Вы находитесь на странице: 1из 8

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАҚ

СӨЖ
Электр өрістерінің суперпозиция принципі. Диполь өрісі.

Орындаған: Азымқанова Елназ


Тобы: Ф-201 1 группа
.Тексерген: Рахимбердина А.Т
Семей, 2024 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
2. Электр өрісінің кернеулігі
3. Электростатикалық өрістің суперпозициялық принципі. Диполь.
4. Электр өрісінің суперпозиция принципі
5. Электр өрісінің потенциалы
6. Қорытынды
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Кіріспе
Электростатика деп тыныштықтағы электрлiк зарядталған денелердi
зерттейтiн электродинамиканың бөлiмiн айтады. Электр заряды (электр
мөлшерi) q – дененiң қасиетiн немесе бөлшектердiң электромагниттiк өзара
әсерлесуiн және бұндай өзара әсерлесудiң қарқындылығын анықтайтын
шама. Электр зарядының шартты түрде оң және терiс деп аталатын екi түрi
бар. Аттас заряды бар денелер бiр-бiрiнен тебiледi, ал әр аттас зарядтары бар
денелер – тартылады.
Электр зарядтарын ылғи да тасушы болып элементар бөлшектер және
антибөлшектер табылады. Мысалы, протон және антипротон, электрон және
позитрон. Антибөлшектер массасы – сәйкес бөлшектердiң массасына тең
және электр заряды терiс. Бөлшектердiң антибөлшектермен бiрiккенде
аннигиляцияға (өзара жоюға) ұшырайды. Бұл кезде Эйнштейн формуласы
бойынша масса энергияға айналады E=mc2, мұнда Е – энергия, m – бөлшектiң
массасы, c – жарық жылдамдығы. Ешқандай электр зарядын иеленбейтiн
бөлшектер болады, мысалы, нейтрон, нейтрино. Бiрақ бөлшексiз электр
зарядының болуы мүмкiн емес.
Электр өрісінің кернеулігі
Зарядталған денелердің өзара әсерлесу күштері электр өрісі арқылы
беріледі. Қозғалмайтын зарядтардың электр өрісін электростатикалық өріс
деп атайды. Электр өрісін сандық сипаттау үшін электр өрісінің кернеулік
векторы енгізілген.
Электр өрісінің кернеулігі электр өрісінде орналасқан нүктелік зарядқа
әсер ететін күштің осы зарядтың шамасына қатынасына тең болады:
Өлшем бірлігі:
Кернеулік векторының бағыты оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен
бағыттас болады. Электр өрісінің кернеулік векторы электр өрісінің күштік
сипаттамасы болып табылады, яғни электр өрісінде орналасқан бірлік оң
зарядқа әсер ететін күшті анықтайды. Барлық нүктесіндегі кернеулік
векторының бағыты мен шамасы бірдей болатын электр өрісін біртекті электр
өрісі деп атайды. Электр өрісіне енгізілген зарядтарға өріс тарапынан әсер
ететін күш

Вакуумдегі нүктелік зарядтың тудыратын электр өрісінің кернеулігі:

Зарядталған дене нүктелік болмаған жағдайда зарядталған денелерді


келесі үш топқа бөлуге болады:
1. Сызықтық зарядталған дене

Ұзындығы дене бөлігінің тудыратын электр өрісінің кернеулігі:

ұндағы:
Зарядтың сызықтық тығыздығы-

Сызықтық зарядталған дененің толық электр өрісінің кернеулігі:

2. Беттік зарядталған дене


Ауданы дене бөлігінің тудыратын электр өрісінің кернеулігі:

Зарядтың беттік тығыздығы-

Беттік зарядталған дененің толық электр өрісінің кернеулігі:

3)Көлемдік зарядталған дене

Көлемі дене бөлігінің тудыратын электр өрісінің кернеулігі:

Заттың көлемдік тығыздығы-


Көлемдік зарядталған дененің толық электр өрісінің кернеулігі:

Электростатикалық өрістің суперпозициялық принципі. Диполь.


Бірнеше q1,q2,q3……qn зарядтардың бір сынақшы q0 заряд тұрған
нүктесіндегі өрістің кернеулігі, сол нүктедегі әрбір зарядтың кернеулігінің

геометриялық қосындысына тең.

