Вы находитесь на странице: 1из 10

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Салауатты өмір салты

Орындаған: Жунайдуллаев А.Б.


Құқықтану: Мемлекеттік басқау, 1 курс
Тексерген: Серикхановна М.

Алматы 2023ж.
Жоспар:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Салауатты өмір салты қағидалары мен негіздері;

2. Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар;

3. Денсаулық сақтау шаралары.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Кіріспе

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және


нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен
кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса
керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.
Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға
алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан
денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен
қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға
жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны
бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз
жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама
шаруалар атқарылып, үкімет осы салаға ерекше көңіл бөліп отыр.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым,
таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын
ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта
дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс
тамақтануға уәде бердім.
1. Салауатты өмір салты қағидалары мен негіздері

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек.


Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы
сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан
мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір
салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті
Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға
алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар
жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы
салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның
дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін
денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік
ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау
сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель:
«Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз
үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын
ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол
жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу
қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық –
адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес,
сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі
мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу
үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы
орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан
басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса.
Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас
еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.
2. Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар

Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі –дұрыс


және жүйелі түрде өз мезгілде тамақтанбау. Сондықтан да
адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.
Ол неге әкеп соғады, адамды ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмір
мен қоштасуға себепші болады.
Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып
отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған
жоқ.
Сондықтан адамзат денсаулығына байланысты “Денсаулықты сақтаудың
жеті қағидасы” қалыптастырылған .
Бұл қағидалардың мағынасында қазіргі қиын тірлікте, қоршаған
ортаның тағы басқа жағдайларда аурудан қалай сақтанудың
жолдары түсіндіріледі. Ол үшін ең алдымен адамдар иогтардың қарапайым
жаттығуларын, тыныс терапиясын және гимнастикасын меңгерген жөн. Тіпті
айқайлау, күлу, жылау сияқты “табиғи психосоматикалық тыныш табу
массажы” арқылы да көңіл-күйді жақсартуға болады. Сондықтан таза ауада
көбірек қыдыруға тырысыңыз, шылым шегуден біржола арылыңыз.
Күн сайын екі жарым литрдей сұйықтық ішіңіз. Тек сонда ғана денедегі
қалдық заттардан арылуға болады. Сүтті жаңа сауылған күйінде ішуге
тырысыңыз. Неғұрлым сіңімді болу үшін оны піскен жеміспен бірге ішкен
жөн. Бұл әсіресе қартаң адамдарға қатысты лимонад, ”кока-кола” тектес
сусындарға әуес болыңыз.
Өлім-жітімнің 30 пайызы тамақты дұрыс ішпеуден болады. Түнге қарай
асқазанға аса көп салмақ түсірмеңіз. Кезекті тамақтанудың арасында алма,
сәбіз, қатқан нан сияқты болымсыз бірдеңелермен жүрек жалғай салған жөн.
Сонда түскі ас пен кешкі асқа пәлендей сұғанақтанбайтын боласыз.
Салмағыңызды қалыптан асырмаңыз. Әр түрлі тамақ ішуге, көбінесе
ескірмеген тағамды пайдалануға тырысыңыз. Арықтағысы келген адам
майлы, тым тәтті тағамдарды пайдаланудан, тамақты тоя жеуден аулақ
болғаны дұрыс: асқа отырар алдында бір стакан су ішіп тәбетінің бетін
қайырып алса, ал тамақтанып болған соң дастарқанды тезірек жинап әкетсе
тіпті жақсы. Тамақтан үнемі бір мезгілде және бір жерде ішуге тырысу керек.
Қазіргі адам қимылдың аздығынан жапа шегеді. Ондай жандарға ең керегі
- спорт. Жаттығу олардың жүрегінің жұмысын жақсартуға, бойына қосымша
күш жігер жинауға, денесінің қорғаныс қабілетін күшейтуге мүмкіндік
береді. Ең әуелі жүгірумен шұғылданыңыз. Күніне 15-20 минуттық жүгіру
өте-мөте пайдалы, бірақ оның алдында біраз уақыт тез жүру арқылы
дайындалып алған дұрыс. Суда жүзудің, велосипед пен шаңғы тебудің, би
билеп иогтардың жаттығуларын жасаудың салмақ кетіруге пайдасы зор.
Таңертең кереуетте жатып аяғыңызбен “велосипед” тебіңіз. Отырып киінуші
болмаңыз. Жұмысқа бара жатқанда, екі-үш аялдама бұрын түсіп қалып, жаяу
жүруге, үстіңгі қабаттарға лифтімен емес жаяу көтерілуге тырысыңыз.
Біздің заманымыз аласапыран оқиғаларға толы, ал бұл әр алуан ауру-
сырқауға себепші болады. Соған дес бермес үшін “басыла” білу керек: тек
демалыс кезінде ғана емес, күн сайын дұрыстап тынығуға үйреніңіз,
жаныңызға жағатын бір алданыш тауып алыңыз, биге, моншаға барыңыз.
Ұйықтататын дәрі ішпеуге тырысыңыз. Өйткені ондай дәрілердің көбі 14
сағат бойына әсер етеді, әрі одан соң бірталайға дейін уыты кетпей, адамды
есеңгіретумен болады. Қажудан арыламын деп кофеин, никотин қабылдау,
алкагольді ішімдіктерді ішу қате. Сергудің өзіңізге ұнамды жолын жасап
алыңыз. Жүрек ұстамасына ұрынбас үшін шылым шекпеңіз, майлы тағамға
әуес болмаңыз, салмағыңызға абай болып, көбірек қимылдаңыз.

