Республиканский оргкомитет
Республикалық лингвистикалық іріктеу олимпиадасының аудандық
турын өткізу жөніндегі нұсқаулық
1. Қатысушылар 1 кабинетте отырғызу қажет;
2. 1,5 метр арақашықтықты сақтай отырып, кабинетте үстелдерді
орналастыру;
3. Барлық қатысушылар жеке басын куәландыратын құжаттармен тексерілуге
тиіс;
4. Тапсырмалар жауапты қызметкердің электронды мекен-жайына тур
басталғанға дейін 30 минут бұрын тур өткізілетін күні жіберіледі;
5. Тур сағат 10.00-де басталады (Батыс өңірлер 09.00-де!)
6. Турларды өткізу нысанын (онлайн/офлайн) өңірлік ұйымдастыру комитеті
анықтайды.
7. Барлық тапсырмаларды шешуге – 3 астрономиялық сағат беріледі;
8. Қатысушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
ұсынған жауап парағында тапсырмаларды орындайды, жауап парағы
тапсырмалармен бір уақытта жауапты тұлғаға жіберіледі;
9. Әрбір жауап парағы нөмірленіп, шешілетін есептің нөмірін қойып,
қатысушының аты-жөнін жазу керек.
10. Алынған жауаптар дәлелді болуы керек. Тіпті дұрыс жауап негізсіз
берілсе, төмен бағаланады;
11. Есептердің шарттарын қайта жазуға болмайды;
12. Әр есепті жеке жауап парағында шешіңіз.
13. Жұмысты тексеру үшін өңірлік ұйымдастыру комитетінің қазылар
алқасының мүшелері тартылады;
14. Әр турдың соңында 2 күнтізбелік күн ішінде турдың хаттамасын және
қатысушылардың тізімін келесі нысанда жіберу қажет: