Академический Документы
Профессиональный Документы
Культура Документы
2 Субстанция мәселесін алғаш болып көтеріп, оны материалдық әлемнен іздеген грек
философиясының мектебі қалай аталады?
Элейліктер
Пифагоршылар
Атомистер
Милеттіктер
Софистер
6 Гректер қашанда өз ойын ешбір дайын мәтін, қағазға қарап емес, жатқа айтқанды
жоғары бағалаған. Сондықтан да сөйлеуді жазудан жоғары қойған. Осыған орай, гректің
қай ойшылын өмірінде ешбір шығарма жазбаған деп ойлайсыз?
Сенека
Эпикур
Платон
Сократ
Аристотель
7 Фалес дүниенің түпнегізі, элементтердің тұңғышы деп қандай матералдық бастауды
мойындайды?
От
Ауа
Су
Топырақ
Эфир
8 Философиялық танымға сәйкес, дүние – от, су, ауа және жер (топырақ) сияқты
элементтердің қосылысы мен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады және өмір
сүреді. Осы ретте субстанциялардың ішіндегі ең ауыры деп нені айтуға болады?
Су
Ауа
Жер
Металл
От
9 Философиялық танымға сәйкес, дүние – от, су, ауа және жер (топырақ) сияқты
элементтердің қосылысы мен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады және өмір
сүреді. Осы ретте субстанциялардың ішіндегі ең жеңілі деп нені айтуға болады?
Су
Ауа
От
Жер
Темір
10 Қай ойшыл болмысты – бар, біртұтас, мәңгі әрі өзгермейтін, ақыл-ой арқылы ғана
танылатын шынайылықтың ерекше түрі деп анықтаған болатын?
Гераклит
Зенон
Парменид
Ксенофан
Платон
15 Ежелгі мифтер желісі бойынша адамдар өздерін табиғат анадан бөліп қарамаған.
Ондағы заттар мен құбылыстардың барлығын өзімен туыстас деп санаған. Осы орайда,
Хтон сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Аспан;
Жұлдыз;
Жер;
Табиғат;
Ғарыш;
17 Мифтерде адамзат тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер түрлі мифтік сюжеттер
мен персонаждар, астарлы рәміздер арқылы беріледі. Ахейліктер (гректер) мен
Троялықтар арасындағы 10 жылға созылған Троя соғысының басталуына қандай жағдай
себеп болған?
Жер дауы
Құдайлар арасындағы соғыс
Планеталар қақтығысы
Алтын алмаға талас
Троялықтардың байлығы
18 Мифтерде адамзат тарихы мен мәдениетіне қатысты маңызды деректер сан алуан
оқиғалар мен таңғажайып құбылыстарды баяндау арқылы беріледі. Троя соғысының
басталуына себепкер болған сұлудың есімі кім еді?
Европа;
Пенелопа;
Елена;
Хресеида;
Ифигения;
23 Барша ғылым мен философияның тілі болған грек тілі өте бай тіл. Гректер қарапайым
сөздерді түрлендіріп, ғылыми ұғымдар мен филофиялық категорияларды жасаудың озық
үлгілерін көрсеткен халық. Берілген нұсқалардың ішінен қай жәндік атауы грек тіліндегі
жан (псюхе) cөзімен мағыналас?
шыбын
маса
ара
құмырсқа
көбелек
26 Философияның пайда болуы мен даму жолы әрдайым біркелкі болып келмейді. Әр
кезең философиясының өзіне тән ерекшелігі бар. Осыған орай, өзіндік сана идеясы қай
философиялық кезеңде пайда болған?
Ежелгі Қытай философиясында
Орта ғасырлық Шығыс философиясында
Жаңа Заман философиясында
Ежелгі Үнді философиясында
Орта ғасырлық Батыс философиясында
27 Сананың пайда болуын түсіндіретін түрлі концепциялар бар. Солардың ішіндегі қай
тұжырым, материалистік философияға тән сананың пайда болуы мен дамуын түсіндіреді?
сана өзінен-өзі қалыптасады
сана әсемдікке деген қызығушылықтан пайда болады
сана қоғамдық өмірден тыс қалыптаспайды
сана сыртқы күштер әсерінен пайда болады
сана объективті дүниенің субъективті бейнесі болып табылады
28 Қарапайым түсінікте сана мен психиканың арасын біріктіретін нәрселер өте көп.
Дегенмен бұл ұғымдар бір нәрсе емес. Осы тұрғыдан алғанда, сананың психикадан басты
айырмашылығы неде?
сезімдік танымның маңыздылығы
түйсіктік-қабылдау
есте сақтаудың дамуы
абстрактілі-логикалық ойлау
эмоциялық белсенділігі
30 Берілген нұсқалардың қайсысы сана мәнін аша түсетін ұғым болып табылады?
физиологиялық процесс
әлеуметтік құбылыс
психикалық үдеріс
наным-сенімдер
құндылықтық бағдар
31 Алғашқы грек философтарының ішінде дүние бастауын жеке-жеке, бір ғана стихиямен
байланыстырмай, олардың қосындысынан тұртынын аңдаған ойшылдар да болған.
Осыған орай, гректің қай ойшылы жанды - от, жер, ауа және судың қосындысы деп
есептеген?
Анаксогор
Парменид
Эмпедокл
Фалес
Анаксимандр
35 И. Канттың пікірінше, нағыз философиялық пән болып табылатын төрт сұрақ бар.
Көрсетілгендердің қайсысы артық?
Мен неге үміттене аламын?
«Адам» дегеніміз не?
Мен нені біле аламын?
Әлемнің түп негізі неде?
Мен не істеуім керек?
38 Танымның сезімдік және рационалдық деген екі түрі бар екені белгілі. Аталған
нұсқалардың қайсысы сезімдік танымның түрлеріне жатады?
ес, түйсiк, рух
ұғым, пікір, ой қорытындылау
интуиция, ес, болжау
сезiну, қабылдау, еске түсiру
гипотеза, идея, теория
42 Қай философ «Адам барлық заттардың өлшемi: бар заттардың барлығының өлшемi,
жоқ заттардың жоқтығының өлшемі» пайымдауының авторы?
Фалес
Пифагор
Демокрит
Протагор
Сократ
47 Платон болмыс деп идеяларды, Демокрит атомдарды атап, мәселеге монистік тұрғыдан
келсе, Аристотельдің болмыс туралы ілімі дуалистік сипатқа ие. Осы тұрғыдан алғанда,
Аристотель ненің бірлігін болмыс деп есептеген?
форма және мазмұн
құрылым және элемент
форма мен материя
себеп пен салдар
болмыс пен болмысемес
54 Төмендегі ұғымдардың ішінен қай ұғым бір жағынан алғашқы философия, ал екінші
жағынан болмыс туралы ілім деген мағынаны білдіреді?
метаэтика
диалектика
метафизика
деконструкция
догматизм
58 И. Канттың пайымдауынша, дүниені толық танып білу мүмкін емес. Себебі таным
субъектісі әлемді тану барысында бір қайшылықтарға тап болады. Ол қандай
қайшылықтар?
Апориялар
«Біздік заттар»
Құбылыстар әлемі
Антиномиялар
Дихотомиялар
59 И. Кант бойынша білімнің екі түрі бар. Бірі тәжірибеге дейінгі, туабітті білім. Ал
екіншісі тәжірибеден кейінгі, оқып-үйренуге болатын білім. Кант осы екінші білімді
қандай ұғыммен белгілеген?
Априорлы
Ноумен
Феномен
Апостериорлы
Тренсценденттік
64 «Адам өмірі азапқа толы» деген пікір қай философиялық дәстүрге тиесілі түсінік?
Қытай философиясы
Грек философиясы
Араб-мұсылман философиясы
Неміс философиясы
Үнді философиясы
68 Көне гректер ашқан, тек ақыл-ой арқылы танып білуге болатын шынайылықтың
ерекше түрі қалай аталады?
Материя
Шындық
Ақиқат
Болмыс
Философия
71 Атомистік теорияның негізін салушы грек философы Демокрит бейболмыс деп нені
айтқан?
Жоқ нәрсені
Отты атомдарды
Ең ұсақ бөлшектерді
Бос кеңістікті
Формасыз материяларды
75 Қай философ танымға кедергі келтіретін – тектік, үңгір, алаң, театр идолдары туралы
тұжырымның авторы?
Р. Декарт
Б. Спиноза
Ф. Бэкон
Т. Гоббс
Дж. Локк
81 Заттар мен құбылыстардың жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн
бейнелейтiн ойдың формасы қалай аталады?
