Вы находитесь на странице: 1из 23

МӘДЕНИЕТТАНУ

1. «Мәдениеттану» терминін ғылыми айналымға енгізген ғалым.


Жауабы: американ мәдени антропологы Лесли Уайт
2. Мәдениеттанудың объектісі мен пәні.
Жауабы: Мәдениеттанудың объектісі мен пәні - мәдениеттің әр түрлі
субъектілерінің қалыптасу және даму заңдылықтары, дәстүрлерді,
құндылықтарды, нормаларды сақтау, аудару, дамыту және өзгерту
процестерінің мәні мен мазмұны.
3. «Мәдениет философия» ұғымы.
Жауабы: Мәдениет философиясы – мәдениетті болмыс, сана, қоғам,
тұлға және т.б. философиялық проблемалар контекстінде қарастыратын
философиядағы өзіндік бағыт.
4. Мәдениеттің атқаратын қызметтері.
Жауабы: Мәдениет мынандай қызметтер атқарады: адами-
шығармашылықты - гуманистикалық; ақпараттық, танымдық –
гносеологиялық; коммуникативті, реттеуші – нормативтік; бағалаушы
– аксиологиялық; сигнификативті – таңбалық; праксиологиялық -
әрекеттік.
5. «Мәдениеттану пәні» ұғымы.
Жауабы: Мәдениеттану пәні - бұл генезисі тұрғысынан осы
әлеуметтік-мәдени тәжірибенің мазмұнын, динамикасының
құрылымын және жұмыс істеу технологияларын
зерттеу.Мәдениеттанудың бағыты - әлеуметтік - адамдар өмірін
әлеуметтік-мәдени ұйымдастырудың функционалды механизмдерін
зерттейді
6. Мәдениеттану танымының объектісін атаңыз.
Жауабы: Мәдениеттану танымының объектісі - бұл адамдардың
тарихи әлеуметтік тәжірибесі, әлеуметтік-мәдени тәжірибе ретіндегі
мәдениет, заңдылықтарда, дәстүрлер мен нормаларда, әдет-ғұрыптарда,
заңдарда бекітілген.
7. Позитивизм мен әлеуметтану негізін қалаушы француз философы
О.Конт өзінің аса танымал «Позитивті философия курсы» атты
еңбегінде мақсат етілген ой.
Жауабы: Позитивизм мен әлеуметтану негізін қалаушы француз
философы О.Конт өзінің аса танымал «Позитивті философия курсы»
атты еңбегінде философиялық жүйе құруды мақсат етті. Конт бойынша
қоғам өмірі жекелеген ерікті индивидтердің басқаруымен
анықталмайды, ол дін, дәстүр сынды ұжымдық сипатқа ие өзінің ішкі
заңдарымен басқарылуы тиіс. Ол дінді адамдарды біріктіруші және
ұжымдық сана формаларын реттеуші ретінде оған үлкен мән берді,
оның бұл әрекетіне қарап, басқалар оны жаңа христиандық жасауға
тырысқан Сен-Симон сынды дәстүршілдер қатарына қосты. Конт қоғам
мен оның мәдениетінің дамуын теологиялық, метафизикалық және
позитивтік деп атап, адам ақылының дамуын тарихи кезеңдер
дамуымен салыстырды.
8. Қазіргі заманғы мәдениет философиясында мәдениетті зерттеудің екі
тенденциясы.
Жауабы: Қазіргі заманғы мәдениет философиясында мәдениетті
зерттеудің екі тенденциясы қалыптасқан: бірінші, ӛзіндік
философиялық, яғни әлемдік тарихи процесс контекстіндегі
мәдениеттің макротарихи сипатының анализі, екінші, әлеуметтік-
философиялық, яғни мәдениет микродинамикасының эмпирикалық
зерттеулері. Оны мәдениеттің философиялық теориясы әлеуметтік
жады, адамдардың жеке және біріккен іс-әрекеттерінің
ұйымдастырылған, алмасу тәжірибесі ретінде қарастырады
9. Ойлау және сөйлеу мәдениетінің қатынастық маңызы.
Жауабы: Ойлау мәдениеті – өзіндік дамуға бағытталған жеке дара
ойлау мүмкіндігі және индивид ойында қалыптасқан формалар мен
канондардан шыға алу қабілеті. Танымдық процестерде ойлау
мәдениеті интеллектуалды жетілудің жоғарғы дәрежесі бола алады.
«Ойлау мәдениеті» деп аталатын жалпы философиялық категория
«даналық» категориясына сәйкес келеді. Ойлау мәдениетінің жоғарғы
кӛрсеткіші болып табылатын сөйлеу мәдениеті тілдік құралды түрлі
жағдайларда қолдана білу және жеке дара сөйлеудің белгілі бір тілге
сәйкестігімен анықталады. Лингвистердің есептеуінше сөйлеу
мәдениеті дегеніміз айтылған сөздің анықтығы, нақтылығы, дұрыстығы
және тазалығы, ондағы диалект, өте қарапайым сөздер, белгілі бір
кәсіптік терминдер мен басқа тілдік және жаргон сөздердің орынсыз
қолданылуынан аулақ болу. Сонымен бірге мәдениетті сөйлеуге
шешендік, логикалық құрылымдық, тіл байлығы, сөздік қор,
грамматикалық конструкциялардың әртүрлілігі мен көркемдік
айшықтық тән. Сөйлеу - ойды толығымен жеткізетін қатынас құралы,
кәсіби қару.
10.«Культура» ұғымы.
Жауабы: «Культура» латынның «cultura» - өңдеу, тәрбиелеу, білім
беру мағынасындағы әлеуметтік өмір өзгерістері мен өндірістік
жағдайлардан көрніс беретін адамдар іс-әрекеттерінің, жүріс-
тұрыстарының және қатынастарының тарихи даму бағдарламасы.
11.Мәдениеттанулық тарихттың үш негізгі кезеңдері.
Жауабы: . Бірінші кезең, антикалық философиядан басталып 18 ғасырға
дейін жалғасады, бұл уақыт мәдениеттанулық білімнің онтологиялық,
теологиялық және эпистемологиялық мәселелер континуумінде пайда
болған кезі. Антикалық кезең, ортағасыр, қайта өрлеу дәуірі тіпті 17
ғасырда да қазіргі заман типіндегі еуропалық философияның
қалыптасуында үлкен рөлге ие болған мәдениет арнайы құбылыс
ретінде пәндік назарда болған жоқ. Бұл бір жағынан діни сананың
көпғасырлық үстемдігі болса, екінші жағынан мәдениет туралы
философиялық ойлар адамның ойлау қабілетін жалпылай келе тек
механикалық операциялармен ғана шектелді, ойлау механицизмін
игеріп таза «жинақтық» сипатқа ие болу 17 ғасырға да бұйырмады. Бұл
бағыттағы теоретикалық ойлар 18 ғасырда Виконың «Жалпы
ғылымдарынан» Гердердің «Адамзат тарихы философиясының
идеяларына» қарай жүрді, ал жүйелік негіздемеге Кант және
теоретикалық-тарихи мәдениеттанулық құрылымдардың барлығын
қамтитын Шеллинг, Гегель, Кот концепциялары арқылы ие болды. Дәл
осы кезеңде адам жасаған әлемдегі тұтастықты сезіну Лейбниц-Вольф
мектебінің ұсынысында айқындалды. Онда ғылым, ізгілік, өнер сынды
іс-әрекеттердің жемісі болып табылатын құндылыққа айналған
«ақиқат-қайрымдылық-сұлулық» үштігін туғызып, мәнді түрде
ерекшеленетін және бірін-бірі ақыл, ерік, сезім қуаттарымен
толықтыратын адамның рухани қабілетіндегі үш жақты құрылым
туралы сөз болды. Тарихи процестің екінші кезеңі мәдениеттанулық
ойды қалыптастырудан басталады - өзінің әртүрлілігіне, адамдық
әрекеттер алаңына қарамастан мәдениеттің тұтастыққа айналуы өзіндік
философиялық саралаудың пәні бола алды. Сонымен бірге мәдениетті
кең көлемде түсіну оның қоғамның экономикалық және саяси өмірін
қоса жұтып, табиғаттан басқаның барлығын қамтуымен сипатталады.
