 м. Абсолюттік
биіктігі 200 – 300 м-дей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 – 700 м-дей
солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде
жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік
жері – Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-жыралармен
тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде
жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім
өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа
температурасы –12 – 14ӘС, шілдеде 24 – 26ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 – 150 мм. Қардың
қалыңдығы 10 – 15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры
мол. Жайылымдар тереңдігі 10 – 30 м артезиан құдықтарымен суландырылады. Бетпақдаланың топырағы
қоңыр, сұрғылт қоңыр. Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты шөлдерінде
баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш,
оңтүстігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркек шөп, құрғақ
арналарын бойлай жыңғыл, тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар, елік, қасқыр,
түлкі; жазықта ақбөкен, алақоржын, саршұнақ, аламан, жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала –
көктемгі және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында
қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған.
БИДАЙ

Бидай – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда алты түрі (Еділ бидайы,
Польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі.
Биіктігі 40 – 130 см, тамыр жүйесі – шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді,
сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры – күрделі масақ, оның қынабында екі масақша қабыршағынан
тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында үш – бес гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық
тәрізді, түсі ақ, қызғылт кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы – ұзына бойына тартылған сызаты
бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен
дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады.
Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың масағы да жұмсақ, дәні жұмыр
әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады,
құрамында 16%-дай белок болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ
бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу
қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан
нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Қатты бидайдың дәні ірі, сопақша,
жылтыр. Оның дәнінде 24% белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ
жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі.
Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық
бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында
өсіріледі. Арамшөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып
бастырады. Ал арамшөбі көп, біркелкі пісіп жетілмей, жатып қалған бидайды әуелі шауып дестеге түсіреді,
содан кейін комбайнмен жинап бастырады. Бидай – негізгізық-түліктік
а дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны
құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен
шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық
қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ,
септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап
алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады.

БИЗНЕС
Бизнес – пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не
фирманың іскерлік қызметі. Бизнес (ағылшынша busіness – кәсіпкерлік, сауда-саттық) адамның табиғи
қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық,
рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес
қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын
дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу әрі оларды қоғам дамуына,
халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік
және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де
қатысады.

БОКС

Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-
жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек
аумағы 4,9Ч4,9 м немесе 6,1Ч6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді. Бокс
(ағылшынша box – соққы) ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 – 15 раунд) ережелері бар.
Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (біздің заманымыздан бұрынғы 688 ж.), Олимпиялық
ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен
орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Қазіргі бокс 17 ғасырда
Англияда бастау алған. Алғашқы ережесін Джеймс Фигг жазды. 1865 ж. «Маркиз Куинсберри ережесі»
дүниеге келді. Осы ереже бойынша рингтің (алаңның) ауданы, раундтардың ұзақтығы, қолғаптың салмағы, т.б.
жекпе-жекке қатысты келісімдер қазіргі жүйеге келтірілді. 1904 ж. бокс жаңа Олимпия ойындарының
бағдарламасына енді. 1920 ж. Бокс әуесқойлары дүниежүзілік ассоциациясы (AІBA) құрылды. Дүниежүзілік
чемпионат 1974 жылдан өткізіледі. Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары
Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа
чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан
шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан
шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары
– Бекзат Саттархан, Ермахан Ибрайымов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004),
Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов
(1983).
БОЛГАРИЯ

Болгария, Б о л г а р и я Р е с п у б л и к а с ы– Балкан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110


мың км2. Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы болгарлар (85%), бұған қоса түрік, сыған, армян, грек, т.б.
ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы – София қаласы (1,5 млн.). Мемлекеттік тілі – болгар тілі. Халқының
көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар. Болгария – парламенттік республика. Мемлекет
басшысы – президент. Жоғарғы заң шығару органы – бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы билікті
Министрлер Кеңесінің төрағасы жүргізеді. Жерінің солтүстігін Дунай жазығы, шығысын Добруджа үстірті
және оңтүстігін Стара-Планина тауы (Балкан) алып жатыр. Климаты көп жерінде қоңыржай континенттік, тек
оңтүстігінде ғана – жерортатеңіздік. Жауын-шашынның жылдық мөлшері: жазықта 450 – 600 мм, тауда 850 –
1300 мм. Болгария жерінде өзен көп. Басты өзендері: Дунай, Искыр, Марица, Струма, т.б. Көлдердің басым
көпшілігі Рила, Пирин тауларында. Жерінің 30%-ы орманды. Қара теңіз жағалауында көптеген демалыс
орындары орналасқан.
Болгария жеріне адамдар палеолит дәуірінде қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6
ғасырлардағы грек тіліндегі деректерге қарағанда, бұл жерлерді фракийлер қоныстанған. 1 ғасырда
фракийлерді Рим империясы бағындырып, мұнда Мезия мен Фракия провинцияларын құрады. 395 ж.
Болгария жері Византия империясының құрамына кірді. 7 ғасырдың 70-жылдарында Аспарух (Исперих) хан
бастаған бұлғарлар (түркі тайпалары) Азов теңізі маңы мен Солтүстік Кавказ өңірінен көшіп келіп, 680 ж.
Балкан таулары мен Дунайдың төменгі ағысында славян-бұлғар тайпалары мемлекетінің негізін қалады. 9
ғасырда Сердиканы, Адрианопольді, т.б. аймақтарды қосып алу нәтижесінде бұл мемлекет шекарасы кеңейді.
Бірінші Болгар патшалығы (1018 – 1186) Византияға бағынған. 1187 – 1396 жылдардағы Екінші Болгар
патшалығы алғашқыда Батуға салық төлесе, 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Ноғай ордасына
тәуелді болды. Бытыраңқылықтағы Болгария жерлерін 14 ғасырдың аяғында Осман сұлтандығы өзіне
бағындырады. 15 ғасырдан бастап қалалар көркейіп, елдің әл-ауқаты артты, болгар шонжарларының бір
бөлігі ислам дінін қабылдады. Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерде тауар айналымы артты.
Орыс-түрік соғыстары (18 – 19 ғасырлар) болгарларды тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды. 1908 ж.
жиырма екінші қыркүйекте Болгария өзін толық тәуелсіз ел деп жариялады. Бірінші Балкан соғысында (1912
– 13) Болгария Түркияның біраз бөлігін өзіне қаратқанмен, Екінші Балкан соғысында (1913) қайта айырылып
қалды. Болгария 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Австрия-Венгрия жағында болды. 2-
дүниежүзілік соғыс қарсаңында Болгария бейтарап саясат ұстанғанымен, 1941 ж. наурызда Германия, Италия
және Жапония арасындағы үштік одақ пактісіне қосылды. 1944 ж. тоғызыншы қыркүйекте Болгария жеріне
Кеңес Армиясы кірген соң, мемлекеттік монархиялық құрылымы жойылды. 1946 ж. он бесінші қыркүйектен
1989 жылға дейін Болгария социалистік даму жолын таңдаған елдер қатарында Варшава шартына,
Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше болды. 1989 жылдан елде саяси өзгерістер, демократиялық
жаңғыру, экономикалық нарықтық қатынастарға көшу басталды. 1991 жылға дейін үкіметті басқарып келген
Болгария компартиясы биліктен кетті. Болгария БҰҰ-на, Еуропа Кеңесіне, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше.
1992 ж. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Болгария 1947 жылға дейін аграрлы ел болатын. 1947 – 90 ж. индустриялды-аграрлы мемлекетке айналды.
1996 ж. жан басына шаққандағы орташа жылдық табыс 1160 АҚШ долларын құрады. Экономикасының негізі
машина жасау, тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия өнімдерін шығару,
ағаш өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар (бидай, жүгері), темекі, көкөніс,
жеміс өсіріледі. Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде бірінші орын алады. Экспортқа машина,
пластмасса өнімдерін, темекі, шарап шығарылады. Қара теңіз жағалауында туризм дамыған.

БОР НИЛЬС

Бор Нильс Хенрик Давид– даниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі,
Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917) және 1919 жылдан оның президенті. Нильс Бор (Bohr) 1885 ж.
жетінші қазанда Данияның Копенгаген қаласында туған. Копенгаген университетін (1908) бітірген соң 1911 –
12 ж. Кембриджде физик Джозеф Томсонмен, 1912 – 13 ж. Манчестерде Эрнест Резерфордпен бірге ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1916 жылдан Копенгаген университетінің профессоры. 1920 жылдан өмірінің
соңына дейін Копенгагендегі Теориялық физика институтын (қазіргі Нильс Бор институты) басқарды. 1943 ж.
Данияға фашистердің жаулап алу қатері төнгенде, ол АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та алғашқы атом
бомбасын жасауға қатысты, кейін оны шығаруға қарсы шықты. Соғыс аяқталған соң Данияға қайта оралды.
Бор – атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі.
Ол Бор қағидалары (постулаттары) деп аталған тұжырымдар негізінде атомның орнықтылығын және сутек
тәрізді атомдардың спектрлік заңдылықтарын түсіндірді. Бор теориясы бойынша атомның орнықты
(стационар) күйдегі энергиясының үзілісті (диск
ретті) мәндерге ие болатындығы алынғанымен, электрон
шеңбер не эллипс тәрізді орбита бойымен қозғалатын классикалық бөлшек ретінде қарастырылады. Бұл
теорияда Луи де Бройль ашқан микробөлшектердің толқындық қасиеті ескерілмейді. Атом құрылысының
және оның ішінде өтетін түрлі процестердің толық теориясы кванттық механика заңдары ашылған соң ғана
жасалды. Бор 1923 ж. классикалық және кванттық ұғымдар арасындағы сәйкестік принципін ашты. Сол жылы
өзі жасаған атом моделі негізінде, алғаш рет Дмитрий Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне
ғылыми түсініктеме берді. 1927 ж. микродүниенің ең маңызды принциптерінің бірі – толықтырғыштық
принципін тұжырымдады. Мұның философия ғылымы үшін маңызы зор болды. Ол құранды ядро
теориясының авторы (1936). 1939 ж. американ физигі Джон Уилермен бірге ядроның бөліну механизмін
түсіндірді. Уран ядросының өздігінен бөлінуін болжады. Бор 20 ғасырдың 40 – 50-жылдары негізінен,
элементар бөлшектердің белгілі бір ортамен әсерлесу мәселесін зерттеді. Ол дүние жүзі физиктерінің (Феликс
Блох, Оге Бор, Виктор Вайскопф, Лев Ландау, т.б.) үлкен мектебін ұйымдастырды, олардың арасындағы
ғылыми шығармашылық байланысты дамытты. Бор – Нобель сыйлығының лауреаты (1922), дүниежүзіндегі
жиырмадан астам Ғылым академияларының, оның ішінде бұрынғы КСРО Ғылым академиясының да (1929)
құрметті мүшесі. Ғалым Нильс Бор 1962 ж. 18 қарашада Копенгаген қаласында дүние салды.
Бор қағидалары, Б о р п о с т у л а т т а р ы – даниялық физик Нильс Бордың атомның орнықты
(стационар) күйін және спектрлік заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі болжамдары (1913). Бірінші
қағида немесе орнықты күйлер қағидасы: атомдағы электрондар кез келген энергиясы бар орбиталармен емес,
тек белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп атайды.
Орнықты орбиталардың энергиясы тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді ғана иеленеді. Электрондар
мұндай орнықты орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле шығармайды. Екінші қағида немесе сәуле
шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда ғана жарықтың бір
фотонын жұтады не шығарады. Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы
һν) (екі орнықты күй
энергияларының Е
( 1 және Е2) айырымына тең һ( ν = Е1 – Е2, мұндағы ν – шығарылған не жұтылған сәуле
фотонының жиілігі,һ – Планк тұрақтысы). Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және
сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика
заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған
алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі.

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ

Ботаникалық бақ– ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп,


оны зерттейтін, ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме. Негізгі ғылыми бағыттары: жергілікті және
сырттан әкелінген өсімдіктерді өсіру, жерсіндіру, олардың биологиясын, экологиясы мен физиологиясын,
өсіп-өнуін, селекциясын зерттеу; ботаникалық ілімді дамыту, оның жетістіктерін жалпы халыққа тарату;
республикамызда азайып бара жатқан, жойылу қаупі төнген өсімдіктерді қолдан өсіріп көбейту, биологиялық,
экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, оларды сақтап қалудың, табиғи таралған орталықтарына қайтарудың
жолдарын қарастыру; қала, ауыл, елді мекендерді көгалдандыру; бақ өсіру; гүлзар салу бағыттарында
ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізу; өсімдіктердің жаңа түрлерін іздестіру, олардың пайдалы қасиеттерін
анықтап, адам қажетіне жарату; өсімдіктер әлемін қорғау, көркейту. Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін
шет–
жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құ
райды. Олар биологиялық ерекшеліктеріне қарай ашық далада,
оранжереяда, жылыжайда өсіріледі. Қазір Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты
ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау),
Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас), Қарағанды
ботаникалық бағы бар.

БӨГЕМБАЙ БАТЫР

Бөгембай батыр, Б ө г е м б а й Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай – жоңғар


шапқыншылығына қарсы күресте ерекше көзге түскен халық батыры. Шамамен 1680 ж. дүниеге келген. Басқа
батырларға қарағанда жасы үлкендеу болғандықтан халық аңыздарында “Қанжығалы қарт Бөгембай” аталған.
Жас кезінен бастап жоңғарлармен шайқаста көзге түскен ол Аңырақай шайқасында Орта Жүз қолын
басқарды. Кейіннен Қабанбай, Жәнібек, т.б. батырлармен бірлесіп қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат
етуге басшылық етті. Абылай ханның бас батыры болды. 1757 – 1758 ж. шығыстан келген қытайлармен
болған соғысқа қатысты. Жасы 80-нен асқанда ауырып, қайтыс болды. Сүйегі Қожа Ахмет Иассауи
кесенесіне жерленген. Бұқар жырау, Қожаберген, Үмбетей, т.б. ақындар ол жөнінде көптеген дастандар
шығарды. Астана – Павлодар жол торабында батырға арналып ескерткіш орнатылған.

БӨДЕНЕ

Бөдене – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен
биіктігі үш мың метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың
қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 – 150 г шамасында. Ақшыл жолақты
кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене – жыл құсы, соның
ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз бір түрі. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау
үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп
төсейді де, жетіден жиырмаға дейін шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені он бестен он жеті күнге дейін
басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен кейде жәндіктермен қоректенеді. Әуесқой аңшылық
мақсатта көп ауланады, сондай-ақ үйде де ұсталады.

БӨКЕЙ ОРДАСЫ

Бөкей ордасы – Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801 – 45 ж. Еділ мен Жайық өзендері
аралығында болған қазақ хандығы. Ішкі орда немесе Бөкей хандығы деп те аталады. 18 ғасырдың соңына
қарай Кіші жүзде отарлық езгінің күшейе түсуі халықтың тұрмыс-тіршілігін күйзелтті. Кіші жүз қазақтары
тіршілік етуге «жеңілдеу» басқа жерлерге көшуді көкседі. Сондай қолайлы жердің бірі – Жайық пен Еділ
аралығындағы Нарын құмы болды. Бұл өңірді қалмақтар тастап кеткеннен кейін (1771) ешкім қоныстанбаған
болатын. Мұны Бөкей сұлтан пайдаланып қалды. Ол Нарынды тұрақты қоныс етіп бекітіп беру жөнінде
Павел І-ден рұқсат сұрады. Павел І өзінің 1801 жылғы он бірінші наурыздағы жарлығымен Бөкей сұлтанның
тілегін орындады. 1806 ж. патша жарлығы негізінде Бөкей ордасының нақты шекарасы, сонымен қатар
жәрмеңке орындары белгіленді. 1808 ж. Бөкей ордасы Астрахан әскери губернаторы мен Орынбор шекаралық
комиссиясына бағындырылды. Әуелде ордадағы үй саны бес мыңдай болса, 1825 ж. он төрт мың төрт жүз
тоқсан үйге жетіп, халық саны елу мыңнан асты. 1815 ж. Бөкей хан қайтыс болып, хандық уақытша Бөкейдің
туысы Шығай сұлтанға көшті. 1823 ж. таққа Жәңгір отырды. Ол билікті нығайтып, орталықтан басқарылатын
әкімшілік құрды. Әрбір ірі рудың басына Жәңгір өзіне шын берілген сұлтандар мен билерді қойды. Ру
ішіндегі аталарды старшындар басқарды. Тағайындалған ру басшылары мен старшындарды Орынбор
шекаралық комиссиясы бекітті. Бөкей ордасының әкімшілік орталығы — Орда 1826 ж. салынды. Бөкей
ордасын жан-жағынан орыс әскерлерінің бекініс шептері
қоршап жатты. Қазақстанның басқа аймақтарымен
салыстырғанда, мұнда тауарлы-ақша қатынасы басымырақ өркендеді. 1840 ж. хан ордасында бастауыш орыс-
қазақ мектебі ашылды. Бөкей ордасы жерінде 1836 – 37 ж. Исатай Тайманұлы аған
баст көтеріліс болды.
Көтеріліс хан ордасын шайқалтып тастады. 1845 ж. Жәңгір өлгеннен кейін хандық өкімет жойылды.
Хандықтың орнына Ішкі орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес құрылып, оған патша шенеуніктері
басшылық етті.

БӨКЕЙХАНОВ
ӘЛИХАН

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы– Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы


үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма
бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші
ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман
шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина
экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық)
партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді. 1906 ж. Бөкейханов Бірінші
Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын
кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 ж. Петербургте жарық көрген
меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы
Самараға жер аударылып, 1909 –17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 – 17 ж. «Қазақ»
газетін ұйымдастырып, оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1917 ж.
жиырмасыншы наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі
қызметіне тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1917 ж. шілдеде Бірінші жалпықазақ съезі өткізіліп, «Алаш»
партиясы құрылды. 1917 ж. бесінші – он үшінші желтоқсан күндері Орынборда жалпы қазақ съезі болып, қазақ
облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын
деген шешім қабылданды. Жиырма бес орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен
Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда
өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Кеңес өкіметі
Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейін ол 1920 – 27 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық
комиссариаты коллегиясының мүшесі, ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық
баспаның (Мәскеу) ғылыми қызметкері, Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 1927
жылдың бірінші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) орындарының
бақылауында болды. 1937 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына
кесіліп, сол жылы жиырма жетінші қыркүйекте Мәскеу қаласында қаза тапты.
Бөкейханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын
жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Ол қазақ мемлекетінің пайда болуының тарихи кезеңдерін,
даму заңдылықтарын терең зерттеген және халықтың ауыз әдебиеті мұраларынан үлгі алмай ұлттық
әдебиеттің өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. Ол ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп күш салды.
Сондай-ақ Бөкейханов тұңғыш абайтанушы ретінде Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат
салысты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап, жинақтың 1909 ж. Санкт-
Петербургте басылып шығуына ат салысты. Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең
көлемдісі – көркем аударма. Ол қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан
шыққан мақалалар Санкт-Петербургтің «Сибирские вопросы», «Биржевые ведомости», «Новая жизнь»
секілді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Бөкейхановтың атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-
мұрасы әлі де жан-жақты талданып, зерттелуде.

БРАЗИЛИЯ

Барзилия, Б р а з и л и я Ф е д е р а т и в т і к Р е с п у б л и к а с ы– Оңтүстік Америка құрлығының


шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн.2.км
Халқы 189 млн. адам (2007).
Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-
нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа.
Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші
қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы
Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық
сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық
(астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі),
субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып
жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс
жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-
Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ,
көмір қорлары мол кездеседі.
Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи-
гуарани, тупинамбас, ботокуд тамойос, ко
роадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар
аңшылықпен, балық
аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып, темекі, какао, т.б. дақылдар өсірді. 1500 ж. Бразилия жағалауына
португалдық теңізші Педру Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол
паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды; елдің аты да осы ағаштың атынан
шыққан. 1549 ж. генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды. 1517 жылдан
құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы,
мақта, күріш, жүгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия Португалияның
ең бай отарына айналды. 1763 ж. астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 1815 ж. Бразилияға корольдік
статус беріліп, «Португалия, Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің» құрамдас бөлігіне айналды. 1822
ж. қаңтарда Бразилияның тәуелсіздігі жарияланды. 1824 ж. наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы
қабылданып, конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін
мойындады. 1850 ж. елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 ж. құл иелену мүлде жойылды. 1-дүниежүзілік
соғыста Ұлыбритания және АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 ж. Еуропаға
бірнеше әскери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді
де, 1942 ж. тамызда Германия және Италияға, 1945 ж. маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 ж.
елу мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950 – 60 ж. Бразилия аграрлы елден аграрлы-
индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық,
финанс, оқу реформалары жүргізілді. 1960 ж. жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті.
Бұдан кейін жиырма жылдай (1964 – 85) елді әскери генералдар басқарды. Бразилия экономикалық күш қуаты
жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Бразилия Латин Америкасы елдері ішінде шешуші рөл
атқарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері, Латин Америкасы елдері, Азия елдері.
Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 ж. орнатылған.

БРУНО ДЖОРДАНО

Бруно Джордано Филиппо – италиялық философ, ақын, астроном. Ол 1548 ж. Италияның Нола
қаласында туған. Есейіп өскен шағында дінге қарсы көзқарасы үшін Италиядан кетіп, Францияда, Англияда,
Германияда тұрды. Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция Бруноны сегіз жыл түрмеде
ұстады, кейін оны тірідей (1600 жылы он жетінші ақпан күні Рим қаласында) отқа жағып өлтірді. Бруно
философияның мақсаты құдай бар деп білу емес, «заттардың өз құдіреті» болып табылатын табиғатты тану
деп тұжырымдады. Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды. Болмыстың негізгі өлшемі – монада.
Ең жоғары субстанция – «монадалардың монадасы» немесе құдай; ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден
көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Бруно өз
дәуірі үшін озат, кейін дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі белгісіз планеталардың бар
екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар
екені жайлы, т.б. поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды.
БУДДА

Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік
Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің
заманымыздан бұрынғы 623 – 544 ж.; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол
кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық
жасамауды) уағыздаған.

БУЛЬДОЗЕР

Бузьдозер – 1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш.
Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін
топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады.
Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер,
қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да
гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады.
2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.)
штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты
өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады.

БУРАБАЙ

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Шучье ауданында, Көкше тауының
шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа
2
тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 . км
Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік,
батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және
мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды,
Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты
келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік,
батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге
сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік
береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл
суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген
әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.
«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық
маңызы бар
курорт. Щучинск қаласынан 20км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік
биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың
аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –16ӘС, шілдеде 19ӘС; жауын-шашынның
жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920
жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады)
орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді.
«Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу
табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен
тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады.

БҰҒЫ

Бұғы, б і т е у м ү й і з д і л е р — жұп тұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының


отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка
бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Қазақстанда бұғы екі тұқымдас
тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі,
сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі
болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста
немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол
мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі.
Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр
– шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін
пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
БҰҚАР ЖЫРАУ

Бұқар жырау, Б ұ қ а р жырау Қ а л қ а м а н ұ л ы– әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы-биі,


абыз. Бұқар жырау Баянауылдағы Далба тауы бойында 1693 ж. өміргі келіп, кіндік қаны тамған жерінде 1787
ж. тоқсан төрт жасында дүние салған. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Бұқар жырау қазақ халқының
Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып
замандағы күрделі мәселелерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте
біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Жырау азаттық жолында ерліктің небір ғажайып
үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады.
Жыраудың «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы
Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал,
айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен
білгірлігі сипатталады.
Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани
адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан
да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты
пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери
дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Бұқар жырау толғауларында Ресей
империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.
Бұқар жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан
қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген,
көрегендікпен болжай таныған: «Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай
нұрын ұстап мінсе де, – Қызыққа тоймас адамзат!»
Бұқар жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Оның мұрасын жинауда,
жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Григорий Потанин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов,
Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Қайым Мұқаметқанов, Мұхтар Мағауин, Рәбиға
Сыздық, т. б. секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді.

БҰЛАҚ
Бұлақ, б а с т а у – жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі. Ол таулы, қыратты аймақтарда,
өзен, көл жағаларында жиі кездеседі. Бұлақтың арынсыз және арынды түрлері бар. Арынсыз бұлақ ылғалды
жылдарда, көктемде қар ерігеннен кейінгі және жауын-шашынды кезеңдерде жер бетіне таяу жатқан грунт
суы деңгейінің көтерілуінен пайда болады. Оны әдетте тұма деп атайды. Құрғақшылық жылдары, ылғалсыз
жаз айларында мұндай бұлақтың суы тартылып қалады. Арынды су көзі – артезиан (арынды) суынан бастау
алып, сай-жылғаларда, өзен мен көл бойында немесе тау-тастардың терең жарықтарынан шығатын бұлақты
қайнар деп атайды. Мұндай су көзінің өнімі, температурасы, минералдық тұмаға қарағанда тұрақты келеді.
Сонымен қатар әктасты, гипсті, карсты таулы аймақтарда, қыраттарда жер астындағы кең көлемді
жарықтарды бойлай өзен секілді ағып, жер бетіне шығып жататын бұлақтың ерекше түрі воклюз деп аталады.
Суы мол, өнімі тұрақты воклюздер Қазақстан жерінде Қаратауда, Шыңғыс тауында, Жайық бойындағы Индер
тауында, Үстіртте, т.б. аудандарда кездеседі. Кейде олардан жер астында кішігірім көлдер пайда болады.
Бұлақ суларының температурасы оның бастауындағы сулы қабаттардың тереңдігіне, сол өңірдің абсолюттік
биіктігіне, геотермиялық ерекшеліктеріне, жыл маусымына қарай әр түрлі болады. Мұздық тауларда бұлақ
суының температурасы 0ӘС-тан аспайды, ал сөне қоймаған жанартаулы аймақтарда оның температурасы
100ӘС не одан да жоғары болады. Мұндай ыстық бұлақтар гейзер деп аталады. Гейзерлер Исландияда,
Италияда, Жаңа Зеландияда, Ява аралдарында, Камчаткада кездеседі. Суы тұщы бұлақ елді мекендерді ауыз
сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруға, жер суаруға пайдаланылады. Минералдығы 1 г/л-
ден астам жылы және ыстық бұлақ сулары санаторийлер мен емдеу орындарында әр түрлі ауруларды емдеуге
қолданылады. Мұндай бұлақтар Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өңірлерде жиі
кездеседі.
Қайнар – жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи
жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі; арынды бұлақ. Қайнар суының өнімділігі жыл
маусымдарының барлық кезінде, негізінен, тұрақты болып келеді. Жазық жерлерде – өзен аңғарлары мен
қыраттар беткейінде оның тәуліктік су өнімділігі көбінесе ондаған текше метрден аспаса, тау бөктерлерінде,
тауаралық ойыстарда жүздеген, мыңдаған, биік таулы аймақтарда одан да мол болады. Әктасты таулы
өлкелерде кейбір арынды бұлақтардың тәуліктік өнімділігі бірнеше миллион текше метрге жетеді.
Қазақстанда мұндай мол өнімді арынды бұлақтар Қаратау (Оңтүстік Қазақстан) мен Ерейментауда (Орталық
Қазақстан) кездеседі. Олардан өзендер бастау алады, ауыз су алынады, жер суарылады, мал жайылымдары
суландырылады. Қайнар бастау алып шығып жатқан қабаттардың тереңдігіне қарай жылы және ыстық, ал
жанартаулы өңірлерде (Ресейдегі Камчаткада, Куриль аралдарында, т.б.) тіпті ыстық бұлақ сулары жер бетіне
шығып жатады. Мұндай ыстық арынды сулар – жылу мен энергия қуатын алуға пайдаланылады. Таулы
аймақтардағы (Жетісу мен Іле Алатауларында, Алтайда, т.б. өңірлерде) табиғи газға, денсаулыққа пайдалы аз
мөлшерлі химиялық элементтерге қанық жылы, ыстық сулы қайнар бұлақ сулары санаторий, курорттарда
қолданылады. Каспий бойындағы кейбір тұзды бұлақтардан ас тұзы өндіріледі.