Пікір
Ой тұжырымы
Ұғым
Сезім
Пайым
82 Аристотель негіздеген дүниенің пайда болуы мен өмір сүруінің заңдылықтарын
түсіндіретін себептер қатарына кірмейтін ұғымды белгілеңіз:
Материалды себеп
Тиімді себеп
Саяси себеп
Формальды себеп
Қорытынды себеп
91 Көне дәуірдегі Таяу Шығыс елдерінде пайда болған ғылым түрлері қандай жалпы
атауды иеленеді?
теориялық математика
практикалық ғылым
қолданбалы ғылым
теориялық ғылым
алғашқы ғылым
99 Білімнің қайнар көзін тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт қалай аталады?
материализм
рационализм
эвдемонизм
агностицизм
эмпиризм
100 Дүние бір бастамадан тұрады деп есептейтін философиялық ілім қалай аталады?
Монизм
Плюрализм
Дуализм
Релятивизм
Идеализм
102 Гректің қай философы дүниенің үнемі даму, өзгеру, қалыптасу үстінде екендігін
өзінің «Бір өзенге екі рет түсуге болмайды» деген атақты пайымдауы арқылы жұмбақтап
жеткізген болатын?
Пифагор
Гераклит
Парменид
Ксенофан
Демокрит
103 Философия үшін маңызды сұрақты алғаш болып қойған, яғни, дүниенің шынайы мәні
дәл біз көргендей ме (қалай көріп, қандай қабылдасақ), жоқ ол шын мәніне басқаша ма? –
деген мәселені көтерген грек филофиясының мектебі қалай аталады?
Элей
Пифагоршылар
Атомистер
Милет
Софистер
105 Төменде көрсетілген қай ұғым антикалық танымға сәйкес, барлық шеберлік, ептілік,
өнер деген мағынаны білдіреді?
архэ
эйдос
технэ
апория
апейрон
106 Техника философиясы антикалық дәуірден бастау алғанымен, арнайы бағыт ретінде
ол XIX-XX ғғ. шеңберінде Батыс философиясында қалыптасқан болатын. Көрсетілген
ойшылдардың ішінен қай философ, техниканы: «Адам ағзаларының сыртқы әлемдегі
жалғасы әрі көрінісі (проекциясы), адамның өзін-өзі тануға, өз рухын танып білуге
бағытталған іс-әркетінің жемісі» деп анықтаған болатын?
Мартин Хайдеггер
Эрнст Капп
Карл Ясперс
Освальд Шпенглер
Фридрих Дессауэр
107 Білімнің күнделікті-қарапайым және ғылыми деп бөлінетіні белгілі. Осы тұрғыда,
ғылыми білімді ғылыми емес білімнен ажыратуды қалай атайды?
фальсификация
верификация
бифуркация
демаркация
футурология
108 Берілген нұсқалардың ішінен қай ұғым, материалдық дүние мен рухани құбылыстар
туралы шынайы әрі нақты мәліметтер және олардың адам санасында дұрыс, объективті
бейнелеуін білдіретін ұғым болып табылады?
өнер
техника
білім
факт
тәжірибе
110 Адам баласының қашан пайда болғаны туралы сауалдар ерте кезден бастап ғылым
мен философияны бірдей толғандырып келе жатқан маңызды сауалдар. Осы негізде
философиядағы адам мен қоғамның пайда болуын белгілейтін термин қалай аталады?
антропоцентризм
антропосоциогенез
евгеника
социогенез
антропогенез
111 Неміс философы Мартин Хайдеггердің өзінің болмыс мәселесін жаңа қырынан
сараптаған болмыс туралы ілімін «іргелі онтология» деп атағаны белгілі. Адам
болмысына қатысты Мартин Хайдеггердің пайымдауын толықтырыңыз. «Адам
болмыстың.................»
билеушісі
көшірмесі
үйі
бақташысы
жоқтаушысы
113 XVI-XVII ғғ. ғылым әлеуметтік институт ретінде қалыптасып, жекелеген ғылымдар
жаңа қарқынмен дами бастады. Осы кездегі Жаңа дәуiр философиясы «жаратылыстану
ғылымдары табиғатты зерттеп, жаңалықтар ашуы тиiс» деп санап, философияның
мiндетiне ненi қалдырды?
ғарышты зерттеуді
адам мен қоғам арақатынасын зерделеуді
дін мәселесiн зерттеуді
ғылыми таным әдiсiн жасауды
саясатты қарастыруды
114 Карл Поппердің ғылыми танымға қатысты кез келген орныққан теорияны теріске
шығаруға бағытталған методологиялық қағидасы қалай аталады?