3. Денсаулық сақтау шаралары

Қимыл белсенділігі

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.


Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін
жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл
атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен
дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін
жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған
кезде организмде өзгерістер дамиды.

Организмді шынықтыру

Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет.


Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт
өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын
жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы,
денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін
ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор.


Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға
болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн,
тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр
түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай
отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.

Жарақаттың алдын алу

Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау.
Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік
ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы
өсімдіктер мен саңылауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.

Жұқпалы аурулардың алдын алу

Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану


тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.

Зиянды әдеттерден алшақ болу

Темекі шегуден , ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл
зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.

Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау

Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу,


адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін
басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік
жасайды.
Қорытынды

Жалпы тақырыпты қорытындылай келсек салауатты өмір салтын


қалыптастыру ең алдымен денсаулыққа жағымсыз
әрекеттерден(есірткі,темекі,арақ-шарап) аулақ болумен байланысты болады.
Салауатты өмір салты өзімізге байланысты. Біз әр уақытта имандылықты
сақтап, заңды орындап ,парасатты өмір сүретін болсақ, қоғамымыздың
іргетасы нығая беретіні дәлелдеді қажет етпейтін ақиқат. Қоғамымыздың
әрбір мүшесі халық арасында салауатты өмір салты туралы насихат жұмысын
жандандырып отырса, нұр үстіне нұр. Елімізде бір күнді салауатты өмір
салты күні деп атап өтсе де артық болмайды. Қазіргі уақытта халықтың
денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір
сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет –
адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты өзімізге байланысты. Біз әр уақытта имандылықты
сақтап, заңды орындап ,парасатты өмір сүретін болсақ, қоғамымыздың
іргетасы нығая беретіні дәлелдеді қажет етпейтін ақиқат. Қоғамымыздың
әрбір мүшесі халық арасында салауатты өмір салты туралы насихат жұмысын
жандандырып отырса, нұр үстіне нұр. Елімізде бір күнді салауатты өмір
салты күні деп атап өтсе де артық болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ж.Ж Жатқанбаев. Валеология

2. Х.Қ Сәтбаева. Ж.Б. Нілдібаева Валеология

3. Әділханов А.С., Жаңабердиева К.А., Брусенко З.Г. - Ә-26 - "Алматыкітап"


ААҚ, 2005.

4.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BB
%D0%B0%D1%83%D0%B0%D1%82%D1%82%D1%8B_%D3%A9%D0%BC
%D1%96%D1%80_%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%82%D1%8B

5. https://topuch.ru/referat-salauatti-mir-saltini-negizderi/index.html

Вам также может понравиться