ХІХ ғасырдың ортасында әсіресе марксизм және оның әлеуметтік
ойлар қалыптасуына тигізген ықпалы арқасында қоғам ерекшелігі
өндіру және басқару аймағындағы адамдар арасындағы қатынастар
жүйесі ретінде таныла бастады. Мәдениеттанулық ойлар тарихының
үшінші кезеңін бір жағынан түрлі нақты-ғылыми мәдениеттанулық
пәндерді философиялық тұрғыда қатар қарастырудың кең көлемде
дамуымен ерекшеленетінінен көрсек, екінші жағынан көркем бейнелі
формадағы мәдениет жетістіктері – проза және поэзия, сурет және әуез,
театр және кинематографиядан байқай аламыз.
12. «Мәдениет субьектісі» ұғымы.
Жауабы: Мәденеит субьектісі - адам: ол өз қолымен жасаған мәдени
құндылықтарды құрастырады, сақтайды және таратады. Мәдениет
тұлғаның шығармашылық күші мен қабілетін дамытады. Мәдениет
мәнінің философиялық өзегі жалпыадамзаттық құндылықтардың
интеллектуалды, этикалық және эстетикалық сфераларындағы, яғни
ақиқатқа, қайрымдылық пен сұлулыққа қызмет ету жан-жақты
өлшемде таразыланып, олардың мәдениетті түрде таралуы кең
мағынада гуманизм бола алады.
13.Американдық антрополог, неоэволюционизм көшбасшыларының бірі
Лесли Элвин Уайт мәдениеттануға қосқан үлесі.
Жауабы: Американдық антрополог, неоэволюционизм
кӛшбасшыларының бірі Лесли Элвин Уайт алғаш рет мәдениеттануды
өз алдына жеке ғылым етіп құруды ұсынды және өзі бастап бұл
терминнің америкада қолданылуына жетекшілік етті. Уайт бойынша
мәдениеттанудың міндеті психология байланысынан тыс таза өзінен
шығатын мәдениетке деген түсінік беру. Ол бостандық пен еріктің
тірішілік етуін теріске шығарып, адамның жүріс-тұрысы қатаң
бақылауда деп болжады. Мәденеиет тұлғаға тікелей әсер ететін өте
мықты фактор. Уайт мәдениет феномені қалыптасуындағы белгілер
рөліне ерекше көңіл бөледі. Себебі мәдениет тамыры адамның өз
еркімен заттарға мән-мағына бере алу қабілетінен тұрады. Ал бұл
қабілет адамды жануарлар әлемінен ажыратып ерекшелендіріп тұрады.
Уайт ғылыми білім эволюциясының ерекше концепциясын ұсынды,
онда әлемді тану объекттілерді зерттеуден басталады да ақырындап
мәдениеттануды зерттеу жағына қарай араласып кетеді.
14. «Материалдық мәдениет» және «рухани мәдениет» ұғымдарының
анықтамасы.
Жауабы: Материалдық мәдениет - еңбек және материалдық өндіріс
мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, ягни тұрған мекеннің, үйдің,
ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне
қарым-қатынасының мәдениеті. Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс
ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойдың,
философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық,
діни мәдениетті енгізеді. Бұлар - экономикалық, саяси, экологиялық
және эстетикалық мәдениет.
15. Мәдениет формаларын атаңыз.
Жауабы:Мәдениет формалары: миф,өнер, дін, мораль, философия,
құқық, саясат, ғылым, техника
16. АҚШ ғалымы С. Хантигтон сегіз өркениетті.
Жауабы: 1. Батыс өркениеті. 2. Православиелік өркениет. 3. Латын
Америкалық өркениет. 4. Ислам өркениеті. 5. Конфуциандық өркениет.
6. Оңтүстік Азиялық немесе Буддалық өркениет. 7. Қиыр шығыстық
негізінен синтоистік өркениет. 8. Африкалық өркениет
17. «Батыс мәдениет» ұғымы.
Жауабы: Батыс мәдениеті қазіргі кезде әлемде үстемдік етіп тұрған өз
үлгілерін әлемге таратып тұрған мәдени тип. Батыс мәдениеттінің
негізгі ұғымы бұл әрине белсенділік. Негізгі идея ең алдымен білім,
ғылым, техника. Батыс мәдениеттінің тағы бір ерекшеліктері ол
индивидуалдылықта. Эгоизмнің басымдылығы. Өзгеге емес өзіне
көмектесу. Өзін үшін әрекет қылу.
18. Миф туралы ғалымдардың зерттеулері.
Жауабы: Миф – тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.Ежелгі мифтер
мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып,
олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны
игеріп, жете түсінді. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 –
1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде
болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық
материал ретінде зерттеле бастады. Малиновскийдің пікірінше, миф –
құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде
пайымдалған сенімнің көрінісі. Э.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін
атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә)
нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи
және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және
метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер
19. Мәдениет формасы: «өнер» анықтамасы.
Жауабы: Өнер – мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше
маңызды саласы. Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі.
Өнер өз бейнелерінде әдеби мәтіндер , мүсін және сәулет
туындыларында суреттер, саз әуенінде берілетін мәдениеттің біртұтас
қаңқасын жасай отыра, дүниені бейнелейді. Өнер көңіл-күйді, сезімді
білдіреді. Өнерде итсал кез-келген қуатты мүмкіндікті ақиқатқа
айналдырады, адам мен дүниедегі жақсы атаулыны биікке көрсетеді.
Өнердің арқасында адам әлемі, өзін басқа да адамдарды жақсы
түсінеді. Өнердің басты мақсаты – қандайда бір идеалдық , жетілдіру
үлгісін , адамдарды осы идеалға тарту үшін рухани алғышарт жасау.
20.Мәдениет формасы: «дін» анықтамасы.
Жауабы: Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның
бір саласы болып табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде
оның дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және
адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңіуіне көмектеседі. Дін
мәдениеттің маңызды құбылысы. Дінді мәдени құбылыс ретінде
түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін түсіндіру маңызды рөл
атқарады. Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде арнайы пән –
дінтану зерттейді. Қазіргі дінтану мәдениеттанумен ментальдықты
зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық — әлемнің қабілетін жасайтын
мәдени дәстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің
жиынтығы. Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді
тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі
іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді. Дж.Фрэзер өзінің басты «Алтын
бұлақ» атты кітабында алғашқы діндер эволюциясы туралы өз
көзқарасын білдіреді. Ол алғашқы адамның көзқарасын және бұдан
кейінгі діни сенімін, әдет – ғұрпын, тыйымдарын түсінуге мүмкіндік
беретін жалпы идеялық және психологиялық негізді табуға
әрекеттенеді. Ал,кейінгі «Магиялар және діндер» теориясында
адамзаттық ақыл – ойдың дамуының үш тармақты схемасы туралы
ережені қамтиды.Олар:магия, дін, ғылым
21. Мәдениет формасы: «құқық» анықтамасы.
Жауабы: Құқық – сан қырлы түсінік. Бұл нормалар жиынтығы, заңмен
кепілденген мүмкіндік. Бұл жерде әңгіме ар – ождан, дін бостандығы,
еңбек ету, білім алу сияқты адам құқықтары туралы болып отыр.
22.Мәдениет формасы: «ғылым» анықтамасы.
Жауабы: Ғылым – адам қызметінің және мәдениеттің саласы. Ғылым –
адамның мәндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына
қызмет етеді. Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді
әзірлеу және теориялық жүйелеу. Ғылым этикасы - жаңадан
қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми
қызметтің әлеуметтік – этикалық және гуманистік проблемаларын
талдап, зерттейді.
23.Мәдениет формасы: «мораль» анықтамасы.
Жауабы: Мораль – қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер
пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды.
Мораль ерекше нормативтік – реттегіш жүйе бола отыра, өз міндеті
бойынша құқыққа , дәстүрге, әдет – ғұрыпқа жақын.
24. Мәдениет тарихындағы әр түрлі белгілерді жіктеуді типтеу деп атап,
осыған байланысты типологияны қалыптастырамыз. «Типология»
ұғымының анықтамасы.
Жауабы: Типология: 1) объектілер жүйесін жіктеу және оның
байытылған, идеалдандырылған үлгісі мен типтері арқылы топталған
ғылыми таным тәсілі; 2) типологиялық суреттеу мен салыстыру
нәтижесі. Әлеуметтік-мәдени әлемнің көптүрлілігі мен көптектілігін
мойындау мәдениеттің тарихи типологиясын құруда түрлі
көзқарастарға алып келеді.
25. Мәдени-тарихи мектеп жайлы жалпы түсінік.
Жауабы: Мәдени-тарихи мектеп 19 ғ. орта шенінде пайда болған
Еуропадағы интеллектуалды дәстүр. Мектептің негізін қалаушы және
басты теоретигі - француз ғалымы И. Тэн. Оның ізбасарлары
Германияда - Г. Геттнер, В. Шерер; Данияда - Г. Брандес; Итальяда –
Де-Санктис, Ресейде – А.Н. Пыпин, Н.С. Тихонравов және басқалар.
Мәдени-тарихи концепция бағыты негізінде Конттың философиялық
позитивизмімен Сент-Бева әдеби сынындағы «биографиялық тәсіл»,
неміс ағартушыларымен романтиктерінің кешеуленген
культурологиялық концепциясы және Ф. Гизо, О. Тьерридің
француздық романтикалық историографиясының жекелеген ой-
пікірлері топтастырылған. И. Тэннің теоретикалық зерттеулерінде
екпін айғақтар арасындағы қалыптасқан заңдылықты байланыстарға
түседі. Тэн бойынша өнер шығармашылығына тән ерекшеліктер былай
түсіндіріледі: «нәсіл» - туа біткен ұлттық темперамент; «орта» -
әлеуметтік жағдайлардағы климаттық және табиғи шарттар; «сәт» -
дәстүрлердің ықпал етуі. Осылайша түсіндірілген айғақ көптүрлі жан-
жақты факторлар ауқымында адасып сіңіп кетті. Осы мектептің ірі
теоретиктері мен практиктері Пыпин, Тихонравов, Шахов, ағайынды
Веселовскийлер этнографиялық ескерткіштер, халық шығармашылығы,
ескі әдебиеттерге аса қызығушылық танытты. Олар дамудың өзіндік
әдеби заңдылығын шеттетіп, өнер шығармашылығын мәдени-тарихи
дәуірдің белгілі бір ескерткіші ретінде түсінді. Нәтижесінде әдеби
жанрлар, бағыттар, поэтикалық әдістер мен формаларға деген
қызығушылық төмендеді. Мәдени-тарихи мектептің Н.И. Стороженко,
Н.П. Дашкевич сынды жекелеген өкілдері бұл ілімнің тарлығын
түсініп, одан шығар жол ұсынды. Осылайша мәдени-тарихи мектеп
орыс ұлттық әдебиетінің тарихы, салыстырмалы-тарихи
әдебиеттанудың принциптерін дайындауда үлкен еңбек сіңірді. Мектеп
әдеби даму заңдылығын, оның жалғасымды сиаптын орнатты, мәтіндік
қорытынды тәжірибесін жинады. ХХ ғасырда мәдени-тарихи мектеп
бағыт ретінде тарап кеткенімен, оның концепцияларының іздерін
көптеген ғалымдар еңбектерінен кездестіруге болады. Тіпті 60
жылдарға дейін шетелдік (В. Паррингтон – АҚШ, М.Пидаль – Испания,
«университеттік сын» - Франция) және ресейлік (П.Н. Сакулин, Н.К.
Писканов) ғалымдар жұмыстарынан көрніс тапты. Этнографиядағы
мәдени-тарихи мектеп ХХ ғасырдың басында мәдени бағыт ретінде
пайда болып, мәдениеттің қайта туылуы бір жерде бірнеше рет болады
деген ойды мақұлдады. Оның әртүрлі халықтарда болуы ең бастапқы
орталықтың таратылуынан деп түсіндірген бағыт, оны ғылыми тілде
мәдени миграционизм, диффузионизм деп те атайды.
26.Мәдени антропологияның ғылым ретінде қалыптасуының тарихи
жолдарына тоқталыңыз.
Жауабы: Мәдени антропология универсалды интерэтникалық
формадағы адамдық мәдениеттің негізгі институттары туралы
жалпылама ілім ретінде кӛрінеді. Бұған қоса өте көп
мамандандырылған аймақтар тіршілік етеді, олардың қатарында:
экологиялық, экономикалық, саяси, урбанистикалық, аграрлық,
медициналық антропология, еңбек, білім антропологиясы және т.б.
Мәдени антропология өзіндік ғылым ретінде әдепкіде 19 ғасырдың 30-
шы жылдарының аяғы мен 40-шы жылдардың аяғында этнология
атымен рәсімделеді. Ал антропология термині 19 ғ. 70-ші жылдары
бекітіледі. Антропологияны пән ретінде оқыту 1879 жылы АҚШ-тағы
Рочестер университеті мен 1884 жылы Ұлыбританиядағы Оксфорд
университетінен басталды. Қазіргі заманғы антропологияның
қалыптасуы тамыры сонау антикалық дәуірден бастау алатын
антропологиялық ойлар дамуының ұзақ мерзімін өтті. Атап өтсек,
Демокрит пен Лукреций Кар антропосоциогенездің ерекше
концепциясын құрастырды, Гиппократ әлеуметтік-психологиялық және
саяси құбылыстардың табиғигеографиялық шарттылығы туралы идея
ұсынды, Корнелий Тацит өркениеттілік пен варварлықты қарама-қарсы
қойды: «ертедегі рим тарихшыларының ізденістері дұрыс бағытта.
Онда азаматтық, идеалдарға деген сенімділік, жанұяға деген махаббат
сияқты әлеуметтік мәні бар адамзаттық, өнегелік құндылықтар бар,
бірақ сонда да адамның ішкі дүниесінен, жан сарайынан бір дабыл
сезімі сезілетін секілді». 16-18 ғғ. Еуропадағы антропологиялық
идеялардың белсенді дамуы Ұлы географиялық ашылымдар
нәтижесіне байланысты этнографиялық ақпараттардың тез қарқында
көбеюімен танылды. Осы кезде біршама танымалдылыққа ие болған
«бақытты жабайы» концепциясы П.Мортир, М.Монтень, Ж.Ж.Руссо
және Д.Дидро еңбектерінде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы
антропологияның қалыптасуына А.Фергюсон, Кондорос және Тюрго
жасақтаған тарихи процесс идеясы үлкен ықпалын тигізді. Неміс
классикалық философиясының, оның ішінде Гердердің жұмыстары мен
18 ғ. аяғы мен 19 ғ. басындағы еуропалық фольклористика мен
этнографиядағы «мифологиялық мектеп» деп атаса да болатын
компаративистік бағыт ықпалды болды. Тарихи тұрғыдағы алғашқы
таза антропологиялық бағыт 19 ғ. екінші жарытсындағы Ұлыбритания
мен АҚШ-тағы эволюционизм болды. Оның барынша танымал өкілдері
Тайлор мен Морган барлық халықтар және мәдениеттің жеке
институттары (отбасы, дін т.б.) белгілі бір дамудың эволюциялық
кезеңдерінен өтеді деп шамалады. Дәл осы ой арқылы адамзатттың
мәдени көптүрлілігі түсінілді.
27.Американдық Боастың эволюционизмге қосқан үлесін анықтаңыз.
Жауабы: ХХ ғасырдың басында эволюционизмді АҚШ-тағы Боас
негізін қалаған мәдени партикуляризм мектебі сынға алып, мәдени
құбылыстар аймағындағы генерализация мүмкіндігін теріске шығарды.
Олар әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшелігін негізге ала орытып, мәдени
релятивизм принципін алға тартты. Боас схоластикалық теоретикаға
қарсы келіп, бұл турасында ӛте кӛп материалдар жинау керектігін
айтты.
28.Соғыстан кейінгі мәдени антропология тарихы.