Верификация
Демаркация
Фальсификация
Парадигма
Әдіснамалық анархизм
115 Карл Поппердің сыншыл рационализм ілімі бойынша ғылыми білімнің өзге білім
түрлерінен қандай басты айырмашылығы бар?
теорияның жалған екенін анықтауға болмайды
теорияның шындыққа сай екенін дәлелдеу
теорияның ақиқаттығын теріске шығаруға болады
ғылым нәтижелерін өзгермейтін ақиқат деп санау
ғылым нәтижелерін шындыққа тексеру керек
116 Неміс философы Иммануил Кант өзінің таным теориясында дүниені толықтай танып
білу мүмкін емес деп есептеді. Аталған ұғымдардың қайсысы Канттың таным теориясына
қатысты термин?
«Рационализм»
«Субстанция»
«Эмпиризм»
«Эйдос»
«Антиномия»
117 Мартин Хайдеггердегі Dasein ұғымының қазақ тіліне аударғандағы мағынасы нені
білдіреді?
Болмыстың қатысуы
Адам болмысы
Осындағы болмыс
Рухани болмыс
Болмысқа апаратын жол
119 Көрнекті өкілдері Огюст Конт, Герберт Спенсер, Джон Стюарт Милль болып
табылатын позитивизм бағытына қатысты алғанда, төмендегі пайымдаулардың қайсысы
дұрыс деп есептейсіз?
Философияны дербес ғылым ретінде жоққа шығару
Ғылым мен философияның интеграциясын жақтау
Дұрыс пікір қалыптастыру
Ғылыми білімнің жүйесін сынға алу
Адам мәселесін қарастыру
123 Көрсетілген қай пайымдау білімге берілген дұрыс анықтама болып табылады?
бір нәрсе дәлелденетін немесе теріске шығарылатын ой
заттардың есте сақталған бейнесі
шындық туралы ең анық, негізделген ақпарат
абстрактілі ой
заттардың жеке қасиеттерінде көрінетін психикалық үрдіс
130 Көне үнділердің барлық философиялық ілімдеріне ортақ бір мәселе бар. Оған сәйкес,
адам өмірі - толы азап. Осыған орай, буддизмнің негізін қалаушы Сидкхартха Гаутаманың
пікірінше азаптың себебі неде?
білімсіздік, надандық
сатқындық, билік құмарлық
мақтаншақтық, жағымпаздық
құмарлық, нәпсі
қорқыныш, үрей
131 Көне Грек философтарының арасынан қай ойшыл дүниені "Бірде лаулап жанып, бірде
сөніп отыратын" отқа теңеген болатын?
Парменид
Гераклит
Демокрит
Сократ
Аристотель
132 Берілген ғалымдардың арасынан қай философ ғылымға парадигма ұғымын енгізген?
Вильгельм Виндельбанд
Имре Лакатос
Томас Кун
Карл Поппер
Бертран Рассел
135 Платонның ойынша көз алдымыздағы сезімдік заттар әлемі абзал дүниеге жатпайды.
Себебі олар бүгін бар да, ертең жоқ. Сондықтан да ойшыл ақиқат деп мәңгі өмір сүретін
идеялар әлемін айтады. Осы орайда Платон ақиқат өмір сүретін деп қандай әлем туралы
айтып отыр?
феноменальді әлемді
метафеноменальді әлемді
әлеуметтікмәдени әлемді
рухтар әлемін
экзистенциалды әлемді
136 Томас Кунның ойынша қандай жағдайда ғылыми парадигмалар алмасуы жүзеге
асады?
қалыпты жағдайда
экономикалық өсуде
дағдарыстық жағдайда
әлеуметтік жаттануда
ғылым дамығанда
137 Неміс философы Гегель философияны қатаң ғылымға айналдарғысы келіп, өзінің
үштік принципке негізделген («идея-табиғат-рух») философиялық жүйесін жасаған
болатын. Аталған ұғымдардың қайсысы Гегель триадасының алғашқы элементі болып
табылады?
антитезис
синтез
тезис
априорлық
апостериарлық
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптарды
Қазақстанның ашық университеті https://openu.kz/kz/books сайтынан кіріп оқуға болады.
Бұл порталда сонымен қатар, әр кітапқа арналған бейнедәрістер бар. Оған кіру үшін
порталға аты-жөніңізді, білім алып жатқан оқу орнының атауын жазып тіркелесіз.