осыны өрістің суперпозициялық принципі дейді. Басқаша айтқанда


кеңістіктің бір нүктесінде бірнеше өріс кездессе, олардың бір–бірімен
беттесуін (қосылуын) айтамыз. Бұл принцип барлық өрістерге тән қасиет.
Шамалары жағынан тең, таңбалары қарама-қарсы екі заряд системасын
электрлік диполь дейді. L-Дипольдің өсі.

Диполь моменті. Мұндағы L-дипольдің иіні делінеді. Электр өрістерінің


суперпозиция немесе қабаттасу принципі зарядтардың кез келген жүйесінің
өріс кернеулігін есептеп табуға мүмкіндік береді.Өрістің суперпозициялық
принципі бойынша дипольдің айналасындағы кез-келген нүктедегі дипольдің

өрісінің кернеулігі.
Оның оң және теріс зарядтарының сол нүктедегі кернеуліктерінің
қосындысына тең.

Электр өрісінің суперпозиция принципі


Қозғалмайтын N нүктелік зарядтардан тұратын электрлік жүйені
қарастырайық. Тәжірибелер көрсеткендей, зарядтар жүйесіндегі бір зарядқа
әсер ететін қорытқы күш оның әрбір жеке зарядпен әсерлесу күштерінің
геометриялық қосындысына тең болады
Мұндағы

Бұл алынған формула электр өрісінің суперпозиция принципін өрнектейді.


Қозғалмайтын N зарядтан тұратын электрлік жүйенің тудыратын
қорытқы электр өрісінің кернеулігі жеке зарядтар тудыратын электр
өрістерінің кернеуліктерінің геометриялық (векторлық) қосындысына тең
болады.

Электр өрісінің потенциалы

Нүктелік зарядтың электростатикалық өрісі центрлік болып табылады.


Сол себепті электростатикалық өріс потенциалды өріс болып
табылады.Электростатикалық әсерлесу күшінің тұйық траекториядағы
атқаратын жұмысы нольге тең болады.

-зарядының электр өрісінде -заряд 1-нүктеден 2-нүктеге орын ауыстырсын


(сурет). Осы жағдайдағы электр өрісінің атқаратын жұмысын анықтайық.

Осы екі формуланы салыстыра отырып, алатынымыз нүктелік зарядтардың


өзара әсерлесу потенциалдық энергиясы болып табылады.
Қорытынды
Электр өрісі – электрмагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр
зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегі магнитөрісінің өзгерісі
нәтижесінде пайда болады. Э. ө-нің магнит өрісінен өзгешелігі – ол
қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Э. ө-нің бар
екендігін оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға
болады. Электр өрісінің кернеулігі – Э. ө-нің сандық сипаттамасы болып
табылады. Басқа бiр ғалым – Джемс Клерк Максвелл – электромагниттiк
әсерлесу кеңiстiкте ақырлы жылдамдықпен таралатынын теориялық
дәлелдедi. Максвелл электромагниттiк әсердiң таралуы бостықтағы жарық
жылдамдығына тең, яғни 300000 км/с. Электромагниттiк өрiстiң негiзгi
қасиетi – оның әлектр зарядтарына қандайда бiр күшпен әсер етуi.Электрлік
диполь — өрістің қарастырылып отырған нүктелердің аракашыктығынан
әлденеше кіші L арақашыктықта орналасқан модулі жағынан тең әраттас
нүктелік (+q, - q) зарядтар жүйесі. Дипольдің электр моменті- заряд пен
диполь иінінің көбейтіндісі. P=q*l. Қозғалмайтын зарядтардың электр өрiсiн
электростатикалық деп атайды. Ол тек электр зарядтарынан пайда болады
және уақыт бойынша өзгермейдi. Электр өрiсi осы зарядтармен қоршаған
кеңiстiкте бар болады және онымен үздiксiз байланыста болады.Электр
өрiсiнiң кернеулiгi – берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын
векторлық шама, және ол өрiстiң берiлген нүктесiнде орналасқан нүктелiк

зарядқа әсер ететiн күштiң заряд шамасына q қатынасына тең:

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Жалпы физика курсы, Савельев И. В., 1-том, 1997 жыл


2) Жалпы физика курсы, Савельев И. В., 2-том, 1997 жыл
3) Физика курсы, Трофимова Т.И., 2007 жыл
4) Физиканың лабораториялық жұмыстары: толқындық және кванттық
оптика бөлімі бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар / Қ. Р.
Рақым, Г. М. Биімбетова. - Қарағанды : ҚарМТУ, 1-бөлім - 2003. - 63 с.

Вам также может понравиться