БҰЛБҰЛ

Бұлбұл – торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Қазақстанда екі түрі –
кәдімгі немесе шығыс бұлбұлы және оңтүстік не зортұмсықты бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария,
Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай
саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі
қыраттарда ұялайды. Дене тұрқы 160 – 190 мм, қанатының ұзындығы 90 мм-дей, салмағы 17 – 26 г. Арқасы
қара-сұр, қоңыр-сұр, бауыры ақшыл болады. Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында
ұялауға ұшып келеді. Ұяларын жерге, шөп арасына немесе ағаштардың төменгі бұтақтарына салады. Мамыр
– маусымда ұяларына үш не бес қоңыр түсті жұмыртқа салып, оны мекиені он үш – он төрт күндей басып,
балапандарын өрбітеді, жұптасып қоректендіреді. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының
жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Тамыздың аяғы, қыркүйектің басында Африканың
тропиктік аудандарына қыстауға ұшып кетеді. Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман
шаруашылығына көп пайда келтіреді. Әнші құстар ретінде эстетикалық маңызы да бар.

БҰХАРА

Бұхара – Өзбекстан Республикасындағы қала, Бұхара облысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік
шетінде, Зарафшан өзенінің батысында теңіз деңгейінен 226 м биіктікте орналасқан. Халқы 237,6 мың адам
(1995). Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтың орта шенінде іргесі қаланып, бастапқы кезде соғды
тілінде Нумижкат деп аталған. Бұхара атауы жазба деректерде 5 ғасырдан бастап кездеседі. 709 ж. арабтар
басып алған кезде, ол Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталығы болған. 8 – 10 ғасырларда Самани
әулеті мемлекетінің астанасы болды. 10 ғасырдың аяғында Қарахан әулетіне, 12 ғасырдың ортасында
қарақытайларға бағынды, 13 ғасырдың басында Хорезмшаһы Мұхаммедтің иелігіне айналды. 1220 ж.
Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 1370 жылдан Темір, ал 16 ғасырда Шайбани әулеті мемлекеттерінің
құрамына кірді. 16 ғасырдың ортасынан 1920 жылға дейін Бұхар хандығының, 1920 – 24 ж. Бұхар Халық
Кеңес Республикасының астанасы болды. Қазіргі Бұхара – ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Бұхарада
әлемдік ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли ибн Сина, Бұхари, Рудаки, т.б. өмір сүрген. 1996
ж. ЮНЕСКО Бұхараны әлемдік мәдениет ошағы болған қалалардың қатарына қосып, оны өз қамқорлығына
алатынын мәлімдеген. Бұхарадағы медреселерде бірқатар қазақ зиялылары білім алған. Қалада тарихи
өлкетану, халық өнері мұаржайлары, ибн Сина мұражайы бар.

БҮРКІТ

Бүркіт – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс.
Латынша аты (Aquіla chrysaetos) «алтын қыран» деген ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының көпшілігі
«бүркіт» (жемтігін бүріп ұстау тәсіліне сәйкес) деп атайды. Бүркіт Солтүстік Американы, Еуразияны,
Солтүстік-Батыс Африканы, Жапония аралдарын мекендейді. Қазақстанда оның алты түр тармағы
Маңғыстау, Үстірт, Мұғалжар, Сыр бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыарқа, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай
өңірлеріндегі жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіт – қырандар ішіндегі ең ірі әрі күшті, дене
бітімі мығым, жылдам ұшатын құс. Саусақтары салалы, ірі әрі бедерлі (мүйіз қабыршақты). Қауырсындары
бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті. Жас бүркіттің құйрығы ақ, оның
ұшында жалпақ қара жолағы, қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі
қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын көбесі, қалғандарын
жебесі деп атайды. Ұябасарының бір қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі
аралығы) 65 – 74 см, шәулісінікі – 59 – 66 см. Ұябасарының салмағы 3,8 – 6,3 кг, шәулісінікі 2,8 – 4,1 кг.
Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы 33 – 36 см. Тұмсығының үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы
үшкір болады. Жұптасып тіршілік етеді. Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсықты, кейде тышқан мен саршұнақты,
тасбақаны, тұяқты жануарлардың (ақ бөкен, елік, қарақұйрық) төлдерін жейді. Бүркіт аңды тырнағымен емес,
табанындағы бүртіктері – бездерімен буындырып өлтіреді. Үлкен ұясын (диаметрі 1,5 – 2 м) қурап қалған
ағаш бұтақтарынан құздың, жартастың басына бірнеше жыл қатарынан салады. Наурыз – сәуірде бір – үштен
жұмыртқалайды, оны әдетте ұябасары қырық – қырық бес күн шайқайды. Балапандарын алғашқы күндері
шәулісі асырайды. Олар екі жарым айлығында ұядан ұшады, бірақ ұябасары мен шәулісі ұзақ уақыт бойы
баулып, қарауылдап жүреді. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. Қазақ құсбегілері бүркітті
жасына қарай ажыратып, атай білген. Мысалы: бір жастағысын – балапан, екідегісін – қантүбіт, үштегісін –
тірнек, төрттегісін – тас түлек, бестегісін – мұзбалақ, алтыдағысын – көк түбіт, жетідегісін – қана, сегіздегісін
– жаңа, тоғыздағысын – майтүбіт, ондағысын – барқын, он бірдегісін – баршын, ал он екі жастағысын – шөгел
деп атаған. Халық ұғымында бүркіт – текті әрі киелі құс. Мысалы, балалардың бас киіміне, бесікке бүркіттің
бармағын тағып қойған. Академик Әлкей Марғұланның зерттеулерінен қазақ тілінде тікелей бүркітке
қатысты бір жарым мыңдай ұғым бар екендігі туралы деректерді кездестіруге болады. Мысалы, бүркіттің
әрбір дене мүшесінің, жеке бармақтарының, қауырсындарының өз атаулары бар. Құс аяғының өкше бармағы
– тегеурін, екі ойықтың ішкі жағындағы сұқ бармағы – жембасар, орта бармағы – сығым, шынашағы – шеңгел
(сілім) деп аталады. Қыран бүркіт мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі. Қазақстан
Республикасының Туындағы бүркіт бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген. Бүркітті қолға үйретіп,
баптап, саятшылықта пайдалану – қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Оны аңға салу – төзімділікті,
іскерлікті, асқан шеберлікті керек етеді. Бүркіттің балапанын ұядан алу үшін де үлкен тапқырлық керек.
Амал-айласы жетпесе, адам балапанды өлтіріп алуы мүмкін. Қазіргі кезде бүркітшілік өнерге ерекше көңіл
бөлініп, Қарағанды, Алматы облыстарында арнайы салбурын ұйымдастырылып, жас бүркітшілер мектебі
ашылуда. Бүркіт Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Үстірт қорықтарында қорғалады. Олардың санының
жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» (1996) енгізілген.
Бүркітшілік – бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі. Бұл кәсіппен ертеде
көшпелі түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі
болған. Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі – балапанын ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті
қолбала дейді. Екіншісі – бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар – тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз
құстары. Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау
тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың
терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді. Алдымен жас бөлтірік,
көжек, түлкінің күшігі сияқты әлсіз аңдарды тірідей шоқытып ауыздандырады. Бұл – құсты «аңға баулу» деп
аталады. Ал түз құсын ең алдымен томағалайды да, ырғаққа отырғызады. Ұйқыдан қалжыраған бүркіт бірте-
бірте адамның ыңғайына көне бастайды, сол кезде қолдан жем беріп, дыбыс шығарып, басынан, қанат
қырынан, арқасынан, жемсауынан сылап-сипап үйретеді. Түз құстарын елу – алпыс күннен кейін ұшырып,
ұсақ аңға салады. Бүркіт біршама қоңды, жемге шабытты, сергек күйде болу керек. Сондықтан әр бүркіттің
тегіне, қырандығына, жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы, «қан соқта», «жылы
жұмсақ», «қызыл», «тоят» деп аталатын жемдер семірту мен түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп
кеткенде беріледі. «Тартпа»,«толарсақ» дейтін жемдер бүркітті ширықтыру үшін
берілсе, «сарбөртпе» (туралған
ет бір – екі рет суға шайылады) құстың етін бір қалыпты ұстау үшін, «ақ жем» (суға сығымдап, қан-сөлі
алынған, туралған ет) құстың етін төмендету және ашқарақтануы үшін беріледі. Бүркітшінің түлекті осындай
түрлі жеммен баптауын «қайыру» дейді. Наурыз, көкек
айларынан бастап, бүркітші құсты тойғыза жемдеп
түлекке отырғызады. Ол бүркіт алатын аңдардың жатағын, өрісін, ізін танып, білетін байқампаз да болады.
Аңға шығарғанда бүркітшінің жанында аяқ бау, балақ бау, тұғыр, балдақ, томаға, сапты аяқ, биялай, жеңсе
бұрау (түлкі бұрайтын айыр бас шыбық), жем қалта, шыжым, пышақ, ине, тарамыс, бөлеу (бүркіт бесігі)
сияқты қажетті жабдықтары болады. Бүркітші саятшылыққа бірнеше кісімен шықса, оны салбурынға шығу
дейді.
Салбурын – аңшы, саятшылардың топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығуы, яғни топтық аң аулау.
Салбурын аңшылардың мерекесі тәрізді, негізінен қыс мезгілінде өтеді. Мұнда ауланған аң бәріне бірдей тең
бөлінеді. Ауыл ақсақалдарының үлесі бөлек есептеледі. Салбурын аңшылардың ерлігі мен ептілігін,
азаматтығын сынайтын жол. Аңшылардың қысты күні күтетін сәті – сонар. Қансонарда қыстың тынық күні
ұлпа қар жерге түскен кезде аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады. Аңшылар осындай сонарда
салбурынға шығады да, ізіне түскен аңды қаумалап жүріп, соғып алады. Салбурын кезінде інінде, апанында
тығылып жатқан аңды аңшылар дабыл қағып, айғайлап, қиқулап, ит қосып үркітіп шығарады.

БІЛГЕ ҚАҒАН

Білге қаған, М о г и л я н – Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Білге (қытайша Пицзя кэ-хань)
Құтылықтың баласы, Күлтегіннің ағасы. Шамамен 685 – 734 жылдары өмір сүрген. Он төрт жасында
«Тардуш елінің шады» лауазымын алған. Қытай жазбаларында ол 700 ж. Танғұтқа, 702 және 706 жылдары
Қытайға, 709 – 713 ж. батысқа жорық жасағаны айтылады. 712 – 713 ж. Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегін
басқарған түрік әскері Кутейба ибн Муслим бастаған арабтармен болған шайқаста жеңіліс тауып, кейін
шегінеді. Осы кезде (712) Алтайды қоныстанған қарлұқтардың тоғыз оғыз, басмылдармен одақтасып Шығыс
Түрік қағанатына жасаған шабуылдарына Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп тойтарыс (714) береді. 716 ж.
Қапаған бүлікшілер қолынан қаза тауып, Білге қаған «қаған» лауазымын (қытай жазбаларында: 720 ж.) алды.
Күлтегін Түркі қағанатының сол қолының шады және бас қолбасшысы болып тағайындалды. Тоныкөк абыз
Қытаймен бітім жасау мақсатында елшілікке (722) жіберілді. Осының нәтижесінде Қытайға бас сауғалап
кеткен оғыздардың біраз бөлігі қайтып оралды. Білге қаған өз туыстарының қолынан уланып өлген. Оның
мұрагері болып баласы Ижань тағайындалды. Моңғолиядағы Орхон өзені бойында Білге қағанға арналған
ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған.

БІРЖАН САЛ

Біржан сал, Б і р ж а н Қ о ж а ғ ұ л ұ л ы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының


Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 ж. алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала
кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай,
Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан
салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың
дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.
Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай,
Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның
композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Осындай өнер майталмандары
арқылы біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты
жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.),
әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара
ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық
өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.
Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке
басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап
тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның
«Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас»
сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын
алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов,
Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б.
әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы
бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.

БІРҚАЗАН

Бірқазан – ескекаяқтылар отрядына жататын құстар. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт
бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене
тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында
созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары,
ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал
қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып,
бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін
(балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға
басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп,
қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік
Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы
мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес
күн өтісімен ұядан ұшады. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында
және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және
ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.

БІРЛІКТЕР ЖҮЙЕСІ

Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және
уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негізгі бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе.
Бірліктердің абсолюттік жүйесіне енетін кез келген физикалық шаманың туынды бірліктерін анықтағанда,
сол шаманы негізгі бірліктер арқылы өрнектелетін шамалармен байланыстыратын формула қолданылады.
Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициент бірге тең деп ұйғарылады. Бірліктердің абсолюттік
жүйесін ғылымға тұңғыш рет 19 ғасырдың 30-жылдары неміс ғалымы Карл Гаусс енгізген. Ол негізгі
бірліктер ретінде: ұзындық бірлігіне миллиметрді, масса бірлігіне миллиграмды және уақыт бірлігіне
секундты алған. Бірліктердің абсолюттік жүйесі қазіргі уақытта ескірген жүйе болып саналады.
Бірліктердің СГС жүйесі– үш негізгі өлшем бірлігінен (сантиметр, грамм, секунд: СГС) тұратын
физикалық шамалардың бірліктер жүйесі. Ол 1881 ж. электриктердің Парижде өткен 1-халықаралық
конгресінде қабылданған. Бірліктердің СГС жүйесі механиканың және электр динамикасының өлшем
бірліктерін қамтиды. Алғашында электр динамикасы үшін электрмагниттік (СГСМ) және электрстатикалық
(СГСЭ) деп аталатын бірліктердің СГС жүйесінің екі түрі қолданылды. СГСЭ жүйесінің негізіне электр
зарядының өзара әсерін, ал СГСМ жүйесінің негізіне магнит зарядының өзара әсерін сипаттайтын Кулон заңы
алынады. бірліктердің СГСМ жүйесінде вакуумның магниттік өтімділігі (магнит тұрақтысы):
0 = Ұ1, ал

электрлік өтімділігі (электр тұрақтысы)0 ε= 1/с2 с2/м2, мұндағы с – жарық жылдамдығы. Бірліктердің СГСМ
жүйесіндегі магнит ағынының өлшем бірлігі – максвелл (Мкс), магнит индукциясының өлшем бірлігі – гаусс
(Гс), магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі – эрстед (Э), магнит қозғаушы күшінің өлшем бірлігі – гильберт
(Гб). Бұл жүйеде электрлік өлшем бірліктеріне атау берілмейді. Ал бірліктердің СГСЭ жүйесінде
0 = 1,
ε Ұ0 =
1/с2 с2/см2 және онда электрлік бірліктердің атауы болмайды; олардың мөлшерін өлшеу қолайсыз, сондықтан
бұл жүйенің бірліктері көбінесе теориялық еңбектерде қолданылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан
бірліктердің симметриялық (аралас) СГС жүйесі (немесе Гаусс жүйесі) кеңінен қолданыла бастады. Бұл
жүйеде Ұ0 = 1 және ε0 = 1. Бұл жүйенің магниттік бірліктері бірліктердің СГСМ жүйесінің бірліктерімен, ал
электрлік бірліктері бірліктердің СГСЭ жүйесімен бірдей болып келеді. Бірліктердің СГС жүйесінің негізінде
жылу (Цельсий градусын қоса отырып; СГСӘС), жарық (люменді қоса отырып; СГСЛ), радиоактивтілік және
иондағыш сәуле (рентгенді қоса отырып; СГСР) бірліктерінің жүйесі құрастырылады. Бірліктердің СГС
жүйесінің өлшеу бірліктері физика мен астрономияның теориялық жұмыстарында ғана қолданылады.
Бірліктердің табиғи жүйесі– негізгі бірліктер ретінде іргелі физикалық тұрақтылар қабылданған
(мысалы, гравитациялық тұрақты –G, вакуумдағы жарық жылдамдығы –с, Планк тұрақтысы –һ, Больцман

тұрақтысы – k, Авогадро саны –NА, электрон заряды –е, электронның тыныштық массасы –me, т.б.) жүйе.
Бірліктердің табиғи жүйесінің негізгі бірліктерінің шамасы табиғат құбылыстарына байланысты анықталады;
бұл оның – өлшем бірліктерін таңдау практикалық өлшеу талабынан туатын басқа жүйелерден өзгешелігі.
Бірліктердің табиғи жүйесінің алғашқы нұсқасын 1906 ж. неміс физигі Макс Планк ұсынған. Планк негізгі
бірліктерге һ, с, G, k сияқты бірліктерді алды. Бұл бірліктер жүйесі жер жағдайына тәуелсіз әрі ғаламның
барлық уақытына және кез келген бөлігіне жарамды болып есептеледі. Кейін Планктің жүйесінен басқа да
табиғи жүйелер (мысалы, Льюистің, Хартридің, Поль Дирактың, т.б. жүйелері) құрастырылды. Бірліктердің
табиғи жүйесінде ұзындық, масса және уақыт сияқты өлшем бірліктерінің шамасы өте аз болса (мысалы,
-35
Планк жүйесіндегі ұзындық 4,03Һ10 м, масса 5,42Һ10-8 кг және уақыт 1,34Һ10
-43
с), керісінше,
32
температураның өлшем бірлігі өте үлкен шама (3,63Һ10К) болады. Мұның үстіне бұл жүйенің өлшем
бірліктерінің бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) негізгі өлшем бірліктеріне қарағанда қайталау дәлдігі
бірнеше есе төмен. Сондықтан бірліктердің табиғи жүйесі практикалық өлшем жүргізуде кең қолданыс
тапқан жоқ. Дегенмен, бұл жүйені теориялық физикада пайдалану кейбір физикалық теңдеулерді қарапайым
түрге келтіруге мүмкіндік береді.
Бірліктердің халықаралық жүйесі (SІ;CИ)
Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960)
қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 – 18-Бас
конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан (ГОСТ 9867 – 61) басталды, ал 1982
жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің халықаралық жүйесінің артықшылығы – оның
ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері
болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу
кезінде егер барлық шамалардың мәнін бірліктердің халықаралық жүйесін
ің бірліктері арқылы өрнектейтін
болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген
кестеде бірліктердің халықаралық жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен
белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар
барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі
бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды
бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер – электрлік және магниттік, кельвин – жылулық,
кандела – жарық, моль – молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер
мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ

Біріккен Араб Әмірлігі(БАӘ), ә л - Ә м и р ә т ә л - А р а б и ә л - М у т т а х и д –а Азиядағы Парсы


шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет. Құрамына
Әбу-Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді. Жері –
83,6 мың км2. Астанасы – Әбу-Даби. Халқы – 4,4 млн. адам (2007). Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар
тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Діні – ислам. Біріккен Араб Әмірлігі – федеративтік мемлекет. Оған
енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалыптасқан. Әмірліктерді басқаратын билеушілердің барлығы
Жоғарғы Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан бес жыл мерзімге президент сайлайды. Федеративтік
ұлттық кеңес (40 мүше) – парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Кеңесі жүргізеді.
Біріккен Араб Әмірлігінің жері Парсы шығанағының оңтүстік жағалауымен 600 шақырымға созылып
жатыр. Жағалауы ойпат, көптеген ұсақ аралдарды қамтиды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді.
Климаты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа температурасы 20ӘС шамасында, шілдеде 30
– 35ӘС-қа (кейде 50ӘС-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жазықтықта 100 – 150 мм, таулы
аймағында 300 – 400 мм. Тұрақты өзендері жоқ. Шұраттарда жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі
өсіріледі. Қазіргі Біріккен Араб Әмірлігінің жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің
қарамағында болған, ал 7 ғасырдан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып
қалыптасты. Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі
күрес жүргізіп келді. 18 ғасырда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк тасымалдауды
өз қолдарына алып, халықты басты өмір сүру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген
жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғасырдың
басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция
жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға
мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы
ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1971 ж. екінші желтоқсанда тәуелсіз Біріккен Араб Әмірлігі құрылды.
Біріккен Араб Әмірлігі Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін
1991 ж. таныды. Біріккен Араб Әмірлігі ұлттық табысы жағынан жан басына шаққанда дүние жүзіндегі
алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Экономикасының негізі – мұнай мен газ қорлары. Мұнай өңдеу, мұнай-
химия, металлургия (алюминий балқыту), цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және
маржан теру өндірістері де ұлғаюда. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Жерінің 0,3%-ы ғана өңделеді,
оның 17,2%-ы суармалы жерлер. Шұраттарда құрма, жүзім, көкөніс, мақта, т.б. өсірілгенімен, тамақ өнімдері
шет елдерден әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей
Республикасы, т.б.

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)– дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең
ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып,
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, адам құқылары мен бостандықтарын қорғау. БҰҰ
қызметінің негізгі принциптерін 2-дүниежүзілік соғыс кезінде антигитлерлік коалицияға ұйытқы болған
мемлекеттер белгіледі. БҰҰ Жарғысының алғашқы жобасы 1944 ж. тамыз-қазан айларында өткен Думбартон-
Окс конференциясында (АҚШ) жасалды. Қырым конференциясында (1945) Думбартон-Окс жобасы
бірауыздан мақұлданып, сондай-ақ, Сан-Франциско конференциясында (1945, 26 маусым) БҰҰ Жарғысына
байланысты принципті мәселелер шешімін тапты. Жарғының күшіне енген сәті – 1945 жылғы жиырма
алтыншы қазан жыл сайын «Біріккен Ұлттар Ұйымының күні» деп аталып өтеді.
БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес,
Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі кеңес пен Хатшылық (секретариат). Штаб-пәтері Нью-Йорк
қаласында (АҚШ) орналасқан. Женевада (Швейцария), Венада (Австрия) бөлімшелері жұмыс істейді. БҰҰ-на
Жарғыда бекітілген міндеттемелерді мойындайтын әрі оларды жүзеге асыра алатын ізгі ниетті
мемлекеттердің барлығы да мүше бола алады.
Хатшылық БҰҰ-ның атқарушы органы міндетін орындайды. Оған Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы
бойынша, Бас Ассамблея бес жыл мерзімге тағайындайтын БҰҰ-ның Бас Хатшысы басшылық жасайды.
БҰҰ құрамында әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық сала бойынша мамандандырылған он алты
арнаулы мекеме (ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Өнеркәсіпті
дамыту жөніндегі мекемесі, т.б.), сондай-ақ, арнаулы комиссиялар бар. Қазақстан БҰҰ-на және оның бірнеше
мамандандырылған мекемелеріне мүше (1992).
ВАВИЛОН

Вавилон, В а в и л о н и я – ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон
патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы
1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон
патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак
жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты
қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад
мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар)
патшалардың қол астына қарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1894 ж. аморит тайпасынан шыққан
Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (біздің заманымыздан бұрынғы
1792 – 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда елді
касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің
шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін
Навуходоносор І (біздің заманымыздан бұрынғы 1146 – 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон
қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағы
ндырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп
шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия
әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан
бұрынғы 626 ж. халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын
деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп
алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (біздің заманымыздан бұрынғы 604 – 562)
патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы
Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып,
мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 ж. парсылардың патшасы Кир ІІ
Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты.

ВАТИКАН

Ватикан, В а т и к а н қ а л а - м е м л е к е т і– католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан


мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 2км
. Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында
Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 2км
). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни
мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын
және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның
қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы
елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі.
Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады.
Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни,
саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 ж. Папа облысы құрылған
кезден басталады. 1870 ж. Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 ж.
жасалған Латеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін
мойындады. 1984 ж. екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде
сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 млн.
дін қызметкері, 0,4 млн. священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар
(кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса
күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, т.б.) үнемі
араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі
аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).

ВЕЛОСИПЕД

Велосипед – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің
өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков
(Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), т.б. жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі
доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған велосипед 1801 ж. Мәскеуде көпшілікке
көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы
сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс,
Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер велосипедтің алдыңғы
доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп
шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат
түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі, т.б. енгізілді.
Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен
педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы
қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік
велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді
және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік
орналасқан, салмағы 16 кг шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл
велосипедтің салмағы жеңілдеу (14 кг) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады.
Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы
мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді. Спорттық велосипедтердің
тас жолға және трекке арналған түрлері бар.
Олардың салмағы жеңіл (8 – 11 кг), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары
легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен
орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады. Спорттық
велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады.
Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 км-ге дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш
доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақты велосипедті екі доңғалақты велосипедке және
керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина
күйінде шығарылады. Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына
арналған бір – үш доңғалақты велосипедтер, велоарба, т.б. жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер көп
тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипед мопед деп аталады.

ВЕНГРИЯ

Венгрия, Х у н г а р и я , Мажар Р е с п у б л и к а с ы– Еуропаның орталығында орналасқан


2
мемлекет. Жер аумағы 93 мың км . Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан
астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр
(мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі католиктер (70%) және протестанттар (25%). Венгрия –
парламенттік республика. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – бір палаталы Мемлекеттік
жиналыс. Атқарушы билікті Мемлекеттік жиналыс құрамындағы әр түрлі партия өкілдерінен құралған үкімет
жүргізеді. Венгрия, негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60%-дан астам бөлігі – жазық,
қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман.
Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы
орташа температура –2 – 4ӘС, шілдеде 20 – 22ӘС. Жауын-шашын мөлшері 450 – 900 мм. Қазіргі Венгрия
жерін біздің заманымыздан бұры
н ғы 1-мыңжылдықта сақтар және кельт, иллирий, фракия үндіеуропалық
тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим
империясына шабуылдар жасады. Бұл өңірде 430 ж. Аттила (Еділ) патша бастаған Батыс Ғұн мемлекеті
құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар салтанат құрды. 895 ж. Арпад патшаның
басшылығымен венгрлердің (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза
христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғыс хан шапқыншылығы кезінде (1237 –
46) көптеген қыпшақ тайпалары Венгрияға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 ж. Арпад әулеті биліктен кетіп,
өкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 ж. чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды.
1372 ж. Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезіне елдегі бытыраңқылық салдарынан
Венгрияның әлсіреуіне байланысты Осман сұлтандығы мұнда 1526 – 1686 жылдары өз биліктерін орнатты.
Ел үш бөлікке: Шығыста Трансильвания князьдігіне, түріктер иеленген орталық бөлікке және Габсбургтер
әулеті билеген Венгрия корольдігіне бөлініп кетті. 1683 ж. түріктер Вена қаласы түбінде жеңіліске
ұшырағаннан кейін Венгрия Польша, Венеция мемлекеттерімен «Қасиетті одаққа» бірікті де, 1686 ж. елді азат
етті. Бірақ билік басына Габсбургтер әулеті келді. 1867 жылдан бастап Венгрия дербес парламенті,
конституциясы бар елге айналып, экономикалық жағынан тез дами бастады. 1-дүниежүзілік соғыстың аяқ
кезінде, 1918 ж. күзде, елде өкімет басына Антантаны жақтаушылар келді. Бірақ Ресей түрмелерінен босап
шыққан венгр әскери тұтқындары 1919 ж. көктемде Венгрияда уақытша Кеңес өкіметін құрды. Оны Хорти
бастаған монархияшыл топ күшпен басып, король үкіметін қалпына келтірді. Жаңа үкімет 20 ғасырдың 30-
жылдарынан бастап Германия мен Италияның ықпалында болды және 2-дүниежүзілік соғыс барысында
Германияның одақтасына айналды. Соғыстан кейін Венгрия Кеңестер Одағының ықпал ету аймағында қалды
да, өкімет басына коммунистер келді. 1956 ж. жиырма үшінші қазан күні
тоталитарлық режим жойылып,
көппартиялы жүйеқалпына келтірілді, үкімет Варшава шартынан шығатынын мәлімдеді. Төртінші қарашада
Венгрияға Кеңес әскерлері басып кіріп, бұл үкіметті таратып жіберді, екі жүз мыңға жуық адам шет елге кетіп
қалды. Шығыс Еуропадағы саяси өзгерістерге байланысты 1989 жылдың аяғында коммунистер билік басынан
кетіп, ұлттық-демократиялық күштер билік басына келді. Еуропалық Одаққа (ЕО) ассоциацияланған мүше, ал
1999 ж. НАТО-ға мүше болып қабылданды.
Венгрия орташа дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Ұлттық табыстың әр адамға шаққанда орташа
мөлшері 4300 АҚШ доллары шамасында. Экономикасының жетекші салалары: машина жасау, станок
шығару, химия, дәрі-дәрмек, металлургия, жиһаз жасау, т.б. Ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Бидай,
жүгері, қант қызылшасы, күнбағыс өсіріледі. Құс шаруашылығы мен шарап өндірісі жақсы өркендеген. Басты
сауда серіктестері: Германия, Австрия, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, ТМД елдері. Венгрия үкіметі
1991 ж. Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. 1955 жылдан БҰҰ мүшесі. Көптеген халықаралық ұйымдардың,
оның ішінде Еуропа Кеңесінің жұмысына қатысып келеді.

ВЕНЕСУЭЛА
Венесуэла, В е н е с у э л а Р е с п у б л и к а с ы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер
аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 млн. адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы
метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым
көпшілігі – католиктер. Елді презид
ент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және
депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта
бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы
стірті
ү бар. Климаты субэкваторлық,
ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік жағында 280 мм, ал
оңтүстігінде 2000 – 3000 мм. Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Негізінен,
тропикалық өсімдіктер өседі. Жерінің 53%-ы орман. Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген.
Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 ж. Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген
ұғымды білдіреді. 16 ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын
қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарынаАфрикадан әкелінген зәңгілердің еңбегі
пайдаланылды. 19 ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1811 ж. елдің
тәуелсіздігі жарияланды. 1819 ж. ол Колумбия Республикасымен қосылып, Ұлы Колумбия деп аталынды.
1830 ж. қайтадан жеке бөлініп шықты. 1913 ж. ірі мұнай көздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына
АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 ж. үкімет мұнай және кен шығару өндірістерін
мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы
елдері арасында төртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мөлшері жан басына шаққанда 2,8 мың АҚШ
доллары. Өнеркәсіптегі жетекші салалар: мұнай шығаратын және өңдейтін өндіріс орындары, көлік және
байланыс салаларының басым бөлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит,
көмір, алтын, алмас, т.б. пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы
нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50%-ы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия,
Жапония, Италия, Бразилия, Канада, т.б. елдер.

ВЕСПУЧЧИ

Веспуччи Америго– теңіз саяхатшысы. Ол 1454 ж. Флоренцияда туған, 1512 жылдың жиырма екінші
ақпанында елу сегіз жасында Севильяда дүние салды. Біраз уақыт Медичи банкісінің кіші қызметкері,
кейіннен осы фирманың Севильядағы агенті болып жұмыс істеген. Веспуччи алғашқы теңіз саяхатын 1497 –
98 ж. Канар аралдарына жасады. 1499 – 1500 ж. Испанияда, 1501 – 04 ж. Португалияда теңізші болды, 1499 –
1504 ж. Жаңа Дүние жағалауын зерттеген экспедицияларға қатысты. Бұл саяхаттары туралы жазылған оның
еңбектері кезінде әйгілі болды, бірнеше рет (1505 – 10) қайта басылды. Лотарингия картографы Мартин
Вальдземюллер Колумбтың ашқан «дүниенің төртінші бөлігін» Веспуччидің табысы деп жариялады; оның
құрметіне жаңа құрлықты – Америка деп атауды ұсынды. Оңтүстік Америкаға бұл ат тез сіңді, ал Солтүстік
Америка үшін алғашқы рет 1538 ж. Меркатордың картасында қолданылды.

ВИЗАНТИЯ

Византия, В и з а н т и я и м п е р и я с ы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.


Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий»
(грекше Byzantіon) деген Босфор бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 ж. іргесі қаланған
ежелгі грек қаласы. 324 ж. Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап
Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды. Астана Константинопольге көшкеннен кейін
Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс бөлікке бөліне бастады. Толық бөліну 395 ж. жүзеге асты.
Византия құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения,
Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының этникалық құрамы әр түрлі
(гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, т.б.) болды. 4 – 6
ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси
өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде
(4 – 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз
шекараларын қорғап, тіп
ті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке
айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, император
Юстинианның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне
қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан
біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери
одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан
түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында
Юстиниан тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды. Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың
басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта
теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 ж. крестшілер Константинопольді басып алғаннан
кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.
Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 –
61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61), Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир
мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді.
Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 ж. Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып,
Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап
қалды. 14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан
түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 ж. жиырма тоғызыншы мамырда Константинополь қаласын басып
алды. 1461 ж. түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір
сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді.
Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда
құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді. 9 ғасырдан бастап крест күмбезді ғибадатханалар
пайда болды. Бейнелеу өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің әрі дәл, әрі мәнділігімен
ерекшеленді. Сонымен бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін
өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге
айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа елдеріне
ауысты.

ВИРУС

Вирус, б и о л о г и я д а – нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ) мен белоктық қабықтан тұратын,
клеткалық құрылымы болмайтын, өсуі мен бинарлық көбею қабілеті жоқ өте ұсақ тірі бөлшектер. Вирусты
(латынша vіrus – у деген ұғымды білдіреді) 1892 ж. орыс ғалымы Дмитрий
Ивановский ашты. Вирус
терминін 1899 ж. ғылымғаалғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 ж. америкалық
вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне
енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр
аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 ж. америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының
вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал
өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен
жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш
жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, т.б.). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік
ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар –
нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық
формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана,
көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың
ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады.
Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық
саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 10
6
– 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы
тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше
минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін
вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі
теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін
қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті)
төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар
олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы
аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы
немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға
бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің
түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жина
луы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы.
Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы
адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы
«іштей жеген» вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады.
Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін
(генетикикалық кодты анықтау) пайдаланылады.
Компьютерлік вирус– компьютердегі мәліметтерді қасақана бүлдіру мақсатында жазылған арнаулы
шағын бағдарлама. Ол өзінен-өзі (автоматты түрде) басқа бағдарламалардың соңына немесе алдына қосымша
жасырын жазылып, оларды бүлдіруге кіріседі. Кейіннен дискідегі немесе желідегі мәліметтерді тасымалдау,
көшіру кезінде, мәліметтерге ілесе отырып, басқа компьютерлерге «ауру жұқтырады». Мұндай зақымданған
бағдарламаны пайдаланғанда зиянды іс-әрекеттер байқалады (мысалы, дискідегі файлдардың орналасу тәртібі
бұзылады; кейбір бағдарламалар жұмыс істемей қалады; экранға әдеттегіден тыс бөтен символдар шығады;
компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; көптеген файлдардың бүлінгені не жоғалып кеткені
байқалады, тіпті компьютердің қатты дискісін қайта форматтап шығады). Қазіргі кезде компьютерлік
вирустардың жүз мыңдаған түрлері белгілі. Компьютердегі вирустарды анықтап, оларды жою үшін арнайы
антивирустық (вирустарға қарсы) бағдарламалар қолданылады.
ВИТАМИН

Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы
үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік)
туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол
кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.
Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп
жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің
қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал
витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына
(гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда
еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.
Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді,
олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы
қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ
олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген
шөптерде, т.б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин
концентраттарын, сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін
көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз– күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың
бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині
аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақ
танса, организмге, негізінен
көмірсулар (қант,т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса
витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам
дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР
витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте
ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда
витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды.
Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан
ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат
алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның
көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін
емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып,
арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік
және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин
жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс
полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына
шалдығады.

ВОЛЕЙБОЛ

Волейбол – командалық спорт ойыны. Ауданы 18Ч9 м алаңда әрқайсысы алты адамнан екі команда болып
ойналады. Волейбол добы шеңберінің ұзындығы 65 – 68 см, салмағы 250 – 300 грамм. Алаң 9х9 м болып екі
шаршыға бөлінеді, ортасынан ені 1 м болатын тор 2,10 – 2,45 м биіктікте керіледі. Волейбол алғаш рет 1885
ж. АҚШ-тың Хомсоке қаласында (Массачусетс штаты) ойналды. 20 ғасырдың басында көптеген елдерде
белгілі болды. Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 ж. Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20
ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыды. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 ж.
КСРО-ның, 1970 – 71 ж. Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий
Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 ж. Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969
ж. Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 ж. Сеулдегі 26-Олимпиялық
ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер
волейбол командасы 1984 ж. КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 ж.
құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

ВОЛЬФРАМ

Вольфрам, W – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; атомдық нөмірі 74,
атомдық массасы 183,85. Вольфрам (латынша Wolframіum) табиғатта аз тараған, жер қыртысының -41Ч10
%-
ын құрайды. Бос күйінде кездеспейді, оның минералдары – вольфраматтар, аздап оксидтер және сульфидтер
күйінде кездеседі. Вольфрамды 1781 ж. швед химигі Карл Шееле тапқан, 1783 ж. ағайынды д’Элуяр
вольфрам ангидридін көміртекпен тотықсыздандыру арқылы алғаш рет металл вольфрам алған. Вольфрам
ашық сұр түсті, баяу балқитын металл. Оның ең көп тараған минералдары – вольфрамит (Fe, Mn) 4[WО
] және
шеелит CaWО4. Вольфрамның балқу температурасы 3410 Ғ 20ӘC қайнау температурасы 5900ӘС. Вольфрам
араласқан құймалардың механикалық қасиеті молибденге жақын. Қалыпты жағдайда ол химиялық тұрақты,
ауада қыздырғанда тотығып, вольфрам ангидридіне айналады. Вольфрам және оның қосылыстарын алу үшін
вольфрамиттер мен шеелиттерді (олардағы WО
3 2%-дан аспайды) байытып, концентраттарын пайдаланады.

Концентраттардан химиялық жолмен таза вольфрам қышқылдары мен оның тұздары алынады. Оларды
тотықсыздандырғанда ұнтақ металл бөлінеді. Вольфрам электр шамының қылы, электр пештерінде
қыздырғыштар, рентген түтіктерде, катодтар, т.б. электрлік құралдарда электродтар ретінде қолданылады.
Вольфрам кентастары– вольфрам алынатын табиғи шикізат. Негізгі минералдары: вольфрамит, шеелит,
гюбнерит. Сондай-ақ вольфрам кентастарында молибден, қалайы, бериллий, мыс, висмут, кейде сурьма,
сынап, алтын, күміс, мышьяк, күкірт, тантал, ниобий, скандий кездеседі. Қоспа компоненттердің басым
көпшілігі байыту барысында коллективтік және селективтік концентраттарға бөлінеді. Вольфрам кентастары
түзілуіне байланысты эндогендік және экзогендік болып бөлінеді. Эндогенді кентастардың генетикалық
типтері пегматиттік, скарндық, грейзендік және гидротермальдік болып үш кентастық формацияға бірігеді:
қалайы-вольфрамды, молибден-вольфрамды және полиметалл-вольфрамды. Пегматиттерде вольфрамит пен
шеелит сирек кездеседі, олар касситерит, берилл, сподумен және тантал-ниобаттар өндірілгенде бірге
алынады. Скарнды-шеелит кентастары плита тәрізді қабаттар немесе линза және түтік тәрізді денелер түрінде
кездеседі. Грейзенді-вольфрамды кентастар граниттік интрузивтердің шет жақтарымен тығыз байланыста
түзіледі. Кен денелері бағана тәрізді және түрлі пішінді штокверктер түрінде кездеседі. Қазақстанда
вольфрамның ірі кен орындары Сарыарқада, Таулы Алтайда, (Қалба, Нарын), Бұғытыда ашылған.

ВЬЕТНАМ

Вьетнам, В ь е т н а м Демократиялық Р е с п у б л и к а с ы– Оңтүстік-Шығыс Азияда


2
орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км. Халқы 85 млн. адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы.
Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, т.б. ұсақ халықтар.
Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін
ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жерінің бестен төрт
бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа температурасы 15ӘС,
шілдедегі орташа температура 26ӘС. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1500 – 3000 мм. Тропикалық
ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол, т.б. жануарлар кездеседі. Вьетнам жерін адам баласы көне тас
дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемлекеттік құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның
орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда Қытай
жаулап алды да, 10 ғасырға дейін бодандықта ұстады. 11 ғасырдың ортасында бір орталыққа бағынған
мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген
атауымен белгілі болды. 12 – 13 ғасырларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде
Камбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. Вьетнам халқы 1257 – 88 ж. үш дүркін Шыңғыс хан империясы
әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 – 27 жылдар аралығында Қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз
тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғасырдың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті.
1884 жылдан бастап Вьетнам толықтай Францияның отарына айналды. Франция Вьетнамға Лаос пен
Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. 20 ғасырдың бас кезінде елде ұлт-азаттық
қозғалыс өрістеді. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үндіқытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-
дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж.
француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі
мемлекетке бөлініп, солтүстігінде 1959 ж. отыз бірінші желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы
құрылды, ал оңтүстігінде 1955 ж. жиырма алтыншы қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын.
Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы
кейіннен соғысқа алып келді. 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976
ж. екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және
экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр
энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан
басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп
тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді. Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда
серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея. Вьетнам — БҰҰ-ның мүшесі, оның жүз алпыс
елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар.

ГАЗ

Газ – заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін
қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі. «Газ» (французша gas,
грекше chaos – бей-берекет) атауын ғылыми қолданысқа 17 ғасырдың басында голланд ғалымы Ян Баптист
ван Гельмонт енгізген. Газ молекулаларының соқтығысу уақыты олардың еркін жолға кететін уақытынан
әлдеқайда аз болады. Газ қатты дене мен сұйықтық тәрізді еркін бет түзбейді және ол берілген көлемді толық
толтырып тұрады. Газ тәрізді күй – заттардың (жұлдызаралық заттар, тұмандықтар, жұлдыздар,
планеталардың атмосферасы, т.б.) ғаламдағы ең көп таралған күйі. Химиялық қасиеттері бойынша газдар
және олардың қоспалары (активтілігі аз инертті газдар мен қопарылғыш газдар қоспасына дейін) сан алуан
болып келеді. Газға атомдар мен молекулалардан тұратын жүйе ғана емес, кейде басқа бөлшектерден –
фотондардан, электрондардан, броундық бөлшектерден, сондай-ақ плазмадан тұратын жүйелер де
жатқызылады.
Нақты (реал) газдар. Газдың тығыздығы артқан сайын оның қасиеттері идеал газ күйінен ауытқи
бастайды. Бұл жағдайда соқтығысулардың рөлі артып, молекулалардың мөлшерлері мен олардың өзара
әсерлерін ескермеуге болмай қалады. Мұндай газды нақты (реал) газ деп атайды.
Газ алмасу, биологияда – организм мен оны қоршаған орта арасындағы газ алмасу процесі.
Адам мен
жануарлар организмі тыныс алу кезінде сыртқы ортадан оттекті сіңіріп, өзінен көмі қышқыл газын және зат
алмасу нәтижесінде пайда болатын әр түрлі газ қоспаларын сыртқа шығарады. Газ алмасусыз тірі организмде
зат және энергия алмасуы дұрыс жүрмейді. Зат алмасу процесінің нәтижесінде организм сіңірген қоректік
заттардың (белок, көмірсу, май) құрамындағы химиялық энергия бөлініп, организмнің тіршілік әрекетіне
қажетті энергияға (мысалы, 1 л оттек 4,7 – 5,0 ккал жылу береді) айналады. Организм пайдаланатын оттек пен
одан бөлініп шығатын көмір қышқыл газдың мөлшері адамның жасына, тіршілік әрекетіне, атқаратын
қызметіне, сыртқы ортаның температурасына және тағамның құрамына байланысты өзгеріп тұрады. Адам
жұмыс істегенде, ауа райы салқындағанда, калориялы тамақ ішкенде организмдегі газ алмасу күшейе түседі.
Демалыс кезінде, ұйықтағанда газ алмасу төмендейді. Газ алмасу арқылы организмдегі энергия мөлшерін
анықтауға болады. Газ алмасу процесі кезінде организм оттекті көп мөлшерде пайдаланса, барлық дене
мүшелерінің қызметі артып, тыныс алу және қан айналысы жақсарады, осыған байланысты қанның
физикалық-химиялық құрамы да өзгереді. Газ алмасу бір клеткалы қарапайымдыларда, олардың бүтіндей
денесі арқылы, көп клеткалы жануарларда арнаулы тыныс мүшелері (кеңірдек, желбезек, өкпе) арқылы
жүреді. Өсімдіктердегі газ алмасу жануарлар мен адам организміндегіден өзгеше болады. Тірі организмдер
сияқты өсімдіктер де барлық мүшелері арқылы тыныс алады, тыныс алу процесі өсімдіктің өсіп келе жатқан
жас мүшелері мен тіндерінде, әсіресе, жапырақтарында күшті, ал сабағы мен тамырында баяу жүреді.
Өсімдіктер тыныс алған кезде, керісінше, ауадан көмір қышқыл газ сіңіріліп, оттек бөлінеді.

ГАЗЕТ

Газет – мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік
орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы»
құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta – базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға
арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының
шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш
басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 – 1902). 20
ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені
көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған«Қазақ»
газеті, «Серке» басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер
шығарылады. Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, т.б., сондай-ақ орталық (республикалық),
облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді.
Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.

ГАЛАКТИКА

Галактика – құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Ол шамамен екі жүз миллиард
жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан
және жұлдызаралық
кеңістікке таралған жекеатомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза
тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның
радиусы шамамен 15000 пк. Галактиканың (кейінгі грек тілінде galaktіks – сүт тәрізді, грекше gala – сүт)
барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.
Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты
галактика құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан
ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан
орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-
бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр
жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың
кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та
кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде
галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған.
Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 ж. Галилео Галилей байқаған. Бірақ Галактика
құрылысын жүйелі түрде зерттеуді 18 ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол өзінің жүргізген
зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий
Струве 1847 ж. көлем бірлігіндегі жұлдыздар саны галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын
көбейетіндігін, ал Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. Ол 1859 ж. бүкіл Галактика
жүйесінің осьтен айналу ықтималдығын көрсеткен. Галактиканың мөлшері жөнінде 20 ғасырдың 1-
ширегіндегі неміс астрономы Хуго Зелигер мен голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. 20
ғасырдың 20-жылдарында америкалық астроном Харлоу Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген
шоқжұлдызында екендігін анықтап, күннің галактика орталығында орналаспағандығын дәлелдеген. Швед
астрономы Бертиль Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына сүйене отырып,
Галактиканың динамикасы мен құрылысын зерттеген, Галактика құрылысының күрделі екендігін ашқан. 1927
ж. голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу
кезінде Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын дәлелдеді. Галактиканың ортасына жақын
бөліктері сыртында жатқан бөліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады. Галактиканың орталығынан күнге
дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда
(айналу периоды) толық бір рет айналып шығады.
Галактикалар – біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. Олар аспанда Құс
жолынан тыс жарық тұман түрінде көрінеді. Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те
атайды. Америка астрономы Эдвин Хаббл 20 ғасырдың 20-жылдарында бізге ең жақын Галактика өте әлсіз
көптеген жұлдыздардан тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы жұлдыздардың
болатындығын байқаған. 20 ғасырдың 30-жылдары эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары көптеген
сақина, дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы
Галактика ашылды. Қуатты радиосәуле
шығаратын топтасқан галактика N-галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз тәріздес
көзі квазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын бұрыштық өлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп
аталады. Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу нәтижесінде америкалық астрономдар
мынадай қорытындыға келді: оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын жарылыс болған,
соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар
ағынын тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы себеп болған. Астрофизик Виктор
Амбарцумянның пікірі бойынша, мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр.
Бұрынғы КСРО-да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық шамадан жарығырақ отыз
мыңдай Галактика бар. Олар барлық аспанның төрттен үш бөлігін қамтиды. Бес метрлік телескоппен жиырма
бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі бірнеше миллиард Галактикаларды көруге болады.

ГАЛИЛЕЙ

Галилей Галилео– италиялық физик, табиғат- тану ғылымдарының негізін салушы. Ол Италияның Пиза
қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 ж. Пиза
университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен
танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. 1592 ж. Падуяда
математика кафедрасын басқарады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы
телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның
сақинасын ашты. Дін басылары тыйым салған соң (1616), ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. Галилей ашқан
жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Ол ұлы ғалым
болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында
Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.

ГАМА

Гама Васко да – португалиялық теңіз саяхатшысы. Ол 1460 ж. шамасында Португалияның Синиш


қаласында туған. Гама Еуропадан Үндістанға баратын теңіз жолын ашты. 1497 ж. сегізінші шілдеде Гаманың
басқаруымен үш кемеден құралған флотилиямен Еуропадан Үндістанға бағыт алған саяхатқа аттанады;
сөйтіп ол алғаш рет Еуропадан Үндістанға баратын теңіз жолын ашты. Шығыс Африканы жағалай отырып,
Қайырымды Үміт мүйісін айналып өтіп, 1498 ж. Сомали түбегіндегі Малинда айлағына жетеді. Бұл жерден
Ахмед ибн Мәжид атты арабты кемеге отырғызып, 1498 жылдың мамырында Үндістанның Каликут
(Калькутта) қаласына келеді. 1499 жылдың қыркүйегінде Гама екі кемесімен Лиссабонға қайтып оралды.
Гаманың саяхатының дүниежүзілік тарихи маңызы зор болды, өйткені, біріншіден, Еуропадан Оңтүстік
Азияға баратын теңіз жолы ашылды; екіншіден, португалдықтардың отаршылдық экспансиясына жағдай
туды. 1502 ж. Гама жиырма кемеден құралған флотилиямен Үндістанға екінші саяхатқа аттанады. Малабар
жағалауына бірнеше базалар орнатып, 1503 ж. көп олжамен Португалияға қайтып оралды. 1524 ж. ол
Үндістанның вице-королі болып тағайындалып, осы жолы үшінші сапарына аттанады, бірақ осы сапарынан
қайтып оралмады, 1524 ж. жиырма төртінші желтоқсанда Үндістанға жеткеннен кейін Кочинде қаза табады.

ГЕЙЗЕР
Гейзер – оқтын-оқтын ыстық су мен бу атқылап тұратын су көзі (қайнар, бұлақ). Магма ошағынан үздіксіз
жылу келіп тұратын жанартаулық әрекеті тоқтамаған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда кездеседі. Гейзердің
(исландша geysa – саулау, шапшу) сырт пішіні кішігірім қиылған конус, аласа, жайпақ шұңқыр, кейде ор
түрінде болуы мүмкін. Атқылау циклінің (оралымының) ұзақтығы тұрақты гейзерді жүйелі гейзер,
өзгермелісін – жүйесіз гейзер деп атайды. Атқылау циклінің ұзақтығы минуттармен және ондаған
минуттармен өлшенеді, тыныштық кезеңі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе күндерге дейін
созылады. Гейзерден лықсып шығатын, көбінесе, жауын-шашынның жерге сіңуінен пайда болатын су
0
біршама таза, аз минералданған (1 – 2 г/л), температурасы 100 – 130
С, құрамында хлоридтер, карбонаттар,
кремнеземдер басым болып келеді. Гейзерлер Камчаткада (Ресей), Исландияда, Канадада, АҚШ-та, Жаңа
Зеландияда, Жапонияда, Қытайда бар. Камчаткада ірі гейзер Кихпиныч жанартауының маңында, Гейзерная
өзенінің аңғарында 1941 ж. табылды. Мұнда барлығы жүзге жуық гейзер бар. Ең үлкен «Великан» гейзері
ыстық суды 40 м, буды бірнеше жүз метр биіктікке дейін атқылатады. Исландияда отызға жуық гейзер бар.
АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық саябағында екі жүзге жуық гейзер бар. Олардың ең ірі екеуі бу мен су әрбір 53
– 70 минут және үш күндік ырғақпен 40 – 42 м биіктікке атқылайды. Жаңа Зеландияда 1904 жылға дейін бүкіл
жер жүзі бойынша ең үлкен Ваймангу гейзері әрекет етті. Күшті атқылау кезінде оның суы 450 м биіктікке
дейін көтеріліп, әр дүркін сайын сегіз жүз тоннаға жуық ыстық су шығып тұрды. Гейзердің пайда болуы жер
астында (100 – 150 м тереңдікте) суға толы үңгірлердің, қуыстардың және оларды бір-бірімен
байланыстыратын арналардың болуымен түсіндіріледі. Тереңдегі жанартау ошағынан келетін қызудың
0
әсерінен су ысиды, оның температурасы қайнау нүктесінен (100
С) жоғары болғандықтан, лезде буға
айналады. Будың қысымы мен күші зор болғандықтан, үстіндегі суды жоғары шапшытып, жер бетінде ыстық
судың үлкен фонтаны пайда болады, бу будақтап шығып жатады. Гейзердің буы мен ыстық суы тұрғын
үйлерді, ғимараттарды, көшетханаларды жылытуға және электр қуатын өндіретін қондырғыларда
пайдаланылады.