Жауабы: ктурализм болды, ал оның кӛшбасшысы сол кездегі танымал
антропологтардың бірі Леви-Стросс етін. Лингвистика және
когнитивтік психологиядағы әдістерге сүйене отырып Леви-Стросс
мәдени және әлеуметтік әрекеттерді анықтайтын менталды құрылым
бар деген тұжырымға келді. Оның концепциясы адамдардың мәдени
элементтерді ӛз бетінше жіктеп, өзінің оған деген қатынасын анықтай
алатындай мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі Британдық
антропологияда Радклиф-Браун ізін жалғастырған Эванс Притчард пен
Глакман жоғарғы орынға ие болды. Олар жанжалдасу феноменін қоғам
құрылымының құрамдас элементі ретінде қарастырып зерттегені үшін
танымал. Соғыстан кейінгі американдық антропология үшін ең
бастысы эволюционизмді ақтау. Онда адамзат прогресі оның қолданған
энергиясы көлеміне тәуелді деген ерекше концепция авторы және
осыған орай «Уайт заңы» деген атақ алған Лесли Уайт еңбегі мол.
Жаңа немесе неоэволюционизм өкілдерінің бірі Д.Стюарт әрбір
мәдениет дамуының қайталанбастығын есепке ала отырып,
кӛпсызықтық эволюция концепциясын ұсынды. Стюарттың қоршаған
орта мен мәдениеттердің өзара әрекеттері мәселесіне қызығушылық
танытуы оны экологиялық антропологияның негізін қалаушы деп
есептеуге болатындығын нұсқап тұр. Қазіргі заманғы американдық
антропологиядағы ерекше орынды дәстүрлі мәдениетті зерттеу үшін
мәтінді тәржімалауды қолданған К.Герц иеленеді. Ресейдегі және
Кеңес одағындағы мәдени антропологияның дамуы өзіндік айрықша
сипатта.
29.Қазақ дәстүрлі мәдениеті.
Жауабы: Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр
негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени
қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не
этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген
ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең
мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаган өмір сүру тәсілі
болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-
дәстүрлер жүйесі мәдениет әзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте
заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім-нанымдарға,
дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс-
тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптар
мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана
жолы еді. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті аңыз-әпсаналарға, қиял-
ғажайып дүниелерге, эпостық-батырлық жырларға, жыршылар мен
ақындарға, би –шешендеріміздің қиыннан қиыстырып айтқан данагөй
сөздеріне бай екендігін рас. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің
арасындағы бес ғасыр жыраулар поэзиясының өзі бұл білім саласының
аса бір құнды дүние екендігін аңғартпай қоймайды. Бес ғасыр поэзиясы
- тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты. Дәстүрлі
мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы айтатын болсақ, қолөнер
мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Сақтардың алтын қолданған
мүліктерінен бастап, кешегі бабаларымыз тіккен киіз үй – қолөнердің
ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б.
жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-
ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер
өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген.
30.Зар-заман мәдениетінің басты ерекшелігі.
Жауабы: «Зар заман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан
уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды. Халық ауыз әдебиетінде
«Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрыңғы төл мәдениет
үлгілерін дәріптеді. Отаршылдық әрекеттің күшейе беруі халықты
дініне айыру қаупін туғызды. «Сыртқы өмірдің, -дейді М.Әуезов, - осы
сияқты себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі
жабығып, сөзінен, өлеңінен, әнінен, бұрыңғы билік, еркелік,
еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, зар-шер, қайғы
басқан» Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір
Кердері, Албан Асан, т.б. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық
поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.
31.Мәдениеттің үш қоспалы бірлік түрлері.
Жауабы: Мәдениет үш қоспалы бірлік түрінде көрінеді: бірі, адамның
рухани әлеміне тоғытылған ішкі мәдениеті; екіншісі, білімді игеру,
сақтау және беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; үшіншісі,
адамдардың қоғамдағы жүрістұрыстары мен әрдайым дамып отыратын
адамдық қатынастарды қамтитын мәдениет қызметтері.
32. «Тұлға мәдениеті» ұғымының анықтамасы.
Жауабы: Тұлға мәдениеті – бұл адам игерген материалдық және
рухани құндылықтар өлшемі және өзінің жеке тәжірибесіндегі түрлі
құндылықтарды жасауға бағытталған іс-әрекеттер өлшемі.
33.Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерінің деңгейлері.
Жауабы: табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа
адамдардың ықпалынсыз дамитын деңгей; биологиялық деңгей - шығу
тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда адамның жануармен ұқсас
болуы міндетті емес; мұрагерлік деңгей - ата-аналарының тектік
қорының негізінде тіршілік етіп дамитын деңгей; ол биологиялық
(бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес); әлеуметтік деңгей -
адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен өзара іс-
қимылы барысындағы деңгей.
34.Тұлға құрылымын атаңыз.
Жауабы: 1) өмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық,
отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде көрінетін әлеуметтік
сапаларды жүзеге асыру тәсілі; 2) тұлғаның объективті әлеуметтік
қажеттіліктері.
35. «Мәдени жаһандану» ұғымы.
Жауабы: Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы;
«жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар
мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие
болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды
сананың жаңа категорияларының пайда болуы.
36. ТҮРКСОЙ ұйымы туралы жалпы түсінік.
Жауабы: 1993 жылдан бері ТҮРКСОЙ ұйымы жұмыс жасайды
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түрік Мәдениет Ұйымы Түркі әлеміндегі
ЮНЕСКО болып табылады Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Мәдениет министрлерімен
құрылтайшылық келісімге қол қойылғаннан бері қызмет етеді Оның
құрамында қазіргі таңда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен
Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тува,
Хакасия және Гагаузия (Молдова) автономды республикалары
бақылаушылар мәртебесінде ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер
қатарына қосылды. ТҮРКСОЙ ұйымы аясында Түркі кеңесі, Түркі
академиясы мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры келісімді қызметтер
атқарады.
37. ТҮРКПА-ның негізгі мақсаттарын атаңыз.
Жауабы: Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу
және озат тәжірбиемен алмасу; Әріптестіктің басым салаларында
мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері; Түркі-тілдес
мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды
заңнамалық қолдау басталды; Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін,
тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу; Білім беру,
ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді
аймақтық әріптестікті алға жылжыту; Мүше-елдер арасында кең
ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат
құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау; Сауда мен
инвестицияларға оң жағдай жасау; Аймақтық экономикалық
жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге
асыру;
38. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
Жауабы: «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003
жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында
Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы
білім қорын, тарихимәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына
келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені
біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған
бағдарлама жасауды бұйырды.
39.«Этнос» ұғымының этимологиялық мән-мағынасы.
Жауабы: Этнос – гректің топ, тайпа, халық сөздері, яғни мәдениеті мен
өзіндік санасын, жалпы тілдері мен белгілі бір территорияда ұзақ уақыт
бойы бірге тұру, ұрпақтар арасын жалғастыратын топ адамдар. Этнос
ұғымы категория ретінде этникалық қауымдастықтардың адамзат
тарихындағы барлық кезеңдерін жалпылайтын белгілері болып ресейлік,
кеңестік және кеңестік кездегі этнографияда жасалды. Этнос теориясының
негізін 1920 жылдары С.М. Широкогоров салды. Ол этносты адамзаттық
локалды топтардың негізгі тіршілік етуші формасы ретінде қарастырып,
оның негізгі белгілері «шығу тегінің, салт-дәстүрлердің, тілдің және ӛмір
жайттарының бірегей болуы» деп есептеді. 60-80-шы жылдары С.М.
Широкогоров концепциясы кеңестік этногрофтар тарапынан дамыды.
Оның марксистік интерпретациялық түрі деп Ю.В. Бромлейдің теориясын
айта аламыз.
40. «Субмәдениет» ұғымының анықтамасы.
Жауабы: Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің
ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, ӛздерінің кешендерімен, әдет-
ғұрыптарымен, нормаларымен ерекшеленетін автономды тұтастай
білім.
41. Бұқаралық сананың құрамдас бөліктері.
