Вы находитесь на странице: 1из 2

ӘОЖ 338.

124
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ

Сандыбаев А. - Эф-21 5К-2 тобының студенті


Абишова А.У. – э.ғ.к., доцент

Covid-19 пандемиясы Қазақстан экономикасына едәуір әсерін тигізді. Оның салдарынан


елімізде мыңдаған кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін тоқтатты. Шамамен 1,6 млн адам ақысыз
демалысқа жіберілді. 42 500 теңге жәрдемақыны 4,5 млн адам алды.
Зерттеушілердің мәліметі бойынша, 2020 жылдың соңғы бес айында мемлекеттік бюджеттің
шығындары түсімдержен шамамен екі есе артты. Бұл елдің экономикасында болып жатқан
оқиғалардың айқын индикаторы. Бұл тіпті Ұлттық қордан жасалған трансфертті ескермегендегі
жағдай. Ал трансферттер де едәуір өсті. Елімізде 1 миллион субъект пандемиядан зардап шекті.
Банктерден несие алған 14 мың субъект кредитті қайтару мерзімін кейінге шегеруді сұрады. Шағын
және орта бизнестен басқа компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған жоқ.
Салықтық түсімдердің 80%-ын қалыптастыратын, еңбекке қабілетті тұрғындардың 50-60% еңбек
ететін ірі бизнеске ешбір қолдау көрсетілген жоқ [1].
Мемлекетіміз мұндай жағдайда түрлі қолдау шараларын іске асыруда. Бұл шаралар шағын
және орта бизнесті несиелендіруге, несиелік төлемдерді тоқтата тұруға, валюталық интервенциялар,
агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, ШОБ салық төлемдерін кейінге қалдыруға бағытталған.
Егер ЖІӨ-нің ай сайынғы өзгерісін алатын болсақ, сәуір айында біршама құлдырау байқалған.
Еліміздің экономистерінің мәліметінше, көрсеткіш өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 8,3%-
ға құлдырады. Бұдан кейін Қытай, АҚШ, Европа елдеріндегідей v-пішіндес қалпына келу байқалған.
Алайда карантинді екінші мәрте жариялағаннан кейін, Қазақстандағы экономикалық белсенділік
сәуір айындағыдан да әжептәуір құлдырады. Шілде айында бұл 11%-ды құрады. Тамыз айында бұл
құбылыс одан әрі жалғасады деп күтілуде. Соның салдарынан енді v-пішіндес қалпына келуді
күтудің қажеті жоқ. Ең жақсы дегенде экономика WW траекториясымен қалпына келеді деп
болжанып отыр [2].
Сауда, транспорт, басқа да қызмет түрлері біршама зардап шекті. Экономиканың бұлайша
құлдырауына транспорт және сауда саласында қосылған құнның төмендеуі қысым түсірген. Жылдың
бірінші жартысында транспорт саласы шамамен 15% құлдыраған. Сауда саласы да 11% деңгейінде
тарихи құлдырауды басын кешіріп отыр. Әсіресе Алматы секілді сауда айрықша маңызды рөл
атқаратын өңірлердің экономикасы біршама әлсіреді.
Өнеркәсіп, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі мен мұнай сервисі саласындағы құлдырау
жағдайды тіптен ушықтыра түсуде. Бұл ОПЕК плюс келісім-шартының шеңберінде мұнай өндіру
көлемінің төмендеуіне байланысты болып отыр.
Осындай ахуалда ел экономикасын тек құрылыс саласы ғана аздап алға сүйреп келеді.
Локомотив ретінде ол еліміздің бүкіл өңірлерінде экономикалық белсенділікті демеп отыр. Бірақ ол
да баяулайтын түрі бар. Көрсеткіш сәуірдегі 11%-дан шілде айында 6%-ға дейін төмендеді. Күн
суытқанда құрылыс жұмыстары тоқтатылуына байланысты бұл көрсетіш одан әрі баяуламақшы.
Қазіргі уақытта өсім тек байланыс пен интернет саласында ғана байқалуда. Ел
экономикасындағы үлесі төмен болса да, бұл сала 11% өсім қарқынын көрсетуде. Пандемия кезеңінде
белсенділік сақталуына байланысты бұл сала әлі де өседі деп күтілуде.
Үй шаруашылықтарының тұтынуы төмендеуіне байланысты импорт та азайды. Бірақ, бір
байқалып отырғаны, экспорт импорттан да жылдамырақ төмендеуде. Осындай жағдайда жылдың
екінші тоқсанында экспорт шамамен 2 млрд долларға азайған. Ал қалыпты жағдайда орта есеппен
бұл көрсеткіш бір тоқсанда шамамен 4- 5 млрд долларды құраған.
Ағымдағы сәтте өсім көрсетіп отырған жалғыз компонент - мемлекеттік шығыстар. Өткен
жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда биылғы жылдың бірінші жартысында мемлекеттік
бюджеттің жалпы шығыстары 24%-ға өсті. Яғни, үкімет экономикалық құлдырау байқалған кезеңде
контрциклдік саясат жүргізіп отырғанын білдіретін жақсы көрсетіш. Үкімет мемлекеттік
шығыстардың көлемін азайтпауға тырысып бағуда. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге,
былайша айтқанда, мемлекеттік сатып алулар көлемі 14% деңгейінде қалып отыр.
Бірақ бұл өсімнің бюджеттің параметрленіе қалай әсер ететіні басқаша мәселе. Әзірге
бюджеттің тапшылығы 3-4%-дан асқан жоқ. Олжас Төлеуовтың айтуынша, бұл біздің қарыз алмай, өз
қаражатымызды, Ұлттық қордың қаражатын пайдаланып отырғанымызды айғақтайтын көрсетіш. Бұл
осы сәттегі дұрыс шешім болып табылады [2].
Ғазиз Сейілхановтың айтуынша, бұл ақша расымен жұмсалғанын, экономиканы
ынталандырғанын көрсеткенімен, осы шаралар тиімді болмағанын білдіреді. Өйткені, осындай
қордан жұмсаған қаражат ЖІӨ-нің артуына әкелуі және көрсеткіштердің арақатынасы біршама аз
болуы керек еді. Бұл үкіметті қысқа мерзімді шаралармен шектелмеуге шақыруға итермелеп отыр.
Экономистің пікірінше, "елімізде орта кәсіпорындар өспей қалды. Ал шағын және орта бизнес орта
бизнес деңгейіне көтеріле алмады. Мемлекеттік қызметтегілердің техникалық және басқа да
біліктілігі төмен деңгейде қалып қойды. Үкімет пен нақты сектордың арасында шыңырау жатыр.
Болжамдар орындалуы үшін тұрақтандырғыш фактор керек. Қазақстан экономикасын
Халықаралық валюта қоры -2,7%, Дүниежүзілік банк -3%, Азия даму банкі -2,5%, Standard & Poor’s -
2,7% өседі деп болжаған. Ал біздіңше, минус 4-5% өсім күтілуде. Оған себеп, сұраныс және ұсыныс
екеуінің тарапынан да шок қалыптасып отыр. Басқаша айтсақ, өнім өндіре алмай, ал өндіргенімізді
сатып ала алмай отырмыз. 2021 жылы бүкіл елдерде кері секіріс (отскок) күтілуде. Яғни, N пайызға
құлдырау болса, N пайызға қалпына келу болмақ. Бірақ құлдырау жалғасады деген болжам бар.
Қазіргі пандемияны тек испан тұмауымен ғана салыстыруға болады. Ол кезде 4-5 толқын болған. Ол
барлығы екі жарым жылға созылды. Тіпті ең реалистік сценарий кезінде де 2021 жылы кері секіріс
болады, бәрін ұмытып, бәз баяғыдай қалпына келеміз деуге негіз жоқ. Экономиканы мүлдем
бұғаттауға мәжбүрлемейтін техникалық және психологиялық тұрақтандырғыш фактор керек. Ол
вакцина. Егер ол пайда болса ғана болжамдар шындыққа айналуы мүмкін. Ондайда Қазақстанда - 3 -
4%, ал әлем бойынша 2,5% өсім болуы мүмкін.

Әдебиет

1. Коронавирус пандемиясының Қазақстан экономикасына әсері қандай? Сараптама.


https://informburo.kz/kaz/koronavirus-pandemiyasyny-azastan-ekonomikasyna-ser-anday-saraptama.html
2. Пандемия мен экономика жекпе-жегінде кім жеңеді? https://egemen.kz/article/278010-pandemiya-men-
ekonomika-dgekpe-dgeginde-kim-dgenhedi

Вам также может понравиться