ГЕН

Ген, Г е н д і к к о д – тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты


материалдық бірлік. Генде клетканың құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір
организмнің гендер жиынтығы оның генотипін құрайды. Ген (грекше genos – тұқым, тек) терминін алғаш рет
1909 ж. дат ғалымы Вильгельм Иогансен енгізді. Барлық гендер ДНҚ-дан (дезоксирибонуклеин қышқылы)
тұрады және әрбір жеке клеткадағы мыңдаған осындай гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде
емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Клетканың бөлінуі кезінде бұл
хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас клеткалар осындай ата-аналық гендер жиынтығының
көшірмесін алады. Соның нәтижесінде клетканың барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі,
яғни тұқым қуалайды. Әр түрлі организмдердегі геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің
жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мысалы, адамның гаплоидты клеткасы 100000 – 500000 гендерден
тұрады. 1865 ж. австрия ғалымы Грегор Мендель организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және
шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады. Будандардың бірінші
ұрпағында ата-ананың біреуінің ғана белгісінің басым болуы доминанттық деп аталады.
ДНҚ-да «жазылған» (кодталған) тұқым қуалау туралы генетикалық ақпарат РНҚ (рибонуклеин қышқылы)
молекуласына беріледі де, белок биосинтезі (трансляция) нәтижесінде белок молекулалары құрылымынан
көрініс табады. Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан РНҚ арқылы полипептидтер мен белоктарға тасымалдануы
экспрессия немесе гендердің көрінуі деп аталады.
Гендік код – тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы
(генетикалық) ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас «жазылу» жүйесі. Бұл – барлық тірі
организмдерге ортақ заңдылық. Гендік код бірлігі – ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы үш нуклеотид (триплет)
тізбектерінен тұратын кодон (РНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбегі
осы генді «жазатын» (кодтайтын) белоктағы амин қышқылдары тізбегін анықтайды. Гендік кодтың бір
ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде белгілі бір үш нуклеотид (триплет) белгілі бір амин
қышқылдарын «жазады» (кодтайды). Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен «жазылуы» (кодталуы) мүмкін.
Кодондар арасында «үтір» болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген
нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді.
Геном – хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі. Геном
(ағылшынша genome, грекше genos – шығу, тек) терминін 1920 ж. неміс биологы Ганс Винклер енгізді.
Гаплоидты жиынтық көбінесе жыныс клеткаларына тән, ал сомалық (дене) клеткаларында хромосомалардың
диплоидты (екі еселенген) жиынтығы болады. Кейде хромосомалардың саны қалыпты диплоидты жағдайдан
артып кетеді. Егер гаплоидты жиынтықтан геном үш не төрт есе артық болса, триплоидты және
тетраплоидты, бір геном организмде бірнеше рет қайталанса ол, автополиплоидты, ал әр түрлі біріккен
организм аллополиплоидты деп аталады. Хромосомалардың жиынтығы еселеніп, артқан сайын геном саны да
өсіп отырады. Әдетте диплоидты клеткада хромосомалар жұп болып келеді. Себебі, ұрықтану кезінде оның
бір сыңары аналық гаметадан, екіншісі – аталық гаметадан беріледі, яғни бұл геномдар сәйкес (гомологты)
болады. Сөйтіп екі гаплоидты клеткадан бір диплоидты клетка түзіліп, жаңа организм қалыптасады.
Организм эволюциялық дамуында неғұрлым жоғары сатыда тұрса, соғұрлым олардың геномында ДНҚ
көбірек болады.
Генотип – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің
жиынтығы. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады. Генотип
организмдегі тұқым қуалаушылық қасиеттің негізі болып есептеледі. Генотип (ген және грекше typos – пішін,
үлгі) болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, яғни барлық белгілерінде, қасиеттерінде,
фенотипінде көрінеді. Организмнің тұқым қуалау белгісі немесе қасиеттері, оның дамып қалыптасуы
генотиптің құрамындағы белгілі бір геннің қызметіне байланысты болады, сондықтан бір геннің қызметі өзін
қоршаған генетикалық ортаға байланысты.
Генофонд – бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы.
Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы Александр Серебровский ұсынған. Генофонд (ген және французша
fond – жиынтығы) термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель
(сәйкес) құрамын көрсетеді. Табиғатта түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына
тап болып, өсіп-өнуіне байланысты олардың генофондтары өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және
өзге генофондтары бар басқа түрлер түзеді. Тұрақты генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда
кездеседі. Генофонд – түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және
жасанды популяцияларының генофондын қорғау – тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып
есептелінеді.

ГЕОМЕТРИЯ

Геометрия – математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ оларға ұқсас
басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы. Фигуралар кеңістіктік пішіндер болып есептеледі.
Геометрия тұрғысынан сызық – «сым» емес, шар – «домалақ дене» емес, олардың барлығы да – кеңістіктік
пішіндер. Ал кеңістіктік қатынастар – фигуралардың мөлшері мен орналасуын анықтайды. Мысалы,
центрлері ортақ, радиустары 3 см және 5 см шеңберлер қиылыспайды, «біріншісі екіншісінің ішінде жатады»
дегенде – шеңберлердің мөлшері мен орналасуы жөнінде айтылып тұр. Мұнда бірінші шеңбер – кішісі,
екіншісі – үлкені, біріншісі екіншісінің ішінде орналасқан. Осыған орай кеңістіктік қатынастар «үлкен»,
«кіші», «ішінде», «сыртында» сөздері арқылы анықталған. «Тең», «параллель», т.б. сөздер де кеңістіктік
қатынастарды сипаттайды.
«Геометрия» (грекше geometrіa, ge – Жер және metrso – өлшеймін) атауы дәл аударғанда «жер өлшеу»
болады. Бұл ғылымның алғашқы нұсқалары Ежелгі Мысыр (Египет) елінде шыққан. Бұл жөнінде, біздің
заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда өмір сүрген грек математигі Евдем «Жер телімшелерін өлшеу нәтижесінде
мысырлықтар геометрия ғылымын шығарды» деп жазған. Жер өлшеу өнерін мысырлықтардан үйренген
ежелгі гректер оны алғашқы кезде өз тілінде «геометрия» деп атаған. Осы сөз кейін көптеген халықтардың
тіліне еніп, ғылыми термин болып кеткен. Геометрия заңдылықтарын жер телімшелерін өлшеуде қолдануға
әбден болады, бірақ геометрияның негізгі арнасы ол емес.
Геометрияда қолданылатын мәселелер сан алу
ан.
Сондықтан геометрия ерте заманның өзінде-ақ кеңістіктік пішіндер мен қатынастар жөніндегі ғылым ретінде
қалыптасқан. Жер өлшеу ғылымын, соңғы мағынадағы геометриядан айырып айту үшін, Аристотель геодезия
деп атаған. Геометрияны тек жер өлшеу жұмыстары ғана тудырған жоқ. Бұл бағытта ғылыми-практикалық
деректердің молайып, қорлануына үй, көпір, пирамида, әскери бекіністер, т.б. құрылыстар салу, арналар қазу,
ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу, құрылыстарға қажетті материалдардың шамасын алдын ала есептеу
елеулі әсер етті. Геометрия ұғымдары дүниеде кездесетін заттардың дербес физикалық қасиеттерін еске
алмай, абстракциялап (яғни, дерексіздендіріп), олардың тек мөлшері мен өзара орналасуын ғана қарастыру
нәтижесінде пайда болған. Қалыпқа салынып соғылған кірпіштердің, құрылысқа арналып шабылған қырлы
тастардың, шеберлердің кесіп, сүргілеп тегістеген бұйымдарының сыртқы тұрпаты – пішіні бірдей болады.
Мұндай пішін төрт бұрышты призма деп аталады. Үш бұрышты, бес бұрышты, т.б. призмалар болады.
Геометрияда призманың қандай материалдан жасалғандығы есепке алынбайды, оның тек мөлшері мен
орналасуы ғана зерттеледі. Цилиндр, конус, шар, т.б. ұғымдар да осылай қалыптасқан. Сонымен
геометриялық денелер – температурасы, массасы, жасалған материалы мен жеке қасиеттері
қарастырылмайтын физикалық денелер.
Жіңішке жіп, бір тал қыл, сәуле, сым, т.б. негізінде шектеусіз жіңішке сызық ұғымы шыққан.
Геометриялық денелерді ойша топшылап, шектеусіз кішірейте беруге болады. Осыдан нүкте ұғымы шығады.
Нүкте дененің әбден кішірейіп, тоқтаған шектік жағдайы деп есептеледі. Геометрия тұрғысынан алғанда
нүктені одан әрі кішірейтуге болмайды. Геометриялық денелердің, беттердің, сызықтардың және нүктелердің
кез келген жиыны фигура деп аталады. Геометрия алғашқы кезде фигуралардың мөлшерлерін, өзара орналасу
тәртібін, бір түрден екінші түрге көшу жолдарын зерттейтін ғылым болды және геометрия математиканың
көптеген саласымен астасып жатады.
Геометрия – ерте замандарда шыққан ғылымдардың бірі, оның тарихы да әріректен басталады. Сапалық
өзгерістерге ұшырап, жаңа сатыларға көтерілу дәрежесіне қарай геометрияның даму жолын төрт дәуірге
бөлуге болады.
Бірінші дәуір өте ерте заман мен біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасыр аралығын қамтиды. Қарапайым
геометриялық ұғымдар әр кезде және әр жерде шыққан. Алғашқы мәліметтер Ежелгі Шығыс елдерінде –
Мысыр мен Вавилонда, Грекияда, кейінірек Үндістанда пайда болған. Ертедегі мысырлықтар
Нілдің
жағасындағы құнарлы топыраққа бидай егіп күнелткен. Ніл жыл сайын тасып, жағадағы телімшелердің
белгіленген шекараларын бұзып кетіп отырған. Ал шаруалар су қайтқан сайын өз жерлерін өлшеп барып,
айырып алатын болған. Телімшелердің ұзындығын, енін, жиек сызығын үнемі өлшеу нәтижесінде қарапайым
ережелер пайда болған. Нілдің таситын және қайтатын уақыттарын бақылау нәтижесінде Мысыр күнтізбесі
шыққан. Уақыт есебі жұлдыздардың өзара және көкжиекпен жасайтын бұрыштарын (бұл бұрыштардың
төбелері бақылаушы тұрған жерде болады) өлшеуді қажет етеді. Мысыр патшалары – перғауындар
(фараондар) өздеріне ескерткіш және зират ретінде, тірі күндерінде, зәулім құрылыстар – пирамидалар
салдырған. Пирамида салу жұмыстары өлшеу әдістерін бірсыдырғы жүйеге келтіре отырып, кеңістіктік
геометрия мен механиканың дамуына ықпал етті. Бізге жеткен математикалық папирустар Ежелгі Мысыр
математикасының бертінгі ғасырларына жатады. Папирустардағы аудан мен көлем жөніндегі есептердің
көпшілігі дұрыс шығарылған. Бірақ ережелердің ешқайсысы дәлелденбеген. Үшбұрыштың, трапецияның,
дөңгелектің ауданы жуық түрде есептелген, табандары квадрат болып келген қиық пирамиданың көлемі дәл
табылған. Ежелгі Вавилон геометриясының деректері балшықтан иленіп жасалған тақташаларға жазылып
қалған. Оларға қарағанда ұзындық, аудан, көлем жөніндегі мысырлықтар білген есептерді вавилондықтар да
шығара білген. Вавилондықтар кейбір дұрыс көпбұрыштарды, қиық конусты, т.б. қарастырған, шеңберді 360
градусқа бөлуді шығарған, есептерді теңдеулерге келтіруді жақсы білген, геометрияны астрономияға қолдана
бастаған. Вавилондықтарға Пифагор теоремасы да белгілі болған. Кейбір геометриялық деректер Ежелгі
Үндістан мен Қытайда да кездеседі.
Екінші дәуір – Евклидтен Рене Декартқа дейінгі кезең; ол екі мың жылға созылды. Евклид геометрияның
өзіне дейінгі табыстарын жинап, талдап, қорытып, бір ізге түсіріп, біздің заманымыздан бұрынғы 300 ж.
шамасында «Негіздер» атты, он үш бөлімнен құралған шығарма жазды. «Негіздерде» 121 анықтама, 5 қағида,
9 аксиома, 373 теорема келтірілген. Осы күнгі элементар геометрия, жалпы алғанда, Евклид қалыбынан
шыққан. Геометрияға Архимед пен Аполлоний де ірі үлес қосты. Астрономиямен шұғылданған – Гиппарх,
Клавдий Птолемей, Менелай, т.б. сфералық геометрия мен тригонометрияны қалыптастырды. Евклид,
Архимед, Аполлоний заманы грек геометриясының «алтын ғасыры» болған еді. Орта Азия мен Қазақстан
оқымыстыларынан геометриямен шұғылданғандар: Ғаббас әл-Жауһари, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Райхан әл-
Бируни, Ғийас әд-Дин Жәмшид әл-Кәши, т.б. болды. Екінші дәуірдің аяғында геометрия Батыс Еуропада
жандана бастады. Бұл кезде Иоганн Кеплер мен италия математигі Бонавентура Кавальеридің еңбектері
тарихи белес болды.
Үшінші дәуір Рене Декарттан НиколайЛобачевскийге дейінгі екі жүз жылды қамтиды. Бұл дәуірде
аналитикалық, проективтік және дифференциалдық геометриялар пайда болды.
Аналитикалық геометрия
координаттар әдісіне сүйенеді. Онда нүктенің орны сандар арқылы, ал сызықтар мен беттер теңдеулер
арқылы анықталады. Геометрияның бұл саласының іргесінДекарт пен француз математигіПьер Ферма
қалады, ал оны француз математигі АлексиКлеро мен Леонард Эйлер кемелдендірді. Фигураларды
проекциялар арқылы түрлендіру жолдарын зерттеу нәтижесінде проективтік геометрия қалыптасты. Бұл
бағытта француз математигіЖерар Дезарг, Блез Паскаль, француз математигі Жан Понселе, т.б. жемісті
еңбек етті. Кеңістіктегі фигураны жазықтықта кескіндеу жолдарын талдап, француз математигі Гаспар Монж
сызба геометрияны жасады. Сызба геометрия проективтік геометрияның тарауы болып саналады. Эйлер мен
Монж дифференциалдық есептеу әдістерін геометрияға қолдана бастаған болатын. Карл Гаусс бұл мәселені
одан әрі дамытып, классикалық дифференциалдық геометрияны қалыптастырды. Төртінші дәуір Лобачевский
еңбектерінен басталады. Өз зерттеулерінде Лобачевский үш принципке сүйенді. Олар: Евклид геометриясы
болуға тиіс және ол бірден-бір геометрия емес; аксиомаларды өзгертіп, жаңа геометрия жасауға болады;
нақты кеңістікке қандай геометрия сәйкес келетіндігін тәжірибе көрсетеді. Лобачевский Евклидтің бесінші
қағидасын (постулатын) өзінің басқа аксиомасымен (Лобачевский аксиомасы деп аталатын) ауыстырып, жаңа
геометрия жасады. Бұл геометрияға Гаусс пен венгр математигі Янош Больяй да жақын келді. Бесінші қағида
орнына өз аксиомасын (Риман аксиомасы деп аталатын) алып, Бернхард Риман эллипстік геометрияның
негізін салды. Риман кеңістікті кез келген біртектес объектілер мен құбылыстардың үздіксіз жиыны ретінде
түсіну қажеттігін көрсетті. Бұл идеяның құлашы кең болды. Соның арқасында кеңістіктің көптеген
математикалық теориялары жасалды. Лобачевский идеялары геометрия негіздемелерінің шығуына,
геометриялардың жалпылануына және олардың одан әрі дамуына жол ашты. Кейін геометриялар бірқатар
арнаулы салаларға бөлініп кетті.
Қазіргі геометрия, кеңістік пен фигураны жиын ұғымы арқылы анықтайды. Геометрия табиғатты
зерттеуде, техниканы дамытуда қуатты құрал болып табылады. Ол математикалық анализге, механикаға,
физикаға, астрономияға, геодезияға, картографияға, кристаллографияға, т.б. ғылымдарға елеулі ықпал етеді.

ГЕОТЕХНОЛОГИЯ

Геотехнология – бұрғыланған ұңғыма арқылы кен байлықтарын жер астынан жылу, масса алмасу,
химиялық, микробиологиялық немесе гидродинамикалық процестер көмегімен алу (адам қатысуынсыз)
тәсілдері. Жер астында еріту тәсілі қатты тұздарды алу кезінде ертеден бері қолданылып келеді.
Көмірді жер
астында газдандыру идеясынДмитрий Менделеев, ал жер жылуын пайдалануды
Владимир Обручев ұсынды.
Қазақстанда кен байлықтарын алудың геотехнологиялық тәсілдерінің теориялық және практикалық
мәселелерін ғалымдар (Шауқат Алтаев, т.б.) мен өндіріс қызметкерлері (Сауық Тәкежанов, т.б.) 1970
жылдардан бастап қарастырды. Балқаш кен-металлургия және Шығыс Қазақстан мыс-химия
комбинаттарында металдарды шоғырлы ажырату жөнінде өнеркәсіптік тәжірибе сынақтары жүргізілді. Текелі
қорғасын-мырыш комбинатында металдарды жер астында ерітіп ажырату, ал Жезқазған кен-металлургия
комбинатында металдарды шоғырлы ажырату тәсілдерінің өнеркәсіптік технологиясы жасалды.
Геотехнология, негізінен, минералды-шикізат базасын кеңейту, қазіргі бар технология мен техниканы
жетілдіре отырып, аса тиімді жаңа технология мен техниканы қарастыру, қалдықсыз технология жасау, іс
жүзіне қолданудың техникалық-экономикалық тиімділігін арттыру бағытында дамуда.

ГЕРБ
Герб – мемлекеттің, әулеттің, т.б. дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін, оларды әлеуметтік-тарихи
тұрғыдан даралау мақсатында жасалатын айырымдық белгі, рәміз, таңба. Қолданылу аясына орай әулеттік
герб (немісше erbe – таңба), топтық герб, жергілікті (қалалық, облыстық, аймақтық) герб және мемлекеттік
герб болып бөлінеді. Қазақ тілінде мемлекеттік гербті «Елтаңба» деп те атайды. Қазақстан Республикасының
дербес ел ретіндегі айбынын бейнелейтін Мемлекеттік Гербі 1992 ж. 4 маусымда ресми түрде бекітілді. Оның
жобасын – архитектор Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков жасаған. Елімізде аймақтық (қалалық,
облыстық) гербтер жасау үрдісі де берік орныққан. Әсіресе, Астана, Алматы қалаларының гербтері бірегей
нышандық сипаттарымен ерекшеленеді.

ГЕРБАРИЙ

Гербарий – зерттеу және жүйелеу мақсатында арнайы жиналып, кептірілген өсімдіктер коллекциясы; олар
сақталатын мекеменің аты. Алғашқы гербарийлер (латынша herbarіum, herba – шөп, өсімдік) Қайта өркендеу
дәуірі кезінде пайда болған. Бұл атауды 18 ғасырдың басында француз ботанигі Жозеф Питтон де Турнефор
алғаш рет қолданды. Ал гербарий ұғымының кең таралуына әсер еткен Швеция Ғылым академиясының
тұңғыш президенті Карл Линней еңбектері болды.
Гербарий үшін жиналатын өсімдіктер пышақпен, қайшымен
кесіліп немесе кішкене күрекшемен қазылып алынып, гербарийлік папкаға қатталып, престерде кептіріледі,
содан соң қатты қағаз бетіне тігіліп немесе желімделіп, астына өсімдіктің атауы, қай жерден, қашан, кім
жинағаны жазылады. 16 ғасырда тұңғыш рет өсімдіктерді осындай тәртіппен кептіріп сақтаған Болонья
университетінің профессоры Лучо Гини. Алғашқы гербарийлердің басым көпшілігі көп томдық кітап сияқты
қатталынып сақталған. Гербарий – ботаникалық зерттеулердің негізі болып табылады. Қазіргі кезде
гербарийдің төрт түрі бар: 1) жалпыға ортақ немесе халықаралық гербарийлер – құрамында бүкіл дүние
жүзінен жиналған 4 млн-нан астам биологиялық таксондардың жиынтығынан тұрады. Дүние жүзіндегі ең ірі
гербарий (6 млн-нан астам өсімдік жиналған) Кью қаласындағы (Ұлыбритания) ботаникалық бақта сақталған;
2) ұлттық гербарийлер; 3) аймақтық гербарийлер; 4) арнайы гербарийлер (оқу құралына, белгілі бір
жұмыстарға, арнайы зерттеу бағдарламаларына арналған).
Қазақстанның ұлттық гербарийі Ботаника және фитоинтродукция институтында сақталған. Ол – Жер
шарындағы ірі гербарилердің бірі. Қазақстанның ұлттық гербарийінде саңырауқұлақтар мен қыналардың жүз
елу мың, мүк, қырыққұлақ тәрізділердің, ашық тұқымдылар мен гүлді өсімдіктердің екі жүз елу мың үлгісі
жинақталған. Қазақстандағы ірі аймақтық гербарийлер қатарына Батыс Қазақстан гуманитарлық
университетінің, Алтай ботаника бағының, Қарағанды ботаника бағының, Қостанай мемлекеттік
университетінің гербарийлерін жатқызуға болады.

ГЕРМАНИЙ

Германий, Ge – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 32,
атомдық массасы 72,59. 1871 ж. орыс ғалымыДмитрий Менделеев элементтердіңпериодтық жүйесіне
сүйеніп, германийдің (латын
ш а Germanіum) табиғатта бар екенін (экасилиций деп атаған) болжаған, кейін
1886 ж. немістің химик-ғалымыКлеменс Винклер аргиродит минералы құрамын химиялық талдау арқылы
бұл элементті тауып, атын туған елі германия құрметіне қойған. Германий – морт сынғыш, күміс түсті
3 0 0
кристалл зат, тығыздығы 5,35 г/см , балқу температурасы 958,5 С, қайнау температурасы 2850 С. 5 изотопы
бар. Табиғатта жеке күйде кездеспейді. Оның негізгі минералдары: германит, аргиродит, рениерит,
плюмбогерманит. Германийді өз минералдарынан және түсті металдарды өңдеу, көмірлерді жағу процесінде
алуға болады. Ол үшін құрамында германий бар шикізаттарды әр түрлі жолдармен концентратқа
айналдырады. Германий – өте тұрақты элемент, қыздырса ауада қос тотық қабыршағымен қапталады,
галогендермен, күкіртпен әрекеттеседі. Су, сілті, қышқылмен әрекеттеспейді, тек азот қышқылы оны

тотықтырып германий оксидіне (GeO


2) айналдырады. Германий шалаөткізгіш болғандықтан радио, электр
техникасында кең қолданылады, сондай-ақ арнаулы құймалар жасауда пайдаланы
лады. Таза германий
монокристалл түрінде ваку
умда алынады.

ГЕРМАНИЯ

Германия, Г е р м а н и я Ф е д е р а т и в т і к Р е с п у б л и к а с ы– Орталық Еуропада орналасқан


мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356,96 мың2. км
Халқы 81,7 млн.
Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы. Халқының 94%-ы немістер (1998). Ресми тілі – неміс тілі. Халқының
көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден)
құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенті және үкіметі бар. Президент
мемлекет басшысы. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғарғы заң шығарушы органы
– қос палаталы (бундестаг және бундесрат) парламент. Ақшасы – неміс маркасы. Ұлттық мерекесі – Герман
бірлігі күні (3 қазан, 1990 ж., Германия Демократиялық Республикасының Германия Федеративтік
Республикасына қосылған күні). Федеральдік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн ,
Гамбург, Мюнхен, Кельн, т.б.
Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпі тау жоталары
орналасқан. Өзендерінің көпшілігі (Рейн, Везер, Эльба) Солтүстік теңізге, оңтүстігіндегі өзендер Дунайға
құяды. Батысы мен солтүстік-батысының климаты қоңыржай теңіздік, ал оңтүстік-шығысының климаты
қоңыржай-континенттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0ӘС, ал шілде айында 16 – 17ӘС,
оңтүстігінде 20 – 22ӘС. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 500 – 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 –
2000 мм.
Германия жеріне адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 1
ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. 4 ғасырдың аяғында
германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен
қосылып, 5 ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. 6 – 8 ғасырларда герман тайпалары франктердің қол
астына қарады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы
мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-нің
басшылығымен 919 ж. Герман корольдығы құрылды. 962 ж. герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим
папасы тағына отырды. Осы кезден бастап герман корольдері өздерін «Қасиетті Рим империясы» тағының
мұрагерлері деп жариялады. 1032 – 34 ж. империя құрамына Бургундия корольдігі қосып алынды. 14 ғасырда
жеке-жеке князьдік өкілдерінен тұратын заң шығарушы орган – рейхстаг жұмыс істей бастады. Ал
князьдіктердегі осындай өкілетті орган лантаг деп аталды. 1517 – 1648 жылдардағы діни реформалар, 1524 –
25 жылдардағы шаруалар соғысы, отыз жылдық соғыс (1618 – 48), т.б. оқиғалардан кейін де герман
князьдіктері орталық билікке тұтас бағына қоймады.
Француз императоры Наполеон І Австрия мен
Пруссияны талқандағаннан кейін (1806) Қасиетті
« Рим империясы» жойылып, герман князьдіктерінің
бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Франция талқандалғаннан кейін 1815 ж. Вена конгресінің шешімімен
Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды.
Бірақ Пруссия әскери-экономикалық жағынан тез
дамып, 1866 ж.Австрияға күйрете соққы берді де, өзіне тікелей бағынышты
Солтүстік Герман одағын құрды.
«Темір канцлер» Отто фонБисмарктың басшылығымен (1862 – 90) Пруссия 1870 ж. Францияға қарсы соғыс
ашып, елдің бірігуін аяқтады. 1871 ж. Пруссия королі Вильгельм І кайзер (император) болып жарияланды.
Көп ұзамай Германия Англияны басып озып, Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналды әрі жедел түрде
Африкадан отарлар жаулап ала бастады. Негізгі бәсекелестерін әлсіретіп, дүние жүзіне үстемдік орнату үшін
ол 1879 және 1881 ж. Австрия – Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, «Үштік одақ» құрды. Бұған қарсы
1891 – 93 ж. Франция – Ресей одағы, 1904 – 07 ж. Антантадағы
о құрылды. Бұл әскери одақтар ара
сындағы
қайшылық 1-дүниежүзілік соғысқаәкелді. Ресейдегі революцияның әсерімен 1918 ж. кайзер үкім
еті құлады
да, 1919 ж. 28 маусым күні Версаль бейбіт келісімі жасалынды. Германияда құрылған Веймар республикасы
ұзақ өмір сүре алмады. 1933 ж. 30қаңтарда Гитлер канцлер болып тағайындалғаннан
кейін Германияда
фашистік диктатура орнады. 1939 ж. 1 қыркүйекте Германия әскерлерінің Польшаға басып кіруімен 2-
дүниежүзілік соғыс басталды. Дүние жүзі елдері Гитлерге қарсы одақ құрды. Осы одақтың, ең алдымен,
КСРО әскерлерінің жанқиярлық күш-жігер жұмсауының нәтижесінде Германия 1945 ж. 8 мамырда Тізе бүгу
туралы актіге қол қойды. Кейін одақтастар оны 4 аймаққа бөлді.
1949 ж. 20 қыркүйекте АҚШ, Ұлыбритания,
Франция әскерлері тұрған аймақтар біріктіріліп, Германия Федеративтік Республикасы (ГФР, астанасы –
Бонн), 1949 ж. 7 қазанда Кеңес әскерлері тұрған аймақта Германия Демократиялық Республикасы (ГДР,
астанасы – Берлин) құрылды. Екі герман мемлекеті бір-біріне қарсы екі әскери-саяси одақтарға қосылды.
АҚШ-тың көмегімен ГФР экономикасы тез дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды. 1990 ж. 3 қазан күні
Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті.
Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір
(дүние жүзінде 1-орын) мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен
радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ
өнеркәсіптері. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті
өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі өте жоғары. Ол екі үлкен
салаға: мал шаруашылығы (сиыр, шошқа, т.б.) мен егін шаруашылығына (астық өнімдері, қант қызылшасы,
картоп) бөлінеді. Шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған. Басты теңіз порттары: Гамбург, Бремен,
Бремерхафен, Вильгельмсхафен, Росток-Варнемюнде. Туризм жақсы дамыған. Ел экспортқа машина, құрал-
саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ
елдері, АҚШ, Жапония, ТМД елдері.
Германия Қазақстанның егемендігін 1991 ж. 31 желтоқсан күні таныды және 1992 ж. 11 ақпаннан бастап
дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Тарихи отанына қайтуға рұқсат етілгеннен кейін 700 мыңнан аса
қазақстандық немістер Германияға қоныс аударды.

ГЕРОДОТ

Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп танылған жиһанкез. Ол шамамен біздің
заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот Кіші Азиядағы Каликарнас қаласында
дүниеге келіп, жас кезінде әміршілерге қарсы топта болғаны үшін елінен қуылған. Біраз уақыт Самос
аралында тұрып, көп жерлерді аралаған, Қара теңізге дейін жеткен деген мәлімет бар. Геродот көрген,
естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен
александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы
төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың
Мысырға, Вавилонға,
сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан
бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті,
мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы
патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды
мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б.
тілдерге аударылған.