Жауабы: Бұқаралық сананың құрамдас бөліктерін үшке бөліп
қарастыруға болады: 1) әрекеттердің нақты жағдайдағы
бағдарламалары мен тікелей тәжірибеде таралған бұлыңғыр білім; 2)
жәй жеке тұжырымдар мен ұсыныстар түріндегі күнделікті өмірден
жиналған тұрмыстық және кәсіби тәжірибе, қарапайым өмір сүрудің
тәртіптері мен құрамы; 3) аталмыш мәдениеттегі құндылықтар жүйесі,
мәдени дәстүрлер, сонымен бірге білімнің арнайыланған түрлі
салалары үстемдік ететін тікелей тәжірибе шеңберіндегі тұтас әлем
картинасы.
42. «Құндылықтар» ұғымының анықтамасы.
Жауабы: Құндылықтар - тілі, тұрмыс-тіршілігі мен салты бір,
тағдырлас халықтардың бірінен-екіншісіне ауысып, мәдени
құндылықтардың трансформациялануы арқылы халық дәстүрін
толықтырып отырады. Құндылық теориясы өркениеттік
құндылықтардың қалыптасуы мен даму бағдарларының алғышарты
ретінде көрініс алды. Демек, адамзаттық құндылықтардың
басымдылығын мойындау дегеніміз әлемнің тұтқасы жеке адам деп
есептеумен тең. Өркениеттік құндылықтар адамдық мәдени игіліктер
арқылы қордаланып дәстүршілдік пен жаңашылдықтың кезектес
процесінде сабақтаса отырып белгілі бір тұтастықты құрайды.
43.Этникалық және нәсілдік айырмашылық.
Жауабы: Этностар – таза адамзаттық құбылыс. Мұнда адамзаттың
нәсілдік бөлінісінен этникалық бӛлініс аздап айырықшаланып тұрады.
Нәсілдік айырмашылық - биологиялық құбылыс. Нәсілдік
айырмашылықтың сипаты ежелгі адамдарда, тіпті адамның маймылға
ұқсас ұрпақтарында да болған, бірақ оған адамзаттың қазіргі заманғы
нәсілдік топтарын енгізуге болмайды. Этникалық айырмашылықтар
адамның маймыл тәріздес немесе ұқсас ұрпақтарында, тіпті ежелдегі
адамдар – архантроптарда болуы да мүмкін емес. Себебі этникалық
айырмашылықтар негізінде ғана мәдениет секілді таза адамзаттық
құбылыс жатыр. Н.Смелзер сөзімен жеткізсек: «мәдениет
жұртшылықтың қалыптасқан өмір салтына байланысты барлық
адамдарға тән, өмір туралы көрніс беретін құндылықтар жүйесі». Ал
«нәсіл» ұғымы биологиялықтан гөрі әлеуметтік белгіге көбірек саяды.
Оған класстар күресі дәлел бола алады.
44. Материалды мәдениетке кіретін заттар.
Жауабы: 1) еңбек мәдениеті мен материалдық өндіріс, яғни еңбек
құралдары, технологиялық процестер, ішіп-жем азық-түліктерін өсіру
және жерді өңдеу; 2) тұрмыс мәдениеті; 3) топос немесе тұрғын жер
мәдениеті, яғни тұрғын жерлер, үйлер, ауылдар, қалалар; 4) өз-өзіңе, өз
дене бітіміңе деген мәдени қатынас.
45. Тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық теорияларына талдау жасай
отырып отандық ғалымдар дәлелдеген үш бөлікті құрылымдық
компоненттер.
Жауабы: Тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық теорияларына
талдау жасай отырып отандық ғалымдар оның үш бөлікті құрылымдық
компоненттерден тұратынын дәлелдеген: біріншіден, тұлғаның ақыл-
ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, адамзаттық
өркениетті тұлғаның бойын біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны
іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.
46.Қазақ халқының шаруашылығы және қоғамдық құрылыс дәстүрлі
түрінде қай ғасырда үстем болып тұрды?
Жауабы: XVIII ғасырдың екінші жартысында – XIX ғасырдың басында
47.Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ
ұлы ойшылдар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси
қайраткерлер шықты. Олардың қатарында кімдер болды?
Жауабы: Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-
саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (1870-1937жж.), Ахмет
Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.
48.А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі орны? Жауабы: А. Байтұрсынов –
қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам.
1902-ші жылдан бастап ашылған «ауыл мектебі» деп аталатын үш
жылдық бастауыш оқу орнының өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде
ашатын, кейбір пәндердің тілі қазақша болғанымен, оны оқытуға
арналған, ресми түрде қабылданған кесте жоқ болатын, әр мұғалім өз
ыңғайына қарай орыс, не арабжазуларын пайдаланатын. А.
Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ оқығандары қазақ даласында
оқу-ағарту ісінің дұрыс жолға қойылуын, ол үшін ауыл мектептерінде
балалар қазақша сауат ашулары керектігін, оқудың ана тілінде
жүргізілуін үкіметтен талап етеді. Осы талаптың жүзеге асырылуы
үшін қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппені – «Оқу құралын» жазған
адам - А. Байтұрсынов. Көп ұзамай (1912 ж. тұңғыш әліппе жазғаннан
кейін) А. Байтұрсынов қазақ балаларына қазақ тілін тереңдетіп
оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Тіл құралы» деп аталған бұл
оқулықтың фонетикаға арналған І бөлімі 1915-ші жылдан,
морфологияға арналған ІІ бөлімі 1914-ші жылдан бастап 1927-1928-
жылдарға дейін 6-7 басылым көрді. Сөйтіп ана тіліміздегі ғылым
саласы – қазақ лингвистикасы 1917-ші жылғы Қазан революциясынан
бұрын, өткен ХХ ғасырдың 10-ыншы жылдарынан бастап қалыптасты
және оның іргетасын қалаушы Ахмет Байтұрсынов болды.
49.«Қазақ» газетінің №1 номері қашан шықты? Жауабы: 1913 жылы 2
ақпанда шыққан.
50. С.Торайғыров пен А.Байтұрсынұлының шығармалары және қозғалған
маселелер? Жауабы: С.Торайғыровтың “Шәкірт ойы”, “Алты аяқ”,
“Бір адамға”, “Адасқан өмір” шыгармалары бар. Шығармаларында
қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады.
А.Байтұрсынұлының “Қазақ салты”, “Қазақ қалпы”, “Жиған-терген”
өлеңдері болды.Олар қазақ халқының саяси санасын оятуға арналды.
1900 жылы Петербургте “Қырық мысал” деген кітабы, 1911 жылы
Орынборда “Маса” атты жинағы шықты.
51.20 ғасыр басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған саласы
және оған үлес қосқандар? Жауабы: 20 ғасыр басындағы халық
мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мәдениет. Қазақ
музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ
Баймурзин, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір,
қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинованың музыкалық өнерді
дамытудағы орны ерекше. Әншілер Қали Байжанов, Манарбек
Ержанов, Әміре Қашаубаевтың орындаулық шеберліктері айрықша.
Халық сазгерлері Естайдың “Майдақоңыры”, Үкілі Ыбырайдың
“Гәккуі”, Динаның “Көңіл ашары” қазақтың музыкалық мәдениетінің
дамуына үлкен әсер еткен туындылар. Патша үкіметінің отаршыл
саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері
тамаша нәтижелерге жетті.
52. Қазақтан 20ғ шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі кім және
қазақ халқының манифесі қандай өлеңін жариялады? Жауабы; XX
ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің
бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!»
өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған
ұран тастады.Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында
қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді
53.Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер
еткен тұлғаның бірі? Өмір жолы қандай болды? Жауабы: Әлихан
Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық
қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының
басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді.
Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың
рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол
Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ
эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой
тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі
құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған
«Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді.
Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың
рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда
мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы,
көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын
пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара
қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап,
өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз
бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша
айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан
Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пенСұлтанмахмұт Торайғыров секілді
алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан
қашанда күш-қуат алып отырды
54.21,26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай
өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы
жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтір?
Жауабы: 1. Россия демократиялық Федеративтік Республика болуы
керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді. 2.
Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Россия
Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады... 3.
