Вы находитесь на странице: 1из 11

ПОЛЬША , ВЕНГРИЯ, АЛБАНИЯ

Ж.КАМИЛЛА
ПОЛЬША
Польша Республикасы (пол. Rzeczpospolita Polska) —
Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы — 312,7 мың
км². Халқы 37,8 млн. Халқының басым бөлігі поляктар
(97,1%), қалғандары немістер (1,3%), беларустар (0,6%),
украиндар (0,5%), т.б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының
көпшілігі христиан дінінің католик, солтүстік
аудандандары протестант тармақтарын ұстанады.
Конституция бойынша мемлекет басшысы президент.
Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы
парламент (сейм және сенат). Астанасы — Варшава.
Әкімшілік жағынан 16 войводалықтарға бөлінген. Ұлттық
мейрамы —11 қараша — Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі —
злоты.
ТАРИХЫ
X ғасырдың екінші жартысынан Польша салыстырмалы түрде ірі
мемлекет болды және оны Пясттар әулеті бірнеше тайпалық князьдіктерді
біріктіру арқылы құрды. Польшаның алғашқы билеушісі-Пясттар
әулетінен шыққан І Мешко болды. Оның иелігіндегі Ұлы Польша жері
Одра және Висла өзендерінің арасында орналасты. І Мешко билік еткен
тұста( 960-992жж.) шығыста герман тайпаларының шабуылдарына қарсы
соғыстар журді және 966 жылы поляктар хрситиан дініне бағына бастады.
988 жылы князь Мешко өз мемлекетіне Силезия және Поморье жерлерін,
ал 990 жылы Моравияны қосты. 992-1025 жылдары оның үлкен ұлы І
Ержүрек Болеслав билік етті және Польшаның ұлы патшаларының біріне
айналды. Ол өз билігін Одра мен Нысадан Днепрге дейін және Балтық
теңізінен Карпатқа дейінгі жерлерге таратты. Болеслав Қасиетті Рим
империясымен соғыс жүргізудін нәтижесінде Польшаның дербестігін
нығайтып,1025 жылы король титулын алды. Болеслав қайтыс болған соң
ақсүйек феодалдар күшейіп, орталық билікке қарсы шықты және
нәтижесінде Польшадан Мазовия мен Поморье бөлініп шықты.
ЭКОНОМИКАСЫ
Польша Еуропа елдерінің арасында ең жылдам өсіп келе жатқан
жұмыссыздық мөлшері төмен экономикаға ие. 1990-2015 жылдар арасында
жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) екі есе өсті. Ал 2021 жылы ЖІӨ 661.7 миллиард
АҚШ долларына жетті (Еуропа аумағында 6 орында). [6] Айтылмыш 190-
2015 арасында жан басына шаққандағы ЖІӨ жыл сайын орташа есеппен
7,3% өсіп тұрған – бұл Оңтүстік Корея мен Сингапур секілді елдердің осы
кезеңдегі ЖІӨ өсімінен асады. Сондықтан Польшаны Азияның жолбарыс
елдері сиықтыЕуропа барысы деп атап жатады. Ілгері экономикалық даму
90-шы жылдары түбегейлі нарық реформаларынан басталған. Польшада
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық бірдей дамыған. Экономикасының
жетекші салалары — машина жасау, кеме жасау, металл өңдеу, химия,
тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Елдің ауыл шаруашылығы негізінен қара
бидай, астық, сұлы, жеміс-жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа
өсіруге бағдарланған. Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма
өнімдері мен мыс, тас көмір шығарып, сырттан құрал жабдықтар,
тұрмыстық тауарлар, шикізат алады.
ВЕНГРИЯ
ВЕНГРИЯ, - Орталык Европадағы мемлекет.
Солтүстігінде Словакиямен, оңтүстік-батысында
Хорватия мен Словения, солтүстік-батысында
Австриямен, оңтүстігінде Сербиямен, оңтүстік-
шығысында Румыниямен, солтүстік-шығысында
Украинамен шектеседі. Жері 93 мың км2. Халқы
9,7 млн. (2019). Астанасы - Будапешт. Әкімшілік
жағынан 19 медьеге (облысқа) бөлінеді.