ГИГИЕНА

Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы.
Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне
(денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді
таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен
ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда,
Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам
денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері
Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина
жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде
денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде
Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне
жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын,
тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар
да ертеден белгілі. Атап айтқанда 15 ғасырда жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян»
атты энциклопедиялық-анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту
(мысалы, тері, көз, т.б.), тазалық сақтау туралы мол мәліметтер келтірілген. Осындай мәліметтер, сондай-ақ
Халел Досмұхамедұлының «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925), «Адамның тән тіршілігі» (1927) атты
еңбектерінде айтылған.
Гигиена ғылымы эксперименталдық және клиникалық медицина, оның ішінде кәсіби аурулар мен жұқпалы
ауруларды зерттейтін ғылыми бағыттарды, биология, химия, физика, климатология, т.б. ғылым салаларының
жаңалықтары мен жетістіктерін пайдаланады. Гигиена саласындағы зерттеулерді Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау агенттігі, Профилактикалық медицина академиясы үйлестіріп отырады.

ГИМНАСТИКА

Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің
үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.
Қазақстанда гимнастиканың
(грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және
спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған.
Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж.
ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше.

ГИППОКРАТ

Гиппократ – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында
біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған.
Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып,
Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары
мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді. Дәрігер – табиғаттың
көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да
берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын
шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп
аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты
«медицинаның атасы» деп атайды.

ГИПС
Гипс, ғ а н ы ш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO
4Һ2H2O. Моноклиндік

сингонияда кристалданады. Гипстің (грекше gypsos – бор) жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді,
ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ,
мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3
г/см3, балқу температурасы 32 – 41ӘС.Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа
сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің
гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс
құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және
ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.

ГИРОСКОП

Гироскоп – шапшаң айналатын және айналу осі (симметрия осі) өзінің кеңістіктегі бағытын өзгерте
алатын симметриялы қатты дене. Оның қарапайым мысалына балалар ойнайтын зырылдауық жатады.
Гироскоптық әсер аспан денелерінде, кемеге орнатылған турбина роторында, ұшақ винтінде, т.б. байқалады.
Егер гироскоптың осіне моментіM=Ph-қа тең Р қос күші (h – қос күштің иіні) түсірілсе, онда гироско
пх
осінің бағытымен емес, күтпеген бағытта, яғни у осінің бағытымен айнала бастайды.
Сыртқы күштер әсер етпесе, гироскоп (грекше gyros – дөңгелек, gyruo – айналамын және skop – көремін,
бақылаймын) еркін гироскоп деп ата
лады. Мысалы, ұшақпен, кемемен, ракетамен,
т.б. қатынас көліктерімен
тек кардан ілмесінің сақиналары арқылы байланысатын гироскоп еркін гироскоп болып саналады.
Гироскопты әр түрлі қозғалыстарды басқару үшін қолдануға болады. Бірақ дәл теңгерілген гироскопты жасау
– өте күрделі жұмыс. Гироскопты теңгеру, яғни оның ауырлық центрін кардан ілмесінің центрімен бір
нүктеге келтіру өте үлкен дәлдікті қажет етеді.
Қосымша жүк арқылы гироскоптың горизонталь осінің дүние тараптарына қарағандағы бағытын
өзгертпеуге болады. Гироазимут деп аталатын мұндай гироскоп компас қызметін атқара алады. Гироазимут
ұшақтарда, дәлірек айтқанда, магниттік компастың көрсетуі сенімсіз болатын полярлық аймақтарда ұшатын
ұшақтарда (полярлық авиацияда) кеңінен қолданылады. Гироскоп ракета жылдамдығын анықтау үшін де
пайдаланылады. Ішпектегі үйкеліс әсерінен дәл теңгерілген гироскопта да прецессия құбылысы пайда
болады. Бұл прецессияның бұрыштық жылдамдығы ілме осіне әсер ететін үйкеліс моментінің шамасымен
анықталады. Гироскоптың ең маңызды қызметінің бірі – оның көмегімен қозғалыстағы нысан үстіндегі
денелердің ырғалуын тыныштандыру. Гироскоптық ныштандырғыш
ты құрылғылар автоұшқыштар мен
авторульдерде пайдаланылады. Күрделі гироскоптар кеме сияқты үлкен нысандардың ырғалуын
тыныштандыру үшін қолданылады.

ГОБИ

Гоби – Моңғолияның оңтүстік-шығысында және оған іргелес Қытай жерінде жатқан шөлейтті және шөлді
2
аймақ, Азиядағы ең ірі шөл, аумағы 2 млн. км-ге жуық. Шөл 900 – 1200 м-лік таулы үстірттер мен көтеріңкі
жазықтардан тұрады. Климаты тым континенттік, қысы суық, құрғақ, жазы ыстық, қуаң. Қаңтар айының
орташа жылдық температурасы –26 – 28ӘС, кейбір күндері –47 – 50ӘС-қа дейін төмендейді. Шілденің
орташа жылдық температурасы 26 – 28ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 50 – 200 мм
аралығында. Ылғалдың басым көпшілігі жазда түседі. Аймақта тұрақты өзен арналары жоқ, сондықтан жер
асты суларының маңызы зор. Тау етегінен ағып шығатын бастаулардан шағын шұраттар (оазистер) түзіледі.
Олардың ең жиі шоғырланған жері Хангай тауы мен Гоби Алтайы аралығындағы «Өзендер аңғары». Құмды
жерлерде сексеуіл, қараған, жүзгін, ал құрғақ өзен арналары бойында шағын тоғайлар өседі. Жануарлар
дүниесінде тұяқтылар мен кемірушілер басым. Бөкеннің бірнеше түрі, Пржевальский жылқысы, жабайы түйе
мен есек кездеседі. Гоби тұрғындары әр түрлі моңғол тайпаларынан құралған, негізінен мал өсірумен
айналысады.

ГОЛЬФ

Гольф – ең ежелгі спорттық ойындардың бірі. Ол арнайы таяқпен допты соғу арқылы ойналады. Гольфтің
отаны – ежелгі Грекия елі. Орта ғасырларда Данияда гольф ойыны қайта жанданып, арнаулы ережесі (1440)
жасалды. Ойын құралдары салмағы, көлемі жағынан бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Қазіргі кездегі гольф
добының салмағы 50, 22 г (1,62 унция), диаметрі 4,68 см (1,68 дюйм). Гольфті әр жастағы ерлер мен әйелдер
ойнайды. Ойын АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Уэльс елдерінде жақсы дамыған.
Гольф ойыны арнайы жасалған жасыл алаңда өтеді. Алаңның аумағы 91 м-ден 546 м-ге дейін жетеді.
Ойыншылардың мақсаты – допты таяқпен соғып, шұңқырға түсіру. Доп түсіретін шұңқырдың диаметрі 11 см,
ал тереңдігі 10 см. Доптың ұшу қашықтығы мен ұру күшіне байланысты он екі арнайы таяқша (ұзындығы 1,1
м) қолданылады. Гольф екінші және үшінші Олимпиялық ойындар (1900, 1904) бағдарламасына енген
болатын. Соңғы кезде гольф ойыны Қазақстанда да дами бастады.

ГОРИЛЛА

Горилла – понгидтер тұқымдасына жататын ең ірі маймыл. Еркектерінің дене тұрқы 180 – 200 см, салмағы
200 – 250 кг. Ұрғашылары еркектерінен екі есе кіші. Терісі, шашы қара түсті, еркектерінің арқасындағы түгі
жасы өскен сайын күміс түске өзгереді. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан едәуір қысқа. Бас сүйегі ірі, маңдайы
кіші, көзінің үстінде үлкен доғасы бар. Ми сауытының көлемі 6003-дей.
см Бас сүйегінің ұзына бойында,
шүйдесінде жалы болады. Көзі, құлағы онша үлкен емес. Бет бөлімі алға шығыңқы, астыңғы жағы үлкен,
тістері ірі, танау тесігінің айналасында шеміршекті доғасы бар. Бір ғана түрі – кәдімгі горилла Батыс,
Орталық Африканың қалың тропикалық орманында (Конго өзені мен Танганьика көлінің маңы, Вирунга
тауында) кездеседі. Гориллалар шағын топ құрып тіршілік етеді. Қауіп төнгенде еркегі қатты дыбыс
шығарып, айбат көрсетеді. Жеміс, жидек, жаңғақтарды жейді. Әрбір үш – бес жылда бір рет балалайды. Саны
өте аз, горилланы қорғау мақсатында жеті ұлттық саябақ ұйымдастырылған, ішіндегі ең ірісі – Конгодағы
Вирунга ұлттық саябағы. Горилла жойылып бара жатқан аң түрі болғандықтан, Халықаралық табиғат қорғау
одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

ГРАФИК

График – 1) қандай да бір шаманың (мысалы, жолдың) басқа бір шамаға (мысалы, уақытқа) тәуелділігін
көрнекі түрде бейнелеуге қолданылатын сызба, яғни функцияның өзгеру сипатын көрнекі түрде көрсететін
сызық.
2) Өндірістік график (грекше graphіkos – сызылған) – кәсіпорынның не оның жеке бөлімшелерінің өнім
шығаруының графиктік не басқа түрдегі (мысалы, кесте) күнтізбелік жоспары.
3) Көлік графигі – көлік құралдары қозғалысын (қатынасын) бейнелеудің ерекше тәсілі.
4) Тораптық график – тораптық жоспарлау мен басқаруда технологиялық байланыстардың және әр түрлі
жұмыстардың реттілігін бейнелейтін сұлба. Тораптық графиктің негізгі элементтеріне: мысалы, жебе
сызықшалармен белгіленетін «жұмыстар» (амалдар) және нүктелер не дөңгелекшелер арқылы белгіленетін
«оқиғалар» жатады. Тораптық график жұмыстың жүру жағдайын, оның қамтамасыз етілуін және
аяқталғандығын айқынырақ бейнелейді.

ГРАФИКА

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада
(грекше graphіke, grapho – жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы
шешуші рөл атқарады, сондай-ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графикаға гравюраның
барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне
қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға
(гравюра) немесе тасқа (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық-механикалық әдіс
арқылы көбейтіледі. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға
ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары,
экслибристер, газет-журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа
карикатура, шарж, жалпы нобай, композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен
қолданылады. Графикада кескіндеме жанрындағыдай акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Графиканың
көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының
Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин сынды суретшілері өздерінің графикалық
туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі
(палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер
жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.

ГРАФИТ

Графит – минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық
полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит (грекше
grapho – жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде
кездеседі. Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр. Қаттылығы 1, ал
3 0
қабат ішінде 5,5 және одан артық, меншікті салмағы 2,2 г/см
. Балқу температурасы 3850Ғ50 С. Электр тогын,
жылуды жақсы өткізеді. Қышқылға төзімді, жоғары температурада ғана тотығады. Отқа берік, балқыған
металға салса еріп, амфотерлік қасиеті бар оксидтер түзеді, балқыған селитрада жанады. Жеңіл өңделеді,
жұмсақ, майысқыш. Нейтрон сәулесімен әсер еткенде графиттің электр тогын өткізгіштігі, майысқыштығы,
қаттылығы артады, ал жылу өткізгіштігі күрт төмендейді. Құрылымы жағынан графит айқын кристалды,
жасырын кристалды және графитоидтар болып бөлінеді. Графит, негізінен, құрамында битумды зат бар
саздардың қатты метаморфтануға шалынуынан түзілген кристалды тақтатастардан алынады. Олардағы
графит мөлшері 20%-ға жетеді, кейде одан да асады. Кентастағы графит қабыршағы флотация әдісімен
0
ажыратылады. Графитті жасанды жолмен де алуға болады. Электр пешінде 2200
С-тан астам қыздырғанда тас
көмір (антрацит) графитке айналады. Домна пештерінде балқыған шойынды баяу салқындатқанда графит
алынады, оны домналық графит деп атайды; карбидтерді термиялық жолмен ажыратқанда карбидтік графит
бөлінеді. Графиттің физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшелігі оны өнеркәсіптің алуан саласында
қолдануға мүмкіндік береді. Графиттен отқа төзімді материалдар мен бөлшектер (құйма қалыптары, балқыту
тигельдері, ракета қозғалтқыштарының кейбір бөлшектері, т.б.) жасалады; электртехникада (гальваникалық
элементтер, сілті аккумуляторлары, электродтар, т.б.), химия өнеркәсібі машиналарын жасауда қолданылады.
Өте таза жасанды графит блоктары ядролық техникада нейтрондарды баяулатқыш ретінде пайдаланылады.
Графиттен карандаш пен бояу жасалады.

ГРЕКИЯ

Грекия, Г р е к Р е с п у б л и к а с ы— Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен


соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер
аумағы — 132,0 мың км2. Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан
астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің
православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары:
Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң
шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша,
Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды).
Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз).
Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы
орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын
орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында.
Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан
ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821
— 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін
Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді
Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы
басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери
хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп,
демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында
Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды.
Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа
табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары:
тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен
кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр,
дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты
жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4
млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд
Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.

ГРУЗИЯ

Грузия, Г р у з и я р е с п у б л и к а с ы (Сакартвело) – Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында,


Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Алпыс алты әкімшілік ауданға бөлінеді.
Шекарасы
2
Ресей, Әзербайжан, Армения, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі – 69,7 мың . Халқы
км –
4,5 млн. адам (2007). Астанасы – Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Тұрғындарының 70,1%-ы грузиндер. Бұдан басқа
армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар,
т.б. тұрады. Халқының көпшілік бөлігі – христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары
мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі – грузин тілі. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы
органы – бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. жиырма төртінші тамызда қабылданған. Ұлттық
ақшасы – лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы – мемлекеттік тәуелсіздіктің
қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918).
Жерінің 87%-ын таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-ы орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау
жүйесі бар. Қара теңізі жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің геологиялық құрылымы күрделі.
Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай (Боржоми,
т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі
кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа температура 4 – 7ӘС, ал
шілдеде 22 – 24ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.
Грузия жеріне адам баласы ерте замандарда-ақ қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-
мыңжылдықтың аяқ кезінен бастап алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Біздің заманымыздан
бұрынғы 8 ғасырда қазіргі Грузия аумағын алдымен кемерліктер, кейін сақтар басып алды. Көп уақыт бойы
бүкіл Кавказ аймағы Мидия патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасыр) мен Ахемен әулетінің (біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасыр) иелігінде болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Қара теңіздің
шығыс жағында орналасқан саудамен айналысатын грек қоныстары мен Кавказ халықтары арасында сауда
байланысы күшейді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Батыс Грузияда Колхида патшалығы, ал 4
ғасырда Шығыс Грузияда Иберия патшалығы құрылды. Қалалар пайда болып, басқа елдермен қарым-
қатынас, сауда-саттық дамыды. Біздің заманымыздан бұрынғы. 1 ғасырда қазіргі Грузия аумағын Рим
империясы басып алды, бірақ біздің заманымыздың 2 ғасырынан бастап оның билігі әлсіреп, жергілікті
әкімдердің билігі күшейді. 3 – 4 ғасырларда елге христиан діні тарай бастады. 4 ғасырдан бастап Грузияға
Сасанилер әулеті билеген парсылар қайта-қайта шабуыл жасап, 523 ж. елді толық бағындырды. 7 – 9
ғасырларда Грузияның көпшілік бөлігі Араб халифатына қосылды. 10 ғасырдан бастап Грузия біртұтас
мемлекет болып бірікті. Елді Багратион әулетінен шыққан патшалар билеп, 11 ғасырда
Солтүстік Арменияны
жаулап алды. Давид І (1073 – 1125), Георги ІІІ (1156 – 84), Тамара (1184 – 1213) патшалар тұсында Грузия
Кавказдағы аса күшті мемлекеттердің бірі болды. Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр»
туындысы осы кезде жазылды.
Грузия 13 ғасырдың 2-ширегінен бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының, 14 ғасырдың 2-жартысында Әмір
Темір мемлекетінің иелігінде болды. 15 ғасырда бірнеше ұсақ мемлекетке (Картли, Кахети, Имеретия
патшалықтары мен Мегрель, Гурий, Абхазия князьдіктері) ыдырап, 16 – 18 ғасырларда Иран мен Осман
сұлтандығының арасындағы ұрыс майданына айналды.
1783 ж. Георгий трактаты бойынша Картли-Кахети патшалығы Ресейдің протектораттығын қабылдады.
Бұл жағдай Грузияның Иран және Түркия мемлекеттерімен қарым-қатынасын шиеленістірді. 1801 ж. Картли-
Кахети патшалығы өмір сүруін тоқтатып, Шығыс Грузия толығымен Ресейге қосылды. Осыдан кейін Батыс
Грузия үшін орыс-иран (1804 – 13, 1826 – 28) және орыс-түрік (1806 – 12, 1828 – 29) соғыстары болып өтті.
Сөйтіп, 1803 – 64 ж. Батыс Грузия да Ресейге толығымен бағынды.
1921 ж. Қызыл Армия бөлімдері меньшевиктер үкіметін құлатып, Кеңес өкіметін орнатты. Грузия 1922 –
36 ж. Кавказ сырты кеңестік федеративтік социалистік республикасы құрамына кірді, 1936 – 91 ж. КСРО
құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. тоғызыншы сәуір күні өткен жалпыхалықтық
референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және
1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады.
Грузия – аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі,
минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия,
химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылғында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал шаруашылығы дамыған. Қара
теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Жан басына шаққанда ұлттық табыс
– 1060 доллар шамасында. Грузия БҰҰ, ТМД, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Басты сауда
серіктестері – Ресей, Түркия, Армения, Әзербайжан. Грузия Қазақстанмен 1992 жылдан (23 шілде) бері
дипломатиялық қатынас орнатқан.

ГҮЛ

Гүл – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен


көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында еді.
өс
Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл жапырақшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге
қорғаныш болып
тұрады. Гүл орналасатын сағақтыңұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы
(егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды
өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады.
Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық
(өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен
тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол
тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде
аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал
олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ
екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі
жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі
(үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ
ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді
жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор.

ҒАЛАМ
Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де,
шегі де жоқ бүкіл дүние.Ғаламды (араб сөзінен) зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым – астрономия.
Ал
барлық ғылыми білімге негізделген ғалам жөніндегі пайымдаулар космологияның мәселесі болып есептеледі.
Ғаламның шексіздігі туралы алғашқы пікір біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырда өмір сүрген ежелгі
дәуірдегі грек ғалымы Гераклиттің (біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасыр) еңбектерінде кездеседі.
Гераклиттің көзқарасынДемокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытып, кейінгі дәуірлерде
Жердің шар
тәрізді екенін және аспан шырақтарыныңбір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер
(Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілді.Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар
қолдау таппай, текҚайта өркендеу дәуіріндеНиколай Коперниктің «Аспан сферасының айналысы туралы»
атты кітабы космогонияда ғылыми зерттеуге жол ашты.
Біз мекендеген Жер де, басқа планеталар,құйрықты
жұлдыздар мен метеорлық денелер тәрізді,Күн жүйесінің құрамына енеді.Күн жүйесінің диаметрі он
миллиард километрдей.Галактиканың диаметрі шамамен 30 мың пк-ке (шамамен 100 мың жарық жылы)
жуық. Кейінірек ғалам кеңістігінде біздіңГалактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар
екендігі анықталды. Зерттелген галактикалар жиыны
Метагалактика деп аталады.
20 ғасырдың 70-жылдарында әр түрлі елдердегі астрономдардың ұжымдық еңбектерінің нәтижесінде
Метагалактиканың мынадай маңызды қасиеттері анықталды: 1) галактикалар
Метагалактикада бірқалыпты
таралмаған; олардың көпшілігі галактикалар шоғырлары мен топтарына жинақталған; 2) галактикалар бір-
бірінен, жуық шамамен, орналасу қашықтығына пропорционал болып қашықтайды (мысалы, бір-бірінен он
млн. пк қашықтықтағы галактикалар 600 км/с жылдамдықпен қашықтайды); 3) ғаламның біз орналасқан
бөлігі миллиметрлік радиотолқындар диапазонындағы радиосәулемен бірқалыпты толтырылған.
Бұл сәуле
реликт сәуле деп аталады.Реликт сәуле, өткен ерте дәуірдегіМетагалактиканың пайда болу бастамасына
байланысты сәуле шығару процесінің қалдығы деп жорамалданады.
Жұлдыздар мен жұлдызаралық зат
иондалған газдан құралған.Бұл ғаламдағы заттың негізгі физикалық пішіні қатты зат та, сұйықтық та,
бейтарап газ да емес, иондар мен электрондардан тұратын плазма деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Біздің Галактиканың өз осі төңірегіндегі бір айналымына кететін уақыт, шамамен, екі жүз миллион жылға
жуық. Басқа галактикалардың да бір айналымына кететін уақыт осымен шамалас.
Сонымен галактикалардың
орташа жасы он миллиард жыл деп есептеледі.
Алып галактикалар жүз миллиардтан астамжұлдыздан, ал Метагалактика жүз миллионнан кем емес
жұлдыздан құралатындықтан ғаламдағы жұлдыздардың саны 1910
-нен астам деп есептеледі.Сондықтан
мұндай кейбір жұлдыздардың төңірегінде органикалық өмірдің, сондай-ақ
Жерден тыс өркениеттің болу
мүмкіндігі теріске шығарылмайды.

ҒАРЫШ КЕМЕСІ
Ғарыш кемесі – адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат. Оның негізгі ерекшелігі –
ғарышкердің өмірін сақтауға арналған тұмшаланған кабинасының болуы. Геоцентрлік орбитамен ұшуға
арналған ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі ғарыш кемесі деп, ал басқа аспан денесіне ұшуға арналған ғарыш
кемесі планетааралық (экспедициялық) ғарыш кемесі деп аталады. Бұрынғы КСРО-да бір рет
пайдаланылатын (ұшырылатын) «Восток», «Восход», «Союз», т.б.рыш
ға кемелері, ал АҚШ-та бір рет
пайдаланылатын«Меркурий», «Джемини», сондай-ақ экспедициялық «Аполло» сияқты ғарыш кемелері және
көп рет пайдаланылатын «Спейс шаттл» ғарыш кемесі жасалып, ұшырылды. Ұшқышпен басқарылатын
ғарыш кемесі бірнеше бөліктен тұрады және ол қозғалтқыш қондырғылармен, сондай-ақ ғарышкер өмірін
сақтайтын, қозғалысты басқару, энергиямен қоректендіру, байланыс жүйелерімен, т.б. жабдықталады.
Ғарыштық аппарат – белгілі бір мақсатты орындау үшін ғарышқа ұшырылған әр түрлі техникалық
құрылғылардың жалпы аты. Кейде ғарыштық аппарат терминінің орнына «Ғарыштық ұшу аппараты» термині
де қолданылады. Ғарыштық аппаратты ғарышқа ұшыруға қажетті жылдамдыққа жеткізу ракета тасығыш
(ғарыштық ракета) арқылы атқарылады. Ғарыштық аппарат Жер төңірегіндегі ғарыштық аппарат (Жердің
гравитациялық әсері аймағынан шықпай, геоцентрлік орбитамен айналатын) және планетааралық ғарыштық
аппарат, автоматтық ғарыштық аппарат (Жердің, Айдың, Марстың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері),
ұшқышпен басқарылатын ғарыштық кемелер, ішінде адам тұрып, жұмыс істеуге арналған орбиталық
стансалар, планетааралық ғарыштық кемелер, т.б. болып ажыратылады. Ұшқышпен басқарылатын ғарыштық
аппаратқа жүктерді жеткізу үшін автоматты көліктік ғарыштық аппараттар (мысалы, «Прогресс», «Спейс
шаттл») пайдаланылады. Ғарыштық кеңістіктегі ерекше факторлардың (вакуум, метеор бөлшектер, радиация,
салмақсыздық) әсерлері кезінде ұзақ уақыт бойынша өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ғарыштық
аппаратта жылу режимін реттеу, борттық аппаратураны энергиямен қоректендіру (мысалы, Күн батареясы,
т.б.), Жермен радиобайланыс, т.б. жүйелер болады. Экипажы бар ғарыштық аппараттың герметикалық
кабинасында адам өмірін сақтау және оның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (температура, ылғалдылық,
ауа қысымы, т.б.) жасалған. Ғарыштық аппаратты Жер бетіне (не басқа планетаға) қондыру екі тәсілмен:
тежегіш ракета көмегімен (атмосферасы жоқ аспан денелеріне) немесе аэродинамикалық тежеу арқылы
(Жерге, Шолпанға қондыру кезінде) атқарылады. Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарыштық аппарат – Жердің
жасанды серігі 1957 ж. төртінші қазанда, ал ұшқышпен басқарылатын тұңғыш ғарыштық аппарат – «Восток»
кемесі 1961 ж. он екінші сәуірде Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшырылған.

ҒАРЫШКЕР
Ғарышкер, а с т р о н а в т , к о с м о н а в т – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан
өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені
ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер(ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында
жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын
жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да
ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады.
Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды.
Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961)
бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олар
дың ішінде
қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.

ҒИМАРАТ

Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке,
көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы,
спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері,
балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда
үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады.
Ғимарат (парсыша – үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт,
кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының
табиғи жағдайына, сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі кейіпте бола
береді. Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттардың үлгілері ретінде Түркістан қаласындағы Қожа
Ахмет Иасауи кесенесі, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Астана қаласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік мұражайының үйі сияқты оқшау архитектуралық үлгіде салынған
құрылыстарды атауға болады.

ҒҰНДАР
Ғұндар, х у н д а р – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің
заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан.
Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда,
Байкал өңірінде қоныстанып,Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну»
секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің
мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді.Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды.
Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс
кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған.
Кен қазып, металл қорытқан.Қолөнері мен бейнелеу өнері
жоғары деңгейде болған.Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды.
Ғұндар (грекше
Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды.
Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен
сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан
ғұндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ
Қытайдың шекаралық
аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді.
Қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс
Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Біздің
заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай
Тынық мұхиттанКаспий теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан,
орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы 56 ж.
ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік жәнеЧжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді.
Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен
Саян және Байкал өңіріне ығысты. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырдаОңтүстік Қазақстан мен
Орталық Азияда өз мемлекетін құрып,Ауғанстан менИранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды.
Хань
империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 Лю-хан
ж. атты өз мемлекетін құрды.Оңтүстік ғұндар 4
ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. 5 ғасырдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы
Хэлян Баба Ся
патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды.Ордос пен Наньшан (қазіргі Қытай Халық
Республикасының Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 ж. табғаштардың (тоба)
шабуылы нәтижесінде қирады.Солтүстік ғұндардың Еділ – Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-
жартысында Қара теңіз жағалауын,Днестрге дейінгі өлкені бағындырды.Сарматтарды тізе бүктірген соң,
аландармен күрес жүргізді. 375 ж. остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып,
Еуропада өз империясын
құрды. Ғұндардың Батысқа жорығы «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болды.