Россия Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар
еріктілігі болады. 4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең
праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек... 5. Билік пен
сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот
жергілікті халықтың тілін білуі міндетті... 6. Білім алу — барлығының
ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың
өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары, университеттері де болуы
керек.
55.Жаһандану термині жайлы түсінік және кім еңгізді? Жауабы:
«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары
кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты
мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда
болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие
болды. Жаһандану – жаңа әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және
ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға
алғаш рет енгізген 1983 жылы америкалық экономист Теодор Левитт.
56.Мәдени жаһандану дегеніміз не? Жауабы: Мәдени жаһандану
дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени
кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене
отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген
құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа
категорияларының пайда болуы. Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі
елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен
халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі
кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан
әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе
оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін.
57.Қазақ халқының туыстық қатынасқа байланысты басты идеологиясы
және оның мәні қандай болды? Жауабы: Бұл жерде туыстық қатынасқа
ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы.
Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну
бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа
халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және
саяси жағдайларға бейімделуде. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен
«жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы
ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ
зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады.
Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері
«жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды.
58.Энтелехия терминіне анықтама беріңіз? Жауабы: Энтелехия – белгiлi бiр
ұлттың мыңдаған, миллиондаған жылдар үзбей тiрнектеп жинап, тырнақтап
жетілдірген аса қымбат – энергиялық өрісі. Этностың өзін-өзі сақтаушы қуат
қорғаны, имани иммунитеті, салтдәстүрін ассимиляциядан сақтайтын берік
қамалы. Энтелехиялық қуаты әлсіреген халықтың болашағы күмәнді. Жер бетінен
жойылып кету қаупі жоғары.
59.ТҮРКСОЙ ұйымы деген не? Қашан құрылды? Жауабы: 1993 жылдан
бері ТҮРКСОЙ ұйымы жұмыс жасайды ТҮРКСОЙ Халықаралық Түрік
Мәдениет Ұйымы Түркі әлеміндегі ЮНЕСКО болып табылады
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және
Түркия Мәдениет министрлерімен құрылтайшылық келісімге қол
қойылғаннан бері қызмет етеді Оның құрамында қазіргі таңда
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Ресей Федерациясының
Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тува, Хакасия және Гагаузия
(Молдова) автономды республикалары бақылаушылар мәртебесінде
ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер қатарына қосылды. ТҮРКСОЙ ұйымы
аясында Түркі кеңесі, Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті мен
мұрасы қоры келісімді қызметтер атқарады
60.ТҮРКПА-ның негізгі мақсаттары? Жауабы: Мүше-елдер арасында
парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу;
Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру
мүмкіндіктері; Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде
істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды; Түрік әлемінің
әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып
білу; Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау
салаларында тиімді аймақтық әріптестікті алға жылжыту; Мүше-елдер
арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында
бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау;
Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау; Аймақтық экономикалық
жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге
асыру
61.Тұлға ұғымы Жауабы; Тұлға ұғымы кӛпқырлы. Күнделікті сӛйлеуде
«адам», «индивид – нақты адам», «жекедаралық» және «тұлға»
ұғымдары кӛбінесе бір мағынада қолданылады. Жеке адам немесе
нақты адам адамзаттың жеке дара ӛкілі, оның барлық әлеуметтік және
психологиялық белгілерінің, яғни ақыл-ойының, ерікжігерінің,
қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. Тұлға – жеке адам
дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым
толық жүзеге асуы
62.Мәдениет үш қоспалы бірлік түрінде көрінеді.Оларды атаңыз Жауабы;
Мәдениет үш қоспалы бірлік түрінде кӛрінеді: бірі, адамның рухани
әлеміне тоғытылған ішкі мәдениеті; екіншісі, білімді игеру, сақтау
және беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; үшіншісі,
адамдардың қоғамдағы жүрістұрыстары мен әрдайым дамып отыратын
адамдық қатынастарды қамтитын мәдениет қызметтері.
63.Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін қандай деңгейлерге
бөлу қалыптасқан? Жауабы: табиғи деңгей - адамның ӛзінде бар және
оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын деңгей; биологиялық
деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда адамның
жануармен ұқсас болуы міндетті емес; мұрагерлік деңгей - ата-
аналарының тектік қорының негізінде тіршілік етіп дамитын деңгей; ол
биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес); әлеуметтік
деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен ӛзара
іс-қимылы барысындағы деңгей
64.Эстетика ұғымына анықтама беріңіз?– Жауабы: сезіну, сезімдік
сӛздерінің мағынасын беретін адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан
ұғынып түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік, сұлулық заңдарын негіз
еткен шығармашылық мәні туралы ғылым
65.Рухани мәдениет түсінігі Жауабы; Рухани мәдениет әрбір жеке дара
адамның рухани әлемі және оның рухани дүниелер тудыру
барысындағы әрекеті, мысалы ғалымдар, жазушылар, суретшілер, заң
шығарушылар және т.б. шығармашылығы, ал рухани әрекеттің
жемісіне рухани құндылықтар, ғылыми нәтижелер, кітаптар, заңдар,
дәстүрлер және т.б. жатады. Рухани мәдениет саяси, құқықтық,
ізгіліктік, эстетикалық, діни, ұлттық, ғылыми және философиялық
сынды түрлі қоғамдық сана формалары арқылы кӛрініп отырады да
ӛнер, әдебиет, сәулет және басқа да адам іс-әрекеттерінің
ескерткіштеріне айналады. Рухани мәдениетке дін, ғылым,
ағартушылық, білім, ӛнер, тіл, жазу ӛнері және т.б. жатады.
66. Қазақ халқының тұрмыстық философиясын жіктеңіз.Жауабы:  Мал
шаруашылығы (түліктерге, саулықтарға бӛлу, жайлымдар таңдау, мал бағу
стратегиясы, тӛлдету, асылдандыру, азыққа айналдыру, жүні мен терісін пайдалану
және т.б.);  Егін шаруашылығы (жерді меңгеру, диханшылық, тұқымдарды
түрімен ажырату, мезгілдік егіншілік, жеміс-жидектер егу, оларды баптау, күту,
ору, жинау, сақтау, тұқымдықты ажырату және т.б.);  Қол ӛнершілік ( ағаштан
бұйымдар жасау, ұсталық, қыштан, саздан құйып жасау, шеберлік, темірді балқыту,
жіп иіру, тері илеу, қоғасын құю, ӛрнектеу, кестелеу, киіз басу, алаша тоқу, киім
тігу, тоқыма тоқу, құрақ құрау, таспа ӛру, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқ, ат
әбзелдерін, жиһаздар, саз аспабтарын, қару-жарақтар жасау және т.б.);  Аңшылық,
саятшылық (аңға шығу, сонарлау, тазыларды, құмай тазыларды дайындау, үйрету,
қарулар, қақпандар жасау, аң терілерін игеру, бүркіт, лашын, қаршыға, қыран,
сұңқар сынды саятшылық құстарын асырау, құсбегілік, оларды үйрету, жүйрік
аттарды баптау, тұлпарлар дайындау және т.б.);  Сауда кәсіпшілігі (сүт, ет, май,
құрт, ірімшік сияқты ӛңделген азықтарды сату, айырбас сауда, мал сату, малды
бордақылау, жәрмеңкелер, аламан бәйгелер ұйымдастыру және т.б.);  Рухани
кәсіпшілік (балгерлік, бақсылық, сынықшылық, кӛріпкелдік, жұлдызшылық,
құмалақ ашу, зікір салу, түс жорушылық, жауырынмен бал ашу, жорамал айту,
тамыр басу, үшкіру, ұшықтау, аластау, ем-дом жасау, шӛптермен емдеу, қарғыс пен
кӛз тиіуді алу, таңдай басу және т.б.).
67.Құндылық дегеніміз сұлулыққа масаттанып рухтану дегенді кім айтты?