Венгрия жері 6 табиғи ауданға бөлінеді: Үлкен Орта


Дунай ойпаты (Альфёльд), Солтүстік таулы аймақ, Кіші
Орта Дунай ойпаты (Кишальфёльд), Дунай сыртындағы
таулы аймақ (Дунайдың оң жағы), Мезёфёльд, Оңтүстік-
батыс Венгрия.
ТАРИХЫ
Венгрия территориясын палеолит кезінен бастап скиф, иллирий,
кельт тайпалары мекендеді. Оларды б. з. б. 1 ғасырдың аяғы мен
б. з. 2 ғасырының басында Ертедегі Рим империясы бағындырып
алып, Паняония провинциясына қаратты. Халықтардың ұлы
қоныс аударуы деп аталатын кезеңде Венгрия территориясын
герман және түркі халықтары, сондай-ақ гунндар, аварлар,
готтар, гепидтер қоныстанды. 9 ғасырдың аяғында қазіргі
Венгрия территориясында көшпелі малшы венгр тайпалары
пайда болды. Олар Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
Европа елдеріне тонаушылық жорықтар жасады. Арпадтар
династиясынан шыққан Гезе князы (970-997) мен оның баласы
Иштван I тұсында (997-1038) Християн діні қабылданды,
мемлекеттік ұйым пайда болды. Жер өңдеудің мәні артты, жерге
феодалдық меншік қалыптаса бастады.
ЭКОНОМИКАСЫ
Венгриядағы халықтың өкімет тұсында жүзеге асырылған әлеуметтік-
экономикалық өзгерістердің нәтижесінде елдің экономикасында
социалистік өндірістік қатынастар өрістей бастады. 1950-1970 жылдар
арасында елдің ұлттық табысы жыл сайын 6% өсіп отырды. 1969 жылы
халық шаруашылығына жұмсалған күрделі қаржы, 1938 жылмен
салыстырғанда 10 есе (өнеркәсіпте 18 есе) артты. 1938-1970 жылы ауыл
шаруашылығы өнімі 33% артты. 1969 жылы ұлттық табыстын; 54%-ін
өнеркәсіп, 21%-ін ауыл шаруашылық берді, яғни Венгрия
индустриялы-аграрлы елге айналды. Венгрияның экономикалық
дамуына Совет Одағының, барлық социалистік елдердің тигізген
көмегі зор. Венгрия социалистік елдер арасындағы Экономикалық
Өзара Көмек Советінің (СЭВ) мүшесі.
Көпшілігі албандар (96%-ке жуық), гректер (2%-тен астам),
влахтар (валахтар) т. б. Тілі - албан тілі. Дінге сенуші
АЛБАНИЯ
халықтың 3/4 бөлегіне жуығы мұсылмандар, басқалары
христиандар (католиктер мен православиеліктер). Албания -
халқы табиғи тез өсіп отыратын ел (1000 адамға 25-30).
02
Жерінің 3/4 бөлегіне жуығын алып жататын батыс ойпаңда
халықтың жартысы тұрады. Жалпы халықтың 3/4 бөлегіне
жуығы - қала тұрғындары. Ірі қалалары (1967): Тирана (169,3
мың адам), Дуррес (53,2 мың), Шкодер 49,8 мың), Влёра (50,4
мың), Корча (45,9 мың), Эльбасан (38,9 мың).