ҒЫЛЫМ
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін
танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы
барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды.
Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін
болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің
арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ
ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Оның алғышарты ретінде мифологияны
атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға
ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына байланысты нағыз
ғылымнан алшақ жатқан еді. Ғылымды қалыптастыру – мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті.
Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының
жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде
айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау
мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай біздің
заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Ежелгі Грекияда (Фалес, Демокрит, т.б.) қалыптасып, табиғи бастау
арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан
бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны
танымдық бағытта біріктірді. Ежелгі Грекияда дамыған лым.
ғы (Аристотель, т.б.) қоғам мен табиғат
заңдылықтарын ашып, мәдениеттарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін
қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Ежелгі грек ғылымның эллинистік
кезеңінде геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түріне
бөлініп шықты.
Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары (әл-Фараби, Әбу Әли ибн
Сина, Ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки, т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда
қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толықтырып,
дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Орта ғасырларда араб
елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия,
т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Мысалы, Омейя әулеті
халифатында ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне
аударды, ғылымның ерекше формасы, «фәлсафа» қалыптасты. Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар
дамытты. Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрологияның дамуы болды.
Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының
алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта
өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның
(Леонардо да Винчи, Николай Коперник) негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ ғылым табиғат құбылыстарын
жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16 – 17 ғасырларда ғылымда болған терең
өзгерістер алғашқы ғылыми революцияға (Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Уильям Гарвей, Рене Декарт,
Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютон және т.б.) алып келді. Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа
бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға,
көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті. Механикадағы
жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы түсінік
қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық (Леонард Эйлер, Жан Даламбер, Пьер
Лаплас, т.б.) маңызға ие болды. Осы бағыттың шеңберінде физика, химия салаларымен бірге биологиялық
құбылыстар да зерттелді, соның ішінде адам тұтас организм (Жюльен Ламетридің «адам – машина»
тұжырымдамасы) ретінде қарастырылып түсіндірілді. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы
(Роберт Майер, Джеймс Джоуль, Герман Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге
қоюға мүмкіндік берді. Клетка теориясын тұжырымдау (Теодор Шванн, Маттиас Шлейден) барлық тірі
организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Биологиядағы эволюциялық ілім (Чарльз Дарвин)
жаратылыстануға даму идеясын енгізді. Элементтердің периодтық жүйесі (Дмитрий Менделеев) заттың
барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті. 19 ғасырдың ортасында әлеуметтік дамудың
ғылыми теориясын жасау үшін әлеуметтік-экономикалық, философиялық және жалпы ғылыми жағдай
қалыптасты; физика саласында бірқатар ғылыми жаңалықтардың (электрон, радиоактивтілік, т.б.) ашылуына
қол жеткізді. Ғылымдағы дағдарыс физикада басталған жаңа ғылыми революциямен (Макс Планк, Альберт
Эйнштейн, Нильс Бор) шешілді және қазіргі заманғы ғылымның барлық негізгі салаларын қамтыды. 20
ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның
молекулалық құрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғасырда ғылымның даму қарқыны
оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге
бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа көздерін қалыптастыру, адам мен табиғат
қатынастарын тиімділендіру, үлкен жүйелерді басқару, ғарыштық зерттеулер, т.б.) ерекше байқалды. 3-
мыңжылдықтағы ғылым дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жан-
жақты, тұтас қарастыру болмақ.
Тұтас ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пәндерді шартты түрде жаратылыстану, әлеуметтік және
техникалық ғылым деп үлкен үш топқа бөлуге болады. Бұлардың арасында қатаң шекара жоқ, бірқатар
ғылыми пәндер аралық жағдайда қалыптасқан. Мысалы, техникалық ғылым мен әлеуметтік ғылымның
түйіскен жерінде – техникалық эстетика, жаратылыстану ғылымы мен техникалық ғылымының түйіскен
жерінде – астроботаника, ал жаратылыстану ғылымы мен әлеуметтік ғылымның түйіскен жерінде
экономикалық ғылымдар қалыптасқан. Ғылымның ерекше маңызды рөл атқаратын салалары – математика,
ақпараттану және басқару теориясы болып табылады. Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер
жүргізілуімен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып
табылады. Мысалы, табиғатты қорғау мәселелерін зерттеуде осы бағыттың маңызы айқын болып отыр.
Мұнда биология мен техникалық ғылымдар, жер туралы ғылым мен медицина, экономика мен социология
түйісіп, мәселені бірге зерттеуде. Өзінің алған бағыты, тікелей өмірге қатынасына байланысты
ғылымды
іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі
қалыптасқан. Іргелі ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені,
табиғатты түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар «таза күйінде» зерттеледі, оларды тікелей
пайдалану мүмкіншілігі шартты емес. Қолданбалы ғылымның тікелей мақсаты – іргелі ғылымның ашқан
жаңалықтарын танымдық, әлеуметтік-практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның
міндеті – ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру. Қолданбалы ғылым теориялық та,
практикалық та бағытта дамуы мүмкін. Мысалы, қазіргі физикада электрдинамика мен кванттық механика
іргелі ғылым саласы, ал осыған қосымша нақтылы пәндік саланы тану үшін теориялық қолданбалы
физиканың түрлі салалары (металл физикасы, шалаөткізгіштер физикасы, т.б.) қалыптасқан. Ал олардың
нәтижесін одан әрі практикада қолдану үшін, әр түрлі практикалық қолданбалы ғылым (металтану,
шалаөткізгіш технологиясы, т.б.) пайда болды, бұлар тікелей өндіріспен байланысты қалыптасқан. Барлық
техникалық ғылымдар қолданбалы ғылым саласына жатады.
Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде және бірқатар
жоғары оқу орындарында шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 Қазақстан
ж. Ғылым академиясы құрылғаннан
кейін, ғылыми-зерттеу институттарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты.
Ғылым академиясы
құрылғаннан бергі уақытта онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді.

ДАЛА

Дала – Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары
(селеу, қау, боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер
шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне
байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда
ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай
дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды
немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне
қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.
Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан,
Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы – дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан
(Пиреней түбегі) Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі. Құрлықтың
батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат жағдайы (буланудың көп болуы,
жауын-шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне
қолайсыз келеді. Дала өсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі кездеседі) және
көп сатылы болып келеді. Өсімдік түрі маусым ішінде де өзгеріп отырады. Көктем мен күз аралығында селеу,
көде, қоңырбас, бидайық, сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ, шытыр, т.б.)
мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк, қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ,
қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа
біршама төзімді өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т.б.) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз, қылқан селеу
жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына көп тараған. Еуразияда
климаттық ерекшеліктерге байланысты батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында
айырмашылық байқалады. Осыған байланысты Еуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1)
Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз – Қазақстан бөлігі. Бұл
аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2)
Орталық Азия немесе Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай – Даур және Манчжур орманды далалары
болып ажыратылады. Таулы далада өсімдіктердің жазықта өсетіндерінен басқа типтері де кездеседі. Мұндай
ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында байқалады. Далалар Солтүстік Америкада, Оңтүстік
Америкада және Австралия құрлығында үлкен аймақтарды қамтиды. Далалардың көбісі жыртылып, егістікке
айналған, қалған жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Көптеген елдерде табиғи дала қорықтарда ғана
сақталған.

ДАНИЯ

Дания, Д а н и я к о р о л ь д і г –і Еуропаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет.


Ютландия түбегінің негізгі бөлігі мен оған шектесіп
жатқан аралдарда (Зеландия, Фюн, Лоллан, Фальстер,
Борнхольм, т.б.) орналасқан. Бұған қоса елдің құрамына кіретін Гренландия мен Фарер аралдарының дербес
автономиялық құқықтары бар. Соңғы екеуін қоспағанда жерінің жалпы аумағы 43 мың2. км
Халқы 5,5 млн.
адам (2007). Негізгі тұрғындары – даниялықтар (данскере; 98%). Ресми тілі – данскере тілі. Халқының
көпшілігі христиан дінінің протестант (лютерлік) тармағын ұстанады. Астанасы – Копенгаген (1,3 млн.).
Дания – король билейтін конституциялық монархия. Заң шығарушы органы – төрт жылға сайланатын бір
палаталы парламент. Атқарушы билік жүйесін король атынан премьер-министр басқарады. Ұлттық
мейрамдары: он алтыншы сәуір – Королеваның туған күні (1940), бесінші шілде – Конституция күні (1849).
Ақшасы – Дания кронасы.
Дания Солтүстік және Балтық теңіздерінің жағалауында жатыр. Жері, негізінен, жазық. Ұсақ өзен-көлдері
көп. Климаты қоңыржай теңіздік. Ақпан айындағы орташа температура 0ӘС, ал шілдеде 15 – 16ӘС. Жауын-
шашынның жылдық орташа мөлшері елдің батыс бөлігінде 750 – 800 мм, ал шығыс жағында 600 мм
шамасында. Ел аумағын, көбінесе, тұман басып тұрады. Жерінің 10%-ын орман алып жатыр.
Ежелгі дәуірде қазіргі Дания жерін герман тайпалары (тевтон, килевр, ют, англ, сакс, герул) қоныстанған.
Олар аң, балық аулаумен, кейіннен мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. 5 ғасырдан бастап
англдар мен юттар Британияға қоныс аударып, оның орнына Скандинавияның оңтүстігінен дан тайпалары
көшіп келді. Солардың атымен жаңадан құрыла бастаған мемлекет Данмарк (дандар жері) деп аталып кетті. 6
– 8 ғасырларда бұл елде теңізде жүзу мен сауда ісі тез дами бастады. Соның нәтижесінде 9 – 11 ғасырлар
Солтүстік Еуропа тарихына «викингтер дәуірі» деген атпен кірді. Викингтер әскери кемелерімен Еуропадағы
халықаралық сауда жолдарына шабуыл жасап, өздерінің бақылауларын орнатты әрі көптеген жаңа жерлер
ашты. 9 – 10 ғасырларда олар королингтер империясымен үздіксіз соғыс жүргізіп, 885 ж. Парижді басып
алды, 911 ж. Сена өзені атырабында Нормания герцогтығын құрды. Кейіннен Ұлыбританияның солтүстік-
шығыс бөліктерін бағындырды. 1016 ж. Дания конунгы Ұлы Кнут ағылшындарды толықтай бағындырды.
Осыдан кейін ол Дания королі атанды да, 1028 ж. Норвегияны өзіне қосып алып, Дания – Ұлыбритания –
Норвегия державасын құрды. Бірақ көп ұзамай бұл держава тарап кетті. 10 – 11 ғасырларда елде христиан діні
ескі діни нанымдарды ығыстырып шығарып, толықтай орнықты. 12 – 13 ғасырларда
даттар Балтық теңізі
жағалауындағы славян тайпа
лары мен Эстонияны басып алды. 1397 – 1523 ж. Швеция, Финляндия,
Исландия, Норвегия Дания корольдігіне бағынышты болды. 17 ғасырдың орта тұсынан бастап Швеция дат
королінің ықпалынан босап қана қоймай, Данияның өзіне қауіп төндірумен болды. Үш дүркін болған
соғыстан соң даттар Скандинавияның оңтүстігіндегі
өздерінің ежелгі жерлерінен айырылып қалды, Балтық
теңізіндегі үстемдік шведтерге өтті. Дания Норвегияны, Исландияны, Гренландияны және Үндістан мен
Кариб теңізі жағалауларындағы от
арларын ғана сақтап қалды. Алайда, Наполеон
соғыстары кезінде Дания
тағы да жеңіліп, кейбір аралдары мен Норвегиядан айрылды.
19 ғасырдың екінші жартысында елде өнеркәсіп өркендеді, темір жолдар салынды, аса ірі тамақ
индустриясы қалыптасты. 1-дүниежүзілік соғыста Дания бейтарап саясат ұстанды. 1940 ж. тоғызыншы
сәуірде Германия Данияны өзіне қосып алды. 1945 ж. бесінші мамыр күні ағылшын әскерлері елден неміс-
фашист әскерлерін ығыстырып шығарды. 1950 ж. Дания «Маршалл жоспарына» сәйкес АҚШ-тан көп
мөлшерде инвестиция алды. 1953 ж. елдің жаңа конституциясы жарияланды. Гренландия мемлекеттің тең
құқықты бір бөлігіне айналды. Фарер аралдарына автономия берілді. Дания 1949 жылдан НАТО-ға мүше,
бірақ өз аумағында бейбіт заманда ядролық қарулар мен шетелдік әскери базалар орналастырмау принципін
ұстанады. Тек Гренландиядағы базаларды ғана АҚШ әскери мақсатқа пайдалана алады. Дания 1973 жылдан
Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше.
Дания жоғары дамыған аграрлы-индустриялы ел. Экономикасының негізгі салалары: тамақ өнеркәсібі,
машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп. Әсіресе ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік пен мал
шаруашылығы өнімдері халықтың сұранымынан үш еседей артық өндіріледі. Өндірілетін өнімдердің 40%-дан
астамы (негізінен, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарлары) экспортқа шығарылады. Ал шеттен
шикізат өнімдері, автомашиналар және құрал-саймандар әкелінеді. Шет елдермен сауда, негізінен, теңіз
жолдары арқылы өтеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Швеция, Ұлыбритания. Қазақстан мен Дания
мемлекеттері арасында 1992 жылдан бері дипломатиялық қатынас орнаған.

ДАСТАН

Дастан – әдеби-эпикалық жанр. Шығыс халықтары, әсіресе, парсы және түркі әдебиеттерінде кең тараған.
Дастан белгілі бір сюжетке құрылады. Құрылымында кейде өлең мен қара сөз араласып келе береді.
Дастанның классикалық үлгілері: «Ләйлі – Мәжнүн», «Хұсырау – Шырын», «Мұңлық – Зарлық», т.б. Дастан
өлең өрнегі жағынан он бір буынды болады, кейде жеті-сегіз буынды болып келеді.

ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР

Дәрілік өсімдіктер, ш и п а л ы ө с і м д і к т е р – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және


аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың
құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен
тқыр
тұ заттар
сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік
түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Мысалы, айыр, алоэ, бәрпі, дәрмене, долана, лапыз, жуа,
итмұрын, рауғаш, сүйелшөп, шәңкіш, қасқыржидек, қарғакөз, шәйшөп, шықшөп, т.б. Дәрілік өсімдіктер
кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат
ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады.

ДЕГЕЛЕК
Дегелек – дегелек тәрізділер отрядына жататын құстардың бір тұқымдасы. Дегелекті кейбір зерттеушілер
«ләйлік» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп атайды. Қазақстанда дегелектің екі түрі: ақ дегелек, қара
дегелек бар. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның
«Қызыл кітабына» енгізілген.

ДЕЛЬФИН

Дельфин – сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір
тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік
белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей
түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір – он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және
тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық
қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері
тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі
жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы
дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп.
Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған.
Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше белокты зат – миоглобиннің көп
болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне
септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты
көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және
қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс
толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз
үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді.
Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды
шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар
жүзіп серуендеген, т.б.) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. Аспандағы
жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты
аңғартады.
Өзен дельфиндері – жеке бір тұқымдас, оның бес – алты түрі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг өзендері
мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда
қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-
та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан
аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау
одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

ДЕНДРАРИЙ

Дендрарий, д е н д р о л о г и я л ы қ б а қ – өсімдіктерді жүйеленімдік, географиялық, экологиялық,


әсемдік, т.б. белгілеріне байланысты өсіретін жер телімі, арнайы бақ. Дендрарийдің (грекше dendron – ағаш)
ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және ағартушылық мәні зор. Ауданы көбіне жүз гектарға дейін болады.
Дендрарий шет жерлерден әкелінген және жергілікті өсімдіктерден құралады. Дендрарий өсірудегі негізгі
мақсат – ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен
орман шаруашылығы үшін әрі төзімді, әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Жақсы жоспарлап салынған
дендрарийдің эстетикалық маңызы зор. Қазіргі уақытта Қазақстанда Есік және Шымкент дендрарийлері
жұмыс істейді. Есік дендрарийі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәжірибелік-
көрсеткіш питомнигі. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, 1959 ж. ұйымдастырылған.
Аумағы 360 га. Ағаш, бұта көшеттерін өсіреді. Ал Шымкент дендрарийі 1979 ж. құрылған. Аумағы 173 га.
Ағаш, бұта, әр түрлі гүл көшеттерін өсірумен айналысады.

ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен
және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді
түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі.
Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық
көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық
жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды. Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-
статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға
шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың
денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының
ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына,
елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей
байланысты. Адам денсаулығының мән-маңызына
қазақ халқы
ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте
қатты мән берген. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың
– тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын
осы күнге дейін жойған жоқ.

ДЕШТІ ҚЫПШАҚ

Дешті қыпшақ,Қ ы п ш а қ д а л а с ы – 11 – 16 ғасырларда қолданылған тарихи-географиялық ұғым.


Сол кездегі араб және парсы жазбаларында Сырдарияның төменгі сағасы мен Балқаш көлінен Дунай
жағалауына дейінгі ұлан-байтақ дала «Дешт-и-Кипчак» деп аталған. Бұрын Оғыз даласы (Мафаззат әл-гузз)
деп аталған бұл өңір 11 ғасырдың басынан Дешті Қыпшақ атымен белгілі бола бастады. 11 ғасырдың бірінші
ширегінде қыпшақтар Сырдария бойындағы жабғулар мемлекетіне күйрете соққы берді. Сонымен қатар Ертіс
бойын қоныстанған Қимақ мемлекетінің жері де қыпшақтардың билігіне көшті. 11 ғасырдың ортасында
қыпшақтар Еділдің оң жақ бетіне өтіп, орыс жылнамаларында (1054) половцы деген атпен белгілі бола
бастады. Ал Батыс Еуропа мен Византия шежірелерінде куман немесе коман деп аталды. 12 ғасырдың орта
шенінде қыпшақтар Дунайдан әрі өтті. Қыпшақтардың Ертіс пен Дунай арасындағы ұлан-ғайыр жерді
мекендегеніне қарамастан, сол кездегі тарихи шығармаларда осы жердің жалпы «Қыпшақ даласы» екенін
білдіретін бірыңғай анықтама берілмеген. Мәселен, орыс жылнамалары бұл ұғымды шығыста Еділге дейінгі
жерлер үшін қолданса, ал мұсылман авторлары Еділден Ертіске дейінгі жерді Дешті Қыпшақ деп атаған.
«Қыпшақ даласы» деген кең ұғым тек Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін жиі қолданыла бастады.
11 – 12 ғасырларда Дешті Қыпшақтың бір бөлігі саналған Қазақстан жерінде қыпшақтардың бірнеше
тәуелсіз иеліктері болды. Батудың 1236 – 42 жылдардағы әскери жорықтарының нәтижесінде ұлан-байтақ
Дешті Қыпшақ пен оның маңындағы жерлерде үлкен мемлекет пайда болды. Ол Шығыс мәліметтерінде
Жошы ұлысы, ал орыс жылнамаларында Алтын Орда деген атпен белгілі.
14 ғасырдың орта шенінен бастап Алтын Орданың өз ішінде тақ үшін қырқыс көбейді. Өкімет билігі үшін
болған осындай талас-тартыстардың салдарынан әрі Әмір Темірдің бірнеше рет жасаған жорықтары
салдарынан Алтын Орда күшті мемлекеттер санатынан шығып қалды. Оның орнында Астрахан, Қазан,
Қырым хандықтары пайда болды. Ал Шығыс Дешті Қыпшақта Көшпелі өзбектер мемлекеті орнады. 15
ғасырдың екінші жартысында Көшпелі өзбектер мемлекетінің жерінде Қазақ хандығы құрылды. Шығыс
авторлары Алтын Орда деген атаудың баламасы ретінде қолданған Дешті Қыпшақ 16 ғасырдан бастап осы
жерде құрылған хандықтардың өз атымен аталды.
Алтын Орданың этникалық құрамы әр түрлі болды. 14 ғасырда Жошы ұлысында әдеби түрік тілі
қалыптасты, оның құрамында ежелгі қыпшақ және оғыз тілдерінің элементтері көп болды. Сондықтан да
Алтын Ордамен сауда-саттық жасаған венециялық көпестердің пайдалануы үшін қыпшақ сөздігі «Кодекс
Куманикус» шығарылды.

ДИЗАЙН

Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және
заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі
көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы
олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның
негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра,
сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық
үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн
өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн
өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дамиастады.
б 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы
құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа
сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз
бұйымдарының
жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз
байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.

ДИЗЕЛЬ

Дизель – іштегі ауаны сығу нәтижесінде тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыш. Дизель цилиндріндегі
тұтану процесі поршеннің сығуы нәтижесінде жоғарғы температураға дейін қызған ауаға
жанар май (керосин,
т.б. мұнай өнімдері) бүркукезінде жүреді. Дизель іштегі ауаны сығу нәтижесінде тұтанатын алғашқы
қозғалтқышты жасаған (1893) неміс инженері Рудольф Дизельдің есімімен аталған. Дизель бензиннен
біршама арзан отынмен жұмыс істейді. Сондай-ақ, дизель циклімен жұмыс істейтін газдық қозғалтқыштар да
бар. Дизель ең үнемді жылулық қозғалтқыштардың қатарына жатады. Ең жақсы деген дизельдің меншікті
отын шығыны оның ең үлкен қуаты кезінде 155 г/кВтҺсағ шамасында, ал көптеген басқа түрлерінде 270
г/кВтҺсағ-тан аспайды. Дизель су кемелерінде (негізгі және қосымша қозғалтқыштар ретінде), орнықты
қондырғыларда, тепловоздарда, танктерде, тракторларда, автомобильдерде қолданылады.
Дизельді электр стансасы – электр генераторларының жетегі ретінде дизель қозғалтқыштарын
пайдаланатын жылу электр стансасы. Дизельді электр стансасы дербес жұмыс істейді әрі икемді (іске қосу,
жүктеу режимдерін реттеу және тоқтату жылдам орындалады) болады. Сондықтан олар біртұтас электр
тораптары тартылмаған шалғай аудандарда, орман шаруашылығында, көлікте және ауыл шаруашылығында
тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін негізгі, резервтік немесе апаттық, тұрғылықты немесе
жылжымалы электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар ірі конденсациялық және
атом электр стансаларының резервтік апаттық қорек көздері ретінде де пайдаланылады. Дизельді электр
стансасының негізгі элементі – балқытып біріктірілген рамаға орнатылған дизель-генератор. Дизель
қозғалтқышы мен генератор, әдетте, бір-бірімен муфтамен жалғастырылады.
Дизельді электр стансасының құрамына, дизель-генератор агрегатынан басқа, дизель қозғалтқышын
отынмен жабдықтау, дизельді майлау, түтін шығару, ауа тазарту, жылыту жүйелері; басқару, қорғаныс және
белгі беру қалқандары; дизельді от алдырып жіберу мен стансаны басқару, сондай-ақ белгі беру мен қоздыру
тізбектерін қоректендіруге арналған аккумуляторлар және стансаның электр энергиясын тұтынушыларға
тарату құрылғылары кіреді. Жылжымалы дизельді электр стансасы автомобиль тіркемесіне, автомобильдің
қорабына немесе жабық вагонға орнатылады.
Дизель отыны– сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-
газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай
өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады. Дизель отыны – қайнау температурасы 180 –
3600С, тығыздығы 0,790 – 0,860 г/см
3 2
, тұтқырлығы 1,5 – 8,0 мм /с, қоспа мөлшері (көмірсутектің күкіртті,
азотты және оттекті туындылары) 4%-ға дейін болатын сұйықтық. Әр түрлі климаттық аймаққа арналып және
жұмыс істеу жағдайына қарай дизель отынының арктикалық, қыстық және жаздық үш түрі шығарылады.
Олар бір-бірінен қату температурасымен, фракциялық құрылымымен, т.б. көрсеткіштерімен ажыратылады.
Моторлық дизель отыны: отынды қолдануға дайындау жүйесімен (қыздыру, тұндыру, айыру) жабдықталған
дизельдерге және мұндай жүйемен жабдықталмаған дизельдерге арналып жасалған екі сортпен шығарылады.

ДИНОЗАВРЛАР

Динозаврлар – мезозой эрасында тіршілік еткен бауырымен жорғалаушы жануарлар; архозаврлар


класының бір тармағына жатады. Дене тұрқы 20 см-ден 35 метрге дейін. Динозаврлардың қаңқа сүйектері
алғаш рет 19 ғасырда Англия, одан соңКанададан, ал Қазақстанда Арал маңынан, Оңтүс
тік Қазақстанда
(Әлімтау, Қазығұрт, т.б.) табылған. Қазір осындай қаңқалар бойынша анықталған динозаврлардың екі отрядқа
(кесіртке жамбасты, құс жамбасты) жататын алты жүздей түрі белгілі. Динозаврлар (Dіnosaurіa) триас
кезеңіндегі қарапайым құрылысты тераподтардан дамыған. Алғашқы динозаврлар артқы екі аяғымен,
кейінгілері төрт аяғымен жүруге бейімделген. Жыртқыш динозаврлардың артқы аяқтары құстардың
аяқтарына ұқсас болған. Көптеген құс жамбасты динозаврлардың үстінде (орнитопод
тарды қоспағанда)
жыртқыштардан қорғануғабейімделген түрлі бұдыршақтар, сүйек сауыт (стегозаврларда, анкилозаврларда),
мүйіз пайда болған (мүйізді динозаврлар). Динозаврлар жұмыртқасалып көбейген. Көптеген ғалымдар
динозаврларды жылықанды жануарларға жатқызады, бірақ олардың жылу реттеуші жабынды қабаты
болмаған. Динозаврлар тіршілік ортасының өзгеруіне (мысалы, табиғи апаттар, жер бетінің өсімдік
жамылғысының біртіндеп өзгеруі, т.б.) байланысты жойылып кеткен. Омыртқалы жануарлардың даму
тарихын, мезозой шөгінділерінің геологиялық
жасын анықтау үшін динозаврларды зерттеудің маңызы зор.
Динозаврлардың отыз бес түрінің үш жүздейқаңқа сүйегі Канададағы «Динозаврлардың мақтық
ай
саябағында» сақталған.

ДИПЛОМАТИЯ

Дипломатия – мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттің сыртқы істер органдары


қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әрекеттері. Бұған қоса дипломатияға халықаралық
ынтымақтастықты орнату, кеңейту, сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында
жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы делегациялардың қызметі,
сондай-ақ мемлекеттің шет ел азаматтары мен мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғауы да жатады.
Президент не үкімет өз мемлекетінің дипломатиялық бағыт-бағдарын белгілейді, ал сыртқы істер мекемелері
осы бағдарды жүзеге асырып отырады. Көптеген әдебиеттерде дипломатияны «сыртқы қатынастар ғылымы»
немесе «келіссөздер жүргізу өнері» деп те атайды. Дипломатия алғаш рет шығыс елдері (Мысыр, Вавилон,
Қытай, т.б.) мен Ежелгі Грекияда пайда болды. Түркі елдері, оның ішінде Қазақстан туралы жазбалардың
авторларының көпшілігі (Карпини, Рубрук, Ибн Фадлан, т.б.) – осы өлкеге дипломатиялық қызметпен
келгендер. Қазақ хандығы тарихында да дипломатиялық келіссөз жүргізу шеберлігінің сан түрлі үлгілері
туралы деректер мол. Ежелгі заманда дипломатиялық елшіліктер белгілі бір жағдайларға байланысты (бітімге
келу, одақ құру, дау-дамайды шешу, т.б.) бір елден екінші елге барып, келісім жасалынғаннан кейін көп
ұзамай елдеріне қайтып отырған. 15 ғасырдың орта тұсынан бастап кейбір мемлекеттер шет елдерде тұрақты
елшіліктер ұстай бастады. Халықаралық құқық дипломатиялық қызметкерлердің өздері жүрген елдің ішкі
істеріне араласуларына тыйым салады. Бұл заңдылық бұзылған жағдайда ол қызметкерлер жылдам елден
қуылады. БҰҰ, ЕҚЫҰ, т.б. халықаралық ұйымдардың құрылуына байланысты дипломатия көп жақты сипат
алып, жаңа мәнге ие болды. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негізін
еліміздің Конституциясы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң, «Дипломатиялық қызмет туралы заң»,
Қазақстан Президентінің Елшіліктер ашу, елшілер тағайындау және олардың міндеттері жөніндегі
жарлықтары құрайды.