Жауабы: Шарль Луи де Монтескьё
68.«Инвектива» ұғымына анықтама Жауабы; «Инвектива» –
ағылшынның «әшкерелеу», «сӛгіс», «жеку» сӛздерінің аудармасына
баланған мәдениет феномені. Субъекттің тікелей оған бағытталған
әлеуметтік беделін түсіретін немесе кемістететін мәтін, сонымен бірге
ӛзіңе, ӛзіндік мәдени дәстүрге қатысты тұрақты тілдік қатынастағы
балағат сӛздер қатары
69. Инвективаның бағыттау мақсатындағы жіктелімі Жауабы:
Инвективаның бағыттау мақсатындағы жіктелімі: 1) инвектирленген субъектке
тікелей бағыттау, яғни есі ауысқан делқұлыға дәл оның жүріс-тұрысын үлгілеу; 2)
инвективаның нағыз сол адамға емес, оның туған-туыстарына, яғни әрбір
мәдениеттегі басымдылыққа сәйкес статусқа бағытталуы (мысалы, азиялық
мәдениеттегі инвектива бағытталған адамның әйелін балағаттау, оның әйелін
қорғап қалуға қабілетінің жоқтығын немесе сексуалды қалыпсыздығын білдіреді);
3) белгілі бір дәстүрдегі максималды түрде қасиетке ие болған мифологиялық
субъектке бағыттау (антикадағы Зевстен бастап котоликтік мәдениеттегі
Мадоннаға дейінгі балағат). Бұл жағдайдағы инвектива ӛзіне немесе ӛз тағдырына
лағынет айту (немісше «Donnerwetter» - «найзағайлы ауарайы» орысша «разари
меня гром» сӛзімен сәйкес).
70.Антика дәуірінің ойшылдары кімдер және мақсаттары қандай болды?
Жауабы: Антика дәуірінің ойшылдары Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Полибий, Цицерон т.б. мемлекеттік билік пен құқықтық
мемлекеттің байланысы мен ӛзара тигізер ықпалын кӛрсетуге тырысты
және егер заң азаматтар мен мемлекетке бірдей болса, сонда ғана
адамдар тұрағының саяси фомасы әділ мемлекет бола алады деп
санады.
71.Азаматтық қоғам жөніндегі тұғырнамаларды қашан кім
қалыптастырды? Жауабы: Азаматтық қоғам жӛніндегі тұғырнамалар
жүйесі ХҮІІ ғасырдан бастап теоретикалық түрде қалыптаса бастады.
Т. Гообс, Б. Спиноза, Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. Монтеське, И. Кант, Г.Гегель,
Т. Пейн осы теорияның негізін қалаушылар болып есептелінеді.
Азаматтық қоғам жайлы тұғырнаманың қалыптасуы жеке еркіндік
идеясымен, әрбір жеке тұлғаның ӛзіндік құндылықтарының
қалыптасуымен тығыз байланысты.
72.Азаматтық қоғам не үшін құрылған? Жауабы: Азаматтық қоғам,
мемлекет және оларды құратын күрделі институттар, әр түрлі
әлеуметтік күштер мен кӛзқарастардың арасындағы үйлесімділікке
жету үшін құрылған.
73.Мәдениет пен өркениет ұғымдары Жауабы:Мәдениет пен ӛркениет
күрделі динамикалық құбылыс. Олар тарихи дамудың адамзат жеткен
белгілі бір рухани және материалдық, практикалық және теориялық,
экономикалық, адамдардың идеологиялық әлеуметтік әрекеттерін,
сонымен қатар, саяси, құқықтық, ӛнегелік, эстетикалық қатынастарда
пайда болатын адам күші мен мүмкіндіктерінің даму деңгейін тіркеп
отырады
74. Өркениет термині кең мағынада? Жауабы: Оркениет кең мағынада -
әлеуметтік прогрестің ӛзі, яғни жаратылысты-табиғи дамуға қарама-қайшы
процесс. Ӛркениет - бұл негіз, әлеуметтік процестің ядросы және оны әлемдік
тарихи процестегі барлық адамзаттың жеткен әлеуметтік прогресінің магистралі
ретінде сипаттауға болады. Ӛркениет – бұл қоғамдық болмыс элементтерінің ӛзара
әрекет ету тәсілі, оның негізін мәдениеттің ғасырлар бойы жинақтаған ӛзіндік
тұрмыстық қасиеттері мен принциптері, материалдық ӛндірістері мен рухани
құндылықтары құрайды.
75. Жаһандануды жаһандық модернистік жобаның бір бөлігі деп кімдер
тұжырымдады және оның басты үш ерекшелігін атаңыз Жауабы:
Э.Гидденс, Р.Робертсон секілді ғалымдар жаһандануды жаһандық модернистік
жобаның бір бӛлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бӛліп кӛрсетеді:
1) жаһандық коммуникация; 2) қарама-қайшылықты процесс; 3) тәжірибелік білім
76. Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі? Жауабы:
Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі американдық Рональд
Робертсонның мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон
әлеуметтанушылар арасында алғашқылардың бірі болып “жаһандану” терминін
қолдана бастады. Робертсон теориясының мәдени центристігі мемлекеттер
ықпалдасуының басты бағытын мәдени жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен
кӛрінеді
77.Интернет жүйесінің ерекшелігі. Жауабы; Интернет тарихы ақысыз жүйе
болудан басталғанымен, қазір ол қыруар қаржы, әлемдік дәрежедегі электронды
бизнес кӛзі болып отыр. Жүйенің бірінші әрі басты ерекшелігі оның ақпараттарды
тасмалдаудағы тек тиімді әрі әмбебапты құрал болуы ғана емес, сонымен қатар
оның шексіз сақтау қабілеттілігі. Болашақта ақпараттарды электронды жүйеде
тасмалдау уақыт ӛте «қағаздық» тасмалды толығымен ығыстырып тастау
мүмкіндігі күмәнсіз.
78. ХХІ ғасырдың еңбек нарығы ұсынып отырған жаңа мамандықтар
Жауабы: Мерчендайзер – жеке саудадағы ӛнімдердің қозғалысы бойынша маман.
Ол тауарлардың сӛрелерде қалай қойылуын бақылау, тауар имиджін кӛтеру,
жарнаманы бақылау, тауар бағасын қадағалу жұмыстарына тікелей жауапты;
Логистик - ӛндіріс құралдарын, тауарларын, шикізаттарын тасмалдау және жеткізу
процесінің белсенділігімен айналысатын маман. Логистиктің міндеті – тауар
қозғалысының сызбасын ӛңдеу, жеткізу, экономикалық жолдарды есептеу, негізгі
бӛлімдерді координациялау; Девелопер – жылжымайтын мүлік сатып алу, оның
операцияларымен айналысу, құрлыс ғимараты секілді жобаларды ӛңдеу және оны
ары қарай сату немесе жалға беру сияқты істерді тындыратын маман; Копирайтер –
жарнама жобасын ӛңдеуші адам. Копирайтер міндетіне жарнамалық кампанияның
концепциясын құру, жарнамалық мәтіндерді, сӛздері, пресс-релиздерді және т.б.
дайындау кіреді; Джоббер – қор биржасының делдал маманы. Негізгі міндеті
акцияларды сату және сатып алу; Коучер – компания жұмысшыларының тұлғалық
потенциалын ашу мәселесімен айналысушы маман. Ол жұмысшылардың
ӛндірістілігі мен тиімділігін артырады, керек жылдамдықта және бағытта қозғалу
қабілетін жүзеге асыруды дамытуға кӛмектеседі, адамның дағдылық жүйесін
қозғалысқа алып келеді
79.Әлеуметтанушы Р.Робертсонның мәдени центристік теориясы неше
кезеңнен тұрады? 5 кезен «А» кезеңі немесе жаңадан пайда болу кезеңі
(XV-XVІІІ ғғ.) Жаһандық әлемнің пайда болуына Еуропада діни
тұтастықтың бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда
болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы
алғашқы мәліметтер ықпал етті. «Б» кезеңінде жаһандық жүйе пайда
болды (1750-1850 жж.). Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі
орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдени
салыстырмалылық жүреді: халықаралық кӛрмелер пайда болады,
еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі
дүниеге келеді. «В» кезеңі жаһандық әлемнің шарықтау сатысы ретінде
түсіндіріледі (1875- 1925 жж.). Бұл кезеңде әлемді: экономикалық,
саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде тӛрт тармақта ұғыну
айқындала түседі, сонымен бірге, ортақ күнтізбе қабылдау іске асады,
алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени
фестивальдер заңды түрде бекітіледі. «Г» кезеңі гегемония үшін күрес
кезеңі (1925-1969 жж.). Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ”
соғыстар, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі.
Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне
зор кӛңіл бӛледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем” тақырыбының
пайда болуымен маңызды. «Д» кезеңі - белгісіздік кезеңі (1969 жылдан
осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті зерттеу кезеңі. Мұнда ғарыштық
зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікірталастардың
шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды насихаттайтын
пайымдаулардың таралуы туралы сӛз болады.
80. Жаһанданудың ең басты техникалық құралы? Жауабы: - Әлемдік
Ақпараттар Жүйесі немесе қысқаша Интернет. Жүйенің алғашқы даму
баспалдағының ӛзі адамзаттың ақпараттық потенциалы айтарлықтай дамытып,
әлемнің барлық бұрышындағы миллиардтаған адамдардың тең әрі оңай бірігуінің
басты себебі болды. Интернет 1969 жылы АҚШ-тағы ARP Anet компьютерлік
жүйесінде қорғаныс министрлігінің компьютерлік орталығын біріктіруші және
академиялық ұйымдар қатарында құрылды
81.«Экологиялық мәдениет»деген не? Терминді алғаш кім еңгізді?
Жауабы: «Экологиялық мәдениет» қоғамның экологиялық сферасын, демек,
экологиялық қабілеттер, әрекеттер, қатынастар және институттарды ӛзіне қосып
алады. Экологиялық сфераның функционалды ӛзегі болып «табиғатты қорғау –
табиғатты қайта қалпына келтіру – табиғатты жетілдіру – табиғаттың апатты
жағдайларынан адамдарды қорғау» атты тӛрт жүйеден тұратын экологиялық әрекет
табылады. Экологиялық сфера мен экологиялық әрекет сӛздері табиғат пен
қоғамның ӛзара ықпалы сӛздерімен мағыналас байланыста. Экологиялық сфера
мәдениетінің сапасы мен деңгейін қоғамдағы мемлекеттік және қоғамдық
экологиялық институттар жұмыстарының тиімділігі мен экологиялық білім, тәрбие
мен ӛнегеліліктің шамасына сәйкес нақты адамдардың әрекеттері арқылы
анықтауға болады. «Экология мәдениеті» терминін алғаш енгізгендердің бірі орыс
жазушысы, академик Д.С. Лихачев болды. Ол мәдени ортаны яғни мәдени мұраны
табиғат ортасын қорғағандай қорғаштау қажеттігін баса айтты.

82. «Экология» терминіне анықтама беріңіз. Жауабы: «Экология» термині


гректің «oikos – тірішілік ететін жер» және «logos – ілім, сӛз» аудармасын беретін,
ағзалардың бір-бірімен ӛзара қатынасын және қоршаған ортаны зерттейтін
биология бӛлімі. Бұл терминді 1866 жылы неміс жаратылыстанушысы Э. Геккель
енгізіп, «экология» терминінің мағынасын «экономия, жануарлық ағзалардың үй
жағдайындағы тұрмысы, жануарлардың органикалық және органикалық емес
ортаға деген қатынасы туралы ғылым» деп түсінді.
83. Экологиялық мәдени сана қазақ халқында жақсы дамығандығына
мысал келтіріңіз Жауабы: Мәселен қазақтар малдың жүнінен киіз басып, үй
жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру арқылы киімдер
тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған. Демек, қалдықсыз ӛндіріс орын алған,
ал бұл дегеніңіз экологиялық қалыпты бұзбай сақтау, табиғаттың ластануына жол
бермеу деген сӛз.
84. Этика деген не? Қашан қалыптасты? Атқаратын қызметі қандай?
Жауабы: Этика – гректің ӛнеге, дәстүр, әдет мағыналарын беретін, оқыту нысаны
мораль мен ізгілік болып табылатын философияның мәселелі аймағы. Этика
мазмұнды және формалды ерекшеліктері үш константпен анықталынады: мораль
мәні зерттеудің объектісі, оның теоретикалық ойлау тәсілі және әлеуметтік-мәдени
контексттегі сипаттау. Этика шығыстық рухани мәдениетте б.э.д. бірінші
мыңжылдықтың бірінші жартысында қалыптасса, батыстық философияда – б.э.д. 4
ғасырда орнықты Этика мәдениет ықпалымен енген моралдың рационалды
пайымдалған сипаты, қоғамдағы реттеушілік қызметті атқаратын әдептілік
қағидалары туралы кӛзқарастар жиынтығы, адамның ар-ұят, адамгершілік,
сыпайылық, ізеттілік сынды адами қасиеттерінің қосындысы, белгілі бір зерттеу
нысаны бар ғылым
85. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? Алып жатқан аумағы қандай?
Жауабы: Қазақстан 1991 ж 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды. Ел аумағы 2 724 900
шаршы километрді құрайды: батыстағы Еділдің тӛменгі ағысынан шығыстағы
Алтай тауларына дейін, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан оңтүстіктегі Тянь-
Шань тау жоталарына дейін созылып жатыр. Қазақстан кӛлемі жағынан әлемде
Ресейден, Қытайдан, АҚШ-тан, Аргентинадан, Бразилиядан, Канададан,
Үндістаннан, Австралиядан кейін 9-шы орынды иеленеді және Еуропалық Одақтың
12 елінің аумағынан асып түседі
86. «Қазақстан» атауы алғаш рет қай жерде кездеседі? Жауабы:
«Қазақстан» атауы алғаш рет ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында, Зейнаддин Әбді-
аль Джани Васифидің «Бадал ал-Вакай», яғни «Ғажайып оқиғалар» атты
шығармасында кездеседі. «Қазақстан» – термині белгілі бір дәрежеде ХҮ-ХҮІ ғғ.
ӛзінде-ақ этногеографиялық ұғымда қолданылған
87. Қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе
не деп санады? Жауабы; Географиялық факторлар, яғни климат, жердің
топырағы, суы, кені, жанжануары, демографиясы деп түсінген.
88. Ортағасырлық қалалар экономикасын қолөнер мен сауда
анықтады.Қала қолөнерінің жетекші түрлерін атаңыз? Жауабы: - қыш
құмыра ӛндірісі; - шыны бұйымы; - металл оңдеумен байланысты қолӛнер
/ұсталық, зергерлік/; - ауыл шаруашылығы шикізаттарын оңдеумен байланысты
қолӛнер /тігіншілік, тері ӛңдеу ісі, сүйек және ағаш ӛңдеу.
89. Жетісу жерінде 6-7 ғасырларда қалалар саны және олардың тез
қалыптасуына қандай себептер ықпал етті: Жауабы: Жетісу жерінде 6-7
ғасырларда қалалар мен қалашықтардың тез қалыптасуына мынандай себептер
ықпал етті: - ыңғайлы климаттық жағдай; - ӛзендердің кӛптігі; - Жетісу, Қытай,
Иран және басқа араб елдері Үндістан мен Византия арасындағы байланыстырушы
буын болды. VI ғасырда Жетісуда 56 қала болса, Х-ХІ ғасырларда олардың саны
200-ге жетті. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар дала мен
отырықшыегіншілік аймақтар қиылысында орналасқан бұл жерде кӛшпелілер, қала
тұрғындары мен егіншілер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени
байланыстар байқалып отырды
90.Т.Х. Ғабитов қазақ өркениеті жайлы ғылыми пайымдауына анықтама
беріңіз Жауабы: Ежелгі кошпелі оркениеттерден бастау алатын (сақ, үйсін,
қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.т.),
кейін қазақ хандығы уақытында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері
нәтижесінде исламдық суперӛркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестік
деп қазақ ӛркениетінің мәдени-тарихи болмысын талдай келе, қазақ ӛркениеті
православиялық, исламдық, конфуцийлік атты үш үлкен ӛркениеттердің тоғысқан
жерінде тұр деген ғылыми пайымдау жасайды.

Вам также может понравиться