Албания - Балкан түбегінің батыс бөлігіндегі,


Адрия, Ион теңіздерінің жағалауындағы
мемлекет. Солтүстігі мен шығысында
Югославиямен, оңтүстік-шығысында Грециямен
01
шектеседі. Жері 28,7 мың км2. Халқы 2,8 млн.
адам (2017). Астанасы - Тирана қаласы.
Әкімшілік жағынан 26 ауданға бөлінеді; Тирана
қаласы - өзінше жеке әкімшілік бөлік.
Тарихы
03 Албания жерін адам алған: палеолит дәуірінің орта шенінде
мекендеген. Неолит дәуіріндегі ең ежелгі халқы - пеласги, б. з. б. 2-мың
жылдықтан бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. Б. з. б. 7-3
ғасырда гректер бірсыпыра қоныс салды. Б. з. б. 4 ғасырда иллирия
тайпаларының тұңғыш мемлекеттік бірлестігі құрылды. Б. з. б. 2
ғасырда қазіргі Албания жерін римдіктер жаулап алды, кейіннен бұл
жер Далмация мен Македонияның (Рим провинциялары) құрамына
04
кірді. Б. з. 1 ғасырынан бастап Албанияда құл иелену қатынасы
дамыды.
Ұлы революциясының жеңісі албан халқының тәуелсіздік жолындағы
күресін күшейте түсті. 1920 жылы 21-31 қаңтарда Люшняда болып
өткен Ұлттық конгресс Албанияны тәуелсіз ел, Тирананы Албанияның
астанасы деп жариялады. Албания жерінен басқыншы әскерлер қуып
шығарылды. Елді демократияландыру міндеті алға қойылды.
ЭКОНОМИКАСЫ

Елдің өнеркәсіп және мәдениет орталығы, Албанияның елордасы –


Тирана. Мұнда көп зауыт-фабрикалар орналасқан. Албания
шаруашылығының басты саласы – ауыл шаруашылығы. Құнарлы жері
бүкіл территориясының тек қана бір бөлігін алып жатқандықтан,
албандар батпақты жерлерді құрғатып, тау төскейлерін бақ
отырғызыға пайдаланады. Олар бидай, күріш, арпа, сұлы егеді,
бұршақтар тұқымдасты өсімдіктер, лимон, жүзім сондай-ақ зәйтүн
ағашын отырғызынады. 2005 жылғы деректерге сәйкес Албанияның
Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 6,9 млрд еуро құраған. Адам басына
шаққанда - 1 900 еуро. Албания Еуропаның ең кедей мемлекеттерінің
бірі.
ҚАЗАҚСТАНМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ
Польша
Қазақстан мен Польша арасында байланыс 1994 ж. Қазақстан мен Польша арасында дипломатиялық
19 ғ-да басталды. 1830 — 1917 ж. Қазақстанға байланыс орнап, Варшава қаласында Қазақстан елшілігі,
жер аударылған поляктар арасында қазақ Алматыда Польша елшілігі ашылды. 1999 ж. қазанда
мәдениетін зерттеуге үлес қосқан А. Қазақстанға Польша президенті А.Квасьневский ресми
сапармен келіп қайтты. 2002 ж. Қазақстан Президенті Н. Ә.
Янушкевич, Г. Зелинский, Б. Залесский және
Назарбаев Польшаға ресми сапармен барды. Қазақстанда
А. В. Затаевич те болды. 1936 — 39 ж. және 2-
Польшаның біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді.
дүниежүзілік соғыс жылдарында да Қазақстан Польшадан аяқкиім, жиһаз, дәрі-дәрмек, тау-кен
поляктар Қазақстанға депортацияланды. машиналарын алады. Польша Қазақстаннан мұнай, сары
Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік фосфор, газ, көмір және металлургия өнімдерін сатып
облыстарында 60 мыңдай поляк өмір сүреді. алады.

Венгрия (Мажарстан) Албания


Қазақстан мен Венгрия арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы мен Албания
стратегиялық әріптестік ретінде сипатталады. Берік Республикасы (АР) арасындағы
шарттық-құқықтық база, Стратегиялық кеңестің, дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 21
сауда-экономикалық және құқықтық қыркүйекте орнатылды. 2017 ж. шілдеден
ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бастап Абзал Сапарбекұлы ҚР-дың АР-дегі
комиссиялардың, сондай-ақ парламентаралық Елшісі лауазымына кірісті.
достық топтарының табысты қызметі екі елдің өзара
іс-қимылын тереңдетуге ықпал етеді.

Вам также может понравиться