ДИСКІ

Дискі – 1) есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік
қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы. Ақпарат пластина бетіне
шеңбер бойымен жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады. Дискінің (ағылшынша
dіsk) дискіқозғалтқыш (дискіжетек) құрылғысы болады. Ол дискіні айналдырып, деректі дискіге жазуды,
қажет кезінде оны оқуды атқаратын бастиекті керекті сектор маңына жеткізіп тұрады. Компьютерлер қатты,
иілгіш және жинақы (компакт-диск) дискілермен жабдықталады. Қатты дискіде немесе винчестерде
магниттік қабықша көлемдірек металл тұғырға жағылып, дискіқозғалтқыш құрылғысымен ауа кірместей етіп,
тұмшаланған (герметикалық) бір қорапта орналасады. Винчестерлік дискілер сыртқы көлеміне (форм-
факторына) және сыйымдылығына қарай бөлінеді. Форм-факторы 3,25 дюйм болып келетін дискілер дербес
компьютерлердің көпшілігінде қолданылады. Биіктігі 1,6 дюйм винчестерлер қуатты компьютерлерде
(серверлерде), жұмыс стансаларында пайдаланылады. Винчестерлік дискілердің сыйымдылығы 5 – 50 Гбайт
және одан да жоғары, ал мәліметтерді оқу-жазу жылдамдығы 10 – 20 Мбайт/с.
Иілгіш дискі (флоппи-диск), дискет – компьютерлердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік
қабықша жалатылған табақша түрінде жасалып, қорапқа салынған алмалы-салмалы шағын есте сақтау
6
құрылғысы. Негізінен, 3,5 дюймдік (88 мм), сыйымдылығы 1,5 Мбайт (1,5Һ10
таңба) дискеттер кеңінен
таралған. Дискет мәлімет жазуға, оқуға арналған ұзынша ойығы бар пластмасса қорапқа салынып, ортасында
оны айналдыруға арналған кіндікшемен жабдықталады. Сондай-ақ оның мәлімет жаздыруды болдырмас үшін
ашылып-жабылып тұратын қосымша төртбұрышты ойығы болады. Дискет компьютердің негізгі блогындағы
дискіжетектің ұясына салынады. Оның кіндікшесіндегі ойыққа айналдыру діңгегі енеді. Дискі қозғалысқа
келісімен оқу-жазу ойығына магниттік бастиек жанасады. Дискетке қатты дискідегі ақпараттың архивтік
көшірмесін сақтап қояды, сондай-ақ дискетке жазылған деректі, бағдарламаны, суретті, дыбысты, сандарды
немесе мәтіндерді басқа компьютерге ауыстыруға болады. Компьютерлер желісі, электрондық пошта кең
қолданыс тапқанша, дискет деректерді бір машинадан екінші машинаға ауыстырудың негізгі тәсілі болды.
Дерек алмалы-салмалы болып жасалған жинақы дискіге (компакт-дискі) лазерлік сәуленің көмегімен арнаулы
жазу құрылғысында бөлек жазылады. Жазылған дерек жинақы дискі оқитын құрылғымен ROM)
(CD-
жабдықталған кез келген компьютерде
оқыла береді. Оған өшірілмейтін көлемді (650 Мбайт) дерек бір-ақ рет
жазылып, ұзақ уақыт бойы тек оқу арқылы пайдаланылады. Компакт-дискіге ойындар, әуендер, кино, әр түрлі
электрондық оқулықтар жазылып таратылады;
2) спортта – лақтыруға арналған жеңіл атлетикалық снаряд. Оның негізі ағаштан жасалынып, жиегі
металмен көмкеріледі. Ерлер үшін диаметрі 221 мм (массасы 2 кг), ал әйелдер үшін диаметрі 182 мм (массасы
1 кг) дискілер қолданылады.

ДИФФЕРЕНЦИАЛ

Дифференциал (латынша dіfferentіa – айырма, айырмашылық), 1) математикадағы дифференциал –


функция өсімшесінің басты сызықтық бөлігі; 2) техникадағы дифференциал, дифференциалдық механизм –
автомобиль, трактор, т.б. көліктік машиналардың жетекші доңғалағының жетегіне орнатылған механизм. Ол
бір оське орнатылған доңғалақтардың әр түрлі жылдамдықпен айналуына мүмкіндік береді. Машиналарда
конус тісті дифференциал ең көп тараған.
Дифференциалдық есептеу– математиканың туынды мен дифференциалды зерттейтін және оларды
функциялардың қасиеттерін зерттеуге қолданылуын қарастыратын бөлімі.
∆х нөлге ұмтылғанда, функцияның∆y=y1-y0 өсімшесі аргументтің∆x=x1–x0 өсімшесіне қатынасының шегін
(егер ол шек бар болса)y=f(x) функциясының туындысы деп атайды. Ол
fӨ(x)-пен не yӨ-пен белгіленеді,
яғни: Ал f(x) функциясының дифференциалы депdy=yӨdx өрнегін айтады, мұндағы xd=∆x – x аргументінің
өсімшесі. Сөйтіп yӨ= dy/dx. dy/dx қатынасы, көбінесе, туынды белгісі ретінде қолданылады. Туынды мен
дифференциалдық есептеу дифференциалдау деп аталады. Егер
fӨ(x) туындысының тағы бір туындысы
болса, онда ол f(x) функциясының 2-реттік туындысы деп аталып,
f˝(x) не y˝ арқылы белгіленеді, т.б.
Дифференциалдық есептеудің негізгі ұғымдары бірнеше айнымалысы бар функцияларға да қолданылады.
Егер x және y екі айнымалысы бар z=f(x, y) функциясы берілсе, ондау-тің қандай да бір мәнін белгілеп алып,
z -ті х аргументі бойынша дифференциалдауға болады. туындысы z -тің х бойынша алынған дербес
туындысы деп аталады. Осы тәріздес болып туындысы, сондай-ақ жоғары реттік дербес туындылар, дербес
және толық дифференциалдар анықталады. Дифференциалдықесептеудің геометрияда қолданылуы үшін
жанаманың бұрыштық коэффициентін, яғни Ox осі мен
y=f(x) қисық сызығының M(x0, y0) нүктесі арқылы
жүргізілген жанамасының арасында α бұрышының тангенсін білу қажет. Ол функцияның
x=x0 болғандағы
туындысының мәніне, яғниfӨ(x0)-қа тең. Механикада түзу сызықты қозғалған нүктенің жылдамдығы жолдың
уақыт бойынша алынған туындысы ретінде түсіндіріледі.
Дифференциалдық есептеудің дамуы интеграл
дық есептеудің дамуымен тығыз байланысты болып келді.
Олардың мазмұны да бір-бірінен ажыратылмайды.
Дифференциалдық есептеу мен интегралдық есептеу –
жаратылыстану мен техника үшін ерекше маңызы бар математикалық анализдің
негізін құрайды.
Дифференциалдық есептеудіңқұрылуында негізгі алғышарт математикаға айнымалы шамаларды енгізу (Рене
Декарт) болды. Ал жалпы түрдегі дифференциалдық және интегралдық есептеулердің құрылуы 17 ғасырдың
соңындағы Исаак Ньютон мен неміс математигі Готфрид Лейбництің еңбектерінде аяқталды.
Дифференциалдық теңдеулер– ізделінетін функцияны оның әр түрлі ретті туындыларымен (немесе
дифференциалдарымен) және тәуелсіз айнымалылармен байланыстыратын теңдеулер. Дифференциалдық
теңдеулер 17 ғасырдың соңында механика, т.б. жаратылыстану пәндерінің талабына сәйкес интегралдық
есептеу және дифференциалдық есептеумен қатар пайда болды. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер
Ньютонның және неміс математигі Лейбництің) еңбектерінде кездеседі. “Дифференциалдық теңдеулер”
терминін ғылымға Лейбниц енгізген (1676).
Тәуелсіз бір айнымалыға тәуелді бір немесе бірнеше функциялардың туындылары бар дифференциалдық
теңдеулерді жай дифференциалдық теңдеу деп, ал тәуелсіз бірнеше айнымалыға тәуелді функциялардың
дербес туындылары бар дифференциалдық теңдеулерді дербес туындылы дифференциалдық теңдеу деп
атайды. Дифференциалдық теңдеулерге енетін туындылардың реті дифференциалдық теңдеулердің реті
делінеді.
Бір белгісіз функциясы бар 1-ретті дифферен
циалдық теңдеулер депх айнымалысының, y ізделінетін
функциясының және оның туындысының арасындағы мынадай қатысты:
F(x,
айтады.
Егер y, yӨ)=0 (1) теңдеу туындыға қатысты шешілетін болса, онда мынадай теңдеу алынады:
yӨ=f(x, y).
(2)
Ал (2) теңдеу дифференциалдар арасындағы қатыс түрінде былайша жазылады:
dy=f(x, y)dx;
онда соңғы теңдеу:
P(x, y)dx+Q(x, y)dy=0
теңдеуінің дербес бір түрі болып есептеледі (мұндағы
х және y айнымалылары – бір-біріне пара-пар
айнымалылар).
х тәуелсіз айнымалысына тәуелді бір белгісізді функциясы бар
n-ретті дифференциалдық теңдеу былайша
жазылады:
F(x,y,yӨ, y˝,..., y(n–1), y(n))= 0 (3)
Егер:
y=yӨ, y2=y˝, ..., yn-1=y(n–1) (4)
белгісіз функцияларды қосымша енгізсек, онда (3) теңдеуді
n белгісіз функциялары бар 1-реттіn теңдеулер
жүйесімен алмастыруға болады. Осындай жолмен жоғары ретті теңдеулер жүйесі де 1-ретті теңдеулер
жүйесіне келтіріледі.
Дербес туындылы дифференциалдық теңдеу мен дербес туындылы дифференциалдық теңдеу жүйесінің
өзіне тән ерекшелігі – олардың дербес шешімдерін бір мәнді анықтау үшін белгілі бір параметрлердің шекті
сандары мәндерінің берілуін талап етпей, қандай да бір (кез келген) функциялардың берілуін талап ететіндігі.
Мысалы, теңдеуінің жалпы шешімі болып:
u(t, x)=f(x+t)+g(x–t)өрнегі есептеледі, мұндағыf және g – кез келген функциялар. Бұл жерде екі айнымалы
u(x, y) функциясы бір айнымалы кез келген екі
f(z) және g(z) функциялары арқылы өрнектеліп тұр.

ДИІРМЕН

Диірмен – 1) әр түрлі дақылдар дәндерін майдалауға арналған машина. Алғашқыда қолмен не жануарлар
күшімен айналдырылды. Кейіннен су және жел күші пайдаланылды. 19 ғасырдың басында ұн тарту үшін бу
қозғалтқышы пайдаланыла бастады. Қазіргі диірменде жеке процестер мен машиналар, сондай-ақ тұтас
кәсіпорын түгелдей автоматтандырылған; 2) қатты материалдарды ұнтақтайтын машина. Өнімді ірі
бөлшектерге бөлетін ұсақтағышпен салыстырғанда диірмен материалды ұлпалап майдалайды. Кейбір
диірмендер материалды 0,001 – 0,5 мм-ге дейін ұнтақтай алады. Олар химия, құрылыс материалдары, тау-кен,
тамақ, дәрі-дәрмек, т.б. өнеркәсіптерде қолданылады.

ДОЙБЫ

Дойбы – спорт түрі. Дойбыны алпыс төрт (орыс дойбысы) не жүз (халықаралық дойбы) шаршыға бөлінген
тақтада он екі (орыс дойбысы) не жиырма (халықаралық дойбы) таспен екі адам ойнайды. Ойынның мақсаты
– қарсыласының тастарын түгел жою немесе жүріс жолдарын бөгеп тастау. Дүниежүзілік дойбы федерациясы
(FMІD) 1947 ж. құрылған. Оған отыздан астам ел мүше. Дойбы біздің заманымыздан 2500 жыл шамасы
бұрын Мысыр елінде пайда болған. Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік
ережемен ойналады. 1894 ж. дойбыдан (орыс дойбысынан) алғашқы дүниежүзілік чемпионат өтті.
Дүниежүзілік олимпиада 1986 жылдан (халықаралық дойбыдан), дүниежүзілік чемпионат 1984 жылдан
(халықаралық дойбыдан, ал орыс дойбысынан 1985 жылдан) өткізіліп келеді. Қазақстанда дойбыдан ресми
жарыстар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар
шамасында келген. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты пірбай
Кем ақын және олардың
көптеген замандастары дойбыны құмарта ойнаған. Абайдың Жидебайдағы мұражайында ұлы ақынның
дойбысы әлі күнге дейін сақтаулы тұр. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты
өтіп келеді.

ДОМАЛАҚ АНА

Домалақ ана,Н ұ р и л а – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам
қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен
Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда,
оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы
сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық
өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен
ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс
болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады.
Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген
аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма
сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып
тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді. Немересі Дулат Бұхарадан
Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене
там (1456) тұрғызады. Домалақ ана кесенесібірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта
жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12
м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің
арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.

ДОМБЫРА
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Алғаш эпикалық дәстүр
шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй
жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер
жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне,
аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әр түрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға
арналған домбыраның пернелері сегіз – тоғыз, әрі кеткенде он төрт – он беске жетсе, күй домбырасына
жиырмадан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Екі
ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер,
мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ оның көптеген қосымша бөлшектері (тиек, кемер
ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік) бар. Тиегі үш түрлі (шайтан тиек, негізгі
тиек, табалдырық тиек) болады. Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар
тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді кәделі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе
ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу
домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап,
Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы домбыра аспабымен
тікелей байланысты. Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап.
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек
Елебеков, т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді. 1934 ж. Халық
аспаптар оркестрінің (қазіргі Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты
домбыраның прима, альт, тенор, бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді. Домбыра тектес аспаптар Орта
Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар.

ДОМНА ПЕШІ

Домна пеші, д о м н а – темір кентасынан шойын қорытуға арналған шахталық пеш. Ол темір-бетонды
іргетасқа орнатылған көлденең қимасы дөңгелек биік шахта түрінде жасалады. Домна пешінің сыртқы беті
қалыңдығы 30 – 35 мм темірмен тысталған, ішкі беті отқа төзімді материалдармен (жоғары бөлігі шамот
кірпішімен, ал төменгі бөлігі, негізінен, көміртекті болат блоктармен қаланған) астарланған. Пештің ішкі
бетінің балқымауы үшін және пеш қорабын (қаптамасын) жоғары температурадан қорғау мақсатында домна
пешінде суы айналып тұратын салқындатқыштар пайдаланылады. Пештің сыртқы қорабы мен колошниктің
құрылғысы іргетасқа орнатылған бағаналарға бекітіледі. Шихта (кентас, агломерат, кокс, флюс, т.б.) пеш
колошнигіне скиптермен (сусымалы материалдар салынатын ыдыс) беріледі. Ауа үрлеуіш машинадан
шыққан үрлеу пешінің горнына (көрігіне, яғни пештің төменгі бөлігіне) айнала орналасқан қыздырғыштар
(мұнда ауа 1000 – 1200ӘС-қа дейін қызады) мен фурмалық приборлар арқылы жіберіледі. Сонымен қатар
пешке фурмалар арқылы қосымша отын да (табиғи газ, мазут немесе көмір тозаңы) енгізіледі. Қорыту
өнімдері горнның төменгі бөлігінде орналасқан балқыма ағатын науалармен шойын және шлак тасығыш
шөміштерге жіберіледі. Пеште пайда болатын колошник газы пеш күмбезінде орналасқан газ шығарғыштар
арқылы әкетіледі.
Шойын ағатын науаның осі мен кентас тиегіш үлкен конус жиегінің аралығы домна пешінің пайдалы
биіктігі, ал оған сәйкес келетін көлем оның пайдалы көлемі деп аталады. Домна пеші үздіксіз жеті – он жыл
бойы жұмыс істей алады. Қазіргі кездегі домна пештерінің биіктігі жүз метрге дейін жетіп, ал пайдалы көлемі
5000 м3-ден асып, тәулігіне 6000 т шойын қорыта алады. Қосалқы бөліктерін қоса есептегенде домна пеші
күрделі инженерлік құрылыс болып табылады. Домна пештеріне қажетті шикізат – кентастарды ұсақтау,
агломерат жасау, шихтаны тиеу, ауаны қыздыру және оны үрлеу, қорыту процесінің өнімдерін жинау, сақтау,
тасымалдау процестері күрделі механизмдермен, автоматты құралдармен жабдықталған. Қазақстанда
Теміртау қаласындағы «Испат – Кармет» акционерлік қоғамы құрамында төрт домна пеші бар.

ДОҢЫЗ

Доңыз, қ а б а н – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жабайы шошқа. Доңыздың


үш түрі, ал Қазақстанда бір ғана түр тармағы бар. Қазақстанның барлық жерінде таралған. Негізінен, Еділ –
Жайық атырабында, Каспий теңізінің жағалауында, Сыр бойында кездеседі. Қамыс-құрақты қопалар мен
батпақты жерлерді мекендейді. Бірақ доңыз орманды-бұталы, шөлейт аймақтардағы өзен-көл маңынан да
кездесе береді. Олардың саны ауа райының қолайлылығы мен аулану мөлшеріне байланысты жылма-жыл
өзгеріп отырады. Қазақстандағы доңыздардың саны шамамен 12 – 15 мыңдай. Қабандарының дене тұрқы 125
– 175 см, шоқтығының биіктігі 80 – 100 см, салмағы 95 – 200 кг. Мегежіндері кішілеу келеді. Имек келген азу
тістері сыртқа шығып тұрады. Доңыз қорек талғамайды. Әр түрлі өсімдіктермен, жәндіктермен қоректене
береді, өлексені де жейді. Мегежіндері наурыз айы мен маусым аралығында торайлайды. Олар төрт – он
торай туады. Доңыз – кәсіптік аң, еті, терісі, қылы пайдаланылады. Орта есеппен әр доңыз 50 кг ет, 10 кг май,
250 дм2 тері және 0,5 кг қыл береді.

ДОСТОЕВСКИЙ
ФЕДОР

Достоевский Федор Михайлович – орыс жазушысы, Санкт-Петербург Ғылым академиясының


корреспондент мүшесі (1877). Ол 1821 ж. он бірінші қарашада Мәскеу қаласында туған. 1843 ж. Санкт-
Петербург әскери-инженерлік училищесін бітіреді. 1847 жылдан Михаил Петрашевскийдің қоғамына
қатысқаны үшін 1849 ж. қамауға алынып, өлім жазасына кесіледі. Бұл жаза каторгамен ауыстырылып, 1850 –
54 ж. Омбыда айдауда, кейін қатардағы солдат болды. 1854 ж. Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысады, бұл
таныстық Семейдегі кездесулерден соң үлкен достыққа айналды. 1859 ж. Достоевский Тверь, кейіннен Санкт-
Петербург қаласында тұруға рұқсат алады. Өз ағасы Михаил Достоевскиймен бірге 1864 жылға дейін
«Время» (1861 – 63) және «Эпоха» (1864 – 65) журналдарын шығарып тұрды. 1862 – 63 және 1867 – 71 ж. шет
елде болды. 1873 – 74 ж. князь Владимир Мещерский шығарып тұрған «Гражданин» журналының редакторы
болды. Достоевскийдің «Бейшаралар» (1846; қазақшаға 1955 ж. Сәйділ Талжанов аударған) атты алғашқы
романы оның шығармашылық қуатын танытты. Кейінірек, «Қор болғандар мен қорланғандар» (1861), «Өлі
үйден хаттар» (1861 – 62) романдары жарық көрді. Достоевский «Ойыншы» (1866), «Қылмыс пен жаза»
(1866, қазақшаға 1972 ж. Мұхтар Жанғалин аударды), «Нақұрыс» (1868, қазақшаға 1984 ж. Нияз Сыздықов
аударған), «Албастылар» (1871 – 72), «Жасөспірім» (1875). «Ағайынды Карамазовтар» (1879 – 80)
романдарын жазды. Жазушы шығармалары адамның ішкі дүниесіндегі қайшылықты ашып, қоғамдағы
әлеуметтік мәселелерге психологиялық талдау жасайды. «Жазушының күнделігі» (1871 – 81), «Пушкин
туралы сөз» (1880), т.б. әдеби-сын еңбектерінің әлемдік эстетика тарихында алар орны ерекше. Уәлихановпен
достығы туралы Достоевский «Жазушының күнделігінде» жазған, екеуінің жазысқан хаттары сақталған.
Жазушы 1881 жылдың тоғызыншы ақпанында Санкт-Петербург қаласында қайтыс болған. Семейдегі 1857 –
59 ж. тұрған үйінде Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы (1971) бар.

ДУЛАТОВ
МІРЖАҚЫП

Дулатов Міржақып– Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. 1885 ж.
туған. Екі жасында шешеден, он жасында әкеден айырылып, ағасы Асқар Дулатовтың қолында өскен.
Алғашында ауыл молдасынан хат танып, кейін Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, ауылда бала
оқытады. 1904 ж. Омбыға қоныс аударған. Осы қалада Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановпен
танысады. 1905 ж. он жетінші қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарақаралы
құзырхатын дайындаушылардың бірі болды. 1906 ж. Конституциялық демократтар партиясы делегаттары
қатарында Санкт-Петербургке барып, көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады. 1907 ж. Санкт-Петербургте
жалғыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады. Оның тұңғыш өлеңдер
жинағы 1909 ж. «Оян, қазақ!» деген атпен шықты. Бұл кітап қолдан-қолға тарап, аз уақыттың ішінде ақынның
есімі танымал болды. Ресей әкімдері кітапты оқуға тыйым салып, қолға түскен даналарын тәркіледі.
Қызылжарда қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді, сол кезде одан Мағжан Жұмабаев дәріс алады. 1910
ж. Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ басылымдарына,
әсіресе, «Айқап» журналына үзбей мақала жазып тұрады. 1911 ж. маусым айының жетісі күні Семейге
келгенде тұтқындалады да, он тоғыз ай қамауда отырады. 1912 ж. Орынборға келеді. Осындағы қазақ
зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарады. 1913 – 18
ж. «Қазақ» газетінің бас редакторы Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшы қызметінде болады. Алаш
қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде ол 1917 ж. Орынборда өткен Бірінші және Екінші жалпықазақ
сьезіне белсене қатысып, «Алаш» партиясының бағдарламасын жазды. 1920 – 22 ж. Ташкентте «Ақ жол»
газетінде қызмет атқарады, 1922 ж. Алаш қозғалысына қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға
жөнелтіледі де, сонда қамаудан босатылады. 1922 ж. тоғызыншы наурызда Семейде қазақ зиялылары бас
қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі азаматтардан
жылу ретінде мал жию керек деген байламға тоқтайды. Жүсіпбек Аймауытов екеуі осы іске басшылық жасап,
екі-үш айда он бес мың бас ірі қара жиып, ашыққан елді мекендерге жібереді. 1922 – 26 ж. Орынбордағы
Қазақ халық ағарту институтында оқытушы, Қызылжарда, Семейде сот мекемелерінде, Қызылордада
мерзімді баспасөз орындарында қызмет істеген. 1928 жылдың желтоқсанында қамауға алынады. 1930 ж. ату
жазасына кесіліп, кейін оны он жыл абақтыға ауыстырады. Беломор-Балтық каналының құрылысы бойында
Сосновск стансасындағы лагерьде «жазасын» өтейді. 1935 ж. қазан айының бесі күні осы лагерьдің
лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Сүйегі 1992 ж. қыркүйек айының 1 – 18 күндері аралығында
Торғай өңіріндегі өз есімімен аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта жерленді. Дулатов – көрнекті саясаткер.
Ол «Қазақ» газеті бетінде алуан түрлі саяси-әлеуметтік мәселелерді көтереді. Зәбір, зорлық көрген қарапайым
адам құқы мен отарлық езгі тепкісіндегі қазақ елі туралы тынбай жазды. Оқу-педагогтік қызмет – өмір бойы
қаламгердің айрықша көңіл аударған, қолы босаған сәтте ықыласпен айналысқан жұмыстарының бірі. Қазақ
халық ағарту институтында ұстаздық еткен жылдары ол осы саланың өзекті мәселелері туралы өткір
мақалалар жазады, жаңа шаңырақ көтеріп жатқан оқу орындарына арнап оқу құралдарын («Есеп құралы.
Бастауыш мектеп оқушыларына», Орынбор, 1914; 1928 жылға дейін тоғыз рет басылған; 1927 жылы қырғыз
тіліне аударылған; «Есеп құралы. Бастауыш мектепте екінші жыл оқытылатын»; сегіз рет басылған, 1920;
«Қирағат кітабы», 1924) шығарады.
ДҮНИЕ БӨЛІКТЕРІ

Дүние бөліктері– Жер бетіндегі құрлықтардың(төңірегіндегі аралдарымен, ішкі теңіздерімен


қоса) тарихи
қалыптасқан бөліктері. Олар алтау: Азия, Австралия, Америка, Африка, Антарктида, Еуропа. Жер бетін бұлай
бөлу құрлықтарға сәйкес келе бермейді. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір дүние бөлігі, бірақ екі құрлық
болып есептеледі. Ал Азия мен Еуропа Еуразия құрлығын құрайды.

ДҮРБІ

Дүрбі – алыстағы нәрселерді ұлғайтып көруге арналған оптикалық прибор. Дүрбіні бинокль (французша
bіnacle, латынша bіnі – жұп, екі және oculus – көз) деп те атайды. Ол оптикалық осьтері параллель болатындай
етіп бір-бірімен жалғасқан екі көру түтігінен тұрады. Оптикалық сұлбасы объектив (желімделген екі линза
жүйесі) пен окулярдан құралған. Дүрбінің негізгі сипаттамасы – үлкейту, көру өрісі бұрышы және
ажыратқыштық шама. Дүрбіде, объективтің фокаль жазықтығында не оған жақын орналасқан алыстағы
нәрсенің шын, кішірейтілген және төңкерілген кескіні, окуляр арқылы лупа тәрізді қаралады. Кеплер түтігі
типтес көру түтіктері бар дүрбіде де окуляр – жинағыш жүйе әрі ол төңкерілген кескін береді. Сондықтан
тура кескінді алу үшін, объектив пен окулярдың арасына, төңкергіш жүйе орналастырылады, мысалы,
Малофеев – Порро жүйесі екі шағылыстырғыш жақтары бар, бір-бірімен 90Ә бұрыш жасай орналасқан екі
тікбұрышты призмадан тұрады. Мұндай жүйе аспаптың ұзындығын азайтуға да мүмкіндік береді. Дүрбінің
бұл типі, көбінесе, призмалық дүрбі деп аталады (үлкейтуі алты – он бес есе). Ал, Галилей дүрбісі типтес көру
түтіктері бар дүрбінің окуляры – шын кескін жазықтығы алдына орналасқан шашыратқыш линза. Мұндай
дүрбінің көру түтігінің ұзындығы объективтің фокус аралығынан кіші, кескін жорымал әрі тура, құралымы
қарапайым, көру бұрышы шектеулі (үлкейтуі екі – төрт есе, мысалы, театр дүрбісінде) болып келеді.

ДЫБЫС
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын
түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу
органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты
ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын
қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс
9
ультрадыбыс деп аталады. Ал 10 Гц-тен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар
гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау)
нәтижесінде алынатын спектр – дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің
энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті (үзілісті) жиілік
құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы,
ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады. Музыкалық
дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі – дыбыс
биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны – дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі
дыбыс спектрінде форманттар болады. Форманттар – белгілі бір фонетикалық элементтерге сәйкес келетін
жиілік құраушыларының тұрақты тобы. Ішіндегі қысымы не механикалық кернеуі өзгерген денелер (газ,
сұйықтық, қатты) дыбыс көзіне айналады. Практикада қатты денелердің тербелісі түріндегі дыбыс көздері
(мысалы, дыбыс зорайтқыштың диффузоры мен телефонның мембранасы, музыкалық аспаптардың ішектері,
пьезоэлектрлік немесе магнитострикциялық материалдардан жасалған пластинкалар мен стерженьдер) кең
тараған. Ортаның шектелген көлемінің тербелісі де (мысалы, орган түтіктерінде, үрлемелі аспаптарда,
ысқырғыштарда, т.б.) дыбыс көзі бола алады. Адамдар мен жануарлардың дыбыстық аппараты күрделі
тербелмелі жүйеге жатады. Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер)
арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны
есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі
және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс,
т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады.
Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік
шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар
қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен
жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе,
электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон)
пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар
мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас)
тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің
толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі
қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді. Адам өміріне дыбыс толқындарының,
сондай-ақ, оларды зерттейтін ғылым – акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық
сипаттамаларын зерттеу ақпарат берудің (жеткізудің) жетілген жүйелерін жасауға, сигналдау жүйесін
дамытуға, жетілдірілген музыкалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындары су асты
байланысында, навигацияда, локацияда қолданылады. Төменгі жиілікті дыбыс жер қыртысын зерттеудің
негізгі бір әдісі болып есептеледі. Ультрадыбыстың практикада қолданылуы қазіргі техниканың тұтас бір
саласы – ультрадыбыс техникасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі кезде жоғары жиілікті дыбыс
толқындары, әсіресе гипердыбыс, қатты дене физикасында зерттеулер жүргізудің аса маңызды құралы болып
отыр.

ДІН

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты –
адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін
дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша,
рухани жетілу сатысының бірін
ші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы,
қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы
болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Аллаағаланың
Т қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның
қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және
дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді.
Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыст ың жаратылу мақсатын, оның сыр-
сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен
бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері
бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет
ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ
діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей
бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері –
сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау
ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән
емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе
әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен
конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік,
православие және протестанттық конфессиялары, т.б. діннің екі сипаты бар. Төменгісі – сыртқы, ғибадат ету,
ал жоғарғысы – имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да
қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі
мақсаты – бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани
тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы,
тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау,
ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда)
ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар
жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады. Қазақстан Республикасының
Конституциясында азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген.

ЕГИПЕТ

Египет, Е г и п е т Араб Р е с п у б л и к а с ы– Африканың солтүстік-шығыс бөлігі мен Азияның


Синай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001,4 мың 2.км
Халқы 73 млн. адам (2007). Халқының
98%-ы – арабтар. Ресми тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін (көпшілігі мұсылман-сунниттер) ұстанады.
Астанасы – Каир қаласы (13 млн. шамасында). Бұдан басқа ірі қалалары: Александрия, Порт-Саид, Мансур,
т.б. Ел аумағы жиырма жеті мухафазға, олар марказаларға (округ),
марказалар нахияларға бөлінеді. Елді
президент басқарады. Президент алты жылға сайланады. Қазіргі конституция 1971 ж. он бірінші қыркүйекте
қабылданып, 1980 ж. жиырма екінші мамыр күні өткен жалпыхалықтық референдуммен кейбір толықтырулар
енгізілген. Заң шығарушы органы – бір палаталы Халық жиналысы бес жыл сайын қайта сайланып отырады.
Бұған қоса Консультативтік кеңес те мемлекеттегі ең жоғарғы органның бірі болып табылады. Елдің ақша
бірлігі – египет фунты. Ұлттық мерекесі – Революция күні (23 шілде, 1952).
Египет, негізінен, тропиктік шөлді аймақта,
Сахараның шығыс бөлігін ала орналасқан. Ливия, Арабия, Нубия
шөлдері теңіз деңгейінен 300 – 1000 м биіктікте жатыр. Қызыл теңіз бен Суэц каналының маңайындағы тау
қыраттары 2187 м-ге дейін жетеді. Ең биік жері Синай түбегіндегі Катерин тауы (2637 м), Ливия және Арабия
шөлдерінің арасында Ніл өзені (Египет жеріндегі ұзындығы 1200 км, ені солтүстікте – 25 км, оңтүстікте 1 – 3
км) ағып жатыр. Жерінен фосфор, темір кентастары, мұнай, газ, т.б. өндіріледі. Климаты субтропиктік, кейбір
жерлері ауа райы өте тез өзгеретін тропиктік шөл. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстікте 11 –
12ӘС, оңтүстікте 15 – 16ӘС, ал шілде айында солтүстік жағында 25 – 26ӘС, оңтүстігінде 30 – 34ӘС. Елдің
көпшілік бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден аз. Жерорта теңізіне жақын аймақтарда 200 –
400 мм. Жер асты суларына бай. Жері шөл болғандықтан, көбінесе, бұталы өсімдіктер жиі кездеседі.
Египет – адамзат өркениетінің алғашқы бесіктерінің бірі. 395 жылдан бастап қазіргі Египет жері
Византияның қол астына қарады. 640 – 41 ж. халифат әскерлері Византия армиясына күйрете соққы беріп,
гректер сол кездегі ел астанасы Александриядан (Искандария) кетуге мәжбүр болды. 854 жылдан бастап
үкімет билігі түркі тектес әскери басшылардың қолына өтті. Осы кезеңде (8 – 10 ғасырлар) ауыл
шаруашылығы қатты дамып, жаңа дақыл түрлері (мақта, қант қамысы, күріш) өсіріле бастады. Құм астында
қалған Суэц каналы қайтадан іске қосылды. 706 жылдан ресми тіл араб тілі болды.
969 ж. Фатима әулетінен шыққан қолбасшы Жаухар Египетті басып алды. Фатима әулеті 11 ғасырда
күшейіп, Ливияны, Сирияны, Палестинаны, Батыс Арабияны, Мальта, Сицилия, Сардиния, Корсика
аралдарын жаулап алады, әрі Бағдаттағы Аббас әулетімен бәсекеге түсті. Крестшілер жорығы елге көп зиян
келтірді. 1171 ж. түріктер Фатима әулетін биліктен тайдырып, Египетте Салах әд-Дин бастаған Айюб әулеті
(1171 – 1250) үкімет басына келді. Бұдан кейін елді мәмлүк қыпшақтары (1250 – 1517) басқарды. Түркі
билеушілері, әсіресе, сұлтан Бейбарыс (1260 – 77) крестшілерге күйрете соққы беріп, Палестина мен Сирия
жерлерін азат етті. Бұған қоса Бейбарыс Шыңғыс хан ұрпақтары шабуылын тойтарып, елдің тәулсіздігін
сақтап қалды. Мәмлүк сұлтандары алыстағы қыпшақ мемлекеті Алтын Ордамен елшілер алмасып тұрды. Осы
кезеңде елдегі мәдениет те жоғары дәрежеге жетіп, тіл білімі, әдебиет, философия, тарих, математика,
астрономия, география, т.б. ғылымдар дамыды.
15 ғасырдың бас кезінде мәмлүк сұлтандары Әмір Темірдің шабуылын тойтарды. 15 ғасырдың аяқ кезінен
бастап Египетке Осман сұлтандығы қауіп төндіріп, 1516 – 17 ж. елді жаулап алды. 1718 – 98 ж. мәмлүктер
ішкі билікті өз қолдарына алып, Стамбұлға ресми түрде ғана бағынды. Ал 1780 – 90 ж. түрік сұлтандарына
бағынудан бас тартты. 1798 ж. елге Наполеон әскерлері басып кірді.
Көтерілісшілер түрік және ағылшын
әскерлерінің көмегімен 1801 ж. француздарды елден қуып шықты. Ел ішіндегі ішкі тартыстар тоқтамай, 1805
ж. албан жасақтарының қолбасшысы Мұхаммед али өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті
мәмлүктерді жеңіп, іс жүзінде тәуелсіз Египет мемлекетін құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде реформа (жер,
әскер, өндіріс, ағарту ісі, сауда, т.б. салаларда) жүргізді. Еуропалық үлгідегі тұрақты әскер мен теңіз флоты,
орта және жоғары оқу орындары, өндіріс орындары ашылып, Египет қайтадан дами бастады. Мұхаммед али
1820 – 30 ж. Арабияны, Суданды, Палестинаны, Сирияны, Крит аралын, Кіші Азияның бір бөлігін
түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей, Англия, Франция мемлекеттері қолдады. Бірақ 1821 – 29 ж.
болған грек көтерілісін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер Мұхаммед алидің
теңіз флотын талқандап, әскерін Грекиядан шығаруға мәжбүр етті. Кейіннен ол Батыстың көмегімен түрік
сұлтанымен соғысты әрі қарай жалғастырды да, жеңіліске ұшырап, 1840 ж. Суданнан басқа жерлердің
бәрінен айырылды. Елдің әскери күштері қысқартылды, шет ел саудагерлеріне жеңілдіктер беріліп, Батыс
елдері Египетке үстемдік жүргізе бастады. Әсіресе, Суэц каналы салынғаннан кейін (1869) олардың ықпалы
қатты күшейіп кетті. Бірақ 1869 ж. араб тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.
1-дүниежүзілік соғыс басталғанда ағылшындар Египетке билеуші етіп Хусеин Камилді отырғызып, оған
сұлтан деген лауазым берді. Соғыс қажетіне қара жұмысқа бір миллон Египет тұрғындары алынды. 1936 ж.
тамызда жаңадан ағылшын-египет шарты жасалынып, елдің тәуелсіздігі нығайтылды және Египет Ұлттар
Лигасына қабылданды. 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Англияның ықпалынан шығу үшін кейбір
топтар Германиямен жақындаса бастады. Осыған байланысты үкімет елде әскери тәртіп орнатты. Көп ұзамай,
Италия және Германия әскерлері Египетке басып кірді, бірақ 1942 ж. қазан – қараша айларында ағылшындар
оларға әл-Алемейн түбінде күйрете соққы беріп, Ливияға шегіндірді. 1945 ж. ақпанда Египет Германияға
соғыс жариялап, наурыз айында Ег
ипет үкіметінің ұйымдастыруымен Араб мемлекеттері лигасы құрылды.
1945 ж. шілдеде Египет БҰҰ-ның мүшелігіне өтті. Соғыстан кейін 1948 – 49 ж. басқа да араб мемлекеттерімен
одақтасқан Египет Израильге соғыс жариялап, жеңіліске ұшырады. 1956 ж. ағылшын әскерлері Египет жерінен
шығарылды да, жиырма үшінші маусым күні жаңа конституция қабылданды. Египет Суэц каналын мемлекет
меншігіне алды. Англия, Франция, Израиль үштігі Египетке соғыс ашып, тәуелсіздігіне қауіп төндірді. КСРО,
басқа да социалистік елдер Египетті қолдап, Азия мен Африканың халықтары ынтымақтастық білдірді.
Үштіктің шабуылы сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін Египет социалистік елдермен тығыз қарым-қатынас
орнатып, КСРО Асуан бөгеті мен электр стансасын, басқа да кәсіпорындар салуға көмек берді. 1967 ж. бесінші
маусым күні Израильдің шабуылына тап болған Египет, Сирия, Иордания алты күн ішінде тас-талқан болып
жеңіліп, біраз жерлерінен айырылды. Синай түбегін Израиль басып алды, Суэц каналы қиратылып, 1975 жылға
дейін жабылды. 1973 ж. алтыншы – жиырма екінші қазан аралығында Египет әскерлері шабуылға шығып, Суэц
каналының шығыс жағалауын қайтарып алды. 1978 ж. Кэмп-Дэвид келісімі, 1979 ж. наурызда Египет – Израиль
бейбіт келісімі жасалынды. Египет пенҚазақстан Республикасы арасында дипломатиялық
қарым-қатынастар
1992 ж. орнаған.
Жерінің 5%-ға жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Азық-түлік тауарларымен халық 40% ғана
қамтамасыз етілген. Қалғаны сырттан әкелінеді. Жоғары сапалы мақта шығарудан Египет дүние жүзінде
бірінші орын алады. Ауыл шаруашылығында бұдан басқа бидай, жүгері, күріш, ет өндіріледі. 1997 жылдан
шөл даланы игеру жүзеге асырылуда. Өнеркәсібінің негізгі салалары: мұнай шығару, мұнай өңдеу, тамақ,
тоқыма өнеркәсібі, металлургия.

ЕГУ

Егу, в а к ц и н а ц и я – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік


қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын
әдіс. Бұл термин алғашында нағыз шешектен сақтану үшін қолданылды.
Жұқпалы ауруларға қарсы тірі
қоздырғыштардан дайындалған вакцина қолдану тәсілі ерте заманнан бері белгілі. Мысалы, Қытайда біздің
заманымыздан бұрынғы 11 ғасырда дені сау адамдардың танауына шешекпен науқастанған адамның іріңді
қабыршағын салатын болған.Үндістанда теріні сызаттап, сол жерге шешек қабыршағын ысқылаған, Грузияда
шешек іріңі жұқтырылған инемен теріні шаншып егетін болған. Еуропада мұндай әдісті 17 ғасырдың аяғына
дейін қолданып келген. Бірақ егудің мұндай әдісі ауыр асқынулармен аяқталып, кейде өлімге де әкелген, ал
егілген адам айналасындағыларға жұқтырушы болған. 1796 ж. ағылшын дәрігері Эдуард Дженнер шешекке
қарсы вакцина тапқанын жариялады. Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар: 1) міндетті егу –
балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын
әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы; 2) жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын
немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы; 3) эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты
аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері
астына, бұлшық етке) атқарылады. Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар
(мысалы, шешек) жойылды.

ЕГІНШІЛІК

Егіншілік – 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау
тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 – 1 мыңжылдықтар), сақтардың
(біздің заманымыздан бұрынғы 9 – 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың,
түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік –
диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1
миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі
Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді.
Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі
дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор
стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды.
Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда
өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан
(тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174
ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және
тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес – алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн.
гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде
егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ
құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және
ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің
интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру,
тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін
арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ
егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді
дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты
аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант
қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік
дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау
баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су
эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ
құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым
ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа
механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу,
егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау
мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.)
тығыз байланысты.

ЕДІЛ

Еділ, В о л г а (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 3530 км,
2
су жиналатын алабы 1360 мың км . Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий
теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта
ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады.
Өзен қар суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен толығады. Көктемде (сәуір –
маусым) тасиды, жазда және қыста суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды.
Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының кәсіптік маңызы бар. Аса
маңыздылары: торта, майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр. Өзенді электр
энергиясын өндіруге, көлік қатынасына, жер суаруға және суландыруға пайдаланады. Өзен суы Еділ-Жайық
аралығындағы бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар жерді суландыруға мүмкіндік
береді. Өзенде кеме қатынайды. Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон каналы арқылы
Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. Аса маңызды өзен порттары: Тверь, Рыбинск, Ярославль,
Кинешма, Нижний Новгород, Чебоксар, Қазан, Ульяновск, Тольятти, Самара, Саратов,
Волгоград, Астрахан.

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ

Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің
заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық
байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара
соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер
мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі
анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия
мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті
(шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы
мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір
сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия,
Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста
шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп
ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы
1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара
және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен
әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр
Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы
кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды
Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп,
Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим
Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің
заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді.
3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық
және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан
германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан
ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим
қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс
Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.

ЕМЕН

Емен – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма –
сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз
жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы
Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт
жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы
кездеседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі.
Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан
тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз,
қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз
гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына
шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ.
Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай,
олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы
ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

«ЕҢЛІК – КЕБЕК»

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға
болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 ж. «Дала уалаяты» газетінің
отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз»
деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы
белгілі. Оның біріншісі – 1912 ж. Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай
ұсынған тақырып бойынша Шәкерім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі –
Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкерім нұсқасы 1988 ж. қайта жарық көрді. Бұл поэма
652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 ж.
Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 ж. баспадан шығарылған «Дастандар» деген
жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған.

ЕРТЕГІ

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни
фольклорлық көркем проза. Ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп,
әрлеп баяндау. Ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге
тырыспайды. Ертегі жанрының түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер,
хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген
белгілерін бойына сіңірген. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар
(жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая
туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге айналады. Ертегіде қиял мақсатты түрде
пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады. Ертегінің поэтикасы мен композициясы
көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама,
әдетте өлең, немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып,
тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын,
оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып,
мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Сюжеттері тек
қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың
біразы тарихи-генетикалық, яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс
нәтижесінде тараған.

«ЕР ТӨСТІК»
«Ер төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. «Ер Төстікте» ерте дәуірдегі халықтың мифтік
танымы, ырымдары мен әдет-ғұрыптарының бәрі бар: Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі.
Жылан Бапы ханның жұмсауымен Төстіктің Темір хан еліне барып, онда қалыңдықты алу үшін сайысқа түсуі,
осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – қиял-ғажайып ертегінің
заңдылығы. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше
түрлі сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет қылатын қасиетті жануар. Ал жер астында Төстікке
дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты кейіпкерлер – ертедегі адамдардың мифтік түсінігі
бойынша, желдің, таудың, судың «иелері».

ЕР-ТҰРМАН

Ер-тұрман– атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. Ер-тұрманға ерден басқа тоқым,
желдік, тебінгі, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, тартпа, айыл (төс айыл, шап айыл), өмілдірік, құйысқан, жүген,
шылбыр, тізгін, ат көрпе, көпшік, пыстан, кежім, қамшы, шідер, тұсамыс, кісен, қанжыға жатады. Әйелдерге
арналған ер-тұрман (тоқым, үзеңгі, үзеңгі бау, таралғы, ноқта, жүген, сулық, айыл, өмілдірік, құйысқан,
пыстан, шеттік, сауырлық, салпыншақ) әшекейленеді. Ерлерге арналған ер-тұрман жеңіл, ықшам, көбінесе
мүйіз, сүйекпен, әшекейленеді. Ер-тұрман «ер-тоқым» деп те аталады.

ЕРТІС

Ертіс – Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы. Қазақстан жерінде
Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан
2
жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Найрамдалы тауынан)
алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай
Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.
Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер
асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын,Тарбағатайдың солтүстік-батыс
баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын,Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін
қамтиды. Қазақ жерінде Ертіс ағынын
Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды
даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының
биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық
аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді,
осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге
жетеді. Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары – Есіл, Тобыл, Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім, Үлкен
Бөкен, Қалжыр, Нарын, Алқабек, Ұлан, Қайыңды; Ресей аумағындағы салалары – Вагай, Конда, Омь, Тара,
Демьянка. Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен,
Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды
каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды. Қазақстан аумағындағы
ірі айлақтары мен қалалары – Өскемен, Семей, Павлодар; Ресей аумағында Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск.
Су энергетикалық қорына бай: жылына 30 млрд. кВт/сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіншілік бар. Өзенде
сүйрік, сылан, шортан, алабұға, елең, т.б. балықтар бар. Сазан, табан, көксерке және Байқал омулі
жерсіндірілген.

ЕСЕК

Есек – жылқы туысына жататын сүтқоректі тақ тұяқты жануар. Жабайы африкалық есектен шыққан. Қолға
бұдан бес – алты мың жыл бұрын үйретілген. Дене бітімі шымыр, шоқтығына дейінгі биіктігі 1 – 1,2 м, түсі
қоңыр, күңгірт, азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есектің айғырын әңгі, биесін мәші,
құлынын қодық деп атайды. Жабайы есек үйірлері Африкада (Сомали, Эфиопия) тіршілік етеді. Оның әр
үйірінде бір әңгі, бір – екі жасар қодығын ертіп жүретін бес – алты мәші болады. Жабайы есекті Сомали есегі
және Нуби есегі деп аталатын екі түр тармаққа бөледі. Әр түрлі жабайы есектерді қолға үйреткеннен кейін
ұзақ уақыт сұрыптау және оларды бір-бірімен будандастыру арқылы күш көлігі ретінде тиімді тұқымдары
(Иранда хомад, Испанияда каталон, Орта Азияда бұқар) шығарылды. Есек үш жасында жетіледі. Көктем, жаз
айларында үйірге түсіп, 12,5 ай көтеріп, бір қодық туады. Қодығын алты ай сүтімен қоректендіреді. Есек он
сегіз – жиырма жыл тіршілік етеді. Жылдан-жылға санының күрт азаюына байланысты Халықаралық табиғат
қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

ЕСІЛ
Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары
және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді. Жалпы ұзындығы 2450 км, су жиналатын алабы 177
мың км2. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1607 км. Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі Нияз тауының батыс
беткейінен басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Көкшетау
қыратын батыс жағынан айнала ағып, үлкен иін жасайды, осы тұста өзеннің арнасында шоңғалдар кездеседі.
Одан әрі өзен Батыс Сібір жазығына шығып, Есіл жазығындағы кең жайылмамен (ені 5 – 8 төменгі
км),
ағысында батпақты (Имгыт батпағы)жерлермен ағады. Басты салалары: оң жағынан – Қалқұтан, Жабай,
Аққанбұрлық, Иманбұрлық, сол жағынан – Терісаққан. Есіл қар және жер асты суымен толығады. Қарашаның
басында қатып, сәуір – мамырда мұзы ериді. Есіл елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға
кеңінен пайдаланылады. Петропавл қаласынан жоғары 270 км-ге дейін және Викулово селосынан сағасына
дейін кеме жүзеді. Есілде Сергеев бөгені және Вячеслав бөгені салынған. Есіл алабында Есіл су құбыры
жұмыс істейді. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, шортан, алабұға бар. Өзен бойында Астана, Есіл,
Державинск, Петропавл (Қазақстанда), Ишим (Ресейде) қалалары орналасқан.

ЕУРАЗИЯ

Еуразия – Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Ауданы 53,4 млн. 2км


(бүкіл құрлықтардың 37%-ы), оның 2,75
млн. км2-ге жуығы аралдар. Еуропа мен Азиядан тұрады, арасындағы шартты шекара – Орал тауының шығыс
етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның
сағасына өтеді. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азияға бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі
түсінік.
Жерінің үштен екісі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгма (8848 м)
осы Еуразия құрлығында орналасқан. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш,
Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы
Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары
мыңдаған километрге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-
Ганг.
Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың
біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Араб түбегі –
Жер шарындағы ең ыстық (абсолюттік максимум 53ӘС) аудандардың қатарына жатады. Шығыс Үндістанда
ең көп жауын-шашын (жылына 12000 мм) түседі.
Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері: Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ,
Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд, Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі
ең аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор көлдерінің алабы)
орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы судың бестен бірі шоғырланған.
Еуразия – Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың төрттен үші).
Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Азияның кейбір
аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 2км
жерге 1000 – 1500 адамнан келеді. Солтүстік
Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық және Батыс Азияның шөлді
аудандарында халық өте сирек.
Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Қазіргі кезде де әлемдегі жетекші
мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан.

ЕУРОПА

Еуропа – Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Аумағы 10 млн.2-ге
км жуық, халқы
826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Еуропаға
(грекше Europa, семит тілінің «эреб» – «батыс» сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы
жерлер осылай аталған) кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың2. км
Ірілері: Жаңа Жер
аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит,
т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының
төрттен бірін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым
түбектері.
Еуропада жазықтар мен ойпаттар және қыратты жерлер басым. Жер аумағының 60%-ға жуығы теңіз
деңгейінен 200 м-ге дейінгі ойпаттардың, 24%-ы 200 м-ден 500 м-ге дейінгі қыраттардың, 10%-ы 500 м-ден
1000 м-ге дейінгі үстірттер мен таулы үстірттердің, 6%-ы 1000 м-ден жоғары таулардың үлесіне тиеді.
Еуропаны кемінде төрт рет мұз басты. Ең үлкен Днепр мұз басуы кезінде Скандинавиядан тараған қалың мұз
қабаты Киев, Харьков, Волгоград қалалары тұрған жерге дейін жетті. Соңғы Валдай мұз басуы шамамен бұдан
он мың жыл бұрын аяқталды.
Еуропаның көпшілік жерінің климаты қоңыр
жай. Шығыс бөлігінің климаты континенттік.
Қаңтар айының
орташа температурасы арктикалық аралдарда – 24ӘС, оңтүстігіндегі субтропиктік белдеулерде 12ӘС.
Маусым айындағы температура арктикалық аралдарда 3ӘС-тан, оңтүстігінде 29ӘС-қа дейін өзгереді.
Еуропаның көпшілік бөлігінде жауын-шашын, негізінен, жылдың жылы мезгілдерінде жауады және ол
батыстан шығысқа қарай азая береді. Жерорта теңізінде және оның жағалауларында жауын-шашын қыс
айларында жауады. Ірі өзендері: Дунай (Еуропадағы ең ұзын өзен), Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина,
Рейн, Висла, Эльба, Одра (Одер), т.б. Олардың барлығында дерлік кеме жүзеді.
Еуропа көлдерінің басым көпшілігі дүниежүзілік туризмнің көрнекті орындары және әлемдік маңызы бар
демалыс-сауықтыру орындары саналады. Сонымен қатар Еуропа жерінде отыздан астам аса ірі және екі
мыңнан астам шағын бөгендер салынған.
20 ғасырдың соңғы онжылдығында Еуропаның саяси-әкімшілік бөлінісінде үлкен өзгерістер болып өтті.
КСРО, ЮСФР-дің ыдырауына байланысты бір топ жаңа мемлекеттер пайда болды. 2001 жылдың басында
Еуропада мынандай мемлекеттер болды: Австрия, Албания, Андорра,
Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния
және Герцеговина, Ватикан, Венгрия, Германия, Грекия,
Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия,
Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Монако,
Нидерланд, Норвегия, Польша,Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Түркия,
Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция,
Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония,
Югославия.

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ

Еуропалық одақ (ЕО)– халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Еуропа территориясында
орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия,
Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва
елдері мүше болды. Еуропалық одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей
еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп
айқындалған. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия,
Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп
айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ)
валютасын енгізді. Еуропалық одақтың жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық
парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.
Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында
Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен
Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге
қол қойылды.
ЕШКІ

Ешкі – мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар. Үй ешкілерінің
бастапқы тегіне ешкілердің жабайы екі түрі (безоар ешкісі, иір мүйізді ешкі), сондай-ақ жойылып кеткен C.
prіsca түрі жатады. Ешкі – қолға алғаш үйретілген жануарлардың бірі. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі
жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкінің сүтті (мегрель,
заане, орыс ешкілері), жүндес (ангор ешкі), түбітті (придон, орынбор, башқұрт ешкілері), сүтті-етті жүндес
(өзбек, қазақ-қырғыз, кавказ, бурят-моңғол ешкілері) тұқымдары бар. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді.
Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60 – 65 кг-ға дейін,
ешкісі 40 – 60 килограға дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан
12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450 – 550 кг, кейбір шаруашылықтарда 1 т-ға дейін сүт
береді. Сүтінің майлылығы 3,8 – 4,5%. Жүндес тұқымды ешкі қылшығының ұзындығы 15 – 18 см болады.
Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4 – 6 кг,
ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі терісінен сафиян,
шевро сияқты бағалы былғары жасалады.

Вам также может понравиться